Өлең, жыр, ақындар

Қазіргі журналистиканың жетістігі және жетіскені

Журналистика – жаһандануды ең жылдам жүргізетін қоғам саласы. 1 журналист өз өмірінде орта есеппен 9000ға жуық жаңалықпен бөліседі. Әр жаңалыққа кем дегенде 3 түрлі мақала және медиалық қызмет саласын жарыққа шығарады. Сандардан-ақ әр салаға тиетін ықпалды байқай аламыз. Кез-келген ғылыми технологиялар жарыққа шыққанмен оның өсіп, белгілі бір дәрежеде өрекендеуіне журналистика медиа саласы тікелей қызмет атқарады. Себебі жарыққа шыққан дүние танылмаса ол затты жоққа балай берсе болады. Айшылық алыс жерлерден хабар алдырып, шартарапты үйде отырып-ақ шарлау - журналистика құдіреті. Жалпы саланың бірнеше функционалды қызметтері барлық ақпараттандыру көздерінде жасап шығарушы статусын иеленеді. Бұл дегеніміз, тек бір қозғалыс арқылы ақпараттық жарылыстан пайда болған мағлұматқа қанық бола аласыз. Бұл адамзаттың құдіреті. Журналистиканың барлық бағытында бір ұстаным бар: Шындық жетуі қажет. Бұл жылжымас талап. Журналистика бұл қоғамда төртінші билік өкілі ретінде қызметі бар. Бұл қызметте адалдық ең алдыменен болуы да міндет. Билікке үкім айту, тиісінше сараптау, басшы топтың берер есептерін халыққа жеткізу кезінде шикілік таныту бұл саланың мамандарына тән емес. Бірақ осындай жетістікке жеткен Қазақстан журналистикасының үстіне дақ жаққан жетіскен тілшісымақтарымыз да ортамыздан табылып жатыр. Ондай адамдар қатарын кімнің дайындап осындай тілші дәрежесіне қалай шыққанын білмедім, бірақ бұл қазақ журналистикасына жат қылық. Ол мәселелер ішінде ең әуелі: жалған ақпарат таратушы дереккөздер. Дереккөздердің көбінде сол мақаланы жазған автордың есімі аталады. Бірақ аталмыш мақалада бірде-бір шындыққа жанасар ақиқат табылмайды. Ол дереккөздер соңы кішігірім жанжалдан бастап, үлкен қақтығысқа әкеп соғуы мүмкін. Бұл атап айтарлықтай шешілмек мәселе емес, себебі көбіне сайт арасында аса мән бере бермеуі мүмкін. Бірақ сақтық шараларын қарастыру қажет. Сайт арқылы қатты бір дау туа алмас, себебі оны өшіру қиын емес. Ал жұртшылықың көзбен көрерлік шоулар жайлы не айтамыз? Қазір реалити, ток шоудың лаулап тұрған шағы. Ең әуелі сол шоулардың атына акцент берейік: «Астарлы ақиқат», «Бір болайық» т.б.. Астарлы ақиқатта ақиқаттың астары ашылмайды, кәмелетке толмаған қыз етегі ашылады, таныссыз танылды деп анайы түрде билеушілерді есінен адасқан адамдарды құшақ жайып қарсы алады. Не үшін? Бір болайықта бір болмайды, бірін-бірі түтіп жеген, саналы түрде дамымаған адамдар тобыры ғана. Мүмкін содан болар, отбасы құра алмай жүргендері. Бұл бағдарлама сондай жандарға ақыл тоқтату үшін емес, сол адамдарды одан сайын бір-біріне қайрап қойып, қойылым көрсету басты мақсаты секілді. Бұл ше үшін? «Ойбай шоу» атты дым мағынасыз бағдарлама бар. Бұл бағдарлама тіпті оның жүргізушісіне де керек емес секілді жүргізеді. Сұрақтарда ішкиім және анайы сұрақтар жұлдыздарға қойылады. Яғни, сол кісілердің абыройы арқылы бір сужұқпастың жасаған контенті. Бұл не үшін? Әрине – ХАЙП! Хайп қуалау айып емес, егер журналист болмасаңыз. Бірақ, бұл шоуларды кәсіби мамандардың жүргізетініне сене алмаймын. Сұрақтары ел миын бос әуремен толтыруға негізделген. Журналист – халық адамы, шырақтарым. Ол қашанда еліне пайда әкелерлік қызмет жасауы тиіс. Ал жоғарыдағы мәселелі істерден журналист лауазымы садаға кетсін. Жетісіп жарытқандар жетістіктерімізге зиянын тигізбесе игі еді. Мәнді де, сәнді жаңалықтарымыз көп болғай!

Алаш-Омар Асқарұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз