«Жұлдыз» журналының проза айдарымен 2020 жылдың 6 ақпанындағы санында Ғарифолла Әнестің «Әбіш Кекілбаевтың хикаяттары хақында» атты мақаласы: «Заңғар жазушы Ә.Кекілбаевтың әңгімелері мен хикаяттарының әрқайсысының жұлдызы бөлек, жолы ерек. Кез келген туындысын парақтап көрсеңіз, әр шығармасынан бір тағдырды байқайсыз. Бәлкім, жазушыны «шағын проза шебері» атандырған да сол шығармалар болар… Алдағы сөз сол жұлдызды туындылардың «тағдыры» мен тағылымына арналмақ.»,- деген алғы сөзбен басталды. Мақалада «Автомобиль» хикаяты туралы және оның алғаш рет 1977 жылы «Жұлдыз» журналында (№10, 25-91-бб.) жарияланғандығы айтылады. Автор мақаласында Әбіш Кекілбаевтың бұл туындысын жіліктей шағып, мазмұның айшықтап, әр жолына түсінік береді.
«Автомобиль» хикаяты жазушының екі дүние қарызын өтемесе де ықылас қарызын артығымен өтей алған шығарма екені даусыз.
Мақала мазмұндық және тақырыптық ерекшелігі тұрғысында қазіргі оқырман қауымға танымдық және хикаяттың мән-мазмұның түсінбей жүрген түйсіктегі сұрақтарға жауап ала алатындай жазылған.
Журналдың поэзия айдарында көптеген жазушылар, ақындардың төл туындылары жарияланады. 2020жылдың 10 ақпанында «Жыр жазу деген – азап, от…» атты мақалада Фариза Оңғарсынованың туындылары жарияланған. Атап айтар болсақ «Касаңсып кеткен кезімде», «Өмірдің желе-жортағы», «Өз-өзімнен өртеніп барам жанып», «Ерме», «Өлген ойлар» және т.б өлендері жарияланған. Көркемсөз майданында ақын мен жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақынның өлеңдері кейінгі ұрпақты ерлікке, нәзік болуға, туған жер мен адамзатты сүюге апаратын жол іспетті. Сондықтан бұл өлендердің Қазақстан жазушыларының әдеби-әлеуметтік журналында жариялануы хақ.
Келесі жас толқын айдарында 2020жылдың 6 ақпанындағы санында Уәлихан Қалижановтың «Хакім Абай ілімі» атты мақалада ұлы Абайдың қара сөздеріне түсінік бере отырып оны қазіргі күнмен келтіре жазған.
Жаңа ғасыр – жаңа заман. Бірақ қанша ғасырлар болса да, ұлттың рухани кодына айналатын ұлттық мұралар халқымен бірге жасай бермек. Олар қазақтың фольклоры мен ұлы Абай мұрасы.
Ұлы Мұхтар Әуезов: «Жалпы алғанда, Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар – Абайдың өзі тапқан бір көркем сөздің түрі». Абай ілімінің қайнар көзі – осы қара сөздерде.
Сырсандық айдарымен 2021 жылдың 1 ақпанында Нұрлан Сәрсенбаевтың «Мұқағали «Күнделігіне» зер салғанда…» атты мақаласында Мұқағалиды шынайы тану үшін оның «Қош, махаббат» атты прозалық жинағы мен «Күнделігіне» зер сала кетуді жөн санайтының жазады. Мақалада «Күнделік» жинағы – тілі көркем, ойы ұғынықты, ақынның өз басынан кешкен ауыр күндерді шынайы бейнелеген нағыз өмір туындысы. Бұл жинақты – шын мәніндегі күнделік жазудың озық әдеби үлгісі деуге болады. Ақынның «Күнделік» атты жинағы – ғылымилық қуаты жоғары, мазмұны бай, тәрбиелік құны күшті, қалың оқырмандарды өзіне баурайтын құнды оқулық. Бұл кітап – ірі тұлға Мұқағалидың өмірге деген тың көзқарасы, өмір – жолы, өсу жолы, қайғылы, қасіретті шақтары, ақын айналасында жасаған адамдардың ұнамды, ұнамсыз сан алуан бейнелері жан-жақтылы баяндап жазылған тарихи дерегі мол, аса құнды материал.
Біз Мұқағали Мақатаевты терең тану үшін оның «Күнделігіне» ат ізін салып ізденіс жасаумен бірге зерттеуіміз қажет. Сонда ғана Мұқағалидай ұлы тұлғаның қыры мен сырын шынайы танумызға болады. Міне, бұл мақаланың басты айшықты ойы осы болып табылады.
Соңғы сөз сәулесі айдарында 2020 жылдың 10ақпанында Смағұл Елубаевтың «Рақымсыз жылдар хикаясы» атты мақаласы жарық көрді. Мақала Нұрдәулет Ақыштың «Махаббатпен арашалау» атты әңгімелер, хикаяттар жинағындағы «Рақымсыз көктем» атты хикаят туралы. Хикаят жазушының Шығыс Қазақстандағы «Маңырақ» атты өз туған ауылы 30-шы жылдары бастан кешкен жаһаннам туралы екен.
Бүгінде осы тақырып қақпағын ашқан қазақ қаламгерлерінің саны, өкінішке орай, оншақты ғана екен. Мыңға жуық қаламгерлеріміздің ішінен оншақтысы ғана 4 млн шейіт сүйегіне топырақ салуға жарапты. Өз еліңнің сөзін айт деп өзегіне Тәңірі талант дарытқан қаламгердің бірі – Нұрдәулет Ақыш. Өз ауылы бастан кешкен «Рақымыз көктемді» жазып ол өз елі алдындағы бір үлкен қаламгерлік парызын өтепті.
Мақала өзінің қайталанбастығымен ерекше. Хикаяттың мазмұңы терең болғандықтан әр оқыпман қызыға оқиды. Мақала айтылмай жүрген тақырыпты қозғап, қаламгердей ел алдындағы борышты адал атқаруға шақырып тұр.
Қорытындылай келе біз бірнеше тақырыптың мазмұнына толтала кетсек те «Жұлдыз» журналының мақалаларында тақырыптық, мазмұндық ерекшелік байқалатыны рас. Ежелден қалыптасқан дәстүрі бар, өзінін бай мазмұнымен, уақыт талабына сай жазылған, көрнекті қаламгердің әңгіме - хикаяттары, қазіргі ең танымал фантастикалық, детективтік шығармалардың таңдаулы үлгілері, түрік халықтары әдебиетінен жаңа тәжімалар, дін ислам дәрістері, пайғамбарлар мен әулие - әмбиелердің өміріне қатысты ғибраты мол аңыз әфсаналар, ұлы адамдар өмірі, табиғат тылсымы туралы қызықты хикаялар, ғылым мен техникаға арналған танымдық материалдары «Жұлдыз» журналына топтастырылған.
«Жұлдыз» сан алуан тақырыпты қамтитын әдеби-әлеуметтік журнал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі