Өлең, жыр, ақындар

Жұмбақ қаза

Әдебиет, тарих айнасында "Алаш" қозғалысының көрнекті өкілі Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 1938 жылы 19 наурызда ату жазасына кескліп, қаза тапқаны туралы деректер көп. Алайда Бауыржан Момышұлы жазбаларында, " 1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болу керек. Олардан өзгешелеу басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп қазақша «Ассалаумағалейкүм» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да, үндемей отыра берді. Бұл не қылған адам деп өз ойымды жинап алғанша ол теріс қарап отырған күйінде: – Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, – деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп: – Менің жағдайым қиын ғой, маған жақын­дамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе мені елге жеткіз, – деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де: – Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, – дедім. Он шақты күннен кейін уақытым болмай келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп, суға кетіп қайтыс болғандығын айтты..." делінген. Сонда ақын 1948 жылы қаза тапқаны ма? 

Бұл тұста Колыма лагерінде болған Абдулла Әбдірахманов Мағжанның 1951 жылы ауырудан қалай қайтыс болғаны жайлы баяндайды: " - "Алаш" партиясының мүшесі болғанын, оның басшылары мен қолдаушыларының түгел дерліктей қуғындалып, қамалғанын айтқаны ойымда қалыпты. Ол азапты көп көргендіктен денсаулығы нашар еді. Ертеңгісін жұмысқа апарарда сапта тұрғанбыз. Оның қайтыс болғанын естідік. Өліктерді жерлейтін арнайы адамдар болады. Солардың әкетіп бара жатқанын көрдім. Қасына барып қоштасуға, жерлесуге күзетші әскер жібермеді. Іштей қамығып, көзге жас алдым. Өлер алдында ісініп, кеуініп, төрт тағандап жүре алмай қалды. Тістерінің бәрі босап, иектері ас жегізбейтін. Цингамен ауырды. Өмірден солай өтті." - дейді қария. 

Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының маңында, сол 1937-1938 жылдары атылған зиялылардың жерленген орны табылған тұғын, оның арасында Мағжанның есімі де аталады. Бірақ өлімі туралы ашық айтқан Абдулла атамыз, ақынның туыстары Райхан Жұмабаева мен Шайзада Бекішова, Делегацияны басқарушы "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбаймен Магаданға, Мағжан зиратына сапарға шаққан тұғын. 

Қазақтың жарық жұлдызы атанған ақынның өлімі әлі күнге дейін жұмбақ күйде. Сан бөлінген санаға, батыр Бауыржанның ертерек келіп, Мағжанды құтқарғанда, яки Абдулла қариямен арқан үзгісіз байлауда бірге болғанда Мағжан әлі біраз өрім сүрер ме еді, әлде басқада дерек ашылар ма еді? 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар