Фильтр для воды
Корейская косметика премиум класса

Магистратура мен докторантураға түсу үшін халықаралық сертификаттар керек пе

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізіміне қатысты түсінік берді.

«Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады», - деп аталып өткен министрліктің Telegram каналында.

Сонымен қатар, докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып саналады.

Айта кетейік, Duolingo English Test 2021-2022 оқу жылына магистратура мен докторантураға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар тізімінен шығарылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 1 маусымда басталады.

Ал докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

×