Өлең, жыр, ақындар

Түркістан

    Түркістан – Қазақстанның тарихи және мәдени маңызды қалаларының бірі. Қалада орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл Орта Азия үшін аса құнды діни әрі тарихи ескерткіш саналады. Осыған байланысты Түркістан «Түркі әлемінің рухани астанасы» деп жиі аталады.

Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Облыс құрамына 14 аудан және 3 қала кіреді. Әкімшілік орталығы – Түркістан қаласы.

Халық санына қатысты мәліметтер:

  • Жалпы халық саны – шамамен 2,15 млн адам

  • Қалалық тұрғындар – 544 мың адам (≈25%)

  • Ауылдық тұрғындар – 1,6 млн адам (≈75%)

  • Табиғи өсім (2025 ж., қаңтар–тамыз) – 24 861 адам

  • 2025 жылы туғандар саны – 31 643

  • Қайтыс болғандар саны – 6 782

Қаладағы жұмыссыздық деңгейі төмен – 4,7%. Алайда облыста ауылдық аймақтардың басым болуы себепті тұрақты жұмыс табу қиындауы мүмкін. Ауыл шаруашылығы маусымдық жұмыспен шектеледі, ал кей ауылдарда жұмыс орындары мен инфрақұрылым жеткіліксіз.

Түркістан – туризмі дамып келе жатқан өңір. Тарихи ескерткіштердің көптігі, сондай-ақ 2021 жылы «Керуен-сарай» кешенінің ашылуы туристер ағынын айтарлықтай арттырды. Нақты дерек болмаса да, 2024 жылы шамамен 300 мыңнан астам турист келгені айтылады. 2025 жылға қарай туристер санын 2,5 миллион адамға жеткізужоспары бар.

Түркістандағы ең басты киелі орын – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ол Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырда (1389–1405 жж.) салынған.

Кесененің сипаттамасы:

  • Биіктігі – 38,7 м

  • Күмбез диаметрі – 18,2 м

  • Ішкі бөлмелер саны – 35-тен астам

Бұл сәулет жауһары 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рамазан Қазына


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар