Қазақ театр өнерінің негізі 1925 жылы Қызылорда қаласында құрылған М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры болып саналады. Бұл театр қазақ драматургиясының дамуына, ұлттық әдебиетті көпшілікке таныстыруға зор үлес қосты. Бүгінде Қазақстанда шамамен 70-ке жуық театр жұмыс істейді. Олар қойылымдарының бағыты мен жанрлық ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді:
2024 жылы Қазақстан театрлары 16,7 мың қойылым қойып, 1,5 миллионнан астам көрермен қабылдады. Театр ұжымдары 396 тур ұйымдастырды: оның 350-і Қазақстан ішінде, 46-сы шетелде өтті.
Театрлардың халықаралық фестивальдердегі жетістіктері
— 2018 жылы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық-драма театры Шотландияда өткен “Fringe” фестиваліне қатысты.
— 2025 жылы Art Theater және Алматы мемлекеттік қуыршақ театры Францияда өнер көрсетті.
— 2023 жылы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік драма театры «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасымен Бішкекте өткен “АРТ-ОРДО – 2023” фестиваліне қатысты.
Қазақстан театрларының дамуына ықпал ететін жаңа мүмкіндіктер
Шетел театрларының тәжірибесінде маркетингтік жұмыстарды әлеуметтік желіге бейімдеу көрермен қатарын көбейтуге айтарлықтай әсер етеді. Қазақстандық театрлар үшін бұл — қолдануға болатын тиімді стратегия. Себебі елдегі жастардың цифрлық белсенділігі өте жоғары: 18–24 жас аралығындағы жастардың 76,3% жаңалықты негізінен әлеуметтік желілерден алады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әділгерейқызы Әлия
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі