Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамы тудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген жауапты міндетті - 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық жоо - ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты. Қа зақстандық университет OS жаһандық рейтингісінде 165 орынға көтеріліп, феноменальді серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігінде өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.
Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл - Фараби кезінде: « Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым », - деп жазған болатын. Осыған орай ҚазҰУ сапалы білім алуға және өз саласында кәсіпқой болуға мүмкіндік береді. Осы жерде өзім білім алып жатқан философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасына тоқталғым келіп отыр. Алғаш негізі қаланғаннан қазіргі күнге дейін кафедра да қаншама түлек білім алып, елімізді көркейтуге атсалысып жүр Кафедра жылдан - жылға толығып, дамып келеді. Профессор Н. Бай тенованың басшылыққа келуімен кафедра тарихының жаңа кезеңі басталды. Оның жетекшілігімен ғылыми - зерттеу жұмыстары белсенді жүргізіле бастады. " Ғылыми зерттеудің басым бағыты заманауи діни жағдайдың өзекті мәселелерімен байланысты. Соңғы 5 жылда ҚР ҰҒА академигі Гарифолла Есім және профессор Н. Байтенованың жетекшілігімен қЗатов, Ш. Рысбекова, К. Борбасова, Б. Бейсенов, Б. Мейірбаев, Сбкаовтар тарапынан Білім және ғылым министрлігінің бірнеше гранттары ұтып алынды. Дінтанудың маңызды мәселелері « Қысқаша діндер тарихы », « Дінтану негіздері », « Қазіргі Қазақстан дағы жаңа діни ұйымдар », « Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар мен культтер » атты кітаптар басылып шықты. Кафедра дінтану мамандығы бойынша республикалық оқу әдістемелік орталықтың секциясы саналады. Кафедра оқытушылары еліміздің басқа да оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, ма мандықты жетілдіруге қолдау көрсетіп келеді. Дінтану және мәде ниеттану кафедрасы мамандар даярлау бойынша жетекші кафедра болып есептеледі. Бүгінгі талапкер - еліміздің дамуына өз үлесін қосар ертеңгі ел азаматы. Осындай білім ордасында оқу әрбір түлектің арманы десек болады. ҚазҰУ әрбір студентке сапалы білім, естен кетпес студенттік омір, керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Мен осы білім ордасында оқып жатқаныма өте қуаныштымын және талапкерлерге, болашақ түлектер ге де дұрыс таңдау жасауға кеңес беремін.
әл-Фараби ат. ҚазҰУ студенті Бекболат А., аға оқытушы Қаңтарбаева Ж.У.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі