Мендегі кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Менің елім, туған жерім-Қазақстан. Осынау құдыретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, ауыз толтыра сан рет мақтанышпен айта алатыны сөзсіз рас. Отан үшін отқа да түскен, суға да батқан Бауыржан Момышұлы:„Отан үшін отқа түс күймейсің“ деп асыл сөз қалдырған. Меніңше, осындай елін сүйген және одан жігер алған, жұрттың қорғаны болған қазақ азаматтарының алар асуы мен жетер белестері әлі алда деген ойдамын.
Міне, өзіміз куә болғандай Қазақстанның тәуелсіздік алғанына отыз жыл толды. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Сол бір бастарынан өткізген суық күндермен түндер бастан өткерген әрбір адамның санасында өшпестей із қалдырғаны бәрімізге анық. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың жас ұрпаққа қалдырған аманатын елегімізден өткізіп, жүрегімізбен ұға білуіміз керек. Сондықтан да, осы оқиғаға дейін және осыдан кейінгі күресулерді естен шығармауымыз керек.
Менің ойымша, Қазақстан осыншама аз уақыттың ішінде әлем жұртшылығына өз өне бойындағы мінсіз қасиетімен баурап алды, деп айтсам қате айтпағаным деп білемін. Себебі, аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, білім, спорт, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде. Менде ойлана келе, Қазақстан әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайвн дәлелдей түсетініне айқын көзімді жеткізіп отырмын. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда біздің жүрегімізде елімізге деген мақтаныш сезімі орнайтыны рас қой. . .
Осындай үздік нәтижелерге әрдайым жету үшін елімізге нақты мақсаттар мен айқын жоспарлар қажет. Осы жоспарлар арқылы болашаққа нық қадам баса аламыз.
Менің ойымша, әрбір адам өз елінде тұрып, туған дәстүрлерін, мәдениетін, ал бастысы – ана тілін білуі міндетті. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы құрастырған, қасиетті туған тілін білмеу, құрметтемеу – өте арзыз, намыссыз, төмен, әрі ұят. Туған тілін үйрене алмаған адам, басқа тілді де ешқашан меңгере алмайды деп ойлаймын. «Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік», - деп Годвин айтқандай, біз тәуелсіздігімізді сақтап, құрметтеп, онымен мақтануымыз керек. Өйткені көптеген халықтар өз елін, жерін, тілін, дінін, қайтаруға армандайды. Біз де ата-бабаларымыздың еңбегін бағалап, ұлы батырларымызды ұмытпауымыз керек!
Касимбек Жанель
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі