“Жұлдыз” журналының 2021 жылғы қаңтар айындағы 1 нөмірінде Рамазан Тілеуханның “Жақсыдан-шарапат” деген әңгімесін оқыдым. Онда нағашы атасы Кәдіркей Сәдуақасұлы мен Сәкен Сейфуллиннің әңгімесі жарияланған. Кәдіркей Сәдуақасұлына арыз жазылғандағы ол кісінің көмек сұрап, ақыл сұрап Сәкен Сейфуллинге барғандығы, Сәкен Сейфуллиннің оны құшақ жайып қарсы алып, қаланы аралатып, дастарханын жайғандығы, келіп отырған шаруасын тез арада шешіп бергендігін айтады. Соңында “Сәкендей сұңқардың шарапатын көріп, бір пәледен аман қалып ем. Алайда арада аз жыл өткен соң, қайран азаматты жазықсыдан-жазықсыз атып тастады ғой. Шіркін-ай, Сәкендей ерлер аман болып, еліне қызмет еткенде әлдеқандай заман болар ма еді?!. Өкініші мен үміті қатар жүрген Өмір осылай өтеді де кетеді екен ғой...” деп аяқталады. Менің бұл сөздерден түйгенім жақсы адамның жақсылығы адам есінде мәңгі қалады екен. Жақсы адамның адамгершілігі мен үлгі болар істері көпке үлгі.
“Жұлдыз” журналының 2021 жылғы 1 нөміріндегі тағы бір санында Әлібек Асқардың “Қаратай мен Анна-Лиза” деректі әңгімесі айтылады. Бұл әңгіме кімнің де болсын жүрегіне жетіп, ерекше бір күй кешері анық. Қандай ана болу керек, қандай ер азамат болу керек осы бір әңгімеде жазылған да секілді. Әңгіменің басы Бақтыгүл есімді анамыздың ер мінезімен, қайсарлығымен екі бірдей баласын өсіріп жеткізеді. Соның бір баласы ел ішінде аты аңызға айналған қайраткер-Қаратай Көшкінов болған. Қаратайдың жары болған Анна-Лиза Лиукконнен ұлты жағынан фин қызы болған. Анна-Лизаның жары жер аударылып оңтүстікке келгенде артынан осы жақа іздеп келген екен, өкінішке орай ол өзінің жарынан айырылады. Өз елінде жүріп Анна-Лиза қызымен бірге қиыншылық көріп, Мақтааралға келеді. Мұғалім болып жүріп осы бір Қаратаймен танысады. Екеуі қосылып үй болып, өз еңбектерімен сыйлы болады. Өз жұмыстарына адал болып, ел үшін қызмет қылған Қаратай мен Анна-Лиза бір-біріне адал жар, өмірлерінің соңына дейін бірге өткізеді. Анна-Лиза ауыл-аймақтың абыз анасына айналады, Қаратай Көшкіновта құрметке лайық, ұлағат етер тұлға болған. Бұл екеуінен кіршіксіз махаббаты, қол ұстасып бірге жеткен қиыншылығы мен бақыты көпке үлгі деп ойлаймын. Бақтыгүл ана мен Анна-Лизаның бойындағы қасиеттер қыз-келіншектерге үлгі болары анық. Өнегелі өмір мен жастарға, яғни бізге бұл әңгімеден аларымыз көп.
2021 жылғы наурыз айындағы 3 санында Рахым Балабиевтің “Ақсақ қыз тағдыры” деген өлең жолдары берілген. Мұнда Гүлсім атты бір аяғы жоқ қыздың ағасымен, сүйгеніме сөйлескен мұңзары мен өлеңдері берілген. Қыздың тағдыры ойламаған жерде, күл талқаны шығып, армандары тас талқан болғандығы, өте аянышты. Ағасына айтқан мұңы, өзінің өміріне деген назы адамның көңіліне еріксіз жас келтіреді. Ағасы мен сүйгенінің қолдауы оған күш қайрат береді. Сүйгенінің осындай жағдайға қарамастан оны қабылдап, шексіз сүйгендігі менің ойымша ерлік. Қазірде мұндай ерлік кімнің де болсын қолынан келмейтіні анық. Пәк сезім мен қос ғашықтың осы бір махаббаты, ағасы мен қарындасының бір-біріне деген қолдауы мен жылы сезімдерінің өзі адамға жылулық сыйлайды.
Зинадуллақызы Нұрай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі