Ол бізге — таңсық тағам, қытайлықтарға — шипалы дәрілік өсімдік. Годжи жидегі Шығыс елдерінде (Қытайда, Үндістанда және Тибетте) медицина мен кулинарияда алты жүз жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді. Бұл жидек көз жанарын жақсартып, имммунитетті нығайтады, азая бастаған ер қайратын қайтарып, ұзақ жасауға септігін тигізеді деп есептеледі және басқа да толып жатқан пайдалы қасиеттері бар.
Бұған еш таңданбаймыз да, өйткені бұл жидектің құрамындв 18 аминоқышқыл (олардың 8-і адам организмінде өндірілмейді), 21 түрлі минерал (темір, калий, магний, мыс тағы басқалары), Е, С, В1, В2, В6 дәрумендері болады. Сонымен қатар, годжи жидегінде ішектің сапрофит микрофлорасына қажет тағам — полисахаридтер бар.
Біздің елімізде жас годжи жидегін сатып алу, өкінішімізге орай, қиын, бірақ кептірілген түрі барлық дерлік супермаркеттерде сатылымда бар. Бұл пайдалы тағамды өзіңіздің күнделікті таңғы асыңызға қосуға немесе оны күндіз талғажау қылып жеп жүруіңізге болады.
Суперфудтар — құрамында пайдалы заттектер көп мөлшерде болатын тамақты немесе сусынды білдіретін маркетинг саласының термині. Ас-ауқаттың бұл тобына годжи жидегі, көк шай, куркума, спирулина, қанжапырақ (физалис), асаи, чиа дәнегі, жаңғақ, көкжидек жатады. Олар денсаулықты нығайтатын минералдарға, дәрумендерге, пайдалы май қышқылдарына және басқа биологиялық тұрғыда белсенді заттектерге бай.
Бұны ғылыми зерттеулер де растап отыр. Мысалы, жидектерді, көк шайды және жаңғақты жүйелі түрде тамаққа пайдаланғанда жүрек ауруларына шалдығу мүмкіндігі азаяды. Тамаққа куркуманы қосып жүру обыр мен диабет дерттерінің алдын алады, ал чианың дәнектері сүйек тінінің қалыптасуы мен нерв жүйесінің қалыпты жұмысы үшін қажетті кальцийге бай.
Бұл экзотикалық жидек ел ішінде «қасқыр жидек» деп аталып кеткен. Ол кәдуілгі бозқараған деп аталып жүрген бұталы өсімдіктің жемісі. Ел аузындағы аңызға қарағанда шөппен емдейтін қытайлық Ли Цинъюнь годжи жидегі бар диета ұстап 197 (аңыздың басқа нұсқасында — 256) жыл өмір сүріпті. Алайда көп жасаушы ғұмырының ұзақтығы да, оның ұзақ жасауына жидектің бір септігі болғаны да дәлелденген жоқ.
Годжи жидегі созылыңқы қызғылт жүзімге, кептірілген соң — қызғылт мейізге ұқсайды. Оларды жүрек жалғағанда жей салуға оңай, әртүрлі тамаққа қосуға да болады.
Годжи жидегі мыңдаған жыл бойы дәстүрлі қытай медицинасында үлкен маңызға ие болып келді.
Годжи жидегін немесе одан алынатын шырынды тамақ ретінде пайдаланудан сізге келер зиян жоқ екені анық, бірақ оның басқа кез келген тағамнан пайдалырақ екеніне ешқандай дәлел жоқ. Зерттеу қорытындыларында бұл жидектің обырға, жүрек ауруларына және басқа да ондаған ауру түрлеріне шипа болатыны жиі айтылады. Бірақ адамның хал-ахуалында азғантай ғана өзгерістер болуы үшін годжи жидегі сығындысы көп мөлшерде керек болады. Үй жағдайында, егер жидекті қалыпты мөлшерде пайдалансаңыз, сіз соншалықты пайдалы заттектерді қажетті мөлшерде ала алмайсыз. Сол себепті дайын годжи шырынын тұтынуға кеңес береміз.
Қатерлі ісіктің алдын алушы — жүзім
Керемет әсері бар табиғи "энергетиктер"
Үйлесімді және тиімді тамақтану
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі