1927 жылдың 1 қаңтарында Крофорд комитеті нұсқауларының негізінде пайда болған король хартиясы Би-БИ-СИ қызмет етуіне тірек болған ресми құжат болып табылады.
Би-Би-Си –дің бірінші бас директоры Лорд Рейт болды. Лорд Рейт қазіргі кезге дейін ұстанатын үш принциптің негізін салып кетті:«жаңалық тарату. ағарту, көңіл көтеру».
Би-Би-Си-дің «алтын ғасыры» 30-жылдары басталды. 1932 жылдың өзінде тыңдаушысы бес миллионға, 1938 жылы Ұлыбританияның 98%-ы оның хабарларын қабылдай алды.
«Радио-1»- Би-Би-Си-дің ішкі хабарларының бірінші бағдарламасы. 1967 жылдан бері жастарды өзіне тарту мақсатында поп-музыка берді.
«Радио-2» - Би-Би-Си-дің ішкі хабарларының екінші бағдарламасы. Радио1-ден айырмашылығы –американдық «форматты» радиостанциялардың үлгісінде жасалған. Көңіл көтеретін бағдарламалар берді.
«Радио-3» - үшінші бағдарлама. Бұл бағдарлама –Би-Би-Си тәжінің лағыл тасы деп аталды. Радиода опералар, концерттер, әдеби және драмалық шығармалар беріліп отырды. Бұл бағдарламаны тек ақсүйектер тыңдады.
«Радио-4» - төртінші бағдарлама. Бұл ақпараттық-насихаттық бағдарлама болды. Жаңалықтар, радиожурналдар, балалар хабарларын беретін болды. Насихаттық бағыттағы бес негізгі айдардан және сегіз жаңалықтар легінен тұратын болды.
Араб қызметі-Лондон радиосының шет тілінде ашылған бірінші бөлімі. Діни хабарлар арқылы Би-Би-Си араб елдерінің сеніміне кірді. 30-жылдардың соңында Би-Би-Си неміс, ағылшын, француз тілдерінде хабарын тарата бастады.
Европа қызметі 5-ке:Шығыс Европа, Орталық Европа, Оңтүстік Европа, неміс, француз. Бұл қызметтер – Африка, Араб, Щығыс, Қиыр Шығыс, Латын Америкасына арналды.
Шет елге хабар тарату аптасына 600 сағатқа дейін жетіп, 40 тілде хабар таратты.
Соғыстан кейін, 1946 жылы Би-Би-Си орыс тілінде хабарларын бастады. Орыс тілінде апта сайын 30 сағат берді.
Қазіргі кезде Би-Би-Си сыртқы қызметінде 3 мыңнан астам адам істейтін үлкен ұжым. Хабарлар 52 студияда әзірленіп, аптасына 700 сағатқа жетеді. Бағдарламалар 37 тілде, және ағылшын тілінде тәулік бойы жүргізіледі.
Бүкіләлемдік жаңалықтар-негізгі ақпараттық бағдарлама. Тәулігіне тоғыз минуттан 12 түпнұсқа хабар береді және тікелей эфир арқылы жүреді. 8-14 жолдан тұратын 10-12 заметкадан құралады. Хабарды «лид» тәртібімен береді. Яғни лид дегеніміз-пирамиданың төбесіне шоқталған хабардың негізгі ойы, тоқ етері. «Лондоннан әлемді қалай көрсек, жаңалықтар тізбегі де , солай беріледі»-дейді Би-Би-Си ұжымы.
Би-Би-Си журналистері сұхбаттасу үшін 2-түрлі сұрақ дайындайды.
Біріншісі негізгі, ал екіншісі көмекші сұрақ. Негізі сұрақ міндетті түрде эфирден беріледі, ал қосымша сұрақтар жауап беруші сұрақтан жалтарған кезде ғана қойылады.
Ұлыбританияда тәжірибелік телехабар 1932 жылы басталғанымен, тұрақты түрде ресми көрсету 1936 жыл деп есептеледі. Соғыстың басталуынан телехабар үзіліп кетті.
1953 жыл теледидарының тарихында үлкен бетбұрыс болды. Осы жылдың 2-маусымында Елизавета 2 тәж қию салтанатын теледидар арқылы 20миллион адам тамашалады. Би-БИ-Си 1964 жылы қоғамдық теледидардың екінші арнасын ашты.
Ұлыбритания теледидары 70-жылдары «алтын ғасыр» кезеңін бастан кешірді. «Алтын ғасыр» 30-жылдардың өзінде-ақ басталған. 1932 жылы оның тыңдаушысы 5 миллион адам болса, қазіргі кезде 120 миллионға жетіп отыр.
Құттымұратқызы Аружан журналистика факультеті, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Майкотова Ғ. Т. , ф. ғ. к. , доцент, Әлім Ә, . А. , аға оқытушы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі