Елімізде көптеген әртүрлі партиялар болған еді, олар тек саяси партия құруды ғана емес, толық сахнада жұмыс істеуді көздеген. Аманат, Азат, Желтоқсан, Дәуір газеттерінің атауы басқа болғанымен, шығу барысы, пайда болу барысы ұқсас. Бүгінгі жұмыста саяси партиялық Аманат, Азат, Желтоқсан, Дәуір газеттерінің тарихы мен мазмұнына тоқталып, сөз қозғалатын болады.
Дәуір газетін алатын болсақ, бүгінгі таңда бұл газет ірі кәсіпорынға айналған. Алайда, оның шығу тегі ХХ ғасырдың басынан көрінеді. «Заря свободы» деген 1918 жылғы шығып жүрген газетінің кейінгі ұрпағы десем де болады.
Дәуір газетінің шығуы Қазақстанның тәуелсіздік қайтару тұсына келген еді.
1993 жылдан бастап саяси партиялық газет атанып, жарыққа шығып жүрді.
"Аманат" газетінің беттерінде Қазақстан президентінің, парламенттің жарлықтары мен өкімдері, Үкіметтің қаулылары, республиканың жаңа заңдары, биліктің жоғарғы органдарындағы орын ауыстыру туралы хабарламалар жарияланатын. Газет елімізде және шетелдерде болып жатқан аса маңызды оқиғаларды жариялап отыратын. Қазақстан өңірлеріндегі ахуал туралы ауқымды ақпаратты, оның ішінде қоғамда туындайтын проблемалар бойынша талдамалық материалдарды меншікті тілшілер жеткізетін. Яғни, Аманат аса қатты таралмаса да, маңызды ақпараттарды жариялайтын.
Аманат газетінде жалпылама ақпарат берілгенімен,нақты тақырыптар күнде таралатын еді, көбінесе опоцизиялық тұстардың жағдайы, Қазақстандағы жалпы саясатқа баға берілетін еді.
Газет негізінен шығарылымы апта сайын болып бейімделіп, одан кейін бірнеше уақыттан кейін, ай сайын жарыққа шығатын болды.
Енді келесі әлі күнге дейін жарық көріп жүрген газеттердің бірі – Азат газеті болып табылады.Қазақ тілінде шығарылған, содан кейін орыс тілінде басылымға шығып тұрған.
«Азат» газеті — тәуеслсіз саяси газет. Құрылтайшысы — Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысы 1990 жылдың қазанынан 1993 жылдың қыркүйегіне дейін айына екі рет шығып тұрған. Қазақша — 56, орысша 7 саны жарық көрді. Қазақстанның егемен ел болуы, орыс отаршылдығының зардабын жою, тәуелсіз демократиялық мемлекет құру мәселелерін көтерді. Мақалалардың көбісі саяси тәуелсіз мемлекет жайында болған.
Яғни, мақалалардың негізгі түпкі мақсаты тек қазіргі уақыттағы тәуелсіздік жайында ғана емес, ХХ ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің істерін естен шығармаған еді. Атап өткендей, газеттің ең бірінші шығарылымы «Алаш идеясы бүгінгі таңда» деген мақаланы жариялаған. Одан бөлек, тарих пен болашақты байланыстырып, алға жетелейтін мақсаттары анық көрсетілген, әрине тек саяси мәнде болған.
Желтоқсан газетіне келетін болсам, өзінің бастауын ХХ ғасырдың соңы, тәуелсіздіктің басында жарияланып, Республикамыздың ең алғашқы тәуелсіздік қайтару тұсындағы кезінен жарық көрген алғашқы саяси газет болып табылатын.
«Аты затына сай» демекші, газет саяси мағынада кең тараған. Көптеген шығарылымдары Желтоқсан оқиғасына, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев деген сияқты Желтоқсан құрбандарына арналған еді. Газет тек қазақ тілінде басылымда болып келген. Соның септігінен оқып жүрген адамдарың саны аз болған, жалпы рейтинг статистиканында төмен орындарды шығарылып жүрген күннен бері алып жүрді.
Және Желтоқсан газетінің алғашқы шығарылымның «Қазақстан және әлем» мақалысының І басылымында былай жазылған:«Қазақстанның халықаралық саясаты біздің мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің халықаралық кепілдіктеріне қол жеткізуге бағытталған. Шет елдермен достық қарым-қатынас орнату үшін орасан зор жемісті жұмыс атқарылып жатыр. 60-тан астам ел ресми түрде мойындап, Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты».
Яғни, бұл газетте тек Желтоқсан ғана емес, одан бөлек сыртқы қарым-қатынастарға көп көңіл бөлінген болатын.
Әрбір газеттің тақырыптарының өзіндік ерекшелігі бар. Желтоқсан газеті 1986 жылғы оқиғаларды байланастырып жазатын болса, Дәуір газеті көбінде ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихына жиі тоқталып, мақалаларды жарыққа шығарған. Аманат газеті тек бір жолды ғана, яғни тек саясат тақырыптарына жазған. Ал Азат газетінде жалпы ұлттық азаттыққа күресі туралы, қазіргі уақытта тәуелсіздікті таныту туралы ойлар көп қозғалған болатын деп ойлаймын. Алайда, бұл газеттердің барлығын біріктіретін ол - тәуелсіздік толғауы, Қазақстан елі, Қазақстанның болашағы мен саясаты деп ойлаймын.
Тоқанова Аяужан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі