Біз дүние есігін ашқалы үздіксіз қарым-қатынас жасап келеміз. Адамдармен, қоршаған ортамен, табиғатпен, және өзімізбен қарым-қатынсқа түсе аламыз. Бұл - адамдардың жануарлармен салыстырғандағы ең басты әрі маңызды қасиеті. Қарым-қатынас бізге ауадай қажет және онсыз толыққанды өмір сүре алмайтынымыз рас. Өзгелермен қарым-қатынасқа түсу арқылы баспана, киім-кешек, ас-ауқат, ұйқы, не қажет соның барлығын ала аламыз. Мысалы, адамды қамап және басқалармен араластырмай тастау - жазаның ең ауыр түрі. Сонымен, қарым-қатынас орнату арқылы адамдар өзіне не алады? Ең алдымен, ақпарат алмасу және дүние жайлы мәлімет. Еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді және осымен ғана шектелмейді, оның қамтитын шеңбері кең. Кино немесе спектакль көру, лекция тыңдау, дос-жарандармен сөйлесу, телефон арқылы хат алмасып хабарласу - осының барлығы қарым-қатынастың сан алуан түрлері. Ал, осы қарым-қатынас процесінде қоршаған ортаның атқаратын маңызы мен қызметі бар ма?
Әрине бар. Себебі, қоршаған орта мен қарым-қатынас процессі жіпсіз байланып тұрған ұғымдар десем қателеспеспін. Қоршаған орта - бізді қоршаған дүние: қоғам, отбасы, достар, табиғат, жануарлар және адамдар. Қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату - табиғи, талқыланбайтын құбылыс. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүретіндіктен, қарым-қатынас пороцесінде оны қабылдай алуға тиіспіз. Яғни, сол қоршаған ортаға сай өз пікірлеріміз бен талаптарымызды өзгертіп, немесе қарсы мінез-құлық таныта аламыз.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас саласын анықтауға «қарым-қатынас» сөзінің семантикасы көмектеседі. Зерттеулер көрсеткендей, тұрмыстық санада бұл сөзбен мағыналардың үш тобы байланыстырылады:
•бірлесу, ортақтық, біртұтастық құру, яғни жақсы орта мен достар.
•хабарламалар жіберу, ақпарат алмасу, бұл дегеніміз - сөйлесу мен әңгімелесу.
•қарсы ала іс-əрекет жасау, жиі құпия немесе интимді сипатқа ие өзара үйлесу.
Екі адам бірін-бірі оң қабылдап, үшінші біреуге деген өз қатынастарын орнатса, оларда осы үшінші адамға қатысты ұқсас бағдарларды дамыту бағыты пайда болады.
Қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу барысында түрлі эмоцияларды сезінеміз, шешім қабылдаймыз, әрекет етеміз. Қарым-қатынас болмаса біз қазір қандай болсақ, сондай бола алмайтын едік. Қарым-қатынассыз біз, əжеміздің ертегісін тыңдай алмас едік, əкемізбен ұшатын қағаз жылан жасап, анамызбен демалысқа барып, достарымызбен серуенге шыға алмайтын, мұғалімнің түсіндіргенін түсіне алмас едік жəне т.б. Сондықтан өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана тұлғаның дамуы жүзеге асатындығын көреміз. Олай болса, мына бір белгілі сөзді былайша түрлендіруге болады: «Кіммен араласатындығыңды айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтып беремін».
Əр адам өзінің негізгі ерешеліктерін жеке қарым-қатынас тəжірибесі арқылы, отбасындағы, мектептегі, көшедегі тікелей қатынастар арқылы қалыптастырады. Мұны қазақстандық психолог Х.Т. Шерьязданованың еңбегінде қарым-қатынас – баланың қалыпты психикалық дамуының маңызды факторы жəне ажырамайтын шарты ретінде қаралады. Ол қоршаған адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі бастапқы мəні бар маңызды табыстылық ретінде зерттеп, қарымқатынасты іс-əрекет ретінде түсінудің негізгі ережесін ұсынады:
1. Қарым-қатынас іс-əрекетінің заты немесе объектісі бірлескен іс-əрекеттегі серіктес жəне қарым-қатынас потенциалының субъекті ретіндегі басқа адам.
2. Қарым-қатынас əрбір іс-əрекет сияқты адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Қарым-қатынастағы қажеттілік басқа адамды бағалауға талпынудан тұрады, ол өзінің тұлғасын жəне өзін бағалауға, сол адамның бағасынан өзін анықтауға, қарымқатынас мотиві басқа адам немесе, дəлірек, адамның сол қасиеттері туралы түсінігі үшін баланың үлкендермен өзара əрекетке түсуі болып табылады.
Қорыта келе, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың адам өмірінде алаиын орны ерекше әрі ойнайтын рөлі өте зор.
Жұматай Елдана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі