«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?

Басты бет / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан?

«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — мақала, айқап — осы тақырыптарға байланысты.

Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде қалың қазақ еліне бірі көздің ағындай, енді бірі қарасындай қатар қызмет еткен басылымдарды бір-біріне қарсы қойып қарастыруға мүлдем болмайды деп санаймыз. Иа рас, кейбір мəселелерде пікір алалығы кездескені өтірік емес. Бірақ ол мақсаттарының әртүрлі болуынан емес, соған жетуде ұстанған жолдарының əртүрлілігінен туындап отырған деуімізге толық негіз бар. Бұл турасында кезінде көрнекті қалам қайраткері Бейімбет Майлиннің «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 138-санында жарияланған мақаласында: «Бұл екеуінің кейбір пікірлерінің біріне-бірі қиғаштығы, ол туралы бірсыпыра сөздің болып өткендігі оқушыларға белгілі. Бірақ ол тақырыпта араларында дұшпандық жоқ. Себебі екеуінің де түп мақсаттары бір еді», – деп жазуы сөзімізге дәлел болатын сияқты.

Жоғарыда жазып кеткенімдей арасында пікір алалығы болды. Мысалы: Айқап журналының көшпеліліктен бас тартып, отырықшы боламыз. Отырықшы болған ел оқуға мүмкіндік алады, егін егіп, басқа да шаруа түрлерін дамытады деп ашық пікір білдіреді. Міне, осы ұстанымдары Қазақ газеті мен екеуінің арасында келіспеушілік тудырған. Қазақ газеті қазаққа 15 десятинадан жер беріп, отырықшы қылудың артында патшалық Ресейдің құйтырқы саясаты жатқандығын жазған. Олар қазаққа осынша жер беру арқылы өздеріне көбірек қалдыру жағын ойлап отырғандығын алға тартады. Екіншіден, қазақ жерінің көп бөлігі егін егуге қолайлы емес, ертең халықтың аштыққа ұшырауы мүмкін екендігін ескертеді. Міне, осылайша Айқап пен Қазақ арасындағы алғашқы көзқарас, ұстаным қайшылығы орын алған.

Бұдан кейінде арасында біраз қарама-қайшылық болған. Бірақ бір көңіл аударатыны, араларында қанша талас-тартыс болғанына қарамастан, бұл екі басылымның бірін-бірі қолдап отырғаны. Мысалы айта кетсек «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 148-санында «Айқап» тоқталуы» деген мақала жарияланған. Онда «қазақтың айналдырған жалғыз журналының бірнеше жыл шығып тұрып, тоқталып қалғанына» қапалы екендіктерін білдірген және «Қазақ» басқармасы «Айқапта» жарияланған журналды шығарушылардың оқырмандарына соңғы арнауын газеттерінде басып шығарған. Ал Айқап журналы тарапындағылар қаржы жетіспеуіне байланысты жабылып жатқанына өкініш білдіріп, газет төңірегіндегілерге бата, тілек білдірген. Осы жайттарды оқи отырып бұл екі басылым арасында елеулі идеялық қақтығыс болмағандығына көзіміз жете түседі.

Жақыпбеков Олжас Айдынұлы



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? деген не?

Бұл бетте «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

«Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар мақала тақырыбындағы материалдар айқап тақырыбындағы материалдар Olzheke жариялаған басқа материалдар