Фильтр для воды
Корейская косметика премиум класса

Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні

Қазақ даласындағы сол кезеңдегі тарихи жағдайда бұл үлкен теңізге құйылған тамшыдай ғана өзгерістер еді. Қаражаттың жетіспеушілігі, оқу құралдары мен оқулықтың жетімсіздігі, халықтың тұрмыс жағдайының төмендігі сауатсыздықты жоюда үлкен қиындық тудырғаны баршаға мәлім. Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы осы мәселеге көрегендікпен қарсы пікір айтқанымен, билік тарапынан оның білгірлік ойы елеусіз қалды. 1930 жылдардағы зұлмат ашаршылық халықтың енді ғана көтеріліп келе жатқан еңсесін езіп, білімге деген талпынысына үлкен тосқауыл болды. Дегенмен қандай зұлмат, қитұрқы саяси ахуалды басынан кешірсе де халық сауаттылығы ақырындап болсын, аталмыш мақаланың әсерінен өркен жая түсті. Ахмет Байтұрсынов қазақтың езілген, адасқан, тығырыққа кез келген хәлін барынша дәл көрсетті. Осылай болудың басты себептері патша үкіметінің саясатына (жерге, дінге, әкімшілік сайлау жүйесіне тікелей қатынасы бар) байланысты деп түсінді, алайда ол басты айып жаңа дәуірге ыңғайласа алмаған халықтың өзінде деп санады. Аталған мақалада «… Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты өр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай келеміз… Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз… » Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсыновтың ойынша халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. Осыны ұққысы келмегендерге, халықты өркениетті елдер қатарына қоссам деп өзін-өзі азапқа салғанда сөз ұғып, жөнді жолға түсу былай тұрсын, оның өзіне қастандық жасап, абақтыға жаптырғандарды А.Байтұрсынов «көк есектерге теңеп, ашу-ызыға булықты.
 
Ахмет Байтұрсынов: «… газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек… Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы «Қазақ өкпесі» атты мақаласының қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын айшықты мәнін барынша айқындап берді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×