Қазақстанда ақындар мүшәйрасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл – қазақ поэзиясының көне де қадірлі дәстүрлерінің бірі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 115 жылдық мерейтойына орай “Жүлгесі үзілмеген 115 жыл” атты республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланды. Мүшәйраға еліміздің барлық аймағынан ақындар қатыса алады. Қатысушылар бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа өлеңдерін жолдауы тиіс.
Мүшәйраның мақсаты – ұлт руханиятын, кітап оқу мәдениетін және қазақ поэзиясын кеңінен насихаттай отырып, қоғамның әдеби-мәдени өмірін жандандыру. Сондай-ақ ақындардың шығармашылығына жаңа серпін беріп, үздік туындыларды оқырманға ұсыну және оларды арнайы жинаққа енгізу көзделеді.
Мүшәйраның жүлде қоры:
Мүшәйраға қатысушылардың ең үздік деп танылған өлеңдері ҚР Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына арналған арнайы жинаққа енгізіліп, жарық көреді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Орынбай Аружан
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі