Жаңа әдебиет деген атаумен 1928 жылы жарық көрседе осы күнге дейін өз мән мағынасын жоғалтпай келе жатқан журналдың бірі «Жұлдыз» журналы. Әдебиет пен өнерге негізделген бұл журналдың 2005-2008 жылдары редакция алқасында мықты мықты сыншылар, жазушылар болған кезде өте көп мәліметтер жарияланған. Және сол жылдардағы айдарларының өзі ерекше болғанында байқаймыз. 2005 жылғы бөлімінде Поэзия проза, Түрік дүниесі, "Жұлдыздың", " Ұлы адамдар" энциклопедиясы, Дін ислам дәрістері, Зерде, Өнер, Қазақстан 2030, Әдебиеттану, Алтыншы дәптер, Хат хабар ой толғам деген айдарлары болса. 2007 жылы Поэзия проза, Сын және әдебиеттану, Мәдени мұра, Ойлар,толғаныстар, Әлеумет, Баспалар, басылымдар деген айдарлармен жарық көрген. Журналдың ең әдемі дәстүрі әр санының алғашқы бетінде Ұлы тұлғалар жайында суреті мен өмірінен қысқаша мәлімет беріп отырады. Бұның өзі журналды оқыған оқырманның ойында Ұлы тұлғалардың бейнесін қалыптастыру.
2005 жылы ақпан айында жарық көрген санында Қыздың тасасына тығылған батырлар, Бір "интервьюге" байланысты, "Борбайы бос" жігіттер және биязы бойжеткен, Саржағал мәдениетінің ошағы деген Таласбек Әсемқұловтың сын мақалалары жарияланған екен. Жас алаш жайында тоқтаусыз жазылып отырған бұл мақалалар өз мақсатына жеткен. Яғни Таласбек Әсемқұлов Саржағал мәдениетінің ошағы атты мақаласының соңында "P. S. Журнал баспаханаға өтіп бара жатқан ең соңғы сәтте "қызық" хабар жетті: "Жас Алаш" айыпқа жығылыпты. Ақша кесімінің мөлшері - үлкен есеппен алғанда, шамалы ғана. Бірақ мәселе онда емес. Кінәлісің! - деген үкім шығарған әділ сот. Бірақ әділетке тоқтайтын "Жас Алаш" па! Тағы да айқай-ұйқай, ойбай-аттан, бір сөзбен айтқанда, жұртты дүрліктіріп, жоғарғы жаққа қуанып көрмек. Яғни, ең үлкен қызық - алда…" деп сөзін қорытындылайды.
2009 жылы Жұлдыз журналына Ұлықбек Есдәулет редактор болған кезінде галерея деген бөлім қосылған. Галерея бөлімінде суретшілердің, фото журналистердің туындылары жарық көріп отырған. Бірақ, бүгінгі Жұлдыз журналында галерея бөлімі жоқ. Ал Мұқтар Мағауин редакторлық еткен кезінде өте көп мәліметтер жарияланған болатын. Тіпті жас ақындарға, жас жазуларға, сыншыларға мүмкіндік беріп, олардың жұмыстарын журнал беттеріне жариялап отырды.
2020 жылғы басылымдарында елдегі әдеби жаңалықтарға, өзгерістерге байланысты Абай 175 айдары қосылып, Абайдың өлеңдерімен, Ғақлия деген атпен қара сөздері оқырмандарға жол тартып келеді. Сонымен қатар әл-Фараби-1150 жыл, Мерей, Жеті жұрттың тілін біл, Алтын бесік, Тұлға, Алтын тұғыр деген айдарлары да сапалы мақалаларын жариялайды.
Қорыта айтқанда Жұлдыз журналы қазақстан жазушыларының әдеби әлеуметтік журналы болғаныменде елдегі орын алған барлық мәселені қамтыған. Дін мәселесінде, сын мәселесінде, саясат мәселесінде талқылап, халыққа керекті ақпараттарды беріп келеді. Жұлдыз журналында мақалаға қарағанда поэзия, прозаға көптеп көңіл бөлінген. Және журналдың соңғы бетінде келесі санында қандай поэзия, прозалар жарияланатыны жазылып отырған. Бұдан біз журналдың қазақ әдебиетінен дамытуға қосқан ерен еңбектерін көре аламыз.Қазақ әдебиетінің көсегесін көгертіп, алтын қорын байыта түскен іргелі шығармалардың бәрі дерлік алдымен “Жұлдызда” жарық көріп, журнал беттерінен өмірге жолдама алды. Ары алсақ С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Х.Есенжанов, Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, Ә.Әлімжановтар алғашқы өлең әңгімелерінен бастап, соңғы дастан, роман эпопеяларына дейін сиясы кеппеген күйінде “Жұлдыз“ журналына ұсынып отырды. Бүгінгі күніде көптеген жас жазушыларымыздың, ақындардың жарқын болашағына алып барар жолдың алтын көпірі. Яғни «Жұлдыз” журналы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің айнасы, Қазақстан республикасының аспанындағы жарық жұлдыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі