Өлең, жыр, ақындар

Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытудың тиімділігі

«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты — бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті. Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту процесінде үштілділікті дамытудың басты тұжырымдары: тәуелсіз Қазақстанның үш тілді қатар пайдалана алатын мемлекет ретінде дамуы; «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы – қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы; үштілділік – тілдер мен мәдениеттер байланысын дамыту. Бүгінде мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің қатарына оқушыларғасапалы білім, саналы тәрбие беру үшін тек теориялық біліммен шектеліп қана қоймай, оның қажырлы тынымсыз еңбектенуінде, балалармен жұмыс істеуі қабілетінің жоғары дәрежеде болуын талап етуде. Сонда ғана, қоғамымызға, білімге құштар, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігі үшін өзіндік үлес қосып, ел абыройын асқақтатып ұлтымыздың мерейін көтеретін ұрпақ тәрбиесі жүзеге асырылмақ.

Оқу мен оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін сабақта қолданудың тиімділігі: оқушылардың пәнге қызығушылығы оянады, әрқайсысының оқу үдерісіне қатысу белсенділігі артады, жұмыс барысында әрбір оқушының сезіміне көңіл бөлінеді, оқу материалы жеңіл меңгеріледі, оқушылардың қабілеті әр түрлі қырынан танылады, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады, орқушылардың өзіндік пікірі мен өзара ынтымақтастық қарым – қатынасы орнайды, жағымды мінез – құлық, өмірлік дағдылары қалыптасады.

Озық тәжірибелі теорияны мектеп практикасында қолданудың өзіндік мәні: мұғалім оқушыға білімді дайын күйінде емес, тек диалогтік оқыту әдісі барысында оқушының білімді өздігінен игреуіне жағдай жасап, жетелеп отыруында, балалар жаңа материалды және көмекті мұғалімнен емес, жанындағы жолдасынан алып отыруында, сонымен қатар, мұғалім топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін игеру арқылы оқушылардың топтық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруымен ерекшеленеді.

Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған үлкен міндет.

Ағылшын тілінің ендігі бір мүмкіндігі жастарымыздың тек білім алып қоймай, ағылшын тілі арқылы шетелдік білім беру орындары мен ұйымдарында тәжірибе алмасуына, жұмыс істеуіне жағдай туғызып отырған ахуалмен байланысты. Бұл – қазіргі қоғам үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан, қандай қиындық болса да, біз нық қадам жасап, ілгері жүруіміз қажет деп есептеймін.

Сарыбаева Зоя Маханбетовна

Толқын орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика пәні мұғалімі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз