Өлең, жыр, ақындар

Махаббат барда - машаһат бар

Сəбит Мұқанов "Сұлушаш" романы

Шығарманың басты кейіпкерлері-Сұлушаш пен Алтай.Екеуіде бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі əлеуметтік ортадан шыққан.Поэмада əлсіздің көрген озбырлығы,адамның бас-бостандығының жоқтығы,екі жастың махаббатты сипатталады.Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса,Алтай сол байдың екі жалшысының ұлы,мал бағып күн көретін жігіт.Алтай көптеген қиыншылық пен таршылықты көрсе де өміріне налымай,өзін бақытты сезініп өмір сүреді.Адамдар екеуінің қосылуына жол бермеді.Себебі,біреуі байдың,біреуі жалшының баласы.Екеуінің бір-біріне деген махаббат сезімі өзгеше.Екеуі тəуекелге барып,бірге озбыр көрген жерден қашып кетеді.Оған Қайсар деген досы көмек көрсетеді.Бақытты өмір сүреді.Бірақ та,сондай бақытты өмірді бұзатын келеңсіз жайттар да болады ғой.Қайсар таудағы құздан құлап өледі.Ал Сұлушаш қуған жолбарыстан қашамын деп,суға батып дүниеден озады.Араны ашылған жолбарыс Алтайды да өлтірмекші болады.Бірақ Алтай ебін тауып,жолбарысты құздан құлатады.Ақырында бір өзі қалған Алтай еміреніп қобыздан "көкейкесті" деген күйді жылана шығарады.Ормандағы өрт пен,іштегі күйік оны өлтіруге əкеледі.Ол жүрегіне пышақ қадап өледі.Ақырында махаббат оқиғасы трагедиямен аяқталады.

Тұрғанбек Бибіфатима


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз