Сонау біздің заманымызға дейін сегізінші ғасырдан бастап Азия аймақтарында аңдарды тұрмыстық заттарға бейнелеу - аңдық стиль пайда бола бастаған болатын. Қазірде аң стилі өнері сәндік сипатта ғана қолданылды деген түсінікпен ғана карап келе жатырмыз. Аң стилінің шығу тарихы мен Орта Азияда кең таралуы себебіне үңіліп қарайтын болсақ "Аң стилі тотемисттік көзқарастармен байланысы бар ма"- деген сұрақ туындайды. Және ол сұраққа жауап әлі күнге әлі толық зерттеулерден өтпеген, алайда стилдің негізгі тақырыбы - аңдарды бейнелеу болып саналды. Сол себептен оларға табушылық болды деген ешқандай айқын дәлелдер айта алмаймыз. Алайда кейбір зерттеушілер аң стилінің негізі -тотемдік көз қарастардан туған деп атайды. Яғни бұл дәлел тауып жатса,алғашқы тотемдік көз қарастар, жануарларды пір тұта отырып,оларды шығу тектерімен байланыстыру түркілерден ерте пайда болды деуге болады. Әр түрлі аң бейнелерімен қола қазандарды, әшекейлерді, құрбандық шалатын заттарды, қару-жарақтарды, ат-әбзелдер мен киімдерді тапқан болатын. Сол заманда көшпелі және де жартылай көшпелі немесе отырықшы тайпалардың арасында аңдарды бейнелеу стилінің кең таралып, дамуын сол кезде табиғатқа тікелей тәуелді болған адамзаттың оның сұлулығын осындай тәсілмен бейнелеп, жеткізгісі келдгенінде болды деп түсінемін. Одан бөлек қасиетті деп немесе құрмет тұтқан жануарларды бейнелеген. Зерттеушілердің көбі аңдық стиль тотемизмнен негіз алды деген болжау айтуда. Аң стилі әуел басында Сақтарда пайда болған жоқ. Сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары барысында танысып, Орта Азия жеріне әкелген. Және де жай ғана өнерді тасымалдап қана отырмай оные ары қарай дауына үлкен үлес қосқан. Осыған мысал ретінде Иран жерінен Сақтарға "Өмір ағашы" деп аталытын арыстан бейнесінің өзімізге үйреншікті аң-құс пен жануарлардың бейнелеріне ауысуын айта аламыз. Одан бөлек ары қарай сөз болатын аңдар мен үй жануарларын құбыжықтар мен басқа да қиалдан туған кейіпкерлермен байланыстыра бейнелеген. Аң стилінің қайта өрлеу кезі де тарихта орын алған. Жетінші ғасырда Сібір жерінде, Еділ бойында, Еуропаның оңтүстігінле аңдық стилдің көрінісі қайта табылған болатын. Соған қарап аң стилінің қайта жаңғырып отыруын,оның адамдар өмірінде елеулі орын алатынын айтқым келеді. Қазірде адам мен табиғат бір-біріне тәуелсіз болып өмір сүруде және де осы аң стилі қайта жаңғырса ол адамдар мен табиғаттың ажырамас бөлігі жауарлар арасында үзілмес байланыс орнатушы фактор болушы еді. Түркі тайпалары өздерін Көкбөрінің ұрпағы санаған соған байланысты да қасқыр бейнесі бұйымдарда көп кездескен. Тағы да көшпелілердің аңдар мен басқа да құбыжық денелілерді біріктіре бейнелеуін атап кеткім келеді. Бұл олардың уақыт өте келе өзгерген нанымдық дүниетанымдық көз қарасының дамуынан болған. Ондай көріністердің пайда болу себебінің бірі ретінде аңдарды жақсылықпен теңестіріп ал құбыжықтарды жамандыққа теңестіріп бейнелеуінде болу керек дап білемін. Жабайы аңдардан бөлек уй жануарлары мен құбыжықтардың күресіп тұрғаны да көптеп бейнеленген. Үй жануарлары отбасының, тайпаның, бала шағаның көрінісі ал құбыжықтарды оған төнген қауіп немесе жаулар ретінде болуы керек деген түсінік пайда болады. Сонымен бұл да белгілі бір тұста жаман мен жақсының күресі. Аңдық стилді ұлы даламыздың,кең байтақ жеріміздің, бай табиғат дүниеміздің сонау көшпелілерден бері қарай келе жатқан көрінісі ретінде санауға болады. Тотемдық сенімнің бір көрінісі ретінде де қарастырсақ та болады деп есептеймін. Себебі бұл жерде жақсылық пен жамандықтың күресі сынды діни нанымдық көз қарастар, аңдарды қасиеттеу айқын көрінген.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі