Еркіндік, бостандық сөздері қоғамдағы әрбір азаматтың жанына жылулық беретін сөздердің бірі. Ешкімге тәуелсіз, еркін адамның көп жағдайда мүмкіндігі жоғары келеді. Барлық жағынан, материалдық, моральдық, эмоцияналдық жағынан тәуелсіз болу адамзаттың ерекше құндылығы. Осы құндылықты жылдар бойына біздің ата-бабамыз армандап, аңсап өтті. Қазіргі таңда XXI ғасырдың азаматтары, біз үшін жағылған тәуелсіздік шырағын жарқыратып отырмыз. Осы жарыққа жету үшін қаншама ата-бабаларымыздың, аналарымыздың көзінен жас ғана емес қан да аққанына тарихи оқиғалар дәлел. Мысал ретінде қысқаша тарихи оқиғаларды төменде келтіретін боламын.
Тас дәуірінен былай қарата, сақ заманы, түркілік кезең, Қазақ хандығының құрылуы әлем тарихының қалыптасуына ықпал еткендігі белгілі. Қазақ хандығының құрылуының өзі үлкен бір оқиға. Қазақ хандығы кезеңінен бері қарайғы оқиғаларды қысқаша баяндап өтер болсам, ұзақ уақыт бойы қазақтар мен жоңғарлардың кескілескен қанды шайқастары, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атауға ие болған қайғы мен қасіретке толы апатты жылдар тарихтың қойнауында сақталып қалды. XVIII ғасырдағы Тәуке ханның саяси тұрақтылық пен ауызбіршілікті қалыптастырған кезеңі болды. Одан кейінгі ауысып отырған хандық билік іс жүзінде жан-жаққа қарай өрби түсті. Жоңғарлармен болға бұл шайқас, Бұланты және Аңырақай шайқастарымен жалғасын тапты. Сонымен қоса, хан Абылайдың да тарихымыздағы орны ерекше. Өзінің алғырлығымен, қайраттылығымен, шешендігімен Қазақ хандығын іс жүзінде бір уыста ұстап отырған беделді билеуші бола білді.
XVI- XVIII ғасырларда қазақ-орыс қарым-қатынасы басталып, етегін кеңге жая түсті. Осы тұста қазақ билеушілері Ресеймен сауда-саттық байланысын нығайтуға әрекет жасады. Билеушілердің арасынан Ресей империясымен әскери-саяси одақ құрып, жоңғарларға қарсы тұруға ниет білдіргендер де болды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың тарапынан болған бірнеше ұсыныстан кейін Қазақ хандығының сұранысы іс жүзінде ресми түрде жүзеге асырылды. Патша үкіметі қазақ жеріне әскери бекіністер сала бастады. Өздерінің биліктерін жүргізіп, XIX ғасырдың басында жаңа реформаларды қабылдады. Әскери отаршылдыққа ұшыраған халық, ұлт-азаттық көтерілістер ұйымдастыра бастады. Сырым Датұлы көтерілісі осыған бірден-бір дәлел. Реформалар хандық-биліктің жойылып, саяси өзгерістердің қалыптасуына итермеледі. Көшпелі халық түбегейлі отырықшылыққа көше бастады. Және де Исатай мен Махамбет бастаған Бөкей ордасындағы көтерілісті де айта кеткен жөн болар. XIX ғасырдың 30-40 жылдары орын алған Кенесары Қасымұлы көтерілісі, 40-50 жылдардағы Ресей империясының Қазақстанды түгелдей өзіне қосып алуы аяқталған кезең болды. XIX ғасырдың 60-70 жылдардағы азаттық күрес, одан кейінгі жылдары әкімшілік реформалар, капиталистік қатынастардың дамуы, сауда байланысының дамуы, мәдени байланыстардың кең етек жаюы, ағарту ісі қолға алынды. Сонымен қатар, Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ұлы тұлғалардың дүниеге келуі, XX ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, осы тұстағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің қалыптасқан жаңа кезеңі болды. Қазақ АКСР-нің құрылуы, әскери коммунизм, индустрияландыру, ұжымдастыру, саяси репрессия, білім беру жүйеснідегі өзгерістер, қазақ өнерінің дамуы, Ұлы Отан соғысы, қоныс аудару процессінің орын алу, барлығы да бір мүддеге бағытталған жағдайлар еді. Бір мақсатты көздеген осыншама тарихи оқиғалардың соңғы түйіні 1986 жыл болған тәуелсіздік үшін көтеріліс болды.
Республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы, Алматы қаласында әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы жастар тарапынан наразылықтың шығуына түрткі болды. Нәтижесінде жоғарыда атап өтілген тарихи оқиғалардың соңғы түйіні шешілді. Яғни Ұлы даламызда еркіндік орнап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. 1991 жыл 16 желтоқсан ресми түрде тәуелсіздіктің таңы атқан күн болып жарияланды. Еркіндікті, бостандықты аңсаған бабаларымыздың үміт шырағын іс жүзінде жағып отыру, дәл қазіргі ұрпаққа, біздерге бұйырды. Тұңғыш президентіміз басшылыққа келіп, сан ғасырлық армандар орындалды. Бейбіт өмірге қол жеткізіп, тәуелсіздіктің қадірі арта түсті. Тәуелсіздік мейрамы құтты болып, мәңгілік ел болайық!
Осы тақырып аясында, Алматы қаласы, Алатау ауданы, №91 мектептің оқушыларымен бірге онлайн-викторина өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, тәуелсіздіктің қадіріне жетуге себепші болған тарихи оқиғаларға көз жүіртті.
КГУ ОШ №91 Тарих пәні мұғалімі: Тастанбек Н.С.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі