Құрақбаев Мақсат,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 7М02207-Археология және этнология мамандығының 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор Төлеубаев Ә.Т.
Қола дәуірінің Солтүстік және Батыс Қазақстан тайпаларының тарихи өмірлері өзара тығыз байланыса отырып дамыды. Бұл аймақта б.з.д 2 мыңжылдықта андроновтық (алакөлдік) тайпалар мекен етті. Олар негізінен мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысты. Сол дәуірде шаруашылықтың жақсы дамуына байланысты, шаруашылыққа тура келетін құнарлы шүйгін жерлер тапсыздығына алып келді. Ескі тайпалардың орнына басқа тайпалар келді, өздерінің үйлерін қолдана отырып, ескі құрылыстар пайдаланусыз қалды. Осының арқасында, солтүстік және батыс Қазақстанда мекен еткен андрон тайпаларының қоныс еткен мекендері көп қабатты ескерткіштерге айналды [1, С. 6.].
Қазақстанның батыс өлкесінен табылған бұйымдардың ішінде жүзі жұқа тас балталар,үшкір және талдың жапырағы тәріздес жебе ұштары (Вишневка-1), (Қарлыға-1), ретушьпен жасалған сыдырғыштар және қырғыштар кездеседі. Сүйек бұйымдар бұрынғысынша кеңінен пайдаланылады. Вишневка-1қонысынан табылған, бұланның мүйізінен жасалған күрекше бірегей дүние, сүңгі де тамаша өңделген. Алдыңғы қола ескерткіштеріндегі ыдыстар құты сияқты, түбі жайпақ. Сол заманға жататын ыдыстардың бірінші тобына Бескөл-1, 5, Вишневка-1, Пестрое қоныстарынан және көмбе бейіттерден табылған ыдыстарға тоқыма-шұңқырша керамика тән. Оның ен көп тараған элементтері –үшбұрышты, төртбұрышты, сопақша келген алуан түрлі шұңқырша ойықтар. Өрнек ыдыстардың бүйірі мен түбіне салынған. Сурет түсіру үшін бір элемент пайдаланылады. Керамиканың басым көпшілігінде дөрекі матаның ізі бар. Ыдыстардың екінші тобында – Вишневка-1, Петровка-1, Алтын күз, Қарлыға-1 қоныстарынан шыққан ыдыстарда тарақ тәрізді қалыппен және таяқшамен түсірілген суреттер басым. Өрнектер тік, көлденең, сирек сызықтардың, бойлай сызылған бұралаң сызықтардың шимақталған үш бұрыштардың қиюласуынан құралады. Ыдыстардың бүйірі ғана өрнекпен қапталған, ал түбінің сәнделуі сирек кездеседі. Ыдыстардың екі тобының арасындағы бұл айтылған өзгешеліктер олардың әр заманға жататындығынан туындайды [2, С. 18-32.].
Көп қабатты қоныстарды (Алексеевское [3, С. 156-164.], Садчиковское [4, С. 152-181.], Новоникольское-1, Явленка-1, Петровка-2) және Солтүстік Қазақстандағы Алексеевское , Семипалатное қорымдарын, Ақтөбе облысындағы Тастыбұтақ қорымы мен қонысын [5] зерттегенде одан кейінгі кезеңді сипаттайтын кешендер алынды. Соңғы кезең андроновтық-қималық ортақ мәдениеттің белсенді өзара ықпалымен сипатталады. Батыс Қазақстанның мәдениетінде Еділ бойының қима мәдениеті, ал Солтүстік Қазақстанның мәдениетіне Орталық және Шығыс Қазақстанның андронов мәдениеті күшті ықпал жасайды. Осындай өзара ықпалдың іздері Бурабай [6, С. 220-230.], Бүйреккөл [6, С. 241-247.], Борлық [7, С. 154-163.], Петропавл [6, С. 259-263.] қорымдарында жақсы байқалады. Бір қабатты Бескөл-4 қонысын қарағанда соңғы Шығыс Қазақстан тайпаларының ықпал-әсерін шалғай батыстан да – Қыркелді мен Тереклі өзендері бойындағы қорымдардың материалдары бойынша да аңғаруға болады [3, С. 172-215.].
Қабірлердегі ыдыстардың саны бірден беске дейін, бірақ көбінесе екеу болып келеді. Дәстүр бойынша ыдыс жерленген адамның бас жағына қойылатын болған. Сондай-ақ қола білезіктер, ұнтақтан қатырған моншақтар, қабыршақтан жасалған сәндік заттар, топайлар табылды. Бес бейіттен малдың сүйектері шықты. Солтүстік Қазақстанда екі алакөлдік қорым: Тобыл өзеніндегі Алексеевское және Есіл өзеніндегі Семипалатное қорымы қазылды. Семипалатное селосы жанындағы қорым қабірлердің үстіне топырақ үйілген төмпешіктерден тұрады. Қорым алаңының орталық бөлігінде ірі шұңқырлар жатыр, оларға балалардың молалары орналасыпты. Молалардың бірінен алты қыш ыдыс, екі қола пышақ, алты жебенің сүйек ұшы, айылбас, моншақтар, қоладан бұранда тәріздендіріліп жасалған сәндік заттар шықты.
Сүйек қалдықтарына қарағанда, өлікті жерлерде міндетті түрде үй жануарлары, әдетте қой құрбандыққа шалыныпты. Өлген кісіге қойдың омыртқалары мен сирақтары қалдырылыпты. Мұнда, оба түбіндегі алаңда, екіден тоғызға дейін ыдыс қойылыпты.
Тамақ салынған ыдысты тамағымен жерге көмуге байланысты табыну ғұрыптарының болғандығына Алексеевка селосының маңынан табылған заттар айқын дәлел бола алады. Бұл қорым қоныспен және құрбан шалу орнымен бірге Тобыл өзенінің сол жақ жағасында Қостанай қаласына жақын жерде орналасқан. Ересектер мен балалардың лақаттарынан, әдетте лақаттың шығыс шетіне, өліктің бас жағына қойылған екі-екіден құмыра шықты. Заттай құрал-саймандар ішінде қола және ұнтақтан қатырып жасалған моншақтар, самайға тағатын бұранда ілмешектер, білезіктер, ромб тәрізді қаптырмалар бар. Қабірлердің біріндегі материалдар бойынша бір дәулетті әйелдің киіміндегі сәндік заттар қалпына келтірілді. Бүкіл киіміне қола немесе ұнтақтан қатырып жасалған моншақтар, жарты шар тәізді қола қаптырмалар, қырлы тізбектер тігіліпті. Аяғының үстінде жіліншік тұсында тізілген моншақтар болса керек. Аяқ киімі жарты шар мен ромб тәрізді қаптырмалармен сәнделіпті. «Мойнында шетінде тесіктері бар, дөңгелете иілген қола өңіржиек, одан біраз жоғарырақта үлкен сақина тәрізді күміс сырғалар бар. Шетінде тесіктері бар сегіз дөңгелек сопақша қаптырма иығы мен басының маңында шашылып жатыр. Осы жерде омырауға тағатын жалпақ таспаға қола қаптырмалар қапталған өзгеше бір сәндік заттың қалдықтары мен ұнтақтан қатырған көптеген моншақтар болды. Білектеріне және қарына шеті бұранда түрінде қайырылған екі қола жүзік, олардың жанынан қырлы қола тізбектердің катарлары табылды. Арқасынан бұрымдарына ілінген төрт қола жапырақша шолпы табылды» [4, С. 68-69.]. Төбенің ең биік жерінде қасиетті орын болған: бұларға керамиканың ірі фрагменттерінен жасалған қақпақ жабылған бір немес екі ыдыс қойылыпты. Құрбан шалу орнындағы дамуындағы бұдан кейінгі кезең бұд жерге андроновтық тұрғындардың келуіне байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі