Өлең, жыр, ақындар

Журналистік қызмет бостандығы

Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады.

Н. Михалковский

Бүгінде  журналистік қызметтің бостандығы ең маңызды проблемалардың бірі. Тәуелсіз елдегі баспасөз бостандығы кешегі кеңестік баспасөз бостандығынан  өзгеше. Сонда да баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары әлі де зерттелуде.  Себебі журналистика қызметі бостандығының проблемалары аз емес. Оларды шешу бүгінгі күннің міндеті.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақ журналистикасы да әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Мен осы мақалада қазақ журналистикасының қаншалықты төртінші билік бола алатынын қарастырғым келеді.

Интернет, компьютерлік технология дамыған сайын «индустрияландырудан кейінгі кезең» деген анықтама ескіріп, нағыз ақпараттық-технологиялық ғасыр туды. Журналистер үшін өз ісін жаңалықтар мен репортаждардың мәтіндік мазмұнын дайындаумен ғана шектелмей оны өңдеу, тарату секілді түрлі амалдарын игеру де маңызды болып тұр. Батыс журналистикасында бұл үрдіс әлдеқашан жолға қойылып, «мультимедиа журналист» деген ұғым қалыптасып қойған. Біздің журналистер әзірше тек мәтін жазады. Сондай-ақ алатын айлықтарына да кері әсерін береді. Бостандық деген журналист білгенін істеу, ойына не келсе соны жазу емес. Бостандық деген халыққа бар шындықты толықтай жеткізу, ашылған ақиқатты тіке жеткізу. Журналистика үшін ақпарат қабылдаушы қауым қашан да алдыңғы орында. БАҚ тағдырын шешетін де сол - халық. Олар әрі бақылаушы да бола алады. Пайдасыз және көңілге қонымсыз материалдар жариялайтын газетті ешкім сатып алмайды. Тіпті банкротқа  ұшырап, жабылып қалады.

Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл – жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болуымен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.

Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетінтолық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистік жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғарады. Әсіресе, журналист мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистік табысы жұмыс істеу екі талай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайда кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық білімділік болмаса кей нәрсені анық қанығына жету, ақ қарасын ашу оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп салдарына назар айдару керек. Ол үшін сол салаға арнай мамандармен кеңесу арқыла емес, жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақса дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көз қарасыңды білдірген жөн. Сондай-ақ журналист әрқашан өз біліміне теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек етіп білген дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап таңдағанан кейін сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принцпті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдынға өзінің міндетін борышын бар күш қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

Жайырова Нұрила және Қасымова Жанель, Тұран университеті, 2 курс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз