Қаншама ғасыр, қаншама жылды артқа тастап, бабаларымыздан асыл мұра боп қалған ұлан ғайыр жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап жан аямай күресіп жеткен егемендігімізді алғанымызға да, әне міне дегенше 29 жылда болыпты. Еңсемізді көтеріп, әлемге әйгілі ел болғанымыз осы тәуелсіздіктің арқасы. Бұл өмірде өзгеге тәуелді болудан артық қорлық жоқ шығар. Ешкімге тәуелді болмай еркін форматта өмір сүргенге не жетсін?! Тәуелсіздікке апарар жол оңайға соқпағаны бәрімізге белгілі. Тәуелсіздіктің жолында жастай бар ғұмырын құрбан еткендерде аз емес. Оларды елеп ескермеу болашақ еліміздің жастарына үлкен күнә. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін еліміз біршама ізгі істерді бастан кешірді. БҰҰ, Шанхай, ЕҚЫҰ секілді көптеген ұйымдарға мүше болып, тіпті ЕҚЫҰ ға төрелік ету мүмкіндігі де бұйырды. Бұл біздің еліміз үшін үлкен мәртебе. Басты маңызды жайттардың бірі еліміз әлемде бірінші болып ядролық қарудан өз еркімен бастартты. Негізінен алғанда бұл шешімнің көптеген пайдалы жақтары бар, біріншіден экологиялық жағынан өте тиімді шешім, екіншіден бейбітшілікті сақтау принципі, үшіншіден ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі. Ядролық қарудан бастартуымыз әлемге үлгі тұтарлықтай істердің бірі болды. Оның дәлелі Еуропарламенттік делегация мүшелерінің Қазақстанға білдірген пікірлері. Жалпы кең тұрғыдан алғанда, қазіргі таңда елімізді бүкіл әлем танитындай дәрежеге жетті. Мұның барлығы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елі үшін сіңірген еңбегінің арқасы. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша Қазақстан әлемде болып жатқан қандай жағдай болмасын немқұрайлы құрайлы қарамай,кез келген сәтте қол ұшын созуға дайын тұратын елдердің бірі,сол себептен де Қазақстанды ерекше бағалаймыз деген сынды комплименттер келіп жатыр. Шын мәнінде,Қазақстан Пәкістан,Иран,Әзірбайжан,Армения секілді әлемде болып жатқан келеңсіз жайттарға бейбітшілік бағытта белсене атсалысып жүр. Ондағы басты мақсаты:әлемдегі тыныштықты сақтау,бейбіт өмір кешу. Алдағы уақытта Қазақтан дамыған мемлекеттермен терезесі тең дәреже де болатынына мен кәміл сенемін! Оның бәрі де мына біздер жастардың қолында! Алға Қазақстан!
У. М. Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
Ә. Мубәшірхан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Aisultan
Жарайсың ! Күшті жазыпсың