Мен Жақанбай Дархан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің,Философия және Саясаттану факультетінде Дінтану мамандығында 3 курс студенті болып оқимын. Мен бұл оқу орнына 2018 жылы түстім. Мен осы Дінтану мамандығын таңдаған себебім Дінтану елімізде жаңа ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.
Дінтану мамандығында көптеген ұлттардың діндерін,олардың сенімдерін,табынатын Құдайларын зерттеп,білдім. Жәнеде бұл Дінтану мамандығында өзімді жаңа қырлардан аша бастадым. Мысалға:көптеген шараларға қатысып,білімімді арттырдым. Сонымен қатар бұл мамандықта елімізде болып жатқан діни ахуал болсын,көптеген хабарларды біліп,естіп соларды талқылап,алдын алу шараларын ойластырамыз.
Енді дінтанушылар қай жерде жұмыс істей алады деген сұрақтың жауабына келер болсақ:
- Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;
- ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;
- Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни - философиялық мәселелері бойынша ғылыми - зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;
- Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т. б. ) қатыса алады;
- «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;
Бұл мамандықтың арқасында жаңа білім жүйелерімен танысып,келешекте болашаққа нық қадаммен басамын деген ойдамын. . Себебі бұл Дінтану мамандығы ешқашан өшпейтін мамандықтардың бірі. Бұл өте өзекті,әрі қажет етілетін мамандықтардың бірі. Мен бұл мамандықты таңдап,осы мамандық бойынша оқығаныма еш өкінбеймін.
Қазір әлемдік деңгейде дін шиеленіске жағдайда екені мәлім. Сондықтан, мемлекетке дінтанушы мамандардың жанжалға қарсы тұрақтылығын қалыптастыруға, сонымен бірге жастар ортасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу принциптеріне, этносаралық және конфессияаралық бейбіт пен келісімге құштарлыққа, диалог жасауға дайын болуына негізделген этномәдени өзара құрметтеудің дүниетанымын және рухани - адамгершілік атмосфераның қалыптасуына ықпал етеді деп қарастырылған.
Мектеп бітіруші түлектерге де осы мамандықты таңдап түсулеріне шақырамын. ҚазҰУ студенті атану - бұл мақтаныш және жауапты іс.
Дінтану мамандығының 3-курс студенті Жақанбай Дархан Жетекші: PhD, аға оқытушы: Мұқан.Н
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі