Өлең, жыр, ақындар

Биологиялық сұйықтықтармен және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мейіргердің рөлі

 

Кілт сөздер: операциялық мейіргер, қауіпсіздік шаралары, биологиялық сұйықтық, медициналық қызметкер, медициналық қалдықтар, ауруханаішілік инфекция, ВИЧ инфекция, В және С гепатиті, алдын алу

Тақырыптың өзектілігі: Медицина қызметкерлері арасында биологиялық сұйықтықтармен берілетін инфекциялар жыл сайын артып келеді. Статистикаға сәйкес, медицина қызметкерлері вирустық гепатит, АИТВ инфекциясынан зардап шегеді. Бұл, ең алдымен, биологиялық қауіпті сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты. Инфекциялық қауіпсіздігінің өзектілігі пациенттерге күтім жасау процесінде биологиялық сұйықтықтармен байланыста болған кезде медициналық қызметкерлердің биологиялық сұйықтықтармен берілетін инфекциялардың проблемалары соңғы уақытта АИТВ-инфекцияларымен және В және С гепатиттерімен, туберкулезбен, менингитпен, мерезбен, герпеспен ауыратын адамдар санының тұрақты ұлғаюымен байланысты. Тәуекелдің ерекше санатын хирургиялық манипуляцияларды орындауды немесе қанмен жұмыс істеуді көздейтін медициналық қызметкерлер ұсынады. Денедегі сұйықтық арқылы берілетін инфекциялар денсаулық сақтау мамандары мен пациенттер  үшін күрделі мәселе болып табылады.

 

Зерттеу мақсаты: Биологиялық сұйықтықтармен және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мейіргердің рөлін зерттеу.

Тәсілдер мен материалдар Зерттеу жұмысында 20 респондент қамтылды. Cауалнама микс болып құрастырылды, яғни сауалнама екі мақалаға  сүйене отырып жасалынды. Олар: Санк-Петербург қаласында зерттелген «Биологиялық сұйықтықтармен байланыста болған операциялық мейірбикенің заманауи қауіпсіздік шаралары» авторы Твердохлебова О.Ю және Благовещенск қаласында зерттелген «Медициналық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату кезіндегі мейірбике жұмысының ерекшеліктері» Макарова М. С. мақалаларынан алынған. Осы зерттеудегі сауалнама сұрақтарының үлгісі менің зерттеуімде қолданылады.

Қорытынды: Зерттеу жұмысынның нәтижесі бойынша   биологиялық сұйықтықтармен және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ақпараттандырылу деңгейі  88 %-ды көрсетіп, жақсы дәрежеде екендігі анықталды. Сондада жұмыс кезінде  биологиялық сұйықтықпен жұмыс жасағанда,  үшкір затты қолданғанда, қолғаптың жарылуы және тесілуі жағдайлары орын алған кезде, барынша мұқият болып, сақтанушараларын кушейтуіміз қажет. Демек, бұл ота жасау бөлімшесінде биологиялық сұйықтықтармен және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпарат деңгейін жақсарту    үшін медицина қызметкерінің атқаратын  рөлі зор және жүргізілген зерттеуді қорытындылай келе, биологиялық сұйықтықтармен және медициналық қалдықтармен жұмыс кезінде эпидемияға қарсы шараларды сақтау мейіргердің жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді деген болжамның дұрыстығын атап өтуге болады. Бұл зерттеу барысында дәлелденді.

Практикалық ұсыныс

1. Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша медициналық қызметкерлер арасында  даярлау жүйесін жетілдіру. Барлық медициналық қызметкерлерге 100% жағдайда ЖҚҚ (маскалар, қалың латекстен жасалған қолғаптар, көзілдіріктер,щит маскалар) міндетті пайдалану ұсынылсын.

2. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша үнемі қайта даярлаудан өткізу және персоналды инфекция қаупінен қорғаудың заманауи әдістерін енгізу.

3. Апатты жағдай орын алғандағы  іс әрекет  алгоритмін ақпараттық танымдық үлгісін  әрбір ота бөлмелеріне іліп қоюды ұсынамын.

4. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасау кезінде сақтық шараларын қадағаламаса, яғни апатты жағдай орын алса ота мейіргері ретінде жұмыстан шеттеу қаупі барын ескерту.

Қолданылған әдебиеттер тізімі      

1. Инфекционная безопасность медицинского персонала при контакте с биологическими жидкостями в процессе ухода за пациентами 03.05.2016 www.webkursovik.ru
2. Дубель Е. В. Апаттық   жағдайлар туындаған кезде медициналық қызметкерлердің гемоконтактикалық инфекциялармен жұқтыру қаупінің факторлары /Е. В. Дубель, П. Е. Шепринский, Т. Ю. Курганова /медициналық алфавит. - 2017. -Т. 4. - №38 (335). - с. 12-15
3. Шуляковская А.С.,Шпота Р.А. Обучение работе с хирургическими инструментами как этап профилактики аварийных ситуаций Текст научной статьи по специальности «Науки о здоровье» КиберЛенинка статья: https://cyberleninka.ru/article/n/obuchenie-rabote-s-hirurgicheskimi-instrumentami-kak-etap-profilaktiki-avariynyh-situatsiy
4.  СМИ опубликовали шокирующие данные о ВИЧ-инфицированных медиках   статья http://www.matritca.kz/
5. Профилактика охрана труда и здоровье в медицине http://управлениездравоохранением.рф/publ/okhrana_truda/uslovija_truda_i_zdorove_medicinskikh_rabotnikov/9-1-0-700
6. Техника безопасности при работе с биологическими жидкостями  Ваш медицинский помощник  журнал http://nursehelp.ru/v-pomoshh-medsestre/tehnika-bezopasnosti-pri-rabote-s-biologicheskimi-zhidkostyami.html  
7.Универсальные меры предосторожности при возможном контакте с биологическими жидкостями https://cyberpedia.su/9xf55b.html
8. Риск заражения крови и травмирования персонала операционной. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC1358618/  
9. Безопасность и качество пациентов: научно обоснованное  руководство для медсестер https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK2661/


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Жанар

Күштии, керемет жазылган

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар