Өлең, жыр, ақындар

Елімізде мемлекеттік гранттардың бірнеше түрі енгізіледі

Жоғары білім алуға қолжетімділікті кеңейту үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Жоғары білім беруде кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын 100 пайыз жаңарту міндеті тұр. QS WUR рейтингісіне кіретін қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 15-ке дейін артады. 5 жылдың ішінде республика аумағында 5 жетекші шетелдік жоғары оқу орнының кампустарын ашу жоспарлануда», - деді министр.

Оның атап өтуінше, студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 20 мың орындық 75 жатақхана пайдалануға берілді. 2025 жылға қарай кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі.

«Жоғары білім алуға қолжетімділікті кеңейту үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Гранттардың бірнеше түрлері енгізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы бір жылдың ішінде студенттерге арналған стипендиялар мөлшері 25, докторанттарға 83 пайызға ұлғайтылды. Енді 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады», - деді Асхат Аймағамбетов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар