Алдымен барша Қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.
Осыдан 29 жыл бұрын біздің Қазақстан 16 желтоқсанда 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялады. Тура сол күні Қазақстан Республикасы мемлекет тәуелсіздігі жайында, Конституциялық заң қолданды. Міне осымен 29 жыл бойы, Қазақстанның тәуелсіздігін жыл сайын, 16 желтоқсанда, атап өтудеміз. Қазақстанымыз тәуелсіздік алғаннан соң, елімізде және мемлекет аумағында, ядролық қаруды пайдалануға тыйым салып, Қазақстан аумағында ядролық қару қолданылмайды деп жарияланды. Қазақстан халқының ынтымағы мақтануға тұрарлықтай. Қазіргі таңда да біздің Қазақстан 130- дан астам Республиканың егемендігі мен тәуелсіздігін қамтамассыз ететін, мемлекеттер арасында, қарым-қатынастар орнатып жатыр. Еліміздің тәуелсіздік күніне жастарымыздың, оқушыларымыздың патриоттық тәрбиесінде де маңызы өте зор. Қазақстанымыз қазірде бір үлкен отбасына ұқсаған, іргесі берік мемлекет. Қазақстанда тәуелсіздік күні жыл сайын мемлекеттік өзгерулердің маңызды екенін растайтын мереке. Н. Назарбаев Конституциялық заңнан алған тәуелсіздігімізге биыл, 29 жыл болды. Тәуелсіздік азап пен төзім мен халқымыздың жылдар бойы аңсап армандаған шыдамдылығының өтеуі. Біз қазақ халқы тәуелсіздігіміздей ұлттық мерекені, жүрегімізбен сезініп құрметтеуіміз керек. Желтоқсан көтерілісі 1986 жылы 17-19 желтоқсанда Алматы қаласында болған. Тәуелсіздігімізге бостандығымызға ұмытылған қазақ халқымыз тарихта мәңгілік қалады. Желтоқсанда көтеріліске қатысқан азаматтар қуғынға ұшырады, бұл кезде қазақ жастарының азаттық күресі, тарихымызда маңызы бар, үлкен оқиға брлып қалады. Біздің Тәуелсіздігімізді ең алғаш ресми түрде Түркия елі қолдады. Сомен қатар Монғолия, Ұлыбритания, Ислам, Иран Қытай осы елдердің арасында біздің тәуелсіздігімізді ең алғаш болып Иран мұсылман мемлекеті мойындаған екен. Ал Түркия бізге бауырлас мемлекет ең алдыңғы алғашқы болып мойындаған екен.
Осылайша Қазақстанымыз тәуелсіз ел болып, Қазақстан көп деген жетістіктерге жетуде.
2017 жылы Қазақстанда Expo-2017 көрмесі ұйымдастырылды.
2018 жылы Қазақстан БҰҰ- Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті.
2019 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты. Елімізде кезектен тыс сайлау өтіп, көп пайыз көрсеткішпен дауыс жинаған, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Президент болып сайланды. Қазақстан әрқашан көркие берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Тәуелсіз елім
Біздің қарттар ешқашан мұңаймасын.
Біздің сәби балалар жыламасын.
Тыныш болсын еліміз әрқашанда.
Тәуелсіз елім менің аман болсын.
Түркістан обл, Төле би ауданы Т. Тоғысбаев атындағы жалпы орта мектебінің, көркем еңбек пәні мұғалімі: Қалдарбекова Мөлдір
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі