Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша белгіленген шекті балл деңгейі қандай. Осы орайда Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75-ке дейін ұлғайтылды.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін:
«Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша кемінде 75 балл;
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл;
«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл;
Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу ұйымдарына кемінде 50 балл қажет.
Айта кетейік, педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны екі есеге артқан.
Таратылған мәліметке қарағанда, мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді.
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, жалпы, тест тапсырмаларының саны өзгермеді, 5 пән қалды.
«Екі бейінді және үш міндетті пән қамтылады. Тест тапсырмалараның саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы– 20 және екі бейіндік пәннен 35 тапсырмадан беріледі», - деп тоқталды ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі