Өлең, жыр, ақындар

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Есірткі - біздің  дәуірімізге енген ең сұрапыл жауымыз. Қанша  зұлмат замандар басымыздан өтіп қиындыққа душар болдық, бірақ осы есірткі әкелетін зардаптардың әсері тамырды түбімен жоятындай қауіпті. Есірткі сананы улаушы, жас өмірге балта шабушы.

Адам есірткіні пайдаланғысы келіп пайдаланбайды, нәпсінің айтқанын орындайды. Яғни бұл албырт жастық кезінде орын алады, немесе бір қиын жағдайға душар болғанда адам есірткі пайдалануға дейін барады.

Есірткіні қойдыратын ем шара әлі жасалу үстіңде, әлі табылмады десекте болады. Оның зардабы да орасан зор. Ең алғашқы есірткіге тәуелділік.  Бұл дегеніміз оны тұрақты қолдану, құрамында никотин, мышьяктің болуы бұл адамның есірткіге тәуелділігіне алып барады. Оны жиі тұтынып тұрмаса (есірткіге тәуелді адам) ақыры жүрек талмасы, обыр, циррозға немесе қарапайым тілмен өлімге душар етеді. Екінші ми, нерв системаларын толық зақымдап, адамның өзін-өзі басқаруы жоғалады. Тұрақсыздық орын алады, бұлшық-ет артериясы зақымданады.

Жалпы есірткіні қай-жағынан да алып қарасақ, орасан зор дерттерге душар етеді. Есірткіні қойдыруды (түп-тамырымен жоюды) біздің еліміз, бүкіл әлем күн проблемасында тұр. Ол үшін біз профилактикалық түсіндіру жұмыстары, есірткінің зардаптары туралы жастарға, бүкіл ел тұрғындарына түсіңдіруіміз қажет.

Ең басты зардабы ел демографиясына өте ауыр тиеді. Есірткіге тәуелді адамнан туған бала қандай азамат болып өседі?  Соны ойланайық достар. Немесе ол адамнан тұқым болмайды. Демографияға тигізер зардабын осы тұстан түсінсек болады.

Есірткінің зардабы, апарып соғатын жағдайы туралы жазсам бір том кітап болар! Сондықтан қысқа түйіндеуді жөн көрдім. Пайымы, түсінігі бар жан осы шығармадан есірткінің қаншалықты қауіпті зат екенін ұғынар…

Қызылорда облысы Арал ауданы

№21 орта мектебі КММ 9а сынып оқушысы

Қуантқан Дінмұхаммед


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз