Өлең, жыр, ақындар

Жасанды интеллекттің жастарға берер пайдасы

   Жасанды интеллект – әртүрлі функцияларды басқаратын жүйе. Бұл – компьютерлік ғылымдар саласы, ол ойлау, үйрену және қабылдау сияқты процестерді имитациялауға мүмкіндік береді. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференцияның преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Қазіргі таңда AI, ChatGPT, Gemini, Meta AI, Character AI секілді жасанды интеллект қолданбалары бар. Оларды оқушылар, студенттер және ересек адамдар да пайдаланады.

Статистикаға сүйенсек:

ChatGPT – америкалық коммерциялық емес OpenAI компаниясы 2022 жылдың қараша айында таныстырған нейрондық желі. Ол арқылы жасанды интеллектпен хат жазысып, кез келген сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге болады.

ChatGPT күніне 10 миллионнан астам сұрау алады, және бұл көрсеткіш танымалдықтың артуына байланысты ай сайын өсіп келеді.

Қолданушылардың 35%-ын — 13–24 жас аралығындағы жастар құрайды.

Қолдану мақсаттары:

Ақпаратты тез табу – 50%

Сурет генерациясы – 10%

Контент (өлең, пост, мәтін) – 25%

Gemini – Google компаниясы әзірлеген жасанды интеллектке негізделген чат-бот. Жүйе LaMDA тілдік моделі негізінде жасалған. 2023 жылғы наурызда OpenAI әзірлеген ChatGPT-дің танымалдығының артуына жауап ретінде іске қосылды. 2024 жылы Gemini қолданушыларының саны 100 миллионнан асты.

Жастардың 25%-ы смартфонда Google сервисі арқылы Gemini-ді кем дегенде бір рет қолданған.

Қолдану мақсаттары:

Ақпаратты тез табу – 40%

Сурет генерациясы – 20%

Meta AI – бүгінде Instagram, Facebook, WhatsApp және басқа да қосымшалар арқылы ай сайын 1 миллиард белсенді қолданушыға жеткен жүйе.

13–24 жас аралығындағы жастардың 45%-ы Meta AI-ды кем дегенде аптасына бір рет қолданады.

Meta AI қолданылатын платформалар:

WhatsApp – шамамен 350 млн адам

Instagram – шамамен 250 млн адам

Facebook – шамамен 300 млн адам

Messenger – шамамен 160 млн адам

Character AI – әртүрлі виртуалды кейіпкерлермен сөйлесуге арналған жасанды интеллект. Қолданушылардың 60%-ын — 13–24 жас аралығындағы жастар құрайды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Наурызбай Айша


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар