Журналистика қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі, биліктің 4‑ші иесі. Ол қоғам пікірінің қалыптасуы барысында маңызды рөл атқарады. Алайда, бұл маңыздылықтың артында үлкен жауапкершіліктің жатқандығын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан, журналистикадағы этика шындық үшін шырылдап, ақиқат үшін айқасқан әрбір маманның қаруына айналмақ.
Журналистикадағы этиканың негізгі принциптерінің бірі – көпжақтылық. Журналист оқырмандарына оқиғаны баяндай отырып, оның еш тұсын жасырып яки жалған айтып қалмауын ескеруі керек. Көптің талқысына түсер міселені бір жақты ғана ұсынатын және оған қолдау табуды мақсат ететін маман жардан құлап, сөз шындығы зардап шегеді. Журналистикадағы этика: жан‑жақтылықты талап етеді.
Ақпаратты бұрмалау – журналистикада кездесетін тағы бір мәселе. Оқырмандардың назарын аудару яки қаралым санын арттыру мақсатында фактілерді бұрмалап, оқиғаларды асыра сілтеп көрсету. Журналист маман бұл әрекетімен оқырман сезімін бұзып қана қоймай, журналистиканың тәуелсіз, әрі әділетті ақпарат көзі ретіндегі абыройына нұқсан келтіреді. Сол үшін мақала жарияламас алдын оның шынайылығы мен нақтылығына аса зер салған жөн.
Дереккөздердің құпиялылығы мен құқығын қорғау журналистикадағы этиканың маңызды аспектісі болып табылады. Журналисттер өз ақпарат көздерін қорғап білуі тиіс, себебі ақпарат кесірінен ертеңің қандай баян аларын ешкім білмейді. Дереккөздердің құпиялылығы қоғам қаперіндегі сөз бостандығы мен ой шындығына ықпал етеді, сондықтан маман иесі бұл бостандық үшін күресуге даяр болуы керек.
Жаңа технологиялардың дамуымен журналистикадағы этика одан да өзекті бола түсуде. Әлеметтік медиа, блогтар мен мақала жариялауға арналған платформаларда ақпарат көзін тарату, жекешіл оймен бөлісу неғұрлым оңайлады. Бүгінде кез-келген адам фактілер мен этика нормасын сақтамай “журналист” атана алады. Осыған байланысты жаңа ғасыр журналисті әділеттілігі, фактілермен жұмыс істей алулығы, этиканың сақтауымен ерекшелене алғаны жөн.
Жаңа заманымыздың қарсаңында интерактивті журналистика өзінің биік белестеріне қол жеткізіп жатыр. Жасанды интеллект журналисттерге күрделі оқиғаларды көрнекі және түсінікті тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Бірақ оқиғалардың бұрмаланбауы мақсатында осы сынды жүйелерге аса ұқытылықпен қарау ұсынылады.
Және журналистика адам құқықтары мен сөз бостандығын қорғауда елеулі рөл атқарады. Өз пікірін ашық елекке сала алмайтын, пікір бостандығын қалыптастыра алмайтын адамзаттың панасына, екінші дауысына айналады. Нағыз журналист өміріне төнуі мүмкін қауіпке қарамастан шындық шырылына дайын болуы қажет.
Осы факторларды ескере отырып журналистикадағы этика мамандықтың ажырамас серігі, қоғамның сенімі деп ауыз толтырып айта аламыз.
Бақыт Нұрай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі