Қарасай Нұрбибі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты Философия және саясаттану факультетінің профессоры, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы
Ақиқат – өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға емес және олардың тілмен тұжырымдау тәсілдеріне емес, нақты ойға қатысты. Жаңа философия тұңғыш рет Ақиқаттты түсінудің дәйекті материалистік негіздемесін тұжырымдап, оны зерттеудің жаңа диалект, аспектілерін көрсетті: Объективті ақиқат, Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат, ақиқаттың нақтылығы, Ақиқат өлшемі, Теория мен практика [1]. Аталмыш терминдерден бөлек ақиқатқа жету жолы ретінде қарастырылатын ұғым – адасу.
Адасу – әрбір кезеңде қоғамдық-тарихи практика мен білімнің шектеулігіне, яки білімнің немесе объектінің жекелеген сәттерін абсолюттендіруге байланысты, сондай-ақ танушы субъектінің білімі мен практикасының шектеулі болуымен түсіндірілетін ұғым, яғни субъектінің объектіге сәйкес келе қоймайтын (бірақ шындық деп қабылданатын) түсінігі [1, 12-б.]. «Адасудың» мән-мағынасына зер салсақ, ауызекі сөйлеуде «қателік», «өтірік», «білімсіздік» секілді сөздермен синоним мағынада қатар қолданылады. Қателік те мүлдем кездейсоқ қасиеттерге түрткі болады. Күнделікті өмірде адасумен мәндес қолданылады, себебі қателік те субъектіге объектінің сәйкес келмеуі. Адасу секілді болған тұжырым қателік екенін білген соң оны түзету қажет немесе қайталамауға тырысу қажет. Алайда философия ғылымында «адасу» мен «жалған» категорияларының арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Дайын, қолда бар білімнің шындыққа қарама-қарсы қарастырылуы - «Жалған»» деп аталады. Осы тұста Адасу мен жалғанның аражігі байқалады. Жалған - шындықты жоққа шығару болса, адасу – білімнің шындыққа жету жолындағы тарихи қозғалысы.
Шындық пен адасудың бір-біріне мүлдем қарама-қарсы бағытта қозғалатын барлық логикалық категориялар сияқты мейлінше шектеулі сала шеңберінде ғана абсолютті маңызы бар... Қарама-қайшылықтың екі ұшының әрқайсысы өзінің қарама-қайшылығына, яғни шындық – адасуға, адасу –шындыққа айналады. Мысалы, адамдардың тағдырын жұлдыз бен аспан денелері арқылы болжауды мақсат тұтқан астрологтардың бұл адасуы өз замандарында планеталар мен жұлдыздарға көптеген қызықты байқаулар жасап, ол болжамдары астрономия ғылымына жаңа ғылыми фактілерді алып келді. Диалектикалық тұрғыда қарастыратын болсақ, шындықта адасу, адасуда шындық сәттері бар. Біздің шындық деп қарастырған тұжырымымыз толып жатқан адасуларды, жекелеген қателіктерді қамтиды, объектіні тура көрсетпейді. Шындық пен адасу бір-біріне оңай айнала алады, бұл олардың салыстырмалылығын көрсетеді. Яғни, шындық пен адасу бірігіп бір ұғым болып, тұтасып кетпейді, бір-біріне өтіп отырады. Мысалы, КСРО тұсында капиталистік қоғамның құндылықтары адасудың дәлелі ретінде, социолистік қоғам жүйесі нағыз ақиқат деп қарастырылды. Кейіннен бұл тұжырым орын ауыстырып, социалистік-коммунистік құндылықтар адасу деген пікірге толқталды. Уақыт өте келе бұл пікір де қайтадан шындыққа айналуы бек мүмкін [2, 363-б.].
Сонымен, адасу – өзінің пәніне сәйкес келмейтін, соған сай емес білім. Адасу өз кезегінде жаңа ғылыми жаңалықтар мен ілімдердің ашылуына түрткі болады. Айталық, мәңгілік қозғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және сақталу заңының ашылуына себеп болды. Және химия саласындағы адасулар түрлі жаңа қосылыстар мен жаңалықтар ашуға себепші болуда. Адамзаттың ақиқатқа деген талпынысы адасусыз болмайды. Процесті қиындатқанымен, адасудан аулақ болу оңай емес.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі