Өлең, жыр, ақындар

Мәдени мұраның қоғамдағы рөлі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Өндірістік тәжірибе жетекшісі: Есболова М.А.
Набиева Назира Ержанқызы
3 курс, мамандығы: Мәдениеттану, e-mail: nazira.nabiyeva@bk.ru

Өркeниеттің, тaрихтың, бір халықтың, жалпы алғанда адамзаттың дамуында мәдениeттің аса үлкен үлесі бар, яғни aталғандардың қалыптасуында және осы уақытқа дейін жетіп, мәдени мұра болуындағы өз орны бар деп ойлaймын. Ойлaп қарасақ, сол мұраның сaқталып, ұрпақтан-ұрпаққа таралуында да бір айқын және терең шежіре жатыр емес пе? Себебі, мәдени мұpa – ол ең алдымен тарих, және оған деген қастерлі көзқарас. Кез келген халықтың өз ата-баба өміріне, тарихи бастауына деген махаббат алдымен рухани мәдениeткe деген құрмет сезімнен басталып, өзгелерге сіңгеннен соң ғана, қоғам керегіне айналады ғой. Өткен өмірге қадірмен қарап, әрбір рухани азықтың құнын білу – қандай танымдық үрдіс десеңізші...

Мәселен, осы орайда біз үшін мәдени мұра болып саналатын қазақ халқының мәдени ескерткіштеріне шолу ұйымдастырғым келеді.

Мен үшін қазағымның мәдени мұрасы – біздің тарих беттерінде алтынмен жазылған мақтаныш оқиғаларымыз; ата-бабамыздың соғыстағы жауынгерлік рухы; аналарымыздың өмір сүру стилі және қолданған бұйымдары; рухани тәлім-тәрбиесі; ертегі-жырлары, айта берсең, таусылмас. Бірақ, өкініштісі, біз үшін тарих көп нәрсені сақтай алмады. Уақыт өте келе көптеген қалалар, мәдениет ошақтары, мұралар жоғалып кетті. Дегенмен де ғалымдар мен тарихшылардың арқасында ежелгі мәдениеттің сирек табылатын артефактілері жарыққа шығып, пайда болды. Кітап беттеріне де басылып, ұрпаққа шежіре болып, тәрбие белгісіне айналып отыр. Себебі, біз оны оқымасақ, ол біліммен нұрланбасақ, рухани мүгедек болып қалар ма едік? Өз тарихын білмеген және оған құрмет тұтпаған азамат ертең қандай келешекке ұмтыла алады? Сондықтан да, ең алдымен адам баласы өзі үшін, одан кейін өз болашағы мен халқының, қоғамының көркеюі үшін де ерен іс жасауы қажет, Ол нәрсені неден бастаймыз: оқуға деген ұмытылыстан. Ол нәрсе үшін бізге көмектесетін дүние де көпшілік қой, сол кезеңнің, сол ұлттың болмысын көрсететін ерекше бұйымдар, заттай деректер яғни феномендерді зерттеуден бастауға болады. Түрлі-түрлі байырға шаһар қонысы, қазбала жұмысы, әр күнгі тұрмысқа керек болған ыдыстардың, әшекейлердің, матала-орамалдардың, теңгелердің бастау нүктесіне оралуға болады. Себебі олардың, яғни аталған мәдени мұралардың қоғамда алар орны үлкен. Олар тек тарих бірліктері ғана емес, сол ғасырлардың мәдениет жетістігі саналып қана қоймай, саясат, байланыс, сауда құралы қызметін атқарғандығын да дәлелдейді емес пе? Бұдан бөлек, тек қолдан шыққан мәдени мұраға емес, рухани мәдениет жемісіне де назар салған дұрыс.

Мәселен, мен үшін оның бірден-бір мысалы – кітаптар мен туындылар, ұлы шығармалар, ғажап суретшілердің картиналары. Себебін айтар болсам, сол дәуірдің сурет салу жанрлары мен стильдерін, түстерін, оларды қайда және қалай пайдалану керектігін ажырата алуды үйренгім келер еді. Қабырғаларға, тастарға салынған терең ойлы суреттерге қарап, тек қана бояуларды ғана емес, автордың дәл өзі секілді байыппен ойланып, оны сезінуге тырысудың өзі қандай үлкен ықыласты арттырады, шабыт береді. Біздің қазақ халқы болса, сурет өнерінің шебері еді ғой.

Иә, осыдан-ақ, барлық өзге өнер әлемінен (мәселен, музыка, сәулет) бір тек сурет өнеріне көп көңіл бөлетінім байқалатын шығар. Себебі, ол үлкен бір мұра ізі. Ал бұл ізбен жүріп, бабалар салған жолға түскен адам, яғни өнер әлеміне бір енген адам бұл атмосферадан еш шыққысы келмейтін сияқты. Өнер адамды емдеуші іспеттес қой. Тіпті, антика дәуіріндегі Грекияны алып қарасақ та, халық ол кезде «катарсис» процессін ойлап тапқан, яғни, жан мен рухтың өнер мен сезім арқылы тазаруы. Мұның өзі бір халықтың, мейлі ол қазақ халқы болсын, өзге ұлт болсын, өнердің құнын үлкен дәрежеде анықтап, мәдениет бөлшегі етіп. Ұрпақтарына аманат етіп, мұра есебінде қалдыруын дәлелдейді.

Сондықтан да біздің мақсатымыз – қоғамдағы мәдени мұра рөлін нығайту болып табылады деп ойлаймын. Адамдарға осы ұғымды ерекше көркем түрде жеткізуіміз абзал. Ол үшін, әрине өз ісіміздің шебері болып, мәдениет әлеміне тамырымызды терең жіберуіміз керек. Оның ішінде өзімді де алып-қосар болсам, өз ісімнің сарапшысы болу үшін және халық игілігі мен оның мүддесі үшін жұмыс істеп, Қазақстанды дамыту үшін аянбай еңбек еткім келеді. Ол – біздің қолымызда ғой? Себебі елінің қалаулы азаматы болып, оның гүлденуіне үлес таныту баршаның арманы емес пе еді? Ал мәдениет әлемі жас талғамайды: бүкіл талапты, өнер сүйер және мәдениетті құрметтейтін жастар қашан болса да ел жүрегінен орын тауып, ыстық ықыласқа бөленеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз