Өлең, жыр, ақындар

Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның міндеті

    Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі таңда ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Бұл мәселенің өзектілігі неде? Орта есеппен алғанда әр адам күніне 1–1,5 келі тұрмыстық қалдық шығарса, елімізде жылына шамамен 5 миллион тонна қоқыс жиналады. Оның тек 20 пайызы ғана қайта өңделеді, ал қалған қалдықтар шіріп, ауа мен топырақты ластайды.

Бізді қоршаған ортаның тазалығы – өміріміздің ажырамас бөлігі. Адамдардың “жалғыз менің әрекетімнен не өзгереді?” деген қате түсініктері табиғатқа одан әрі зиянын тигізеді. Ал шын мәнінде қоршаған ортаның таза болуы әр адамның қарапайым тазалық сақтауынан басталады. Қоқысты арнайы жәшікке тастау, ағынды су көздерін ластамау, ауаға зиянды газдарды шығармау сияқты кішкентай әрекеттердің өзі үлкен өзгеріс әкеледі.

Осындай экологиялық мәселелердің алдын алу үшін мектептерде және жоғарғы оқу орындарында табиғатты қорғау жөніндегі шараларды кеңінен насихаттап, апталық сенбіліктер өткізу маңызды. Еліміздің тазалығы үшін әр адам өзінен бастап табиғатқа жанашырлықпен қарауы тиіс. Бұл – hepіміздің ортақ міндетіміз.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Сәду Жанерке


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз