Қарым-қатынас дегеніміз не? Ең алдымен осы сұраққа жауап беріп көрейік. Қарым-қатынас – адамдар арасында байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғаланың дамуы мен қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Жалпы түрде айтатын болсақ, қарым-қатынас адамдардың басқа адамдармен сөйлесу не болмаса басқа да қатынастарға түсу арқылы ақпарат алмасу және қоршаған ортасын танып білу.
Адам өмірінің аса бір қажеттілігі ретінде қарым-қатынас процесін қарастырсақ болады, себебі адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Қарым- қатынасқа түсу арқылы оның психологиясы, жан дүниесі, сана сезімі қалыптасады. Адамның басқа топтармен қатынасқа түсуі оның адам ретінде дамуына ықпал етеді, яғни өз ойын білдіруі, түрлі ақпарат алмасуы, сөйлеу машығын қалыптастыруы осының бәрі адамның рухани өмірінің кемелденуіне әкеледі.
Адам өмірінде қарым-қатынас процесі үздік жүріп отырады. Тіпті біз дүниеге келген кезден бастап анамыздың бізге қамқорлығы, сөйлеп, еркелеткені бәрі қажетті қатынастарға жатады. Егер анасы сәбиімен қарым-қатынас орнатпаса, баланың психологиясы дұрыс қалыптаспай, қатігез әрі тас жүрек болып өсуі әбден мүмкін. Осыдан қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі алатын орнының маңызын байқамаймыз.
Қарым-қатынас тек адамның рухани дүниесіне ғана әсер етіп қоймай, оның таным көкжиегіне, айналасына бейімделуіне де оң әсерін тигізетін фактор.
Мысалға, біз басқа адамдармен экономика мәселесі жайлы сөйлесіп тұрмыз делік, олар осы салаға қатысты түрлі пікірлерімен, өз ойларымен және елдегі хал ахуал жайлы бір-бірімен бөліседі. Сол кезде бізде экономика жайлы басқа адамдардың пікірінен ой түйеміз, не болмаса бұрын соңды білмеген тың ақпарат аламыз. Сол арқылы сәлде болсын таным көкжиегімізді кеңейтеміз.
Басқа мысал алып қарастырайық, біз шет елге саяхат жасадық, сол елдің тілін білеміз, алайда мәдениеті жайлы бізде мәлімет аз. Егер басқа елдің мәдениетін, сенімін я болмаса тұрмыс-тіршілігін білгің келсе ең дұрысы сол елдің адамдарымен қарым-қатынас орнату, себебі басқа елдің адамдары өз дәстүрі, салт-санасы жайлы басқа ақпарат көздеріне қарағанда анағұрлым сенімдірек әрі нақты айтып бере алады. Басқа адамдармен қарым-қатынас орнатқан сайын, бізде қоршаған ортамызға жаңаша көзқараспен қарай бастаймыз. Адам өз білімін жетілдіріп, танымын, сана сезімін үнемі байытып отырса онда ол бір затқа, я болмаса туындаған проблемаға бір жақты ғана емес сан қырынан қарап, талдап, анализ жасауға үйренеді.
Егер адамға басқа адамдармен қарым-қатынас жетіспесе, онда ол психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкін. Мәселен адам өз қиындықтарын, ішкі жан толғанысын, сырын досына я болмаса жақындарына айту арқылы стресстен, тұйықталудан арылады. “Саған бәрін айтып ішім бір жеңілдеп қалды, арқамнан ауыр жүк түскендей болды” деп айтуы да бекер емес. Егер адам қиындығымен, туындаған проблемасымен ешкіммен бөліспесе бұл проблема адамды іштей алаңдатады, қыспаққа алады, содан психологиялық және физиологиялық ауруларға әкеп соқтырады. (Депрессия, стресс, әлсіздік, күйбелеңдік және т.б.) Қазақта айтады емес пе “Уайым мен күдік жейді ішті үңгіп”. Айтып отырған ойымыз да, қарым-қатынастың маңыздылығын айқындайды.
Жоғарыда айтып өткендей, адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Егер ол қоғамнан бөлініп кетсе, не болмаса қоғамнан тыс өмір сүрсе, онда оның тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес болады. Бұл сөзіме дәлел ретінде мына бір оқиғаны мысалға келтірейін. “Индияда 1912 жылы әйел барсы екі жасар баланы ауыл ауласынан ұрлап әкетті, бірақ оны өлтірмеді, керісінше оны өз баласы ретінде өсірді. Үш жылдан кейін аңшылардың бірі жануарды өлтіріп, оның ұрпақтарына кездейсоқ тап болғанда: екі мысықты және бес жасар баланы көріп қалады. Бала отбасына қайтарылды, алайда жабайы мысықпен өткізген жылдары із-түссіз өтпеді: ол төрт аяқтап отырды және солай қозғалды, саусақтары алақанға дұрыс орналаспады, Ол ересектерден әлде қайда тез жүгіре алды.
Бірақ сөйлей алмады, оның орнына ол айқайлау арқылы түрлі дыбыстар шығарды. Ұзақ уақыт бойы ол әдетінше тістеп, агрессивті әрекет етті, тіпті бір күні тауықты ұстап алып, жеді. Біраз уақыттан соң адамдар арасында жүріп, түрлі қарым қатынас процестері негізінде сөйлеуге және тік тұруға үйренді. Қоғамға біртіндеп сіңісті”. Бұл оқиғаны мысалға алып отырған себебім, қарап тұрсақ, егер адам қоғамнан мүлде оқшауланса, басқа топтармен қарым-қатынасқа түсуін тоқтатса, онда ол адам болудан қалады. Тілін, өзінің кім екендігін ұмытып, адами қасиеттерінен айырылады. Кемелденудің орнына, деградацияға ұшырайды. Тіпті туа біткен адам бойындағы қасиеттердің өзі де, адамдармен қарым-қатынас процесінде шыңдалатынын байқаймыз. Осы орайда “Адамның күні адаммен” деп бекер айтылмаса керек.
Басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсі мәлімет алмасу ол өте қажет, алайда бұл жерде де қарым-қатынасқа түсетін адамдардың өздеріне тікелей байланысты, яғни дұрыс мәліметтерді қабылдап, бұрысын ысырып тастай алу керегін таңдай алу қабілетінің болуы да өте маңызды.
Жоғарыда келтірген мысалдардан, өзіміз көріп отырғандай, қарым- қатынас тек коммуникативті құрал ғана емес, адамның тұлға болып қалыптасуында, ой өрісінің дамуында, көкжиек танымының шыңдалуында маңызды рөл атқаратындығын байқадық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі