«Дін – бәрі үшін Ең Бастының жазмышы арқылы алдын ала айкындалған көзқарас пен іс-қимыл Діннің арқасында бәрі өз бойларында үяланған мақсатқа жетеді…» …Ол сөйтіп, Құдай адам бойына белгілі бір мақсатты ұялатты және өзінің барлық іс-әрекетінін барысында ол оның парасат пен парасатты шығармашылық екенін дәлелдеді деп тұжырымдады. Адам адами мәнді ғылым, философия, поэзия, музыка арқылы іске асырды. Адам мақсатын әл-Фараби Жаратушыдан берілген шығармашылық әрекеттен көрді».Шынтуайтына жүгіентін болсақ ойшыл ұғымын кәміл меңгеру үшін Теология өнерін /Синаат уль-калам/ тану бағытына иек артқан дұрыс, сонда барып діни танымымыз кемелдене түседі. Діни ұғымды тереңдету үшін юриспруденцияның да /фикх/ да рөлі өте зор. Фикхтың бұлтартпайтын көңілге сиярлық дәлелдеріне түсіндірме жасау факихке /заңгер/ жүктеледі.
«Әл-Фараби дін философиядан кейін, ал қалам мен мұсылман құқы діннен кейін пайда болады деп санайды. Философия мен діннің кайсысының екінші пайда болғаны әл-Фараби үшін маңызды болып көрінеді. Кейде дін мен фәлсафаның бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстары бар. Ол жөнінде Әбу Наср діни шарттылықтар философтардың көмегімен зерделенетін ұтымды тұжырымдамалар легі екенін нақтылайды. Дегенмен мутакаллимдер мен мутазилиттер тұжырымдамаларын да қарастырып қойғанымыз дұрыс.
Әл-Фарабидің философиялық жүйесінің негізінде үш басты өзек айқын байқалады: 1/ Дүниенің мәңгілігін мойындау; 2/ Кез-келген құбылысты зерттеуде детерминизм /табиғатта және қоғамда кездесетін оқиға, құбылыстарды, оның ішінде адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстылығының себептерін, себептестігінің заңдылығын зерттейтін ілім/ негізіне тұруы; 3/ Жеке адам рухының өлмейтіндігін жоққа шығару туралы қорытынды жасаудың айқын үрдісімен ұштасатын ақыл-ой жөніндегі ілім.
Бұл – діннің абыройын түсіретін негіздемелер. Алайда, егер біз осы аталған үш пікірмен шектеліп қалатын болсақ, онда бұл ойшылдың ұтымды ойлары бар, бірақ олар қиыспайтын діи-теологиялық қабыққа оранған деп түсінген болар едік. Мәселеге бұл қырынан келу аса дұрыс болмас еді, нақтырақ айтқанда, нақты тарихи тұрпат, көзқарастар жүйесінің тұтастығы жоғалады.
Мейрамбаев Мирас,ҚазҰУ-нің,дінтану мамандығының 3 курс студенті Куратор эдвайзер, Phd аға оқутышы Мұқан Н
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі