Қазақ күресі тек білігінде күші ғана емес, жүрегінде түгі бар нағыз жігіттердің айқасатын — текті күрес түрі. Себебі бұл жерде салмақ дәрежесі сәйкес келмеседе балуандар өзінен бірнеше есе үлкен балуанмен күш сынасып Түйе балуанды анықтайды. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Сондықтан қазақ күресінің келешегі — кемел, болашағы жарқын. Қазіргі кезде қазақ күресіне деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді.
Қазақ жерінде ұйымдастырылатын күрес түріне алыс-жақын шет елдерден балуандар келді. Тіпті Куба, Жапонияда былтырғы 2019 жылғы «Әлем барысында» бой көрсетті. Қазіргі кезде Әлемдік дәреже өзін көрсеткен қазақ балуандары жетерлік. Оларға Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаровты атап кетсек болады.
2012 жылы Таразда өткен тұңғыш «Еуразия барысы» дүбірлі додасында «Тараз Арланы»лақап атымен танылған Бейбіт Ыстыбаев 12 мемлекеттен келген кілең мықтылардың арасынан топ жарып алтыннан алқа тақты.
2019 жылы «Әлем барысы» дүбірлі додасында Айбек Нұғымаров Түйе балуан атанып, жеңіс тұғырының 2-орынынан көрінді.
Күрестің ұлттықтүрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағыспартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2012 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақша күрестен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі өтеді. Бұл осы ұлттықспорт түрін дамыту үшін өткізіледі. Турнир Тараз қаласында өтеді. Турнирге барша Қазақстаннан спортшылар қатысады. Ережеге сәйкес, балуандар абсолюттік салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар Тараз қаласында "Еуразия барысы" халықаралық турнирі өтеді. Мұнда Еуропа мен Азиядан балуандар қатысады. Тұрақты қатысушылары Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қытай және Қазақстан балуандары.
Ал 2014 жылы Павлодарда алғаш рет қазақша күрестен "Әлем барысы" әлемдік турнирі өтті. Жарысқа спортшылар әлемнің түкпір-түкпірінен қатысты.
Қазақ күресі — нағыз текті күрес түрі. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Сондықтан қазақ күресінің келешегі — кемел, болашағы жарқын.
Спорт — денсаулық кепілі. Спорттық адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысы болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн-Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқасияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түріне жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына өмір салтына ынталандыру басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бүгінгі таңда еліміз де үлкен ағалардан кішкентай балаларға дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Салауатты өмір сүру дегеніміз-тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Әрбірадам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп : футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, және т. б.
Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулығы сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55пайыз салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдансалауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. ДЕНСАУЛЫҚ — ӨМІР КЕПІЛІ.
ҚазақҰлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Т. Ғ. Қ Жұмаділ Махаббат Тоқтарқызы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық қауіпсіздік мамандығының 1 курс студенттері Тұрарбек Олжас, Төлеп Әбіш, Төлеген Иманғали.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі