Өлең, жыр, ақындар

Әлемде соңғы уақыттары болған ғаламдық өзгерістер: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастар

Әуелі, бұрыннан бергі ауқымды тақырыптарды қарастыра бастайық. Бұл қаладағы көлік жүрісі мен зауыт-фабрикалар. Мұның қандай пайдасы бар? Көлікке келетін болсақ, көлікпен жүру әлдеқайда тез, әрі тиімді. Зауыт-фабрикалардың да жұмысы аз емес. Олар да көптеген қолмен істелінетін жұмысты азайтады, өндіріс жағдайын тиімдетіп, тездетеді. Алайда, қара түтіннің табиғат пен адам денсаулығына нашар жағынан әсер ететіні барлығына бәлім. Соған орай, бүгінгі таңда бұл мәселе кеңінен қарастырылып, электрокөліктер жасау қолға алынуда. Мұның өзі болашақта жақсы септігін тигізеді деген үміттемін. 

Тағы да бір мәселе, қоқыстың өзен-көлдерге тасталуы. Бірінші кезекте, экологиямыздың нашарлауына себепші болатын жағдай. Бұл біздің бүгінгі тақырыпқа сай емес болып көрінгенімен, менің естуімше, кейбір компаниялар осыны ескере отырып, өз тауарларын суда еріп кететіндей етіп жасауда. Қалай қызық естілсе де, бұл рас. Осындай қарапайым жағдайлардың ауқымды түрде назарға алынуы өте жағымды. Мұндай қадам – алдағы прогресс пен эволюцияның белгісі. 

Ендігі кезекте, ең шулы, бүгінгі күннің өзекті мәселесі – бұл коронавирус ауруы. Менің ойымша, соңғы уақытта болып жатқан ғаламдық өзгерістердің бастамасы осының терең төңірегінде жатыр. Себебі, бұл жағдай бас көтергелі, бүкіл жер бетіне үлкен соққы тиді, қоғамның алай-дүлейі шықты. Көптеген бизнес-компаниялар, зауыт-фабрикалар, мұражайлар, мектептер және т.б. өздерінің жұмысын тоқтатты. Халықтың тең жартысы жұқпалы ауруға шалдығып қана қоймай, көптегені жұмыссыз қалды. Балалар білімді қашықтықта алғанымен, оның өзінің көптеген қиыншылықтар мен түсініспеушілікті туғызып отыр. Соған қарамастан, кейбір адамдар мен фирмалар, компаниялар осы жағдайды қолдана отырып, бизнес жасап, миллионер атануда. Мысалға, қазіргі қашықтықта оқытуға байланысты, көбісі қолдана бастаған «ZOOM» платформасының басшысы Эрик Юань, осы жағдаятқа байланысты миллиардер атанды. 

Қорытындылай келе, әлемдегі дүние бір орында тұрмайды, ол әрқашан, әркезде жаңа өзгерістерге тап болып отырады дегім келеді. “Кездейсоқтықтар кездейсоқ емес” дегендей, әр болып жатқан өзгерістердің өзіндік пайдасы мен зақымы да болады. Айтып өткендей, қоғамға бір жағынан жақсы әсер етсе, екінші жағынан керісінше әсер етуі мүмкін. Себебі, өмірдің мәні – ақ пен қараның үйлесуінде, мұнсыз өмір – өмір емес. Не болса да, болашақта бірге күш қосып, қиын жағдайларды тездетіп жеңіп шығуға шын жүректен тілектеспін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Бекзат

ойланатын нәрсе екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз