Төрт актылы, тоғыз картиналы тарихи трагедия
ҚАТЫНАСУШЫЛАР
Ш о қ а н (Қанаш) Уәлиханов — офицер, 23—27 жаста.
Ш ы ң ғ ы с — Шоқанның әкесі, полковник, Көкшетау дуанының сұлтан-правителі, 55 жаста.
3 е й н е п — Шоқанның шешесі, 50 жаста.
Ж а қ ы п — Інісі, 20 — 24 жаста.
Р а қ и я — Шоқанның қарындасы, 20 жаста.
А й ж а н •— Зейнептің күтушісі, 20 — 25 жаста.
Ж а й н а қ — Шоқанның қызметкері, ауыл жігіті, 30 жаста.
Сұлтанғазы Аблайханов — Шоқанның немере ағасы, облыстық басқарманың тілмашы, 30 жаста.
Мұса Шорманов-—- Шоқанның нағашысы, подполковник, Баянауыл дуанының сұлтан-правителі, 45 жаста.
Малтабар — Саудагер, 60 жаста.
Ерден Сандыбаев — Шоқанның қарсы адамы, далалық феодал, 55 жаста.
Дуров Сергей Федорович — Айдауда жүрген петращевец, 35 жаста.
Потанин Григорий Николаевич — Шоқанның досы, мектептесі, құрдасы, есаул.
Гасфорт Густав Христианович — Генерал-лейтенант. Батыс-Сібірдің генерал-губернаторы, 60 жаста.
Елизавета Николаевна (Лиза) — Оның әйелі,. 50 жаста.
Катерина (Екатерина) — Гасфорттың жиені, Петербургте институт бітірген қыз, 20 — 25 жаста.
Алмазов Андерей Ленонтьевич — Гасфорттың адъютанты, капитан, 30 жаста.
Фридерикс Пауль Адольфович — Генерал-майор, Батыс-Сібірдің соғыс губернаторы сібірлік қазақ облыстарының басқарма председателі, 55 жаста.
Чернышев Иван Александрович — Князь, патша сарайының қасындағы Сібірлік комитеттің председателі, 65 .жаста.
II Александр (патша) Б л у д о в — Граф, флигель адъютант.
Семенов (Тянь-Шанский) Петр Петрович — Саяхатшы, география қоғамының' оқымысты секретары, 40 жаста.
Чернышевский Николай Гаврилович
Панаева Авдотья Яковлевна — 40 жаста.
Сұлтандар, билер. қарапайым қазақтар, пристав, гор-фурьер, урядниктер. Уақиға XIX ғасырдың 50-жылдарының аяғы мен 60-жылдарының басында болады.
БІРІНШІ АКТ
БІРІНШІ КАРТИНА
Жаз, Гасфорт үйінің кең, салтанатты қонақ бөлмесі, терезеден Ертіс, оның жағасындағы қалың тоғай көрінеді. Шымылдық ашылғанда, үй киімінде кофе ішіп отырған, Гасфорт түрегеледі де, терезеге барып, жазғы даланың көркемдігіне әсерленген қалпын көрсетеді. Содан кейін қоңырау қағады. Алмазов кіреді.
Гасфорт. Катюшаның даусы неге естілмейді? Ұйықтап жатқан жоқ па?
Алмазов. Жоқ, Ваше превосходительство. Уәлиханов екеуі салт атпен тоғай жаққа серуенге кетті...
Гасфорт. Осындай ерте уақытта ма?
Алмазов (сағатына қарап). Он бірінші сағат, Вашепревосходительство. Олар тоғызда аттанды.
Гасфорт (ерсілі-қарсылы жүріп). Әй, жастар, жастар!.. Тан, атпай серуенге кетеді. Кетпегенде ше? Жайнаған жаз... Шешек атқан дала... жасыл тоғай... сылдырап аққан кен, Ертіс!.. (Алмазовқа). Қарашы, Андрей Леонтьевич, далада не деген көркемдік!..
Алмазов (күлімсіреп). Иә, өте көркем, Ваше превосходительство.
Гасфорт. Елизавета Николаевна тұрды ма?
Алмазов. Тұрып жүрген, Ваше превосходительство. Туалеттерін жасап жатқан болу керек.
Гасфорт. Мұнда келіп кетсін деңіз оған. (Алмазов кетеді.) Уәлихановтың Катюшаға дәмесі күшейген сияқты. Бірақ мұсылман ғой ол, реті келер ме екен... (Жабырқаңқы кескінмен Елизавета Николаевна кіреді. Гасфорт оны қарсы алып қолын сүйіп.) Бонжур, м-мами1! Өңін, неге сынық?! Кешегі өткен балдан басын, ауырған жоқ па?
Елизавета (кейіп). Балдан емес, өсектен.
Г а с ф о р т. Қандай өсек?
Елизавета. Достым-ау, Гутковскийлер Өскеменге кетерде, мен саған айтпадым ба, «біреудің бойжеткен қызын алып қалмайық, Омбының есегіне ілігеміз» деп? Ол сезді тыңдамадың. Енді естіп кер, өсекші Омбының не деп жүргенін!..
Гасфорт (мән бермегендей). Не дейді Омбы? Азар болса Уәлихановқа таңатын шығар. Онда не өрескелдік бар?.. Ханның тұқымы... Орыс армиясының офицері... атақты саяхатшы!..
Елизавета. Мәселе онда емес.
Гасфорт. Енді неде?
Елизавета. Кешегі балда мен, әлдеқалай мадам Штиль мен баронесса Блаудың арасына түсе қалдым. Сонда, мадам Штиль сайқалсыған кескінмен «Уәлиханов сіздің Катяның басын айналдырғаннан кейін өз күңіне үйленетіні рас па?» дегені!..
Гасфорт. Ертегі ғой, ол!.. (Алмазов кіреді.)
Алмазов. Ваше превосходительство, Көкшетау округінің сұлтан-правителі, полковник Шыңғыс Уәлиевич Уәлиханов кіруге ұлықсат сұрайды.
Гасфорт. Мен оны осы сағатқа шақырған едім (әйеліне). Лизочка, тыныс бөлмесіне бара тұр, сен. Мен де кешікпей барам. Ол жайда сөйлесеміз. (Елизавета салбыраңқы бейнемен ішкі бөлмеге кетеді.) Кірісін, сұлтан-правитель!.. (Алмазов кетеді.) Уәлиханов патша қызметіне адал адам. Ал, оның баласы менменсіген мінездер шығара бастап жүр. Онысы маған ұнамайды. (Зілденіп.) Ол туралы естіген өсектерім расқа шықпас, егер шыға қалған күнде, Макардың малын бағуға жіберемін, мен оны!
Полковник киіміндегі Шыңғыс кіреді.
Ш ы н, ғ ы с (құлдық ұрған бейнемен). Сәлем, Густав Христианович!..
Гасфорт (қарсы алып қолын ұсынып). Сәлем, Шыңғыс, Уәлиевич! (Орын нұсқап.) Отыруыңызды өтінем. (Екеуі отырады.) Сіздің семьяның ісі өрге басуына, мен ете қуанам, Шыңғыс Уәлиевич. Батыс Сібірді князь Гарчаков билеп тұрған кезде, сіз хорунжий чинінде ғана едіңіз. Мен келе сотник дәрежесіне көтерілдіңіз. Одан подполковник:.. Енді полковник!..
Ш ы ң ғ ы с. Бәрі сіздің арқаңызда, Густав Христианович!..
Гасфорт (мақтанған бейнемен). Соңғы бес жылда Петербургке екі рет бардыңыз: бірінде, жаны жаннаттағы Ұлы императорымыз Николай Павловичтің аруағына құрмет көрсету үшін, екіншіде, қазіргі патшамыз Александр Николаевичтің таққа отырған тойын құттықтау үшін. Екі жолда да өте жоғары қоғаммен араласып, Россияның ен, биік дәрежелі адамдарымен таныстыңыз. Рас па, осы?
Ш ы ң ғ ы с (құлдық ұра түрегеп). Ешбір хатасы жоқ, Густав Христианович!.. Мен ғана ма сіздің ондай дәрежеге көтерген адамдарыңыз? Сіздің арқаңызда, барлық дуанның сұлтан-правительдері де шекпен киіп чин тақты. Олар сізге және патша-ағзамға барлық ықласымен адал қызмет атқарады!..
Гасфорт (жымиып). Сіз ше?
Ш ы ң ғ ы с (ыңғайсызданып). О не дегеніңіз, Густав Христианович? Мен емес пе сол қазақтардың бәрін бастап әрдайым ақ патшаға адал қызмет атқаруға үлгі боп жүрген?
Гасфорт. Қалжыңдаймын, Шыңғыс Уәлиевич. Сіздің қара басыңызды мен әр уақыт жоғары бағалаймын. Әлі де жақсылық жасай бергім келеді. Бірақ, көңіліңізге алмаңыз, сіз генералдық дәрежеге көтеріле алмайсыз, оған ақылыңыз жеткенмен, біліміңіз жетпейді. Ал, сіздің балаңыз, ең жоғарғы чиндерге көтеріле алады.
Ш ы ң ғ ы с. Өзімнің де үмітім сонда ғана боп жүр ғой, Густав Христианович.
Гасфорт. Білесіз бе, сіз, менің оны қандай дәрежеге көтергелі жүргенімді?
Ш ы ң ғ ы с (сабырсызданып). Естуге құмармын, Густав Христианович.
Гасфорт. Егер Шоқан Петербургке барып, патша қабылдаса, ол сөз жоқ ұнайды. Одан кейін генералдық чингe көтерілуі оп-оңай. Ал, одан кейін, мен Шоқанды патшадан Сібірлік қазақтардың басқарма председателі ғып сұрап алам. (Масаттанып.) Осыдан артық не тілейсіз, менен?
Ш ы ң ғ ы с. Құдай оған жеткізіп, ертеңіне алса да ризамын, Густав Христианович!..
Гасфорт. Бірақ оған да саты керек, Шыңғыс Уәлиевич. Патшаның ен, жақын адамының бірі,— Омбыға келіп жатқан князь Чернышев. Сізбен, әсіресе Шоқанмен князьді жақынырақ таныстырғым келеді. Ауыр шығынына төзіп бүгін оны қонаққа сардабалап шақырған себебім де сол, мақсатым,— Шоқанның болашағына жол ашу.
Шыңғыс (қуанған кескінмен). Өзім де соны біліп, (қалтасына қолын салып) қонақтың салмағын сізге түсірмейін деп, (ақ орамалға буған ақша шығарып) мына бір мың сомдық ассигнацияны ала келіп ем... (Ұсынады.)
Гасфорт (ақшаға қызыға қарап, бірақ, ала қоймай). Қажеті болар ма екен оның?
Шыңғыс (жалбарынып). Алмасаңыз жәбірленем, Густав Христианович. Ол менің балаға әке болмағанымды, сізді сыйламағанымды көрсетер еді, алуыңызды өтінем!..
Гасфорт. Сізге ауырлыққа түспей ме бұл?
Ш ы ң ғ ы с. Түк те ауырлығы жоқ, Густав Христианович. Сізден жасыратын сырым жоқ қой менің. Ақшаның сарқылмас бір бұлағын таптым. Қанша ішсем де жетеді. (Ақшаны береді.)
Гасфорт. Сіз үшін ғана! (Алып қойнына тығады.) Тек, бір ғана нәрседен сақтандырам, Шыңғыс Уәлиевич!
Шыңғыс (елеңдеп). Неден?
Гасфорт. Патшаға қарсы болғандықтан Омбыға айдалып келген адамдар бар, Шоқан солардың кейбіреуімен араласады деп естимін... (Шыңғыс үрейлене бастайды.) Егер сөз рас болса, ол езін де, сізді де апатқа ұшыратады... Байқаңыз осыны!..
Ш ы ң ғ ы с. Онда мен мойнын бұраймын...
Көңілді кескінмен жүгіре басып Катерина кіреді, үстінде салт атқа
мінетін костюм, қолында қамшы.
Гасфорт Катя, Катюшенька! (Құшақ жая қарсы алады, Катерина, Шыңғысқа құрмет белгісін көрсетеді де, Гасфортты құшақтайды. Шоқан қайда?
Катерина. Осында, қабылдау бөлмесінде қалды...
Гасфорт. Неге кірмеді мұнда?
Катерина. (Қалжыңды кескінмен). Генерал-губернатор емессіз бе, сіз? Капитан чиніндегі Шоқан, ұлықсатсыз қалай кіре алады?
Гасфорт (күліп). Қартты әжуалайсың-ау, тентегім! (Шыңғысқа.) Осы кезде шақырған едім оны. (Катяға.) Бар, шақыр!.. (Катерина шығып кетеді). Жанымдай жақсы көрем, Шыңғыс Уәлиевич, бұл қызды! Тәңірі маған бала бермеді. Өз баламнан артық сүйем...
Ш ы ң ғ ы с. Енді қалай!.. Жалғыз жиеніңіз көрінеді. Сүйкімді де бала өзі!.. (Кескінін салмақтандырып.) Мен кетейін, Густав Христианович.
Гасфорт. Неге?
Ш ы ң ғ ы с. Баламмен сіз оңаша сөйлесіңіз. Маған айтқан сөзіңізді анықтаңыз. Егер рас болса, жер-жебіріне жетіп ұрсыңыз да, райынан қайтарыңыз! Кешікпей жолығам сізге. Қош болыңыз... (Кетеді.)
Гасфорт (жүре сөйлеп). Бұл өлкені менің басқаруыма он шақты жыл болды. Сол жылдардың ішінде, даланың әкімдері құлдық ұрып бағынудан басқаны білмейтін еді... Енді надан даланың жиегінен Шоқан Уәлиханов атты герой көріне бастады. ( Кекесінді күлкімен) Ол өзінің қараңғы қазақтарын оқытпақ!.. (Сызданып.) Бұған дейін оның бұл ойы, көлденен, кісілердің шағыстыруы сияқтанатын еді, енді оның ішіне үңілу қажет боп тұр... Егер есек расқа айналып, Уәлихановтың демократизмге бет бұрғаны анықталса, оған деген қамқорлығым бітеді. Содан кейін салмағымды салып көрейін, қалай көтере алар екен!.. (Ішкі бөлмеге кетеді. Капитанның жазғы киіміндегі Шоқанды қолынан жетектей Катерина кіреді.)
Катерина (күліп). Жүр, Шоқан, жүр!.. Сені ешкім де жемейді...
Ш о қ а н. Жоқ, қой, его высоко превосходительство!..
Катерина. Сіздің әкеңізді шығарып салуға кеткен болар. (Пысынаған бейнемен желпініп.) Табиғаты тамаша Сібірдің қаласына келсең-ақ, тынысын, тарылып жүре береді, Шоқан. Орман арасы қандай рахат еді, мұнда қандай қапырық!..
Ш о қ а н. Рас, Катя, Омбы Петербург емес. Мұның көшелері де шаң, үйлері де деревняға ұқсайды, театрлары жоқ. Бірақ, әркімге туған-өскен жері қымбат. Мысалы, маған Омбы — дүние жүзіндегі ен, сәнді қала сияқтанады.
Катерина. Көңіліңізге ауыр - алмаңыз, Шоқан, бұдан тәуір қаланы көрмеген соң айтасыз оны. Егер сәті түсіп Петербургке бара қалсаңыз, сіз мұнда қайтып келмес те едіңіз.
Шоқан. Келер едім, қымбатты Катя, тоқтаусыз келер едім.
Катерина. Егер Петербургте үйленсеңіз ше?
Ш о қ а н. Сонда да келер едім.
Катерина. Егер қалыңдығыңыз ұлықсат етпесе ше?
Ш о қ а н. Ұлықсатына қарамаған болар едім...
Катерина (таңданып). Қалай?!. Егер сіз қалыңдығыңызды шын сүйетін болсаңыз, оның пікірімен есептесерсіз!..
Шоқан. Ол менің пікіріммен де есептесуі тиісті ғой...
Катерина. Мәселен, қандай пікіріңізбен?
Шоқан. Әркімге туған халқы қымбат. Туған халқымды мен де сүйем. Ол мәдениет сатысында темен қалған ел. Әр халықты жоғарғы сатыға көтеру,— көзі ашық ұлдары мен қыздарының міндеті. Менің халқымда ондай ұлдар мен қыздар жоқтың қасы. Ендеше мен, халқымның арасында тұрып, оны өнер-білімге бастауға міндеттімін.
Катерина. Ауылда тұрып па?
Шоқан. Мүмкін, ауылда!.. (Күліп.) Мысалы мен сізге үйленсем, ауылда тұруға риза болар ма едіңіз?
Катерина. Ешуақытта да!
Ш о қ а н. Неге?
Катерина. Ол үшін мәдениеттен безіп, тағылық қалыпқа көшу керек болар еді.
Ш о қ а н (күле түсіп). Кердіңіз бе, Катя? Ал, мен, барлық жағдайда өзіммен бірге тұратын әйелге ғана үйленем...
Катерина (көңілсіздене қап). Ах, солай ма? (Аз кідіріп). Мен үшін бұл естімеген жаңалық!.. (Кетуге ыңғайланып.) Сіз мұнда боласыз ғой?
Шоқан. Генерал-губернаторды күтуге міндеттімін.
Катерина (тәжім ғып). Онда, көріскенше қош болыңыз!
Шоқан (есікке дейін жөнелтіп). Кешке бәйгені көруге барамыз ба?
Катерина. Егер уақыт болса... (Кетеді.)
Шоқан (ойланған кескінмен). «Егер уақыт болса!..» Бұған дейін артығымен табылатын уақыт, енді жетпейтін болғаны да! (Аз кідіріп). Омбыға мен алғаш келгенде, Катя бұйра шашты, бетінен қаны тамған, жеті-сегіз жасар қыз еді, енді міне, Петербургтегі ақ сүйектердің қыздары оқитын институтта курсистка!.. Онымен біз бала жастан бірге естік және тату өстік. Соңғы кезде бірнеше жыл көріспеу, біздің ыстық достығымызды суытқан жоқ. Мен оны сүйем. Бірақ ғашығым көріп емес, қарындасым көріп. Ал, ол мені ғашығы көретін сияқты... Сондай көңіліне қаяу салмайын деп, мен оған кімге ғашық екенімді айтпай бүгіп келдім. Бұл сырымның шетін бүгін көрсетіп алдым. Енді түгел ашпайтын несі қалды? (Форма киінген Гасфорт шығады. Шоқан честь беріп.) Бұйрығыңызбен келіп тұрғанымды мәлімдеуге ұлықсат етіңіз, Ваше превосходительство.
Г а с ф о р т (қол беріп). Кескініңізде шаршағандықтың белгісі бар ғой, Шоқан?
Ш о қ а н. Ұзақ жүрдік, ваше превосходительство. Күн тишулау болды...
Гасфорт. Денсаулықты күту керек, ол сізде мықты емес. (Орын нұсқап.) Отыруыңызды өтінем. (Екеуі де отырады.) Далалық сұлтан-правительдермен мәслихаттарыңыздың жәйі қалай болып жатыр?
Ш о қ а н. Біз олармен барлық сөздерімізді айтып бітірдің Густав Христианович, енді айтар сөзіміз қалған жоқ.
Гасфорт (таңданғандай). Қалайша?
Ш о қ а н. Сіз оқыған адамсыз, Густав Христианович. Прогрестің жауы надандық екенін жақсы білесіз. «Сібірлік қазақ» аталатын алты округтің сұлтандарында менің әкем Шыңғыс пен нағашым Мұса Шормановтан басқалары орысша хат білмейтіні өзіңізге мәлім. Кейбіреулері мұсылманша да білмейді. (Кекеткен кескінмен.) Қол қоюдың орнына олар былайша бармақтарын басады...
Гасфорт. Сонда да халықты билеп, патшаға адал қызмет атқарып жүрген жоқ па олар?
Ш о қ а н. Бірақ, қандай қызмет? Мәселе осында. Олардың мұрнына заң-законның иісі де бармайды.
Гасфорт. Орыс заңын білмеуі мүмкін. Оның орнына, әдет-ғұрып заңдары бар емес пе қазақта?
Шоқан. Дүние жүзінде ен, артта қалған заң...
Гасфорт. Мұсылман заңы бар емес пе онда? Шариғат заңы?
Шоқан (демін ауыр алып). Біздің бақытсызыдығымызға қарай, ол заңның далаға жайылып келе жатқаны рас.
Гасфорт. Неге бақытсыздық болады?
Ш о қ а н. Бүкіл ислам дүниесін сандаған ғасыр қараңғылықта ұстап келе жатуын былай қойғанда, ислам ен, алдымен орыс мемлекетіне жау.
Гасфорт. Дәлеліңіз?
Ш о қ а н. Бір кезде, қырым татарлары, өздері мұсылман бола тұра, христиан дініндегі орыспен тату турды. Ол панисламизм идеясының белең алмаған кезі еді. Соңғы кезде, түріктердің панисламдық идеяны күшті тарату салдарынан, қырым татарлары Россияға әлденеше рет опасыздық көрсетті. Бұл бір дәлел болса, екінші дәлел— Кавказ. Шамиль бастаған ғажауат2 не? Ұлт бостандығының күресі ме?.. жоқ!.. Ол — Англия империализмнің жақын Шығыс арқылы, отаршылдық саясатын Кавказға жүргізу үшін тұтатқан өрті. Ислам да, Шамиль де Англия үкіметінің қолындағы қуыршақ. Сондағы мақсаты Персияны, Орта Азия хандықтарың менің туысым—Кенесары Қасымовты Россияға қарсы ұйытқыту... Қате дей аласыз ба осыны?
Гасфорт (кекесінді дауыспен). Програмдық сөз!.. Бұл тақырыпта, сізбен әлі кеңесеміз. Әзірге мақсатты сөзімізге оралайық. Сонымен, сұлтан-правительдермен сөзіңіз немен тынды?
Ш о қ а н. Сізге мен қазақ халқын надандықтан құтқаруда, ең басты құрал — орыс оқуы екенін талай айтпадым ба, Густав Христианович. Қазақтың Омбыға жиналған сұлтандары мен билеріне айтқаным да осы. Бірақ, бұл сөзді олар жүре тыңдайды...
Гасфорт. Неге?
Ш о қ а н. Момын еңбекші халықты қараңғылықта талап жеу оларға оңайырақ. Бұл қылықтарына ездері ұялмағанмен, олар үшін мен ұялам.
Гасфорт. Сіз неге ұяласыз?
Ш о қ а н. Менің надан халқым, сұлтандар мен билерді орыс өкіметінің екілі көреді де, олардың барлық қылығын орыстың ісі деп ұғады. Мен орыс тәрбиесінің жемісімін, сондықтан орыс халқы туралы айтылған жаман сөздерге жаным ауырады. Орыстың жаманы аз, жақсысы көп екенін айыруға менің халқымның сана-сезімі әлі жеткен жоқ.
Гасфорт (қытымырланып). Сізше, орыстың жақсысы кім, жаманы кім?
Ш о қ а н. Мені мұнша неге сынап кеттіңіз, Густав Христианович? Ломоносов, Державин, Кулибин, Суворов, Пушкин, Гоголь, Белинский, Грибоедов сияқты орыстың ұлы ұлдарын қайсымыз білмейміз?.
Гасфорт (сөзін бөліп). Мүмкін, бұл тізімге Разин мен Пугачевты да қосарсыз?..
Ш о қ а н. Халықтың ұлы адамдарының тізімін жасау, сіз бен менің қолымдағы іс емес, Густав Христианович, ол халықтың өзінің және тарихтың ғана ісі.
Г а с ф о р т (ызалы кескінмен түрегеп, жүріп кетіп). Ия, ия, түсінікті, түсінікті... (Алмазов кіреді.)
Алмазов. Батыс Сібірдің соғыс губернаторы Его превосходительство господин Фон-Фридерикстің келгенін мәлімдеуге ұлықсат етіңіз, Ваше превосходительство.
Гасфорт. Князь Чернышевтан келе жатқан болу керек. ( Шоқанға.) Сіздің басыңызға қызық ойлар оралып жүр, жас жігіт. Бұл жайда сөйлесеміз әлі. Әзірге мен генералды қабылдаймын. (Шоқан честь беріп шығып кетеді.) Жалғыз ба, қасында кісі бар ма?
Алмазов. Облыстық басқарманың тілмашы, он екінші кластың чиновнигі Сұлтанғазы Аблайханов бар...
Гасфорт. Фридерикс кірсін. Аблайханов күте тұрсын. (Алмазов кетеді.) Ай-ай, Шоқан!.. Сені демократизмге бетін бұлай бұрар деп ойлаған жоқ едім. Ай-ай-ай! (Фридерикс кіреді.)
Фридерикс (рапорт беріп). Мейірлі зор ұлы дәрежелі императорымыздың өз қарамағындағы кавалерияның генерал-майоры, Батыс—Сібірдің соғыс губернаторы, Сібірлік қазақ облыстары басқармасының председателі, әулие дәрежелі Владимирдің үшінші және төртінші дәрежелі ордендарының кавалері, император тажының бейнелерімен әшекейленген әулие Аннаның үшінші дәрежелі орденін алған, шет елдерден Грос Герцогство Гассеннің ұлы жанды кавалерінің дәрежесіне жеткен, шабуыл жасап Парижды алуға қатынасқандығы үшін күміс медаль берілген...
Гасфорт (күлімсіреп). Соншалық санамасаңыз да болады, генерал. Мен «Русский инвалидты» үздіксіз оқып тұрам, сіздің чиндеріңізден хабарым бар. (Қолын ұсынып.) Өз үйімде сізді көруге қуаныштымын. (Қолдасып.) Князь қалай, Пауль Адольфович?
Фридерикс. Өте көңілді. Қайықпен Ертісте біраз серуендеп қайттық.
Гасфорт. Омбының қабылдауына риза ма?
Фридерикс. Аса риза. Әсіресе, сізге. Мен сіздердің мұнша дос екендігіңізді білмейтін ем. Сізді өте жақсы көреді, Ваше превосходительство.
Гасфорт (масаттанғандай). Басқаша болуға тиісті емес. Ол екеуіміз, Петербургтегі Пажский корпуста бірге оқыдық. Одан кейін, ұлы дәрежелі императордың нөкерлік қызметін бірге атқардық. Қырық сегізінші жылы Венгрия компаниясына бірге қатынастық. Ол корпусты, мен дивизияны басқардым. Россия мен Австрияның біріккен күшіне шыдамай, Венгрияның бас қолбасшысы Кошут Түркияға қашып, оның міндетін жүктеген Сергей капитуляция жасағанда, парламентор боп баруды князь маған тапсырған еді. (Төс қалтасынан жуан қарындаштың тұқылын суырып.) Сол шартқа осымен қол қойған едім, ескерткіш есебінде әлі де сақтап жүрмін.
Ф р и д е р и к с. Ия, қымбат мүлік екен!
Гасфорт. Сұлтандар мен билер мәслихатта өздерін қалай ұстап жүр, Пауль Адольфович?
Фридерикс. Қазақ деген сізге таныс халық қой, Густав Христианович. Өз басына чин берсең, қажетті жерде әкесін де сатады. Сондықтан олардың мәслихатта ешбір мәселе көтеретін ойлары жоқ. (Аз кідіріп.) Бірақ, оларды желіктіретіндер де жоқ емес.
Гасфорт. Кім ол?
Фридерикс (жиналған кескінмен). Сізге бұл мәселені айтпауға да болар еді, Густав Христианович, мемлекеттік мәні бар іске айналып бара жатқандықтан, амалсыз айтамын.
Гасфорт (жобалағандай). Мемлекет ісі, әрине, жеке басымыздың ісінен әрдайым жоғары.
Фридерикс. Сіз гуманист адамсыз, Густав Христианович, сондықтан сіз, лас қырғыз-қайсақтарға да мейрімдісіз. Расымды айтайың мен оларды қызмет бабым байланысты болғандықтан ғана жуытам, әйтпесе, маңыма да келтірмес ем...
Гасфорт (жымиып). Сұлтан-правительдерді де ме?
Фридерикс. Тұрпайы сөз айтқанға кешірім өтінем, маған олардың бәрі де ит!
Гасфорт (күліп). О-һо, Пауль Адольфович, сіздің немістік қаныңыз қайнап кетті ғой. Мақсатты сөзге көшіңіз... Сіздің тиышсыздануыңызға себепкер кім?
Фридерикс. Өкінішін қоса айтқанда, сіздің тәрбиеңізде өскен Уәлиханов. Ол қазақтардың арасына желігетін сөз таратады.
Гасфорт. Мәселен, қандай?
Фридерикс. Мәселен, қазақтар арасында орыс школасын ашам деп талаптануы. Неменеге керек ол школа? Мал баққаны да жетпей ме надан қазаққа? Осы сөзді өзі айтуымен қоймай, Омбыға жиналған сұлтан-правительдерге айтқызу талабында жүр.
Г а с ф о р т. Сұлтандар не деген оған?
Фридерикс. Түгелімен қарсы болған. Айтқанымды істемедіңдер деп, Уәлихановтың оларға тілі тиген. Қазір ол, қара қазақтарды желіктіріп, сұлтандар мен билердің үстінен арыз бергізіп жүр.
Гасфорт. Қоюлатып тұрған жоқсыз ба?
Фридерикс. Анықталған сөз. Тексертіңіз!
Гасфорт ( салмақтанып). Ия, іс қиындаңқыраған екен!
Фридерикс. Уәлихановтың революциялық идеяға берілгендігі сондай, қара халыққа жақындаса түсу үшін, ол өзінің күңіне үйленбек.
Гасфорт ( ашуланғандай ). Өсек болар...
Фридерикс. Шоқан Уәлихановтың немере ағасы айтты. Өзі маған ере кеп, сіздің қабылдау бөлмеңіздің алдында тосып отыр, шақыруға ұлықсат етіңіз.
Гасфорт. Сенімді а дам ба?
Фридерикс. Күдігіңіз болмасын. Сыннан өткізген адамым.
Гасфорт. Өте қызық сөздер айттыңыз, Пауль Адольфович! (Алмазов кіреді.)
Алмазов. Кешіріңіз, ваше превосходительство. Елизавета Николаевна сіздің аз уақытқа кіріп шығуыңызды өтінеді.
Гасфорт. Жақсы. (Алмазов кетеді.) Кешіріңіз, Пауль Адольфович, үй ішінің жабдығы. Елизавета Николаевна сырқаттау еді...
Фридерикс. Барыңыз! (Гасфорт кетеді. Фридерикс бөлмеде аз жүріп, кекесінді дауыспен) «Үй ішінің жабдығы!..» Үйіңде жақын арада қандай жабдықтар болатынын, сен әлі болжамай да жүрген боларсың, досым!.. Уәлихановпен араңа бүліншіліктің алмасын тастасам, жеймін деп тістерін, сынар!.. Сен, мисыз либерал, мені алдамақ боласың... Менің орныма Уәлихановты қоймақ боласың!.. Жоқ. болмас оның!.. Айлаңды менен асыра алмассың сен... Уәлихановқа қоса, мен сенің де мойныңды үзе құлатармын! (Аз кідіріп, күліп.) Ха-ха-ха, құлатарсың мені.. құлатармын мен!., ха-ха-ха... (Гасфорт кіреді.)
Гасфорт. Міне мен де келдім. Жалғыз қап, ішіңіз пысты ма десем көңілдісіз ғой өзіңіз!..
Фридерикс. Енді қалай. Уәлихановтың, Қазақтар үшін, күшінен келмейтін істі ойлауына күлкім келді... Аблайхановты шақыртыңыз. Ол менің сөздерімді толықтырады.
Гасфорт қоңырау қағады. Алмазов кіреді.
Гасфорт. Аблайхановтың шақырыңыз. (Алмазов кетеді.) Мен мұны тексертем, Пауль Адольфович, егер расқа шықса, Уәлиханов оңады демеңіз. (Сұлтанғазы кіреді.)
С ұ л т а н ғ а з ы. Сәлем әлейком, ваше превосходительство. Алла жасыңызды мыңға жеткізсін.
Гасфорт. Сәлем, Аблайханов! Сіз Уәлихановқа туыс на едіңіз!..
Сұлтанғазы. Бір қатесі жоқ, ваше пресветлое превосходительство.
Фридерикс (Сұлтанғазыға). Немере ініңіздің күңіне үйленуі және революционерлермен байланысты екендігі туралы генерал-губернаторға адал көңілмен түгел және ашық айтып беріңіз!..
Сұлтанғазы. Мен дайынмын, ваше превосходительство... (Гасфортқа.) Сізге әр уақыт адалымды айтып, тапсырмаларыңызды бар ынтаммен орындауға алланың атымен ант етем, ваша высокая светлость.
Гасфорт. Қысқаша. Уәлиханов туралы не білесіз?
Сұлтанғазы. Мен... (Пакет ұстап Алмазов кіреді.)
Алмазов (пакетті ұсынып). Ұлы дәрежелі государь императордың өз кеңсесінен, ваше превосходительство.
Фридерикс (сабырсызданып). Оқыңыз!..
Гасфорт. Мазмұнын ғана айтыңыз!..
Алмазов. Қашқария сапарында Отанға сіңірген ен,- бегі үшін Уәлихановқа орден берілген, чині жоғарылаған, толық есебімен Петербургке шақырылған!.. (Сұлтанғазы бұл сөздерді үрейлене тыңдайды.)
Фридерикс (Гасфортқа). Бұның бәрі сіздің қамқорлығыңыздың жемісі, ваше превосходительство.
Гасфорт (көп мағыналы дауыспен). И-и-иә!.. Мезгілсіз уақытта!.. -
Ш ы м ы л д ы қ.
ЕКІНШІ КАРТИНА
Гасфорт үйінің тоғайлы Ертіске қараған кең верандасы. Шымылдық ашылардан бұрын, бергі беттің'оң жағынан қазақша сәнді киінген Жақып, сол жағынан қала
байларынша киінген Малтабар шығады. Оған ере
Сұлтанғазы көрінеді де, жасырынып тұрып қалады.
Жақып (ойнақы кескінмен). Сәлем, жездеке! (Қол береді).
Малтабар (қолын алып). Саламат бол, төре балдызым.
Ж а қ ы п. Құдайдан бұдан артық не тілейін деп ен,, жездеке!.. Хан үйіне күйеу боп, тайраңдап төріне шықтың. Енді, бүгін, генерал-губернатордың да төріне шығып, (қолын алысқа сілтеп.) түу-түу Петербордан, : патшаның өз қасынан келген князьбен табақтас болғалы отырсың. Осыған шүкіршілік етпеймісің?
Малтабар. Шүкіршілік еткенде не істейін? Сұраған ақшаңнан қолыңды қағып көрген жоқпын. Ретін тап, та, тағы да ал!..
Жақып (кескінін байсалдаңдырып). Мынау, Петербордан келген князь — патшаның оң көзі көрінеді. Ендеше, соны риза ғып жіберуіміз керек. Ол үшін, Ертістің жағасына қазақша үй тігіп, бие байлап дегендей, сән-салтанатпен шақырғымыз келеді. Омбыда жүрген қазақтың игі-жақсыларын да, Омбының барлық төрелерін де шақырамыз. (Серпе сөйлеп.) Көрсін бәлемдер, Уәлихан тұқымының бағы өрге қалай өрлегенін... Кейбіреулері бізді «біттіге» санап жүр ғой, олардың!.. Көрсін кімнің біткенін!.. (Малтабарға жағымпазданған кескінмен). Бұл абройдың сырты біздікі болғанмен, іші сенікі, Малтабарым, өйткені, ақша сенікі ғой!..
Малтабар (көңілсіздеу кескінмен). Көңіл табылса болғаны да, терем, ақша деген не ол?.. «Анау тойым, мынау тойым» дегеніңнің бәрін қосқанда, менен алатының,— бір шыққан базарымнан түсетін пайданың болмашы жарнасы ғана. Оған қылым да құрымайды менің...
Ж а қ ы п (Малтабардың көңілсіздігіне мән бергендей). Бұдан артық көңіліңді қалай табайын, жезде? Туысы сауыншының қызы демесең тәрбиесі шешемнің қолында болған, ай десе аузы, күн десе көзі жоқ бір сұлуды сен қаладың, мен бердім. Шоқанды Петерборға аттандырған күні арбаңа салып берем деген уәдем уәде. Енді не қыл дейсің, маған?..
Малтабар (сынай қараған көзбен). Сол тойдың ішінде Шоқанның өзі де болса қайтетін еді?
Жақып. Сонша әбігерленетін не күн туыпты бізге? Князді қонаққа шақырамыз деп, Шоқанды аттандырамыз деп, ісіміздің бәрі қарбалас боп жатқан жоқ па?.. Сен өйтіп асықпа, жезде! Құдайдың беріп тұрған шағында, қызды ұрлап алғандай, арбаңа баса жөнелме! Шоқанды аттандырып, көл-көсір той жасап, жер күңірентіп ал. Дос аз, дұшпан көп. Саған да, маған да абырой болсын. Саған бұндай той жасауға, қазір қолым тиетін емес.
Малтабар (көңілсіздеу). Шыдаймыз да, онда.
Ж а қ ы п. Шоқанның жүруін тездетейін, жезде. Ол үшін, князьді тезірек қонаққа шақырайын, уәделі ақшаңды әкелдің бе?
Малтабар (салмақтанып). Бір, вексельдерімді ретке келтіре алмай жүргенім. Кешікпей берермін...
Жақып (сабырсызданып). Ойбай-ау, асықсайшы, жезде-ау!.. Күн өтіп барады ғой. Бабымызға келуді князь тоса ма?.. Тездет! (Кетеді.)
Малтабар (Жақып шыға). Ақымақты тапқан ол. (Зілденіп.) Сұлтанғазының айтып жүргендері рас болмас. Егер рас болса, ақшаның салмағымен, Уәли тұқымы, ен, алдымен сені тұншықтырармын!
Сұлтанғазы (ойнақы кескінмен шыға кеп). Уау, Малтабар, бәрі Абылай тұқымы еді деп, мені де қоса тұншықтырып жүрме! (Қолдасады.)
Малтабар. Тілектесім боп жүрген жоқпысың? Сенде нем бар, тұншықтыратын.
Сұлтанғазы. Сөздің ашығын ұнатам мен. Мен Шоқан сияқты «ел» деп, «жұрт» деп пайғамбар болғалы жүрген кісі емеспін. Маған күн көру керек. Ол үшін жолыма бөгет болатындардан құтылуым керек. Менің бөгетім — Шоқан. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» депті. Шоқан екеуіміздің басымыз бір қазанға сыймайды. Ашығын айтқанда, үкіметтің алдында, не ол, не мен беделді болуым керек. Қазір оның беделі менен артық. Ол бұдан да биіктеймін деген үмітте жүр. Жоқ, биіктей алмайды ол. Шығамын деген сатыларын құлатамын оның.
Малтабар. Хан тұқымы, өз араңда не есебін, бары маған қажет емес. Өзіме байланысты сөздің ашығын айт, қалай, қыз туралы өсектің анығына жеттің бе?
Сұлтанғазы. Жеттім. Ол қыздан күдеріңді үзе бер, Шоқанның оны алатыны рас.
Малтабар. Бірақ, бұл ақылға сыймайтын сез ғой. Генерал-губернатордың жиенін алмай, күңін алады дегенге кім иланады? Ақымақ па, Шоқан өйтетін?
Сұлтанғазы. Бүгін кешке, генерал-губернатордың үйінде, қалыңдығыңмен Шоқанның құшақтасып тұрғанын көрсетсем иланамысың?
Малтабар. Әрине, иланам...
С ұ л т а н ғ а з ы. Әкел осыған, қолыңды!.. (Екеуі қол алысады.) Егер, расқа шықса, менің сөзімді сөйлейсің ғой?
Малтабар. О не дегенің? Намыс жоқ деп тұрсың ба менде?.. Егер, бұл сөзің расқа шықса. Уәлі тұқымының үнін өшіру, маған насыбай иіскеп түшкіргеннен оңай.
Сұлтанғазы. Сөзді байладық осыған!.. Кеттік...
Жөнеле береді, шам сөнеді. Шымылдық ашылады. Гасфорт үйінің гүлге бөленген, әр түсті шамдар жанған верандасы, оның ар жағында айлы-жұлдызды түн, ай сәулесіне жарқыраған тоғайлы Ертіс. Музыка. Азаматша, әскерше киінген әр жасты еркектер, дамалар, полонез биі, бір бұрышта билегендерге қарап хан әйелінше сәнді киінген Зейнеп, оның қасында, ауыл мен қала киімдерін араластыра киіп, билеушілерге құмарта, күле қараған Рақия, оның қасында ауылша қара-дүрсін киінген Айжан тұрады. Билеушілердің ішінде Сұлтанғазы жүр. Бір кезеңде Жақып пен Малтабар кіреді де, Зейнепке беттейді.
Рақия (Айжанды түртіп қап, Малтабарды нұсқап). Күйеу келеді, күйеу!.. (Айжан Малтабарға қарайды да, Рақияның сөзіне түсінбеген кескін көрсетеді.) «Күйеу» деп тұрмын ғой, саған!..
Зейнеп (Рақияға ұнатпаған кескінмен қарап). Қойсайшы, баланы ұялтпай!..
Айжан тағы да, түсінбеген кескін көрсетеді де, иығын көтеріп, жақындаған Малтабар мен Жақыпқа құрмет көрсеткендей теріс айналады. Жақып .Малтабарға Айжанды нұсқап, көзін қысып қояды. Малтабар Айжанға құмарта қарап қойып, Зейнепке қол береді.
Рақия (ойнақы кескінмен Малтабарға қолын созып). Менімен амандаспаймысың, жезде?
Малтабар (қолын алып). Сәлемді жасы кіші балдызымнан бұрынырақ күтіп тұрғаным да.
Р а қ и я. Солай-ақ болсын. Онда, егер тамыққа айдалар күн туса, алдымен жолың үлкен сені жіберермін.
Жақып (күліп). Әй, Рақия-ай, осылай кесіп түсетінің бар-ау!.. (Айтыспақ болған Малтабарды музыка бөліп кетеді. Алмазов кіреді).
Алмазов. Господа, князь келеді!..
Би тоқтай қалады. Музыка марш ойнайды. Жұрт жарылып жол береді. Елизаветаны қолтықтап князь, тағы бір даманы қолтықтап Гасфорт, әйелін қолтықтап Фридерикс, Катеринаны қолтықтап Шоқан кіреді. Айжан Шоқанды қызғанған бейне көрсетеді.
К н я з ь (Зейнепке жақындай көңіл бөліп, Гасфортқа). Бұл бәйбіше кім болады, Густав Христианович?
Гасфорт. Шоқанның шешесі, мадам Зейнеп Шормановна Уәлиханова, ваше сиятельство.
Князь. Өте сүйкімді. (Зейнепке қолын ұсынып.) Сәлем, бәйбіше! (Зейнеп басын иіп, қолын алады. Князь Рақияға қарап.) Бұл сұлу кім?
Ш о қ а н. Менің қарындасым, ваше сиятельство.
Князь. Сүйкімді қыз екен (Қолын ұсынып.) Сәлем, бикеш! (Рация күліп жібереді де, теріс айналып кетеді. Шоқан намыстанған кескін көрсетеді. Князъ Шоқанға Ай жанды нұсқап.) Бұл бикеш ше?
Шоқ а н. Қарындасымның күтушісі, ваше сиятельство. (Елизавета да, басқалары да көңіл бөліп қалады.)
Князь. (Айжанды көзімен шолып). Көрікті қыз екен!.. (Гасфортқа.) Патшаның указын осында жариялаймыз да, Густав Христианович?
Гасфорт. Ерік сізде, ваше сиятельство. Егер указ оқылса, қазақтың сұлтандары мен билері ішінде болғаны жөн ғой деймін.
К н я з ь. Әрине, қайда олар?
Гасфорт. Осында. (Сұлтанғазыға.) Шақырыңыз, сұлтандар мен билерді! (Сұлтанғазы кетеді. Алмазовқа.) Сіз указды әкеліңіз!.. (Алмазов кетеді.)
Князь (Шоқанға).— Қарындасыңыз орысша біле ме?
Ш о қ а н. Білмейді, ваша светлость. Күтуші қызы аздап біледі. Араб пен фарсы тілдерін өте жақсы біледі.
Князь (түсінбей). Қарындасыңыз ба, күтушісі ме?
Ш о қ а н. Күтушісі, ваше сиятельство.
Князь (таңданып). Түсінбеймін. Қалай ол?
Ш о қ а н. Молда мен тілмаштан оқыған. Қарындасымның қасында жүріп үйренген. (Жақып ұнатпаған бейне көрсетеді.)
К н я з ь. Қарындасыңыз неге үйренбеген?
Ш о қ а н. Көшпелі ауылда тұратын хан қызына оқудың керегі жоқ, ваша светлость.
Зейнеп. Өз туысыңды кемітпей сөйле, балам.
Ішкі жақтан папка ұстаған Алмазов, оған ере Сұлтанғазы бастап хан киіміндегі Шыңғыс, подполковник киіміндегі Мұса, шекпендерін киіп, шендерін таққан сұлтандар, билер кіреді де, өзгелері босағада қолдарын кеудесіне басып, бастарын иіп тұрып қалады, Шыңғыс пен Мұса князьге жақындайды.
Ш ы ң ғ ы с (қолын ұсынып). Бүкіл қазақтың атынан сәлем, ваше сиятельство!
Князь (қолын алып). Рақмет, господин Уәлиханов! Ханның киімі сізге өте жарасады. Мен сізді әрдайым осындай киімде көруді тілер едім.
Шоқан (күліп). Егер хандық дәуірі басында тұрса, ваше сиятельство. Ол, тек, Россия үкіметінің ауылдағы чиновнигі ғана.
Ш ы ң ғ ы с (Шоқанға ұнатпаған кескінмен. қарап қойып). Мәселе сыртта емес, іште ғой, балам. (Князьге жағына қарап.) Қандай киімде жүрсем де, патшаның тәжі мен тағына адал қызмет атқарам...
К н я з ь. Күдігім жоқ. (Мұсаға қолын ұсынып.) Сізге де сәлем, подполковник!
Мұса (иіле қолын алып). Төмендікпен құрмет етем, князь!..
К н я з ь (босағада иілген қазақтарға күлімсірей қарап). Нағыз шығысты көріп тұрмын. Олар осылай иіледі. Және бәрі бір қалыпта иіледі.
Шоқан. Мұнда мүләйімсігенге, сіз оларды тіссіз, тырнақсыз адамдар деп ойламаңыз, ваше сиятельство. Әлі жеткендерін олар барыстай бүреді! (Папка көтеріп Алмазов кіреді де Гасфортца ұсынады.)
Гасфорт (папканы алып, князьға). Указды Далалық облыстар басқармасының председателі, генерал-майор Фон Фридерикс оқиды ғой деймін, ваше сиятельство.
Князь. Әрине.
Фридерикс (Гасфорт ұсынған папканы алып). Оқуды өзіме мәртебе санаймын, ваше сиятельство. (Оқиды.) Бүкіл Россияның императоры және өзін езі билеуші патша, Финляндияның ұлы князі, Литваның королі, Полынаның патшасы, тағы тағылар... Біз II Александр атты армияда қызмет атқарушы офицер — сұлтан Шоқан Уәлихановқа, Орта Азия жақ шекараны байқап келуге тапсырған мемлекеттік қызметті, аса қатерлі қиындыққа шыдап ынталы жігер, адал жүрекпен орындап қайтқаны үшін, зор мархабатпен ұйғарамыз: 1) Әулие қатарлы князь Владимирдің төртінші дәрежелі орденімен наградтауға, 2) штабс-ротмистр атағын беруге, 3) саяхат сапары туралы толық баяндамасымен Петербургке шақыруға! (Фридерикс папканы князьға ұсынады. Қол шапалақтау, музыка.)
Князь (Шоқанға қолын ұсынып). Кұттықтаймын, қазақ даласының болашақ ханы!
Ш о қ а н (қолын алып). Шын жүректен қабылдаймын, ваше сиятельство, бірақ, қазақ даласының ханы болып емес, жеңімпаз орыс армиясының офицері боп!.. (Қол шапалақтау. Музыка.)
Елизавета. Залға шақырам, господа.
Жұрт ішке кеткенде Фридерикс пен Сұлтанғазы іркіліп қалады. Музыка, іште билегендердің көлеңкесі.
Сұлтанғазы (кейіген кескінмен). Бұл қалай, ваше высокое превосходительство, мына Шоқан деген бала қайдағы тауға өрлеп барады?!
Фридерикс. Егер сіз ашық ауыз болсаңыз, одан әрі жоғары өрлейді. (Ішке кетеді. Кешікпей верандаға жүгіре басқан қимылмен күле сөйлеп Рация шығады, соңында Айжан.)
Рақия (күлкісін күшейте түсіп, іште билеушілердің сапырылысқан көлеңкесін қолымен нұсқап). Қарашы, әй, аналарды! Қызығы енді басталды ғой, өзінің!.. Жас демей, кәрі демей, еркек демей, әйел демей, денелерін денелеріне (Айжанды құшақтап көрсетіп) былай жабыстырып алады да, былай дөңгелетеді кеп!.. Былай ырғалады кеп!.. Былай изеңдеседі кеп!.. Ха-ха-ха... Алда ұят-ай!..
Айжан. Босқа күліп шегің қатты ғой, төрешім! (Асыға басып, жайраңдаған жүзбен ауылша киінген Жайнақ шығады ).
Р а қ и я. Иә, қайдан жүрсің, Жайнақ?
Ж а й н а қ. Сен қайда жүрсің, Рақия-ау, іздегенде таптырмай?
Р а қ и я. Мен неге керек боп қалдым?
Жайнақ. Әлгі бір, саған құда түсем деп жүрген мырзаң, жолықтыр деп мазамды алды. Сен десе өліп-өшеді!
Р а қ и я (елеңдеп). Қайда ол?
Ж а й н а қ. Мына жақтағы бақшаға шыға ғой, тез!.. Мырзаңды мен тауып әкелейін. (Қолынан тартады.)
Р а қ и я (бақшаға беттеп). Кеттік, Айжан!..
Ж а й н а қ. Мырзаңның сенімен оңаша жолыққысы келеді.
Р а қ и я. Онда сен, осы арада тұра тұр, Айжан. Ешқайда кетіп қалма.
Рақия мен Жайнақ кетеді. Айжан әлдекімді күткен кескінмен ерсілі-қарсылы жүріп, сыртқа қарайды да, «Еділбай» әнін ақырын дауыспен айтады.
Аржағында Ертістің,
Көрдім сені, жеңеше-ай-ау,
Қайық қылып сырғаңды,
Өткіз мені, жеңеше-ай-ау,
Осынау әнім өзгеше-ай.
Қайық қылып сырғаңды,
Өткізбесең, жеңеше-ай-ау,
Хордың қызы болсаң да,
Көрмен сені, жеқеше-ай-ау,
Осынау әнім өзгеше-ай.
(Шоқан еппен басып жақындайды.)
Ал, қара көк жаз жайлап,
Шәйі орамал бір байлап.
Сағынып, сәулем, келгенде,
Қайда кеттің, ойпырмай,
Той.... тойлап?..
Шоқан. Айжан! (Айжан селк етіп жалт қарайды. Шоқан жақындап.) Ешқайда да кеткен жоқпын, сүйікті Айжан. Мен әрдайым сен жүрген жерде ғанамын...
А й ж а н. Көрмеген кісіге айтатын сөзіңіз ғой, аға ол. Кердік қой қай кезде кімдермен жүретініңізді.
Шоқан (күліп). Ә-ә, түсіндім сөзіңді! Маған қызғанғаның керек. Бірақ, ол ойың дұрыс емес. Катя менің бала күннен бергі досым ғана.
А й ж а н. Жұрт сізді үйлендіріп қойса қайтесіз?
Ш о қ а н. Үйленетін жұрт емес, мен ғой, Айжан-ау! Жұртқа салсаң, бүгінгі осы үйдің қонағын да, менің тойыма жорып жүр...
А й ж а н. Өз үй ішіңіз де.солай жорып жүрсе не демексіз?
Ш о қ а н. Бос жорамал. Мен жаным жалған адам емеспін, Айжан. Аузымнан шыққан әр сөзім, жанымнан шыққан ұшқыным. (Әлде не қиялға кеткен кескінмен.) Әлі есімде, сүйікті Айжан: Қарағайлы орманға бөленген Сырымбет тауының етегі... Шалқар көлдің жағасы!.. Маужыраған мәуелі жаз!.. Айлы түн!.. (Айжанды оң қолтығына алады, ол қарсыласпайды.) Екеуіміз осылай құшақтасып, Қылшақты өзеннің көлге құятын жағасында, қалың тоғайдың ішінде жүрдік!.. Келде шулаған құстар мен тоғайда сайраған бұлбұлдан басқа, біздің махаббат теңізіне қарық болған сезімімізді ештеңе бөлген жоқ. Рас қой осы, сүйікті Айжан?
А й ж а н (кеудесін кере дем алып). Рас, құрметті аға!..
Ш о қ а н. «Аға деуіңді қой» дегенім қайда, сүйікті Айжан... «Қанаш де» дегенім қайда?
Айжан. Рас, бірақ, маған олай деу ерсі сияқты. Сізден мен кішімін ғой.
Ш о қ а н. «Қанаш» деген атты, бала шағымда еркелетіп апам қойған еді. Өлшеусіз жылылық сезем, ол сөзден. Солай деп аташы, мені сүйікті Айжан!..
А й ж а н (ыңғайсызданып). Қанаш...
Шоқан. «Жан» деген сөзді қос оған..
А й ж а н. Қанаш-жан!..
Шоқан (аз кідіріп). Ол менің Қашқария сапарына шығар күнімнің алдындағы түн еді. Алыс жолға аттануымды айтып, көп күнге созылған махаббат арқауын түюді өтінгенде, маған тек, (өзіне қаратып.) мынау мөлдіреген қара көзіңнен бір ғана сүюді қидың. Өзгесін ұзақ сапардан оралуға қалдырдың... Мен ол сапардан аман-сау оралдым. Оған да талай күндер етіп барады. Бірақ сөз әлі түйілген жоқ. Енді екінші ұзақ сапарға жиналып жатырмын,— Петербургке.
Малтабар мен Сұлтанғазы көрінеді де, Сұлтанғазы кетіп, Малтабар бақылап тұрып қалады.
А й ж а н. Он, сапарыңызды тілеймін, Қанаш!
Ш о қ а н. Рақмет, сүйікті Айжан. Сөзіміз енді неге түйілмейді? Ендігі күтетініміз не?. Біз бірі-бірімізді хан мен сауыншының балалары болып емес, адам боп, шын жүректен сүйген жоқпыз ба? Өсекке ересің бе, әлде? Ол біздің шын сүйіскен жүрегімізге кір жұқтыра ала ма?..
Айжан. Оның бәрі рас қой, Қанаш, бірақ...
Ш о қ а н. Айым, жеткілікті болды осы «бірақтың» айтылуы. Енді тыңдағым келмейді оны. Бұл сапарға, артыма алаңдаған көңілмен емес, тынған көңілмен аттанғым келеді. Өтінем, Айым, бер ақтық уәдеңді!.. (Құлағына тартады.)
Айжан (жеңіл қарсылықпен). Қанаш-жан...
Шоқан. «Сүй» деп басқа сөзге құлағым жабылды. Айым!.. (Құшағына тартып сүйеді. Айжан қарсыласпайды, Шоқанның мойнына құшағын айқастыра түседі. Малтабар ашуланған, бірақ, жақындауға бата алмаған қимыл көрсетеді. Сұлтанғазы мен Катерина көрінеді де, Катеринаға сүйіскендерді нұсқағаннан кейін, Сұлтанғазы кетіп қалады.)
Катерина (қызғанышты кескінмен жақындап). Мен биге шақыруға таба алмай жүрсем, мұнда екенсіз ғой, Шоқан! (Шоқан мен Айжан шошынғандай жалт қарайды.) Құттықтаймын!..
Шоқан (кетуге ыңғайланған Айжанды сол қолынан ұстай ап, босатпай тұрып, Катеринаға). Немен құттықтайсыз, сүйікті Катя?
Катерина. Жұрт аузындағы өсектің расқа айналуымен!.. Сүйіскен жарыңызбен!..
Ш о қ а н. Достық көңілден қабылдаймын құрметті Катерина Карловна!..
Ш ы м ы л д ы қ.
ЕКІНШІ АКТ
ҮШІНШІ КАРТИНА
Шоқанның бөлмесі. Кітап шкафтары. Стол үстінде бұрқыраған кітаптар, қағаздар. Қабырғаларда география картасы, Марко Полоның, Христофор Колумбтың. Афанасий Никитиннің портреттері. Терезе шторлары жабық. Шымылдық ашылғанда, шашы дударланған Шоқан, халат киіп, көрпесін шамның жарығымен, әлде не қағаздарды шұқшия жазып отыр.
Есік қағылады. Шоқан естімейді. Тағы қағылады.
Шоқан (ерінген кескінмен басын көтеріп). Бұ кім? (Есік тағы қағылады. Шоқан керіле түрегеп.) Кіре бер, кім болсаң да! (Жайнақ кіреді.) Қайдан жүрсің, жеті түнде?
Ж а й н а қ. Қайдағы түн? (Шторды ашады. Далада - жарық, күндіз).
Шоқан (терезеден қарап). Мен әлі тан, қараңғысы деп отырсам, шалшы түс боп қалған ба, өзі?
Ж а й н а қ. Бүгін ұйықтамаудан саумысың?
Ш о қ а н. Жазатын бір қағаздарым боп, түннің қалай еткенін білмей де қаппын.
Жайнақ (кейіген кескінмен). Бұл не қағаз өзі, ұшы-қиыры жоқ таусылмайтын? Күн жазасың, түн жазасың, бәрібір таусылмайды!.. Қағаз кісіні сорып тастайды дейтін еді, рас екен. Осы қағаздың соңына түсем деп, жүдеп те болдың өзің. Керегі не соның, жаза беріп?..
Ш о қ а н (демін соза алып). Оның керегі көп, достым.
Ж а й н а қ. Білем ғой мен, Шоқан, не қағаз жазып жүретініңді.
Шоқан (сөзін бөліп). Оны қоя тұр да, достым, неге келгеніңді айт!
Ж а й н а қ. Әя-апам жіберген еді, «ұйықтап жатыр ма, ояу ма, біліп кел» деп.
Ш о қ а н. Күткен ешкім жоқ па?
Ж а й н а қ. Арыз айтамын деушілер келген екен, қуып жібердім.
Ш оқ а н (кейіп). Неге?
Ж а й н а қ. «Шоқан зорлық-зомбылық көргендердің арызын тыңдайды» дегенге желігіп алған түге!.. Тан, атпай қылқиып келеді де тұрады!.. Сонда, құдай жарылқамаған соларды Шоқан жарылқайды дей ме екен?.. Былай да жыным келіп жүр еді, қудым да жібердім бәрін. «Әйда барыңдар!.. Адамға емес, құдайға жылаңдар!» деп.
Шоқан (кейіп). Жақсы істеген екенсің! Тағы да келеді ғой, қуғаныңмен!..
Ж а й н а қ. Келтірмеймін енді!.. Келгенін қуам да отырам!
Ш о қ а н. Сен оны істемейсің де, мен істетпеймін де.
Ж а й н а қ. Шоқан-ау, сонда...
Шоқан (бөгеп). Қоя тұр, оны кейін кеңесеміз. Айжан қайда?
Ж а й н а қ (ұнатпаған пішінмен). Жүрген шығар, Әя-апамның қызметінде. (Кетіп.) Содан басқа қыз жоқ па, Шоқан, әуре ғып қайтесің соны?
Ш о қ а н. Егер мен оны сүйсем ше?
Ж а й н а қ. Қызды кім сүймейді. Бірақ, сүюдің де шегі бар емес пе?
Ш о қ а н. Қайдағы шегі?
Ж а й н а қ. Бос кезінде бір сәрі, біреудің басыбайлы қалыңдығы болған қызды, енді әурелеп қайтесің?
Шоқан (елеңдей қап). Не дейсің? Кім құда түсті оған?
Ж а й н а қ. Туыстарың саған ақылдасқан жоқ па?
Ш о қ а н. Ештеңе де естіген жоқпын.
Ж а й н а қ. Мен әлгінде ғана естідім, Жақып біреуге әлдеқашан құда боп, қалың мал алып қойыпты...
Ш о қ а н (түсі бұзылған; жағасынан ұстай ап). Кімге?..
Жайнақ. Соны Жақыптан сұрасаң қайтеді, Шоқан?
Шоқан (сілкілеп). Сенен сұрап тұрмын ғой, мен!.. Айт, жаның барда!..
Ж а й н а қ. Босат Шоқан, қылғындым!..
Шоқан (итеріп жіберіп). Дос болсаң айт, қас болсаң айтпа!..
Ж а й н а қ. Неге қас болам саған, достым-ау?.. Сенің табаныңа қадалған шөгір, менің маңдайыма қадалсын деп жүрген кісі емеспін бе, мен?
Ш о қ а н. Ендеше айт, кімге құда түскендерін!..
Жайнақ (мұңайған дауыспен). Малтабарға...
Ш о қ а н. Қайдағы Малтабарға? Әлгі, Қызылжардың осында келіп жүрген саудагеріне ме?
Жайнақ (ауыр күрсініп.) Соған.
Ш о қ а н. Әке-шешем' біле ме, мұны?
Жайнақ. Оларға ақылдаспай, Жақып құда түсе ме?
Ш о қ а н. Айжан біле ме?
Ж а й н ақ. Сұраған жоқпын. Тегі, біледі ғой деймін, әлгінде көрсем, кескін-кейпі кетіп, бозара қапты. Жылаған ғой деймін, екі көзі қызарып ісіп кетіпті...
Шоқан (ызаға булыға, бөлмеде жүріп кетіп). О, зұлымдық, о, жауыздық!..
Ж а й н а қ (жалбарынған кескінмен соңынан еріп). Осындай халге келеріңді біліп айтпап едім ғой, мен саған!..
Шоқан (кілт тоқтап). Дауыл өтті, Жайнақ... Ашу басылды!..
Ж a й н а қ (жалбарынып). Құлдығың кетейін, Шоқан, сөйт» Шоқан!..
Ш о қ а н. Бірақ, бұл, ыза мен кектің бітуі емес, басталуы ғана. Сенен өтінішім; ретін тап та, Айжанды жеткіз мұнда!..
Жайнақ (жалбарынған кескінмен). Шоқан-ау, қайтесің енді, ол бишараны емексітіп? Маңдайына жазғаны сол шығар, әуре қылмай-ақ қойсан, қайтеді?
Ш о қ а н. Сөзді қой, Жайнақ! Ретін тап та келтір мұнда. (Итермелеп.) Бар.
Жайнақ (жөнеле беріп терезеден қарап). Ойбай-ау, мынау сұмырайларың тағы қаптап келеді ғой!.. (Шоқан да қарайды.) Мен оларды қуып жіберейін!
Ш о қ а н (салмақты дауыспен). Жоқ, қумайсың!
Ж а й н а қ. Айжанның келуіне бөгет болмай ма олар?
Ш о қ а н. Көптің ісінен жеке бастың ісін жоғарыға қоюға болмайды. Бар, кірсін де, оларға!
Ж а й н ақ (басын шайқап). Әй, Шоқан, Шоқан!.. (Шығып кетеді... Жобалғы және жыртық киінген, әр жасты әйел-еркектер кіреді.)
Ш о қ а н. Жоғарылаңыздар!.. (Жұрт жапырлап босаға жаққа отыра бастайды, көздері Шоқанда.)
Ш а л. Түсің жылы екен, шырағым, Шоқан деген бала сен болармысың?
Е к і н ш і а д а м. Осы жігіт, ақсақал!..
К ө п ш і л і к (бір-біріне қарасып). Жолымыз болған екен ғой он да!
Шал. Сөзімізге құлағыңды сал, Шоқан шырағым. Зорлық-зомбылық көбейді еліңде. Мұң-зарды тыңдар адам жоқ. Сен тыңдайды дегенге, қойдай маңырап, қозыдай жамырап келіп тұр, мына жұртың... Зорлықшылды жазаға тарт, көз жасымызды құрғат...
Көпшілік: — Иә, шырағым, тарықтық, қысылдық.
— Тыныс алар күш қалмай барады.
— Өзің тыңдамасаң елуге айналдық.
Ш а л. Жамыраспай, тыңдасып сөйлесіңдер (Жұрт бәсеңдейді.)
Ш о қ а н. Айтпасаңыздар да біліп тұрмын, халайық, ауыздарыңыздан не леп шыққалы тұрғаның өйткені, бала жастан араларыңызда өсіп, не мұң-зарларыңыздың барын керіп келемін ғой. Жандарыңның жарасын мен жақсы ұғам, мұң-зарларыңызды жай ғана тыңдамаймын, жан жүрегім ауыра тыңдаймын...
К ө п ш і л і к:— Соныңды естіп келіп отырмыз ғой.
— Осы жараның емін тап.
— Сенен басқа сүйенеріміз жоқ.— «Сенеріміз жалғыз сенсің...
Ә й е л. Бөліп-жарып айтайықшы, мұң зарымызды, бәрін тұтастырып жібермей!..
Е р к е к. Бәсе, сөйтейік. Есті, Шоқан шырағым, қайсымыздың басымызда не мұң барын!. (Асыға басып Сұлтанғазы кіріп келеді.)
С ұ л т а н ғ а з ы (үйдегілерге осқырына қарап). Алла-ау, Шоқан-ау, саран, байдың педияға шығарған жаман-жәутігі сияқты, мыналарың кім?..
Шоқан (ұнатпай). Адам!..
С ұ л т а н ғ а з ы. Мал емесін өзім де көріп тұрмын Демократ болған соң жолатасың-ау мұндайларды, әйтпесе неменеге керек?..
Көпшілік: — Бұл кім өзі?
— Сөзі қалай жаман еді мынаның,
— Кеудем соқ біреу ғой.
Ш о қ а н. Жайша келдің бе, Сұлтанғазы?
Сұлтанғазы. Бірге оқыған досың Потанин келді!
Ш о қ а н (елеңдеп). Қашан?.. Қайда?..
Сұлтанғазы. Омбыға бүгін кепті. Сені іздеп облыстық басқармаға келді, қасында Семенов пен Дуров бар. (Терезеге қарап.) Әне, келе жатыр!..
Ш о қ а н (шапшаң қимылмен терезеге қарап ап, көпшілікке). Көптен көріспеген достарым еді. Жолықпай қайтару ұят. Олар сіздерге, сіздер оларға бөгет боласыздар, енді қайттік?
Шал. Біздің сөзіміз көп, шырағым, және асықпай тыңдайтын сөз. Достарыңмен жолық. Біз тарай тұрайық. Бірақ, бізбен де кешікпей сөйлес!
Ш о қ а н. Сөйлесем, ақсақал, ертең ертемен осы үйдің қорасына жиналыңыздар... Сөздеріңізді түгел тыңдаймын, қолдан келген жәрдемімді көрсетем...
Шал. Жақсы, шырағым. (Көпшілікке.) Ал, бүгінше таран тұрайық онда!.. (Сөгіле жөнеледі.)
С ұ л т а н ғ а з ы (күліп Әй, Шоқан-ай, өзге чинің жетпегендей, енді плебейлерге3 патша болғың кеп жүр-ау, ә!
Ш о қ а н (салмақпен). Болса несі бар? Ескі Римде қанаушыларды тітіретіп, қанды күреспен азаттық право алған олар, сол ісін қайталай алмайды деп тұрмысың? Қайталай алады, досым! Біздің плебейлер де кезі келгенде бостандыққа жете алады.:. (Асығып Жайнақ кіреді.) Жәй келдің бе, Жайнақ?
Жайнақ (Сұлтанғазының көзінше айтқысы келмеген пішінмен). Ас даяр болған еді. (Сұлтанғазыдан ұрлап, Шоқанға көзін қысады, «мынаны тез кетір» дегендей ымдайды.)
Сұлтанғазы (Шоқанға). Мынауың неге сасқалақтап тұр?
Ш о қ а н. Әдеті емес пе, асығып жүретін.
Сұлтанғазы (Шоқанның үстін көзімен шолып.) Немене, алқам-салқам боп тұрғаның? Достарыңнан ұят та, киін тез, мен тысқа шығып оларды қарсы алайын! (Шығып кетеді.)
Ш о қ а н. Мундирімді әкел, Жайнақ.
Ж а й н а қ (кейіп). Не қылған достар ол?
Ш о қ а н. Жолықпауға болмайтын достар!
Жайнақ, Шоқан-ау, қалай болды бұл? Жалынып-жалпайып әрең көндіріп ем ғой, Айжанды...
Шоқан (терезеге қарап). Әне, қораға кіріп қалды! Әкел тез, мундирді!..
Ж а й н а қ (сасқалақтаған қимылмен гардеробтан мундирді алып, Шоқанға беріп жатып). Зорға көнген еді, айнып қалса қайтем?!
Ш оқа н (мундирді киіп жатып). Шын уәде берсе, неге айнысын... келеді...
Ж а й н а қ. Кедергісі құрғыр көбейді ғой, бұл!.. «Шоқан үйде. жоқ, кешке келіңдер» десек болмайтын ба еді?..
Шоқан. Досты алдауға болмайды. Аз уақыт сөйлеседі де кетеді. Ал бара бер, сен!
Жайнақ (өзіне). Мұндай қызық жігітті көрсем көзім шықсын!
Кетеді. Шоқан айнаға қарап түзеле бастайды. Аздан кейін, сақалы өскен, есаулша киінген Потанин, Семенов, үстінде кіші офицердің погонсыз тозған киімі бар Дуров, Сұлтанғазы кіреді.
Потанин (Шоқанға құмарта, құшақ жая қарап). Ол міне!.. Сәлем, Шоқан!.. Кәне, көрсет, маған қандай болғаныңды!..
Шоқан. Алдыңда тұрған жоқпын ба, достым, қандай болсам да! (Құшақтап сүйеді.) Өзің өзгергенсің, Гриша! Сақалың беліңе түскен. Бір скамейкада қатар отырып оқыған кадетті ойда жоқта кездестірсем танымайтын болғам!.. (Семенов пен Дуровқа қолдасып.) Сәлем, Дуров!.. Сізді де көруге қуаныштымын, Петр Петрович. Ал, отырыңыздар, господа!..
Семенов. Петербургке жүрер алдында сізбен жолыққаныма мен де қуаныштымын, Шоқан Шыңғысович. Мен тек амандасып шығуға ғана келдім, бұдан кейін Петербургте жолығамыз.
Ш о қ а н. Бірге жүргеніміз жақсы еді, Петр Петрович. Ойда жоқта асығыс жүріп кеткеніңіз мен үшін өкініш.
Семенов. Оған амал жоқ. География қоғамының вице-президенті адмирал Литке, Тюменде алдымыздағы жұмада болатын жиналысқа қатынас деп телеграмма беріпті. Оны орындамауға болмайды. Ал, қош болыңыз, Шоқан Шыңғысович. Тез арада сізбен де, Потанинмен де астанада кездесеміз. Потанин де Сібірдің және Қиыр Шығыстың тарихы, этнографиясы жайында бағалы ойлар көп екен. Бұл бай өлкенің тұрмысын, мәдениетін көтеру туралы Петербургте үшеуіміз толық кеңесеміз. Ал, господа, көріскенше қош!.. (Қолдасады).
Ш о қ а н. Сізді аттандырып салайын, Петр Петрович.
Семенов. Рақмет, Шоқан Шыңғысович, қонақтарыңызды алдандырыңыз!.. (Кетеді.)
Ш о қ а н. Тамаша адам. Менің Қашқария сапарына шығуыма бас себепкер осы кісі. Россиянин, Қашқария жақ бетін зерттеуде бұл кісінің еңбегі Риттерден де зор...
Дуров. Әсіресе, Тянь-Шань тауларын зерттеуде еңбегі ерекше...
П о т а н и н. Ал, сөйле, Шоқан! Қалай тұрып жатырсың? Даланың аға-сұлтаны бола алдың ба, жоқ па?
Ш о қ а н (күліп). Сұлтанынан басқаның бәрі болуға дайынмын. Менің арманым одан басқа. Ал, отырыңдар, достарым. (Отырады.)
Потанин. Мұрт шыққан мына түріңнің кімге ұқсайтынын білемісің. Шоқан — Михаил Юрьевич Лермонтову!..
Д у р о в. Мен де Шоқанға соны айтқан едім. Ол Лермонтовқа келбетімен ғана емес, тағдырымен де өте ұқсайды...
Шоқан (күліп). Тек арамыздағы айырма: Лермонтов ызасы мен кегін жалынды өлеңдері арқылы төгіп тастайды, менде ондай ақындық жоқ, сондықтан, ыза-кегім ішіме уын жинай береді...
Дуров. Сыпайысып отыр. Шоқанда жазушылық қабілет жоқ емес. Меніңше ол, түбінде, қазақ темасындағы орыс жазушысы болады.
Сұлтанғазы. Мысалы, қандай темада, господин Дуров?
Дуров. Қазақ, халқының темасы болады да, господин Аблайханов.
Ш о қ а н. Егер мен жаза алсам, кітабымның атын «Омбыдан Қашқарияға саяхат» деп атар едім.
Дуров. Мазмұн жағынан ол кітап Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» атты кітабына ұқсар еді.
Сұлтанғазы (көп мағыналы дауыспен). Aha...
Потанин (отырып). Саяхатқа уақыт жетеді, достарым. (Шоқанға.) Сен Қашқария жайын айтшы, маған!
Ш о қ а н. Ол ұзақ әңгіме, Гриша. Әзірге эпилогын ғана айтуға болады.
Потанин. Тыңдайық, достар!
Ш о қ а н. Эпилогы сол: Қашқарияның қазіргі әкімі Уәлихан төре, адамдардың бас сүйегінен жасатып жатқан мұнарасына менің де б.асымды іліп қоя жаздады.
Потанин (елеңдеп). Қалай?
Ш о қ а н. Мен Қашқарияға, Англияның ол беттегі саясатын біліп қайту мақсатымен, біздің үкіметтің жұмсауымен бардым,- Африканы, Австралияны, Индияны отарлаған Англияның ендігі көз тіккен жері Қытай мен Орта Азия екені мәлім. Орта Азия арқылы, ол қолын қазақ даласына да созғысы келеді. Осы бетінде, Қашқария оның ашып кіретін қақпасы сияқты. Біздің үкімет маған Англияның осы жайда, Қашқарияда не амалдар жүргізіп жатқанын білуді тапсырды...
Потанин. Қалай атқара алдың ол міндетті?
Ш о қ а н. Король қоғамының яғни Англия барлауының тұмсығы иісшіл екені бізге белгілі ғой, Гриша. Соның бір бөлімшесі, Ост-Индия компаниясы, менің ізіме, Каш" қарияның шегін аттаған күннен бастап-ақ түсті. Мен де олардың әрекетін біліп отырдым. Сонымен, сөздің қысқасы, Уәлихан төреге басымды кестіруге ыңғайланған кездерінде, қашып үлгердім...
Потанин (қуана түрегеп). Жігіт екенсің!.. Осы ерлігін, үшін, құшақтап сүюге ұлықсат ет, қадірлі Шоқан! (Екеуі сүйіседі.) Өте қиын сапар екен, жүдегенің де сондықтан болар?..
Шоқан (демін соза алып). Одан ғана емес, Гриша. Мұндағы жан азабы, жол азабынан жеңіл боп тұрған жоқ.
Потанин. Ол не азап?
Ш о қ а н. Қазақтың сұлтандары мен билері қазір Омбыда жатқанын естіген боларсың. Омбыға келген Чернышевқа, император солармен сөйлесіп, қазаққа байланысты біраз мәселелерді шешіп келуді тапсырған. Сұлтандар мен билердің князь алдында ешбір мәселе қояр ниеттері жоқ, олар өзара әкімдікке таласудың қамында жүр. Омбының әкімдері, қолдарын жылы суға малу жабдығында. Омбының генерал-губернаторы Гасфортпен мен күні кеше ғана сөйлестім. Даланың қылмысты надан әкімдеріне тыйым салудың орнына, ол маған кекетінді сұраулар беріп, мысқылдамақ болды. Енді ғана ұқтым, ол да талаушылардың ішінде екен.
Дуров. Жаңа ғана ұқтың ба, соны?
Шоқан (ыза кернеген үнмен). Омбы әкімдерінің қылықтары туралы мен көп әңгімелер естіген едім. Олар сұлтандар мен билерден параны қапшықтап алып, халықты итке талатудан басқа жәбірліктің бәрін істейді десетін еді. Кеше ғана түсіндім, Гасфорт та сол талаушылармен жемтіктес екен.
Дуров. «Сұлтандар, билер» деген кімдер ол? Олар патша үкіметінің ауылдағы ұсақ чиновниктері ғана емес пе? Қиянаттың түп қазығы бұларда емес, патшада...
П о т а н и н. Бірақ, Сергей Федорович, Россия қазір зор өзгерістің алдында тұрған жоқ па? Барлық жұрттың аузындағы сөз — реформа емес пе? Мемлекеттік комиссияның басында Государь императордың езі отыр. Осы жемістен, Россияға бағынуына жүз жылдан асқан қазақ, татуға тиісті ғой?
Д у р о в. Босқа қиялдану, Григорий Николаевич.
П о т а н и н. Сізше не істеу керек?
Дуров. Бұл қазір бүкіл Россияның басында тұрған сұрау.
П о т а н и н. Шешімін кім айтпақшы оның?
Д у р о в. Соңғы екі жүз жылда Россияның ақыл ұясы Петербург боп келе жатқан жоқ па, Григорий Николаевич? Содан табамыз да оның шешімін!..
Ш о қ а н (демін ауыр ап). Иә, достарым, Петербургтен басқа ақылдасар орын қалған жоқ. (Жайнақ кіреді.) Жайша ма, Жайнақ?
Ж а й н а қ. Нағашың Мұса мырза келді. Үйде бар-жоғыңды біліп кел деп хан-ием жіберіп еді. Олар осында келеді ғой деймін, тегі.
Потанин (Дуровқа). Онда біз қозғаламыз да, Сергей Федорович?
Ш о қ а н. Отыра беріңіздер.
Потанин (Дуровқа). Қазақ ғұрпында, жасы үлкен кісіге жол берілуге тиісті.
Дуров (көтеріліп). Онда, кетейік.
Сұлтанғазы. Кеңес аяқталмады ғой.
Потанин. Кейін сөйлесерміз. (Шоқанға қолын созып.) Кешке үйде боласың ба?
Ш о қ а н. Егер сен келсең.
Потанин. Міндетті түрде келем, кешкі сағат сегізде.
Ш о қ а н. Мен күтем. (Қонақтарын есіктен жөнелтіп кеп.) Ие, Жайнақ?
Ж а й н а қ. Әлгі кісілерді күні бойы ұстап отырып алғаның не?!
Шоқ а н. «Досыңа кездессең жолыңнан қаласың» демей ме қазақ? (Жайнақты сөйлетпей.) Көлденен, сөзді қоя тұр, Айжанның жайын айт!
Жайнақ (өзіне). Асығуын! (Шоқанға.) Қазір ертіп әкелем. Қымсынбай еркін кірсін. (Есікті нұсқап.) Сен мынау ішке бара тұр!..
Ш о қ а н. Жақсы. Бірақ тез!
Екеуі кетеді. Аздан кейін. Айжанды ертіп Жайнақ кіреді.
Ж а й н а қ. Осында күте., тұр. Ол достарын аттандыруға кетті, тез келеді.
Кетеді. Айжан аз тұрып, Шоқанның жазу столына келеді де, үстінде тұрған фотокарточкасын алады. Ішкі есіктен Шоқан көрінеді де, Айжаннан тасаланып қарап тұрады.
Айжан (суретке қарап) . Дәл өзі!.. (Кеудесіне басып.) Қымбатты Қанаш!.. Сүйікті Қанаш!.. Адам Қанаш!.. (Жылап.) Бірақ, бәрі де, бәрі де бітті енді.. (Орамалымен бетін басады.)
Шоқан (жақындап). Айжан! (Айжан шошынып жалт қарайды.) Неге шошындың, сүйікті Айжан? Кеше ғана айтқан жоқ па ем мен саған бізді айыра алатын ешбір күш жоқ деп? (Құшақ жайып.) Міне, сол ыстық құшағым әлі де сол ыстық күйінде... (Құшақтамақ болады.)
Айжан (құшақтатпай, шегініп). Аяңыз, аға!.. Жақындамаңыз!..
Ш о қ а н. Аяғаным құшағыма алуым емес пе, сүйікті Айжан?
А й ж а н. Өтінем аға, өзім үшін емес, сіз үшін, «маған үйленем» деген ойдан қайтыңыз!
Ш о қ а н. Бұл не, Айжан?..
Айжан. Аға, сіздің өмір тәжрибеңіз де, біліміңіз де менен өлшеусіз артық. Мен жас балапандай көзімді дүниеге жаңа аша бастаған адаммын. Туысым жалшы болғанмен, тұрмыста мен еркін өстім. Менің тәрбием — бейшара әке-шешелерімнің қолында емес, сіздің ханша анаңыздың қолында болды. Обалы не керек, мені ол ешуақытта не кемсініп, не ықтырып керген емес. Сондай еркін жағдайда ескен шағымда, өмірдің гүлі мен жемісін қызыға теруге ойлана бастаған кезде, тәңірім сізге кезіктірді мені. Сіздің жалынды махаббаттық сөздеріңіз мені лапылдата жандырып жүре берді... Сол лаулаған қалпыммен, мен күні кешеге шейін лауладым...
Ш о қ а н. Кешеден бері не боп қалды?
Айжан. Енді байқасам, босқа лапылдау екен ол. Тез сөніп көмірге айналатын қызу екен ол.
Ш о қ а н. Неге?
А й ж а н. Адамның еркі өзінде емес, тағдырда екен...
Ш о қ а н. Қандай тағдыр?
А й ж а н. Сіз қазақ өмірін менен әлдеқайда артық білесіз, аға. Ойлаңызшы, өзіңіз; темен етекті әйелде, дәрежесі ең жоғары деген өз шешеңізден бастап, қалың малға атылмайтын қай қазақтың қызы бар?
Ш о қ а н. Ол рас, Айжан. Бірақ тағдырда емес қой, ол тізгін. Адамның өзінде ғой. Мысалға орысты алайық, орыстың ешбір қызы қалың малға сатылмайды, қыз бен жігіт ержеткен соң, бірін-бірі таңдап қосылады.
А й ж а н. Ол орыс өмірі ғой, аға. Бұрын көрмегенмен, Омбыға келгелі көріп жүрмін, орыстың еркегі жүрген жерге әйелі де жүреді. Барлық жағдайда екеуі тең. Біздің қазақта бірі бар ма соның? Мен сияқты бейшара әйел түгіл, ханның, байдың, бидің әйелі дегендердің өзі еркектің қол-жаулығы емес пе?
Ш о қ а н. Рас. Осы халден құтқару керек емес пе, оларды?
Айжан. Керек, аға! Бірақ, қашан?
Ш о қ а н. Оның ұзаққа созылатын дәнеңесі жоқ. Қазір бастау керек. Мысалы, мен саған үйленем. Бізді көріп тағы біреулер осылай үйлене бастайды. Қазақ қыздарын біртіндеп оқуға тарта бастаймыз. Кезі ашыла бастайды олардың. Сөйтіп, әрі қарай өрбіп кете бармай ма бұл іс?
А й ж а н. Оның бәрі айтуға ғана оңай, аға. Орындауға кірісіңізші, қандай қиындыққа түсер екен!..
Ш о қ а н. Мысалы, менің саған үйленуімнің несі қиын?
А й ж а н. Өзге бөгеттердің бәрінен өтуіңізге мен сенем, аға. Оған қуатыңыз да, біліміңіз де жетеді. Ал, егер, әкеңіз бен шешеңіз бөгет болса не істемексіз?
Шоқ а н. Олар өйтпес, Айжан. Егер өйтем десе, жаудың туысқандығы жоқ...
А й ж а н. Қате айтасыз, Қанаш! Әкесі мен шешесін жеңіп батыр болған кісіні естіген емен. Бұған, әсіресе сіз бара алмайсыз!..
Ш о қ а н. Мен шығыс әдебиетінің, әсіресе араб пен парсы әдебиетінің біразын аудармасынан болса да оқыған кісімін. Аржағы Әбу Ғала Әл-Мағарриден бастап, ішіне Фердаусиды, Шайхы Сағдиді, шағатай әдебиетіндегі Низами мен Науаиды қоса, осының бәрі жырлаған махаббатта мұратыңа жеткен ешбір ғашық жоқ. Ол ғашықтардың бәріне махаббатқа жету, тек арман боп қалады. Сол арманға біз неге бірінші боп жетпейміз? Өтінем, Айжан, маған қи осы бақытты!.. (Айжан тұнжырап үндемейді.) Неге үндемейсің, Айжан? (Кекетінді дауыспен.) Бүкіл қазақ қыздарының бақытсыздығына ғасырлар бойы себеп боп келген қалың малға қарсы шыққалы жүргенде, өз сүйіктімді біреу қалың малға сатып алсын... оған мен салқын қанмен қарап отырайын!.. (Қатты дауыспен.) Жоқ, болмайды ол, сүйікті Айжан. Бұл жолда не бөгет болса да мен қиратам!
Айжан. Олай қиратуға сіз барғанмен, мен бара алмаймын аға.
Ш о қ а н. Сонда, қалың малға сатылып кете бармақсың ба?
А й ж а н. Тағдырдың жазғаны осы болса амалым нешік.
Шоқан. Жоқ, ондай тағдыр!..
А й ж а н. Өзге жауыңыз да аз емес, аға! Әкеңіз бен шешеңізге қарсы жібере алмаймын, мен сізді. Мені тірі болсын десеңіз, сіз оны істей алмайсыз.
Ш о қ а н. Бұл не, сүйікті Айжан? Жаудың аяғына жығып беру ме мені?..
Айжан. Жығу емес, көтеру, аға! Сіздің бақытыңыз маған ғана байланысты емес. Сіз халық бақытына туған адамсыз. Аз бақытқа көп бақытты айырбастамаңыз!.. Өтінем, аға, қайтыңыз бұл райдан!..
Шоқан (сенделіп аз тұрып). Ақтық сөзің бе, бұл, сүйікті Айжан?!
А й ж а н. Барлық ой-санам, ар-ұятым осыны айтуды тілейді, аға!
Ш о қ а н. Ол өтінішті орындай алмаймын... Егер, мұнша масқара болуға мені қисаң, аржағындағы тіршіліктің керегі жоқ!
А й ж а н. Аға, айта көрмеңіз, ондай сөзді!.. (Зейнеп кіре береді, олар аңдамайды.)
Ш о қ а н. Айтарым сол, сүйікті Айжан, мұндай қоршылыққа көніп тірі болғаннан, (шекесін бармағымен нұқып) мынау дал болатын басқа бір оқ жалынсын!..
А й ж а н (үрейленіп, құшақтай ап). Қанаш, өтінем, аузыңызға ала көрмеңіз ондай сөзді!..
Ш о қ а н. Осыны істеуге, анамның ақ сүтімен ант етем!.. (Столына барады да, тартпасынан пистолет алады.
Зейнеп қорқыныштан айғайлап жіберіп, жүгіре басып, Шоқанды құшақтай алады. Айжан шығып кетеді. Шоқан не істерін білмегендей, қалшиып тұрып қалады.)
Зейнеп. Қайта гөр, құлыным, антыңнан!.. Аржағын айта көрме, құлыным!..
Шоқан (құшақтап аз тұрып). Отыр, апа! (Отырғызады да өзі оны құшақтай отырады.) "Құс баласы үшін торға түседі, апа, балық ауға түседі, аң орға жығылады. Сен адамсың ғой, апа, аясаңшы, мен балапаныңды!..
З е й н е п. Күнім-ау, не қыл дейсің, аяғанда?
Шоқан. Қазақ ұлы мен қызын бесікте атастырады. Ал, мен туысым қазақ, болғанмен орыс арасында тәрбиеленген адаммын. Орыстың ұлы мен қыздары ержеткен соң, бірі мен бірі сүйісіп қосылады. Мен де соны істеуге тиістімін.
Зейнеп. Оған кім қарсы, жаным-ау!.. Ойда орыс, қырда қазақтың қай игі-жақсысы саған қызын бермейді? ( Үлкен бармағын көрсетіп.) Мынау деген ақсүйек біреудің қызын таңдап жүріп неге алмайсың? Есіктегі жалшының қызына үйленем дейсің, бұл қылығыңды жұрт естісе не демек?
Ш о қ а н. Ең алдымен, үйленетін жұрт емес, менмін, апа, ендеше, кімге үйлену еркі менде. Екінші, адамның қасиеті туысында емес, тұрмысында. Айжан менің махаббатымды көркімен де, ақылымен де, қылық-мінезімен де тартты. Мен оны шын жүректен сүйем. Ол да мені солай сүйеді. (Өкпелеген кескінмен.). Соны біле тұра, сендер Айжанды Малтабарға бесінші тоқалдыққа сатасыңдар. Әкемнің ойы белгілі, ал, сенікі не, сүйікті апа?.. (Толқыған сезіммен жүріп кетеді.)
Зейнеп. Құлыным-ау, мұныңды жастықтың әуесқойлығына жорып жүрем ғой мен?
Шоқан (оралып қасына кеп). Менің ендігі сезім әкемде емес, сенде, апа. Қай таңдағанын ал; не менің тілегімді қабылда, не менен біржола күдер үз! Егер бұл тілегімді қабылдамасаң, сен түгіл, мен бүкіл дүниеге жоқпын.
Зейнеп. Айтпашы, күнім, ондай сөзді! Мен орындар едім-ау, тілегіңді, әкеңнің жәйін неге ойламайсың?
Ш о қ а н. Қандай жәйін?
Зейнеп. Арғы аталарың Хан — Шыңғыс жердің жүзін, күннің көзін билепті деседі. Ұлы атаң орта жүзді билепті. Содан қазір қолында қалғаны — алақанның аясындай Көкшетау. Оны да алдағы сайлауда тартып алам деп, Бағаналы Ерден дікеңдеп жүр дейді. Оның аржағында не тіршілік қалды?.. (Зейнеп ауыр күрсінеді.)
Ш о қ а н. Сондағы сақтайтын тәңіріміз Малтабар болғаны ма?
Зейнеп. Біздің заманның тетігі ақшада болып тұрған жоқ па, Қанашжан-ау? Ақша Малтабарда деседі. Мыңғырған ауыл байының бар малы, оның бір жолғы саудасының табысына жетпейді дейді. Әкеңнің жабысып жүргені сол да, әйтпесе, неменесіне керек ол?
Шоқан, Мұның бәрі түсінікті, апа. Егер мен, Малтабар ақшамен әперетін дәрежені, әкеме беделіммен әперсем, өкпелерін, бар ма менде?
Зейнеп. Әрине, өкпе болмайды, онда. Бірақ, қалай сол?
Ш о қ а н. Жуырда мен Петербургке жүргелі жиналып жатқан жоқпын ба, апа. Онда мен патшаға жолығам. Сонда ең алдымен патшадан әкемнің, сұлтандық дәрежесін өмірлік сақтауын өтінейін.
Зейнеп. Өтінішіңді патшаның орындайтынын қайдан білесің? ,
Ш о қ а н. Орындамаса, әдейілеп Петербургке шақырта ма, апа?
Зейнеп. Малтабардан алған борышымызды қайтеміз?
Шоқан. Петербургке жіберген шығармаларымның қалам ақысына үш мың сом ақша келе жатыр, жуырда алам. Сол жетпей ме, Малтабардың борышына?
Зейнеп (қолын алып). Егер мұның бәрін істесең, мен де сенің тілегіңді орындаймын, Қанашжан!
Шоқан (қуанып). Тойды қашан жасаймыз, апа?
Зейнеп. Сен Петербордан оралған соң.
Ш о қ а н. Оған дейін Айжанды әкем ұзатып жіберсе қайтем!
Зейнеп (нықтап). Істей алмайды оны. Намыстансаң да айтайын: хан тұқымы әйелінен шығатын сенде қанша күш қалып еді!.. (Жайнақ кіреді.)
Ж а й н а қ. Хан-ием мен Мұса мырза келе жатыр, Шоқан!..
Зейнеп. Онда, біз кетейік, Жайнақ. (Екеуі кетеді, Шыңғыс пен Мұса кіреді. Шоқан қарсы алып Мұсаға қол береді.)
Ш о қ а н Ассалаумәлейком, нағашы!
Мұса (қолын алып). Саламат бол, жиен! (Шыңғыс пен Мұса төрге отырады. Мұса қалжыңды кескінмен.) Егер өзім келмесем, хан тұқымы, сендер маған келемісіңдер? Біздей қара қазақты менсінемісіңдер?
Ш о қ а п. Егер хандық дәуренім басымда тұрса, өз бетіңмен келіп кірмек түгіл, өзім шақырғанда да, атыңды алысқа байлап, қол қусырып жаяу келер ең, нағашы. Баса-көктеп осы кіруіңнің өзі, хан тұқымынан иығыңның асқанын көрсетпей ме?
М ұ с. а. Тоғыңның олай шайқалғанын білсең, өлмегенің, жиенжан. Шынында да, жан-жағыңа қарашы! «Сібірлік қазақтар» аталатын бес округте, үлкені, кішісі бар, сұлтан-правитель сайланады, солардың он бірі ғана хан тұқымынан. Өзгелері қара қазақтан.
Ш ы ң ғ ы с (демін ауыр алып). Рас сөз, балдызым.
М ұ с а. Көрдің бе, жиен, хан тұқымы, салмағыңның қанша қалғанын? Осылай жеңілденген кезіңде, тірегіңнің кім екенін білемісің?
Ш о қ а н. Кім?
М ұ с а. Гасфорт. Соның арқасында ғана сенің әкең, сұлтан-правительдікке ілініп жүр. Сен де соның арқасында орысша білім алып, чинге жетіп жүрсің. Оған жақпай көр, не болар екенсің!..
Ш о қ а н (тікіленіп). Не боламыз?
М ұ с а. Күліңді көкке ұшырады. Ең алдымен әкеңнің сұлтандығын тартып алады.
Ш ы ң ғ ы с. Рас, балдызым.
Ш о қ а н. Содан кейін?
М ұ с а. Одан кейін сені де сауырыңнан тістесе, енді қайтып жарық сәуле көрмегендей боласың.
Ш о қ а н (кекесінді күлкімен). Оны істетпеу үшін не шара қолдану керек?
Мұса. Ол үшін, шешең бата бергенмен, күңіңе үйленем деген ойдан қайтып, Гасфорттың жиеніне үйленуің керек. Бұл бір.
Ш о қ а н. Екінші сөзіңді тыңдайық, нағашы.
Ш ы ң ғ ы с. Әуелі бірінші сөзіне жауап берсейші, балам. Өрттің тұтанар жері боп тұр ғой.
Ш о қ а н. Қайта-қайта қайымдасқаннан, барлық сөзін біржола тыңдап алайын да, бәріне бір-ақ жауап берейін.
Мұса. О да болсын. Онда, екінші сөзіме көшейін; Құдай дәрежеңді көтерген кезде, сенің қолың жетпеген әкім жоқ, қазір. Солармен жақын болуын, аздай, патшаның кәріне ілегіп, Омбыға айдалып келген біреулермен үйір болатын көрінесің....
Ш о қ а н. Үшінші сөзің?
М ұ с а. Асықтырма, жиен.
Ш ы ң ғ ы с. Ең жаман сөздің ұшқыны бұл.
М ұ с а. Мына әкең, екеуіміз Петерборға екі рет атпен барып қайттық. Сонда, жолшыбай, патшаға қарсы болған қылығы үшін, аяқ-қолы кісенделіп айдалып келе жатқандарды талай жерде көрдік. Рас па, Шыңғыс?
Ш ы ң ғ ы с. Бір қатесі жоқ. Алла ондай пәлені дос түгіл дұшпанына бермесін.
М ұ с а. Сондайлармен үйір болғанда, не мақсатқа жетпексің?
Ш о қ а н. Үшінші сөзіңе кеш, нағашы.
М ұ с а. Жақсы, оған да көшейін. Хан тұқымы, қарашыңа қай уақытта мейрімді болып ең сен? Шыңғыртып отырып тірідей терісін сойып алмайтын ба едің? Жарлы-жақыбайды, жоқ-жітікті, қорлық-зорлық кергенді есіркеу мінезі саған кімнен жұққан?
Шыңғыс (кейіп). Осы, енді, істемейтін-ақ жұмысың, балам. Баққан елін уысында сығып ұстамаған әкімді, бұрын-соңды ешкім көрген емес. Жан-жағыңа қарашы өзің, қойды қасқыр жемей, тауықты түлкі жемей күн көре ала ма? Әлсізді күшті жеу, тәңірінің лаухолмахфузға жазған бұйрығы. Құдай жарылқамағанды, сен қалай жарылқай аласың.
Шоқан. Оның бәрі жалпы сөз ғой, әке. (Мұсаға.) Турасына келгенде, айтқалы отырғаның не, нағашы?
М ұ с а. Айтарым сол, сен жүрген жерден Омбыдағы ұлықтардың атына арыздар қаптайтын көрінеді...
Ш о қ а н. Не туралы?
М ұ с а. Әркімдердің елде күштілерден көрген зорлық-зомбылықтары туралы деседі.
Шоқан. Бұдан басқа айтарың бар ма, нағашы?
Ш ы ң ғ ы с. Осы сөздер аз боп жатыр ма, балам?
Ш о қ а н. Ендеше, жауап беруге рұқсат ет, нағашы!
Ш ы ң ғ ы с. Шыдай тұр, Мұса мырза сөзін аяқтасын.
М ұ с а. Мен біттім.
Ш о қ а н. Ендеше мені тыңдаңыздар; алғашқы екі сөзіңе жауабым қысқа, нағашы. Басымды байлап апарып телитін, мен хайуан емеспін, адаммын, ендеше, кімге үйленуімде ешкімнің қақысы болмауы керек.
Ш ы ң ғ ы с. Күң бе, сонда қалағаның?
Ш о қ а н. Кім екенін үйленгенде бір-ақ керерсің, әке.
М ұ с а. Сөзін бөлме, жезде. Ақылсыз жігіт емес қой. Ойланар, біздің сезді де ескерер.
Шоқан. Екінші сөзге жауап; мен сана-сезімім оянған кісімін, ендеше кіммен дос, кіммен қас болуымды да жақсы білем. Олай болса, мынаған қас, мынаған дос бол деп мені жетектеудің қажеті жоқ.
Ш ы ң ғ ы с. Өзгені емес, патшаға қас болғандарды айтып отыр ғой, нағашың?
Ш о қ а н. Түсінем. Бірақ, мен түсінген дәрежедей, оларды сіздер түсіне алмайсыздар. Сіздермен менің ең көп кеңесетін сезім, нағашым қозғаған үшінші мәселе, өйткені, ол, бәрімізге ортақ сөз.
М ұ с а. Оның жауабын да тыңдап керейік.
Ш о қ а н. Мен ойлаған халық қамын, сіздер ойласаңыздар, бұл сөзімді айтпаған да болар едім, әкем мен нағашым, сіздер ойламағандықтан, амалсыз айтам.
М ұ с а. Халықтың не қамы бар екен?
Ш о қ а н. Ғасырлар бойы көшпелі өмір сүрген қазақ халқы, бұдан жүз жыл бұрын Россияға еркімен бағынды. Россиямен тағдыры тығыз байланысқан оның, енді орыс үлгісімен отырықшылыққа айналғысы келеді, кәсібін өркендеткісі келеді. Орыс үлгісімен мектеп ашқысы, ғылымын, баспа сөзің әдебиетін, искусствосын өркендеткісі келеді.
Ш ы ң ғ ы с. Бұның бәрі де өз басыңнан шығып отырған сөз ғой, Шоқан-ау!.. Мен мұндай сөздер айтқан қазақты естіген жоқпын...
М ұ с а. Сезін бөлме, жезде, айтып болсын. (Шоқанға.) Кім бөгет боп жүр, соны істеймін деген қазаққа?
Ш о қ а н (қолымен нұсқап). Нағашы Мұса — сен бөгет боп отырсың, әкем Шыңғыс — сен бөгет боп отырсың!..
Ш ы ң ғ ы с. Біз не қылдық, бөгет боп?
М ұ с а. Бәсе, деймін-ау!.. Орысты жек көрсек, әскеріне еріп, Россияға қарсы болған ағаң — Кенесарының баспашыларын жойысар ма ек біз?
Ш о қ а н. Бұл сендердің жақсы көретін. Бірақ, орыс әскеріне неге жәрдем бердіңдер, бар мәселе осында.
Ш ы ң ғ ы с. Неге жердем берді деп ойлайсың?
Ш о қ а н. Сіздер ақылды адамсыздар. Россияға бағынған қазақтың, хандық дәуірі қайтып келмейтінін білесіздер. Ендеше, сіздерге, патша үкіметіне жағыну керек, өйтпесеңіздер күн көре алмайсыздар...
М ұ с а. Сонда, сеніңше, бұл біздің теріс ісіміз бе?
Ш о қ а н. Жоқ, он, істеріңіз. Кенесары орыс халқының ғана жауы емес, қазақ, халқының да жауы. Россияға қарсы көтерілуден оның мақсаты, қазақты хандық дәуірге қайтару еді. Бұның аты — тарихтың көшін ілгері емес, кейін бастау болар еді...
М ұ с а. Тарихты қоя тұрайық, жиен, өзге кеңесімізге оралайық. Мен түсінбей отырмын. Сонда, халық алдындағы айыбымыз не, мынау әкең екеуміздің?
Ш о қ а н. Айыптарың: патша үкіметінен шекпен киіп, чин таққанға мәз боласыздар да, халықтың шаруашылық және мәдениет істерінде өркендеуінен түк ойламайсыздар.
Ш ы ң ғ ы с. Біздің қолда ма, соның бәрі?
Ш о қ а н. Енді кімнің қолында? Сіздер патша үкіметінің ауылдағы өкілісіздер. Халықтың мұң-мұқтажын үкіметтің құлағына сіздер жеткізбегенде кім жеткізеді? Сауатсыз, надан сұлтандарға екпе жоқ. Олардың бар білгені, халықты талау. Сіз екеуіңіз оқыған адамсыздар. Екеуіңіз де Омбыда, Петербургте болып, орыс мәдениетінің қандай жеміс беріп жатқанын кердіңіздер. Сол бай мәдениеттің ұрығын қазақтың надан, қараңғы ауылына сеуіп, неге есірмейсіздер?
Ш ы ң ғ ы с. Оны ез қолыңа үкімет тигенде істерсің.
Ш о қ а н. Халыққа жақсылық істеу түгіл, жақсылық туралы айтқан сөзді тыңдағың келмейді, әке. Бірақ, халық тыңдатады, саған бұл сөзді. Бүгін болмағанмен ертең тыңдайсың!..
Ш ы ң ғ ы с. Соны күт те жүре бер.
Шоқан. Мұндай сөздерге құлақтарыңның тығындаулы екенін білем, әкем мен нағашым. Қорлық-зорлық көрген момын көпшіліктің тұтаса күңіренген дауысы оята алмаған сендердің тас жүректеріңді, Шоқанның даусы оята алмайтынына көзім жетеді... (Мұса түсі құбылып, орнынан қозғала бастайды).
Ш ы ң ғ ы с. Ендеше, неменеге шешенсіп, арам тер боп отырсың?
Ш о қ а н. Айыптарыңды беттеріңе басу үшін... Менің дауысым сендерге жетпегенмен, халыққа жетеді. Сендердің жүректеріңді оятпағанымен олардың жүрегін оятады!
Мұса (ашумен жүгініп ап). Жетті, жиен! Тұқымыңнан хан да, батыр да шықты деп естіп ем, әулие шықты деп естіген жоқ ем. Сен бұл заманның әулиесі болуды ойлаған екенсің. Бар, бетіңнен жарылқасын. Бірақ, бір сөзді есіңде қатты ұста; бұл ойың, бұл қылығыңмен; күндердің күнінде, не қалаға, не далаға сыймай жалғыз қаңғырып қалсаң обалыңды бізге артпа, өзіңе арт!..
Шоқан (түрегеп). Ондай күн тумас, Мұса мырза. Егер туа қалса, шел далада қаңғырып өлуге бейіл болармын, кертартпа ескілі сенің аяғыңа кеп жығылмаспын!..
Ш ы м ы л д ы қ
ТӨРТІНШІ КАРТИНА
Гасфорттың 1-картинадағы комнатасы. Гасфорт пен князь шай ішіп кеңесіп отыр.
Гасфорт. Менімше, Сіз Шоқан Уәлихановты жақсы ұққан сияқтысыз, Иван Александрович.
К н я з ь. Солай ғой деп ойлаймын, Густав Христианович. Адалын айтқанда, ол ақылды да, ер де жігіт. Оның қаталығы — өзінің кім екенін ұқпауда.
Г а с ф о р т. Қай жеңнен дейсіз, князь?
К н я з ь). Уәлиханов, әрине, шын мағынасындағы жарқыраған офицер. Біздің корпустан шыққан бұратана елдердің офицерлерінен бұл бірінші рет көрінген дарынды адам. Шынын айтқанда, біздің әскери школалар, әсіресе, кадеттік корпустар, соғыстың әділ-айласын жақсы оқытқанмен, жалпы білімді аз береді ғой, сондықтан, олардан шыққан біздің офицерлер, жақсы соғысқаннан, қаруды жақсы меңгергеннен басқаны ойламайды. Уәлиханов, соғыс өнерін жақсы білудің, үстіне, ғылымның да өкілі. Ол — шын мағынасындағы ғалым адам.
Гасфорт. Ондай қасиеті бары рас.
Князь. Екінші қасиеті, Россияны ол адал сүйеді. Бірақ, осы үлкен мәселеге ұсақ әңгімелерді әкеп араластырады.
Гасфорт. Қандай мәселелерді, князь?
К н я з ь. Оның өз туған халқын орыс халқымен теңдестіргісі келеді, мәдениетін орыс мәдениетінің даражасына көтергісі келеді, бұратана елдерді біздің теңестіру үшін отарланбағанымызды түсінбейді.
Гасфорт. Уәлихановты осы ұққаныңыз маған жеткілікті, князь. Бұл пікіріңізді государьға айта барарсыз деп сенем.
К н я з ь (күлімсірей қарап). Егер одан сізге түсер пайда болса... Мен залалы бола ма деп қорқам.
Гасфорт (елеңдеп). Неге?
Князь. Уәлихановты патшаға мақтаған өзіңіз емес пе? Ұлы даражалы императордың Уәлихановқа қалай қарайтындығы, берген чинінен, наградынан көрініп тұр. Оның Қашқария туралы жазған очеркі Петербург пен Москва журналдарында шыға бастады. Атағы солайша көтерілген адамды мен жамандасам, ол сіздің беделіңізді түсіру болмай ма?
Гасфорт (мұңайып). Мүмкін, князь. Бұл қиындықтан шығаруда мен сізге ғана сенемін.
К н я з ь. Қазіргі патшамыздың әкесінен жұққан бір мінезі — қаталдығы. Сенген ісінен оны бұрып алу қиын. Әрине, мен Уәлихановқа сіздің қай кезде, не себепті қалай қарағаныңызды ұғындыруға тырысам.
Гасфорт. Өтінем, князь!
К н я з ь. Патшаны бір ғана нәрсе ойландыруы мүмкін, ол Уәлихановтың революциялық идеяға байланысы. Бірақ, оны дәлелдеу керек.
Гасфорт. Біраз дәлелдер бар ғой, князь.
К н я з ь. Сөзде ғана. Патшаны ұғындыруға ол жеткіліксіз.
Гасфорт. Сіз қандай ақылдар берер едіңіз?
К н я з ь. Полиция іске кірісу керек. Материалды көбейту керек. Жиналған материалды, полиция департаменті Бибиковқа жеткізу керек. (Сыртта қоңырау дауысы естіледі.)
Гасфорт (терезеден қарап). Фридерикс та кеп қалды.
Князь (көтеріліп). Онымен езіңіз сөйлесерсіз. Менің аздап тыныстағым келеді.
Гасфорт. Еркіңіз, князь. (Есікке жөнелтіп caп, кейін оралып.) Ақылды қарт.. Уәлиханов туралы ол менің алдыма ауыр міндеттер қойды... (Алмазов кіреді.)
Алмазов. Генерал Фон-Фридерикстің келгенін мәлімдеуге рұқсат етіңіз, ваше превосходительство.
Гасфорт. Шақырыңыз!.. (Алмазов кетеді.) Бұл міндетті қайткенмен де өтеу керек. (Фридерикс кіреді. Гасфорт қол беріп.) Сәлем, Пауль Адольфович!.. Қазақтар мен князьдің ертең жасайтын мәслихатына Уәлиханов қатынаспайтыны рас па?
Ф р и д е р и к с. Уәлихановта кездеспейтін сақтық болды бұл, Густав Христианович. Меніңше, оны революционер достары сақтандырған болу керек.
Г о с ф о р т. Бұл арнаға ілікпеді ол. Енді оны басқа қақпанға түсіру керек.
Фридерикс. Мен сізді ренжітпейін деп жүрмін ғой. Густав Христианович, әйтпесе, Уәлихановты қолға алу оңай. (Жұдырығын түйіп.) Былай бір сыққаннан қалмайды ол.
Г а с ф о р т. Сөйтуге материалдарыңыз жете ме?
Ф р и д е р и к с. Артығымен, ваше превосходительство! Уәлиханов сізге адъютант кезінде, Омбыға Бакуниинің айдалып келгені есіңізде ме. Сіздің тапсыруыңызбен Уәлиханов оны Барнаулға дейін ұзатып салды. Содан бері оның революционерлермен байланысы туралы жиналған материал, бір емес, талай адамды тұншықтыруға жетеді.
Г a c ф о р т (қуанғандай). Менен неге жасырып келдіңіз оны.
Ф р и д е р и к с. Уәлихановты сіз соңғы күндерге дейін қолдап келген жоқсыз ба, ваше превосходительство. Тіпті, жиен қызыңызға үйлендіруді де ойлаған жоқсыз ба? Сондай жақын кісіңізді мен сізге қалай жамандамақпын. Енді одан суынғаныңызға көзім жетті. Бұдан былай Уәлиханов туралы мен батыл қимылдаймын.
Г а с ф о р т. Сөйтіңіз, Пауль Адольфович. Тезірек қимылдаңыз!.. Материалдарын полиция департаментіне тезірек жеткізіңіз. Ол материалдар Уәлихановтың алдын-ала. баратын болсын, әйтпесе, патшаға жағып қап, одан кейін құлату қиын боп жүрер. (Алмазов кіреді.)
Алмазов. Ваше превосходительство, сіздің шақыруыңызбен Сұлтанғазы Аблайханов және бір далалық қазақтың келгенін мәлімдеуге рұқсат етіңіз.
Г а с ф о р т. Өзім хабарландырам, барыңыз! (Алмазов кетеді.) Аблайхановтың қасындағы Шыңғыс Уәлихановтың сұлтан-правительдігін алдағы сайлауда алғалы жүр деген қазағыңыз. Аблайханов арқылы жолығуды сұраған соң, бүгін шақырған едім. Қалай, сенімді қазақ па ол?
Ф р и д е р и к с. Аты Ерден Сандыбаев, ваше превосходительство. Өте сенімді қазақ,, бет алған жағынан қайтпайтын батыл кісі. Бұрын ол сізден қаймығатын еді, енді, Уәлихановқа салқындағаныңызды естіп, өте қуанышта.
Гасфорт. Қазақ сұлтандары сайлаушыларын сатып алады дейді. Оған ақшасы жете ме Сандыбаевтың?
Фридерикс (күліп). Артығымен, ваше превосходительство, Уәлихановтың күңін алмақ болған саудагер ол күңді Шоқанның езі алатынын естіген соң Ерденнің жағына шығыпты. Оның ақшасы қалай шашса да жетеді.
Гасфорт. Өте жақсы. (Қоңырау қағады. Алмазов кіреді.) Қазақтарды шақырыңыз. (Алмазов кетеді.) Алдағы сайлауға Сандыбаевты мықтап даярлау керек, Пауль Адольфович!
Фридерикс. Әрине.
Сұлтанғазы мен Ерден кіреді. Ішкі есіктен Катерина көрінеді. Ерден генералдарға құлдық ұрған бейнемен, етпетінен шөге түсіп жата қалады. Катерина қорыққандай есікті жаба қояды да, сығалап қарап тұрады.
Сұлтанғазы (Гасфортқа). Ерден Сандыбаевтың сіздің шақыруыңызбен келгенін мәлімдеуге рұқсат етіңіз, ваше превосходительство.
Гасфорт (Ерденге таңдана қарап). Неге жата қалды ол?
Сұлтанғазы. Қазақтар қадірлейтін адамына осылай құрмет көрсетеді, ваше превосходительство.
Гасфорт. Тұр деңіз!
Сұлтанғазы (Ерденге). Батыр, ұлық сізге түрегелсін дейді. (Ерден мүләйімсіп түрегеледі.)
Гасфорт (Фридерикске). Шыңғыс Уәлихановтың сұлтандығына алдағы сайлауда таласатын қазақ осы ма? (Фридерикс басын изейді. Катерина көріне түседі, кеңеске құлағын тігеді. Гасфорт Сұлтанғазыға.) Сіз оған қазір біздің Уәлихановты ұнатпайтынымызды ұғындырдыңыз ғой?
Сұлтанғазы (Ерденге). Ұқтыңыз ғой, батыр?
Ерден (Гасфортқа құлдық ұрып). Ұқтым, жанарал, ұқтым.
Гасфорт (Сұлтанғазыға). Сайлаудың шығынын көтере алады ғой?
Сұлтанғазы. Ваше превосходительство, көтере алады, ақшаны ол жүздеп емес, мыңдап шаша алады. (Ерденге.) Солай ма, батыр?
Е р д е н. Әрине, солай!
Гасфорт. Ендеше, сұлтан-правитель сайланады.
Сұлтанғазы. Ұқтыңыз ғой, батыр?
Е р д е н. Ұқтым, бәрін ұқтым.
С ұ л т а н ғ а з ы (Гасфортқа). О л тек Шоқан Уәлиханов ғана қорқады. (Катерина құлағын түре түседі.)
Г а с ф о р т. Неге қорқады?
С ұ л т а н ғ а з ы. Оның Петербурға баруынан, Ерденді оның патшаға шағыстырып қоюы мүмкін.
Г а с ф о р т. Босқа үрейлену. Егер Уәлиханов Петербургтен үйіне қайыр сұрап келмесе, менің сәлемімді бұл қазақ алмасын. Сен оған түсіндір, Шоқанды көтерген де мен, құлату да менің қолымда.
С ұ л т а н ғ а з ы. Түсініп тұрсыз ба, батыр, Шоқанның, халі жаман!
Е р д е н. Түсініп тұрмын. Уәлихановтардың кеудесіне бір шықсам, дүниеде арманым жоқ.
Гасфорт (Сұлтанғазыға). Шоқанның Петербург жақтағы жолын жабу міндеті менде болсын, елдегі жолын жабу міндетін бұл қазақ, пен екеуіңізге жүктеймін!..
Ашулы кескінмен Катерина кіріп кетеді.
Е р д е н, Сұлтанғазы. Жақсы!
К а т е р и н а. Мынауыңыз масқара ғой, нағашы! Шоқанға көр қазу ғой бұл!.. (Ерденді нұсқап.) Мына сияқты малға айырбастау ғой!.. Ұят, нағашы!..
Гасфорт (ыңғайсызданып). Сен қайдан кеп қалдың, Катюша?!
Катерина. Сізді мен ешуақытта да мұндай ласқа араласады деп ойлаған жоқ ем! (Ерденді нұсқап.) Кім бұл тұрған? Тырнағын жасырған аң! (Сұлтанғазыны нұсқап.) Бұл - інісі Әсілді өлтірген Қабыл. Сіз де осылардың қатарына қосылдыңыз ба, либералмын деп жүретін генерал?
Фридерикс. Бірақ, сіз, қымбатты бикеш...
К а т е р и н а. Қосарланбаңыз!.. Бүкіл Омбының айтуынша Сіз параның қапшығысыз.
Гасфорт (ашуланғандай). Есің дұрыс па, Катя! Мұнша батыл сөз айтқаның не қылғаның? Мен сенің де намысыңды жоқтап жүрмін.
К а т е р и н а. Рақмет, Өз намысыңызды жоқтан,ыз. Қажет болған жерде өз намысымды жоқтай алам, мен... (басын ұстап.) О, тәңірім, нендей мерездерді аштың менің, алдымнан!..
Гасфорт. Не деп тұрсың, жиенім! Не мерез?
Катерина. Омбыға келгелі Шоқан туралы жасаған әрекеттеріңіздің бәрін де естіп, біліп жүрмін. Сондай таза жанды адамды өлтірмек боп жүрсіздер. Бірақ, өлтірі алмайсыздар! Уәлихановты бүкіл прогресшіл қоғам қолдайды!.. (Шығып кетеді.)
Гасфорт. Жиенімді мен расында танымай қалдым, Пауль Адольфович!..
Фридерикс. Қазіргі студенттік қозғалыстың бір ұшқыны ғана ғой ол, Густав Христианович, сөндіру оңай.
Гасфорт. Уәлихановты қоғам қорғап алады... Ха-ха- ха!.. (Зілденіп.) Қандай қоғам? Ол қоғамға мен шешесін танытармын! (Фридерикске.) Бұраңыз, барлық винтті, Пауль Адольфович көрейік, Уәлихановтың қалай шыдағанын!..
Фридерикс (честь беріп). Орындаймын, ваше превосходительство!
Гасфорт (Ерден мен Сұлтанғазыға). Сіздер де қимылдаңыздар!
О л а р (құлдық ұрып). Құп, тақсыр!..
Ш ы м ы л д ы қ
ҮШІНШІ АКТ
БЕСІНШІ КАРТИНА
ІІ-Александрдың қабылдау бөлмесі. Шымылдық ашылғанда, Александр стол қасында папкадағы қағаздарды ақтарып тұр, жанында бұйрық күткен бейнеде Блудов тұр.
П а т ш а. Күткен кісі бар ма, граф?
Б л у д о в. Сіздің шақыруыңызбен,. өз атыңыздағы Россия географиялық қоғамының оқымысты секретары Петр Петрович Семенов келіп отыр.
П а т ш а. Князь Чернышев ше?
Блудов. Князьді сағат алтыға шақыруға бұйырғансыз, государь.
П а т ш а. Уәлихановты да сол кезге ме?
Б л у д о в. Дәл солай.
П а т ш а. Сіз барыңыз . Господин Семеновқа кірсін деңіз. (Блудов кетеді. Патша наразы кескінмен жүре сөйлеп.) Бұнысы шектен шыққандық!.. Далалық орданың Уәлихановына чиндер, наградтар беруім жетпеген. Ол маған шарттар қойып хат жазады. (Кекетінді дауыспен.) Өзінің қырғыз-қайсақтарын жерге орналастырмақ, оқытпақ болады... He үшін?.. Ордалықтарды да таж бен таққа қарсы көтеру үшін бе?.. Россия ішінің жанжалы жетпеген, маған!.. (Зілденіп.) Жоқ, інішегім, ол қылжақты қой, сен. Қырғыз-қайсақтан басқа жабдығым да жетеді менің!.. (Гоф-фурьер есік ашады да, Семеновты кіргізіп қайта жабады.
С е м е н о в. Деніңіздің саулығын тілеймін, Ваше императорское величество!
П а т ш a (сыпайысыған кескінмен). А, Семенов!.. Cayмысың? (Стол сыртына барып отырып). Отыруыңызды өтінем! (Столдың қарсы жағынан орын нұсқайды. Семенов отырады.) Жүз көріскенге қуаныштымын. Тағы да, жабайы жерлерге саяхат жасауға жиналып жатыр деп естідім бе?
С е м е н о в. Жазға қарай ойым бар, Ваше величество!
П а т ш a (қалжыңдаған боп). Жан баспаған құмдар мен алыстағы түкпірде жатқан қауіпті өлкелерге неге құмарттыратыныңа түсіне алмай-ақ қойдым...
Семенов. Ғылым мен Отанның тілегін орындау,үшін Ваше величество.
П а т ш а. М-м... оқасы жоқ... Ерік езіңде!.. (Даусын өзгертіп.) Мен сені Уәлихановқа байланысты кейбір мәселелермен шақырдым...
С е м е н о в. Жауап беруге әзірмін, Ваше величество.
П a t ш a. Уәлихановты қоғамға мүше ғып өткізген қаулыларыңды бекіткем. Ол бұйрықты алған боларсыңдар?
Семенов. Алдық, Ваше императорское величество. Қоғам өте қуанышты. Кеше, жалпы жиналыста бұйрығыңыз оқылған еді, зал толған жұрт тік тұрып, ұзақ уақыт қол шапалақтады.
П а т ш а. Уәлихановты қоғам сонша жақсы көре ме?
С м е н о в. Жақсы кермеуге бола ма, Ваше величество. Ол оқымысты, ақылды және батыл зерттеуші... Жасы биыл ғана жиырма үшке толуына қарамай, ол географиялық ғылымға аса бағалы үлес қосты, сондықтан да қоғам мүшелері бірауыздан дауыс берді...
Патша (түрегеп). Сен өзің сол «үлестің» растығына сенесің бе?
Семенов (түсінбегендей). Әрине, сенем, Ваше величество. Талассыз документтермен дәлелденген еңбектерге сенбеуге бола ма? Орыстың оқымысты әлемі Уәлихановтың еңбектерін бір ауыздан жоғары бағалайды. Қоғамның вице-президенті адмирал Литкенің Уәлихановты қоғамға мүше ғып алуға кепілдеме беруі де сондықтан.
П а т ш а. Менде Уәлиханов Қашқарияға бармады деген мәлімет бар.
Семенов ( азырқанып). Мүмкін емес, Ваше величество. Азабы ауыр жолдан Уәлихановтың жүдеп және ауырып қайтқанын көзіммен көрдім, онда ешбір күдік болуға тиісті емес...
Патша (кимелеп). Анық па, осы?
Семенов. Не сөзбен қарған десеңіз де әзірмін, Ваше величество.
Патша. Әйткенмен, қоғамнан Қашқарияға арнаулы кісі жіберіп, Уәлихановтың барған-бармағанын анықтау керек. Бірақ, жіберілетін адамның декомратизмге ешбір қатынасы болмасын.
Семенов (томсарып). Жақсы, Ваше величество.
Патша. Онда бара бер!.. Және бір ескертетінім: мәселе анықталғанша, Уәлихановтың ешбір еңбегі жарияланбайтын болсын. (Семенов тәжім етеді де кетеді.) Уәлихановты қоғамның мүшелігіне қапыда өткізуім өте өкініш. Ол қатені тез түзеймін. Бұдан былай сақ болуым керек екен. Бұратана елдерден шыққан оқымыстылардың бәрі мүше бола берсе, менің атымдағы қоғамда не қасиет қалады!... (Қоңырау қағады. Гоф-фурьер кіреді.) Князь Чернышевты шақыр! (Гоф-фурьер кетеді. Іле Чернышев кіреді). Сәлем, сүйікті князь!.. Уәлиханов келді ме?
Чернышев. Келді, Ваше величество, шақыру қажет пе оны?..
П а т ш а. Кейінірек... (Аз кідіріп.) Бұл қалай болды князь! Сіз сібірлік комитеттің председателі боп әкем марқұмның тұсында тағайындалған едіңіз. Содан бері Сібірді, әсіресе, қазақ сияқты бұратана елдерді тануда сарайға көп қызмет атқардыңыз. Сондай бағалы еңбегіңіз бола тұра, Уәлиханов мәселесінде қалайша бейғамдық жасадыңыз? Ол сенімсіз адамдармен байланысып, демократизмге бет бұратын көрінеді, халқының арасына желігетін сөздер тарататын көрінеді...
Чернышев. Ол Бибиковтың бейғамдығынан болған іс. Полиция департаменті, аяғының астындағы қылмысты кермейді. Батыс-Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың әлдеқашан жіберген материалдары полиция кексесінде жатып қапты.
П а т ш а. Ол рас. Бірақ, мәселе қазір онда емес. Уәлихановтың материалдарын мен түгел қарап шықтым. Көрсетулер көп те, дәлелдер аз. Маған берген запискасында, просветительдік идея бар, демократтық идея жоқ.
Ч е р н ы ш е в. Мәселе, не нәрсеге қалай қарауында ғой, Ваше величество. Менімше, Россияның отары боп отырған елдерді оқытып, көзін ашам деудің өзі, демократтық былай тұрсын, тура революциялық идея. Оқыған елдің ұлттық сапасы оянады, отаршылдыққа қарсы бола бастайды, оның ар жағында көтеріліс пен революция да алыс емес.
П а т ш а. Қырғыз-қайсақтар революция жасамақ па? Күлерлік сөз ғой ол!..
К н я з ь. Халықтан өжет және ақылды кесем шықса, онша күлкі де бола бермес, ваше величество. Уәлиханов сондай адам. Оған қоса, шығыстың өзге адамдарындай ол да шебер дипломат. Запискасын ол қауіпті астары білінбейтін түрде ете шебер жазған. Оны сөзінен ұстау қиын.
П а т ш а. Ол рас. Бірақ, дұрыстап ақтарса, Омбыдан келген материалдар түгіл, оның кім екенін Петербургтің материалдары да ашып бере алады. Маған түскен кейбір мәліметтерге қарағанда, ол мұнда Чернышевский сияқты революциялық идеямен желігушілерге араласатын көрінеді. Кірмейтін жері жоқ деп естимін оның.
Ч е р н ы ш е в. Әртүрлі топпен де араласып жүретіні рас оның, Ваше величество.
П а т ш a. Сондықтан да мен оны көріп, не қылған адам екенін байқайын деп ем. Сенің де бұл әңгімеге қатынасуыңды мақұл кердім, оған қарсы болмассыз.
К н я з ь. Әрине, бірақ, есіңізге қояйын, Ваше величество, Уәлиханов шешен де, сүйкімді де жігіт. Кеңескен кісісін ұйытып әкететіні бар оның.
П а т ш а. Мен онымен ұзақ сөйлеспеймін, кескін-кейпін көрем де, арғы кеңесті саған тапсырам. (Қоңырау қағады, Гоф-фурьер кіреді.) Уәлихановты шақыр. (Ол кетеді. Патша жиналған бейнемен.) Қырғыздың кесемін көрейік қандай екен... (Шоқан кіреді.)
Ш о қ а н. Бас штабтың қызметіндегі штабс-ротмистр Шоқан Шыңғысович Уәлиханов сізге келгенін мәлімдейді, Ваше императорское величество.
П а т ш а. Өте сүйкімді... көп сөздер естідім сіз туралы. (Князьді нұсқап.) Князьбен таныссыздар ғой деймін, атап жатудың қажеті болмас.
Князь. Ия, Ваше императорское величество, біз. жақсы таныспыз.
Патша (Шоқанға). Запискаңызды оқыдым, ротмистр Уәлиханов. Көтерген мәселелеріңіз түсінікті. Жауабын (Чернышевты нұсқап.) князь арқылы аласыз. Ол сізге менің пікірімді хабарлайды.
Ш о қ а н. Негізгі мәселелерімді запискада айтқаным рас, Ваше величество. Ауызша да айтатын сөздерім бар.
Патша. Ұзақ сөйлесуге қазір уақытым жоқ, ротмистр. Сіз князьбен кеңесіңіз.
Ш о қ а н. Тіл қайырғанға кешірім өтінем, Ваше величество, ауызша сөзімді тыңдауыңызды өтінем...
Патша (сөзін бөліп). Жақсы... Онда тек, қысқа ғана!..
Ш о қ а н. Менің туған халқым бұдан жүз жыл бұрын Россияға еркімен бағынды. Ондағы ойы — орыс мәдениетіне суарылу арқылы патриархалды-көшпелі тұрмыстан шығып, мәдениетті елдердің дәрежесіне көтерілу еді, бірақ толып жатқан жағдайлардың салдарынан бүгінге дейін ондай халге жете алмай отыр.
К н я з ь. Мәселен, қандай жағдайлардың?
Шоқан. Оның, бәрін санап, государь императордың уақытын алудың қажеті жоқ, князь. Бізге қазір ол жағдайлардың себебі емес, салдары ғана қажет. Бүгінгі қазақтың алдында тұрған мәселе, Шекспирдің тілімен айтқанда — «не өлу, не тірілу». (Толқыған сезіммен.) Менің халқымның правосыздығы, бақытсыздығы былай тұрсың Ваше величество, ол қазір өзінің халықтық атынан да айрылып барады. Бүкіл ресми документтерде, бізді «қырғыз» десіп жүр.
П а т ш а. Түсінбей қалдым. Кім деп атайды, сіздің халқыңызды?
Ш о қ а н. Біздің атымыз қазақ, Ваше величество.
Чернышев. Түсіндіруге ұлықсат етіңіз, Ваше величество. Қырғыз-қайсақ атты тұқымдар бар ғой. Өзіңіздің үшінші әжеңізді мақтап жазған «Фелица» атты өлеңінде, Державин,— «қырғыз-қайсақ ордасының да тәңірі бейнелі патшасы демей ме?» Сол «қайсақ»—осы Уәлихановтың елі.
П а т ш а. Қырғыз кім, онда?
Ш о қ а н. Бізбен туыс халық, Ваше величество. Ол да сауатсыз, көшпелі халық, бір кезде күшті ел атанған дарынды халық.
П а т ш a. Дарындылығы неде оның?
Ш о қ a н. Ол «Семетей», «Манас» атты поэзиялық құны жоғары екі зор поэма жасады. Көркемдік жағынан бұл поэмалар «Илиада» мен «Одиссейге» беріспейді.
П а т ш а. Оһо!..
Ш о қ а н. Рас, Ваше величество. Грек эпостарынан көлем жағынан әлдеқайда зор бұл поэмалар қырғыз халқының көркем тарихы...
П а т ш а (сөзін бөліп). Поэзияны доғара тұрып іске ауысыңыз, ротмистр.
Ш о қ а н. Жергілікті әкімдердің нашар басқаруынан қазақ та, қырғыз да өте. ауыр халде. Бізге орыс патшасының әкелік көңіл бөлуі, әкелік қамқорлық көрсетуі қажет.
П а т ш а. Бұл пікіріңіз, запискадан гөрі ашығырақ екен.
Шоқан. Олай болуы түсінікті, Ваше императорское величество. Записка — жансыз қағаз, ал мен — тірі кісімін. Егер ұлықсат етсеңіз, бұл сезімді мен толығырақ айтар ем...
П а т ш а (ұнатпаған кескінмен бөгеп). Сізге мен, ең алдымен князьға сөйлесіңіз дедім ғой, ротмистр. Одан кейін, қажет болсаңыз шақыртып алам. Әзірге бара тұрыңыз!.. Қош болыңыз... (Шоқан наразылық кескінмен тәжім етеді де шығып кетеді.)
К н я з ь. Қалай, Ваше величество, қырғыз-қазақтан шыққан Спартак ұнады ма?
Патша (аз ойланып). Ия, өте қауіпті субъект!..
Ш ы м ы л д ы қ
АЛТЫНШЫ КАРТИНА
Панаеваның пәтері. Жылаған Катерина креслода орамалмен бетін басып отыр, стакандағы суға дәрі тамызып, қасында Авдотья Яковлевна тұр.
Панаева. Мынаны ішіп жіберші, көгершінім!.. Басылшы!.. Мұнша бүлініп жылайтын ештеңе жоқ. Мүмкін, штабта кешіккен болар. Мүмкін, жақын жолдастарына кездесіп, кафеге кірген болар. Меніңше ол кешікпей келуге тиісті.
Катерина (өксігін баса алмай). Ол әр кезде айтқанында тұратын кісі. Патшаның, қабылдауынан кейін тура маған келем деген. Қабылдау алтыға тағайындалған ғой, қазір тоғыз... Мен өте қорқам, Авдотья Яковлевна. Патша сарайынан әртүрлі жолдар тарамай ма?.. Нева өзені арқылы Петропавл қорғанына кіретін де жол бар емес пе?..
Панаева. Оның босқа үрейлену, сүйіктім!.. Шоқан Петропавл қорғанына қамалатын қылмыс істеген жоқ... Сарайдан бүгін шығатын жолы оны осы үйге әкелуге тиісті.
Катерина. Көңіл аулайтын сөздер айтқаныңызға рақмет... Қорғанды аузыма алып отырған себебім, мен оның патшаға жолдаған запискасын оқыдым. Ол записка — тап-таза утопия. Басқаша қалай бағалауға болады? Отаршылдық саясаттың темір тізгінін қолына ұстап, барлық қаталдық қимылымен жүргізіп отырған патша көшпелі қазақ еліне мәдениет орнатуға ұлықсат бере ме?.. Болмайтын қиял ғой ол!
Панаева. Николай Гаврилович те соны айтқан еді, Шоқан записканы беру пікірінен қайтпады.
Катерина. Мен енді записканың берілуінен емес, кейінгі салдарынан қорқам.
Панаева. Қандай салдары?
Катерина. Шоқанның мінезін білесіз. Бықсып жану оның салтында жоқ. Ол тек лапылдап жануды ғана біледі. Керерсіз, көңілі патшаға бір қалса қатты қалады оның. Одан кейін патшашылдыққа шұғыл қарсы кетеді.
Панаева. Бұны сіз Шоқанның залалы деп ойлайсыз ба, пайдасы деп ойлайсыз ба?
Катерина. Қоғамға пайда, өзіне залал болады деп ойлаймын. Россия патшашылдығының салмағы қандай екенін біз жақсы білеміз, Авдотья Яковлевна. Революциялық күштер түгіл, демократтық күштерді де ол мейірімсіз тұншықтырып келеді. Шоқанда сондай салмаққа қарсы тұрарлық қуат бар ма?
Панаева. Бірақ, Шоқан жалғыз емес қой...
Катерина. Оған менің күдігім жоқ. Өз халқынан шыққан пікірлестері аз болғанмен, орыс достары көп оның. Олар Шоқанды қолдайды да. Менің тағы бір қорқатыным, Шоқанның соңғы кезде денсаулығы азайып, жүдеп кетті...
П а н а е в а. Жұмысы кеп боп жүр ғой, Катюша. Бас штабта соғыстық топография картасын жасасып жүр, университеттен лекция таңдайды, саяхаты туралы кітап жазады.
Катерина. Жұмыстың ауырлығынан ғана емес қой деймін. Кейінгі кезде ол жөтеліп кетті. Дәрігерлер өкпе ауруына жоритын көрінеді, туған жеріне, қымызға баруын мақұлдайтын көрінеді.
П а н a е в а. Жақсы сөз емес екен ол, бірақ үрейлену қажет болмас.. (Есіктің қоңырауы естіледі.) Мүмкін, сол болар, мен есік ашайын....
К а т е р и н а. Жоқ, жоқ, мен ашам, Авдотья Яковлевлевна! (Жүгіре басып шығып кетеді, аздан кейін солғын кескінмен қайта кіреді, оған ере Чернышевский кіреді.)
Ч е р н ы ш е в с к и й. Сәлем, Катерина Карловна! (Қолын ұсынып.) Шақырусыз келгеніме кешірім өтінем, Кaтерина Карловна басқа біреуді күткен ғой деймін, оның орнына менің келгенімді ұнатпай қалған сияқтанды.
Панаева. Иә, Николай Гаврилович, біз Шоқанды күткен едік.
Ч е р н ы ш е в с к и й. Ол әлігінде ғана «Современниктің» редакциясына келіп, маған записка тастап кетіпті.
Панаева (елеңдеп). Записка?.. Не деп? Чернышевский. Мазасызданбаңыз. Қысқаша ғана жазылған дағдылы записка. Маған жолықпақ, жайларын айтпақ болыпты да, біраз тосқаннан кейін, записка тастап, Катерина Карловнаның үйіне кетіпті.
Катерина (елеңдеп). Жасаған-ау, оны мен бұдан іздеп жүрсем, ол маған кеткен екен ғой.
Чернышевский. Абыржымаңыз. Запискасында ол сізді алып, осы үйге келем деп жазыпты.
Панаева. Онда мүмкін келіп те қалар. Чернышевский. Әрине, (Катеринаға.) Сіз тегі, Шоқанды жақсы көресіз-ау деймін.
Катерина. Рас, Николай Гаврилович. Біз онымен өте доспыз. Тамаша адам ғой, ойы жарқын, жүрегі ыстық жаны таза!.. Ол тек, шындықты ғана жақтайды, жалған . сөйлеуді, ойын жасыруды білмейді, үнемі турасын ғана айтады. Бұл оның трагедиясы.
Чернышевский. Неге трагедия болады ол? Катерина. Әділ ойын іске асыра алмайды. Ол шынжырлаулы Прометейдің халіндегі адам.
Чернышевский. Прометей ертегі ғой, ал Шоқан шындықтағы күресшіл адам. Мен оны өз халқының жаңа тарихының басы деп санаймын. Мүмкін, ол қазақ, халқының Грибоедовы болуы.
Катерина. Грибоедовтың жолын құшып апатқа ұшырауы да мүмкін.
Чернышевский. Кім білсін... Сөйтуі де ғажап емес. Рылеевтің «халықты қорлаушыларға қарсы басын кім бұрын көтерсе, сол апатқа ұшырайды» деген сөзі есімізде. Бірақ, Рылеев пен Грибоедовтың даңқы жылдан жыл көтерілуде, оларды өлтірушілерге қарғыс жылдан жыл үдеуде...
К а т е р и на. Өлгеннен кейінгі даңқ қой ол.
Чернышевский. Масқара өмірден, батырлық елім артық...
Катерина (орамалымен көзін сүртіп). Енді шыдар халім жоқ, Авдотья Яковлевна... Тысқа шығып біраз мауқымды басып жылап алмасам болатын емес...
П а н а е в а. Желпініп келгенің де дұрыс, Катюша! (Катерина кетеді.)
Чернышевский. Жақсы қыз. Уәлихановты ол ете жақсы керетін сияқты.
Панаева. Рас.
Ч е р н ы ш е в с ки й (көңілденіп). Ендеше оларды неге үйлендірмейміз?.. Жақсы адамдарды қосып, тойыңда болуды жаным сүйеді... Сіз бұл ұсынысқа қалай қарайсыз?
Панаева. Мен, әрине, мақұлдар ем, бірақ, Катюшаның драмасы бар. Уәлиханов оны не қарындасы, не досы сияқты жақсы кереді, жарым деп сүйетін қалыңдығы елінде.
Чернышевский. Онысы өкініш екен. Бұл араға менің құдалығым жүрмейді екен ғой... Бірақ, ерлі-зайыпты болмаған жерде, ыстық махаббат болмай ма?.. (Күліп.) Мысалы, өзіңіз!.. Сізді кеп адам шын сүйеді, солардың бірі менмін...
Панаева (күліп). Менің жүрегімнен сіз де сондай орын аласыз. Мен әйелмін ғой. Ерлердің сізді жанындай сүйетіндігін айтсаңызшы!.. Грузин Церетелли, армянин Налбандян, азербайжан Ахундов, тағы басқаларды сіз өзіңізге магниттей тартасыз... Оларға, міне, қазақ Уәлиханов келіп қосылды. Бәрін тұтас алғанда, Россиядағы халықтар достығының әр түсті гүлден құралған букеті десең сіз соларға дән беретін сабағы сияқтысыз. Сондай кісіні сүймеуге бола ма?
Ч е р н ы ш е в с к и й (күліп). Бұларыңыз шығыстың аузындағы сүйкімді сөздерге ұқсап кетті. (Есіктің қоңырауы шылдырайды). Міне, бұл—Шоқан! (Панаева шығады. Аздан кейін Семенов екеуі кіреді.)
Чернышевский. О-о, Петр Петрович!.. Сәлем!.. (Қолдасып.) Қандай тағдырдың айдауымен кеп қалдыңыз мұнда?
С е м е н о в. Уәлихановты іздеп жүрмін...
П а н а е в а. Тез келуге тиісті, отырыңыз!
С е м е н о в . Рақмет, мадам Панаева. (Чернышевскийге) Реформа комиссиясының мүшесі екенімді білесіз, Николай Гаврилович. Ойда жоқта, бүгін (сағатына қарап.) бірнеше сағаттан кейін комиссия жұмысымен Воронежға жүріп кетуіме тура келді. Онда айға жуық болатын түрім бар. Уәлиханов оған дейін туған жеріне кетіп қалуға тиісті. Менің оған жолығуым қажет. (Панаеваға.) Пәтеріне барып ем, осында болар деген жорамалды айтты. Бұрын келін көрмеген үй болғанмен, тығызшылықтың салдарынан келе қалдым, кешіріңіз, мадам!..
Панаева. Оқасы жоқ, Петр Петрович. Сізге бұл үйдің есігі әрдайым ашық...
С е м е н о в. Мен өте аз уақытқа ғана келдім.
Ч е р н ы ш е в с к и й. Сонда да аз уақытқа тізе бүгіңіз.
С е м е н о в (отырмай, Панаеваға). Әлі де кешірім өтінем!..
Ч е р н ы ш е в с к и й. Орынсыз сыпайылық, Петр Петрович. Бұл да орыс интеллигенциясының жиналып жүретін үйі...
Семенов. Білем. Кезеңсіз жағдай мені де Авдотья Яковлевнаға таныстыратын болды...
Ч е р н ы ш е в с к и й. Уәлихановта мұнша асығыс не жұмысыңыз барын білуге болар ма екен, Петр Петрович?
Семенов. Әрине, болады. Орыстың оқымысты дүниесі Шоқан Уәлихановты бағалайтының шығысты зерттеуде оған көп үміттер жүктейтінін біз жақсы білеміз.
Чернышевский. Бұл мәселеде Уәлиханов көп жұмыстарды орындап та үлгерді.
Семенов. Ендеше, біздің оны сақтауымыз керек.
Чернышевский. Қандай мағынада айтасыз бұл сөзді?
С е м е н о в. Уәлихановтың ғылми істеріне бөгет болатын, өмірін ауыртпалыққа түсіріп өкіндіретін жағдайлар бар.
Чернышевский. Қандай?
С е м е н о в. Уәлихановтың саясатқа араласуына байланысты жағдай. Оның арты неге соғарын біз орыс адамдары — жақсы білмейміз бе, Николай Гаврилович? Бүкіл Европаны сілкіндіріп, талай патшалар мен корольдерді тағынан құлатқан 48-жылдың революциясы Россияға жанасқан жоқ. Бізде монархизм мықты отыр. Оған қарсы жасаймын деген әрбір қимылдың арты қайғылы халге ұшырағанын біздің ғасырдың алғашқы жартысы айқын көрсетті. Талассыз дәлелдер; Радищев, декабристер, петрашевшілдер... Белинскийді бұл апаттан ажал ғана айырып алды... Егер осы ізге Уәлиханов та түсем десе, оның арты неге соғары айқын көрініп тұр.
Чернышевский. Кешіріңіз, Петр Петрович. Маған мүмкін бе, Уәлиханов үшін жауап беруге?
С е м е н о в. Ондай жауапкершілікті жүктеймін десеңіз, еркіңіз.
Чернышевский. Сіз либералсыз, Петр Петрович, сондықтан сізге мұндай сөздерді айтудың ерсілігі жоқ. Дегенмен, ойлаңызшы өзіңіз, патшашылдыққа қарсы пікірге адам еріккеннен бара ма? Патша үкіметінің абақтысына жатуға, немесе дарына асылуға, немесе аяқ-қолы кісенделіп Сібірге айдалуға кім құмар дейсіз? Амалсыздықтан барады да оған адам. (Жүріп кетіп.) Қаналушы көпшілік бар, қанаушы азшылық бар. Бірі жұмақта, бірі тамықта тұрады. Тамықтағылардың ащы зары адамдық жүрегі бар кісіні еріксіз оятады, еріксіз күреске шақырады. Оған құлақ аспауға бола ма?..
Семенов. Қанды күрестен басқа да жолы бар емес пе, Николай Гаврилович, халыққа жақсылық істеудің?
Чернышевский. Өкінішін қоса айтқанда, жоқ қой, Петр Петрович, ондай жол. Жоқтығын бүкіл адам баласының тарихы дәлелдейді ғой...
Семенов. Бұл мәселеде мен сізбен таласпаймын, Николай Гаврилович, өйткені істес боп көрмегенмен, сіздің реформаны қуаттамайтыныңызды білем.
Чернышевский. Дәлін айттыңыз. Не қылған реформа ол? Крестьян жерсіз тұра алмайды. Сіздер оны жерсіз азат еткілеріңіз келеді. Крестьянға бостандық па ол? Оның аты — дене құлдығынан экономикалық құлдыққа түсіру емес пе?
Семенов. Бұл сөзге таласуға болар еді, оған уақыт жоқ. Бірақ, бұл мәселенің отар елдерге қанша қатынасы бар! Оларда крепостнойлық право жоқ қой.
Ч е р н ы ш е в с к и й. Олардың күні біздің крестьяндардан да жаман. Өйткені орыстың помещиктері мен әкімдері де; орыстың әкімдері мен байлары да екі жақтап талайды...
С е ме н о в. Оларға не керек сонда?
Ч е р н ы ш е в с к и й. Қазақтар Россияға еркімен бағынғанда, оқимыз көзіміз ашылады деген дәмеде болу керек. Оны сол халге жеткізу керек. Аржағында не істерін өзі біле жатады...
С е м е н о в. Мұныңыз Шоқанның сөзі екен.
Ч е р н ы ш е в с к и й. Болсын! Кімдікі болса да шын сөз. Біздің үкімет, қазақтарды құлдықтан құтқарудың орнына, мундир киген талаушыларды жіберді. Россияның алдыңғы қатардағы адамдары бұл зұлымдықпен күресіп, отар халықтарды арашалау керек, азаматтығын түсінетін халге жеткізу керек, осы жолда туысқандық жәрдем беру керек. Орыс адамдары, біз жәрдем бермегенде, кім жәрдем береді оларға? Олар біздің отандастарымыз емес пе? Ауыр тағдырын біз жеңілдетпегенде кім жеңілдетеді?..
С е м е н о в. Алысқа кетіп қалдыңыз, Николай Гаврилович. Сіз зор ақыл иесі адамсыз және Россиядағы белгілі ғалымның біреуісіз, сондықтан сізге жол сілтеуім өрескелдік болар еді. Ал, Уәлихановқа ақыл айтуға болады.
Чернышевский. Неге? Уәлихановты бізден кем адам көресіз бе? Ол да біз сияқты ақылы түгел, сана-сезімі ер жеткен адам...
Семенов. Рас. Бірақ, оның орыс демократтарынан ашыңқырап айтқанда, революционерлерінен айырмасы: сіздер көпсіздер, ол жалғыз. Қараңғы қазақ даласында жанған жалғыз шам, ол сенсе, дала сәулесіз қалады.
Чернышевский. Кешіріңіз, Петр Петрович, қателесесіз. Ең алдымен, Шоқанды туғызған халық әлі де талай Шоқандарды туғызады; екінші, егер Шоқан демократтық немесе революциялық идеяға келсе, оның достары және қолдаушылары — Россияның бүкіл еңбекші халықтары мен олардың саяси басшылары. (Есіктің қоңырауы қағылады.) Бұл Шоқан болу керек.
Семенов. Тегі, менің, Шоқанмен де сөйлесуге ретім келмейді ғой деймін. Сіз сияқты таянышы бар кісі ырыққа көне ме... (Есік ашылады. Көңілді Шоқанды қолынан жетектеп Катерина кіреді.)
Катерина. Бізді біраз қорқытып ап, жоғалған Шоқан да табылды!..
Ш о қ а н. Сен белгілі су жүрек емеспісің, Катя!.. Сәлем, Авдотья Яковлевна!.. А-а, Петр Петрович та мұнда екен ғой!.. (Чернышевскийге.) Менің запискамды, тегі алғансыз ғой деймін, Николай Гаврилович.
Чернышевский. Алдым...
Ш о қ а н. Тамаша болды бұл. Барлық жолдастар осында екен. Қалтқысыз турасын айтайын, бүгіннен бастап, патшамен жауласам мен. Бүгіннен бастап патшашылдыққа сеніп келген тұман басымнан біржола айықты. Ол жолым біржола жабылды. Мен енді жаңа жолға бет бұрдым.
Семенов. Не дейсіз, Шоқан? Ғылым ше? Одан безгеніңіз бе?
Ш о қ а н. Шын ғылым бостандығы бар жерде ғана, Петр Петрович...
Семенов. Қалтарыссыз жолыңыз ба, бұл?
Ш о қ а н. Менде қалтарыс болғанын қашан көріп едіңіз. Петр Петрович Қауіптен қашан қорқатын ем мен?..
Семенов. Бұған әлі де ойлану керек болар, достым.
Ш о қ а н. Бұл енді менің бұрылмайтын бетім.
Семенов (басын шайқап). Өте өкініш!.. (Үйдегілерге тегіс иіліп.) Қош болыңыздар! (Кетеді.)
Ш о қ а н (таңданған кескінмен). Неге келген? Неге кетті?
Чернышевский (қолын ұсынып). Кұттықтаймын, Шоқан, жаңа жолыңызбен! (Панаеваға.) Менің кептен байқауымша, сіз осы үйде болған әңгімелердің бәрін жазып жүретін сияқты едіңіз. Әлгі либералдың қорқақтығын да қағазға түсіріп қойыңыз!..
Панаева. Күдігіңіз болмасын, бұл кеңестердің бәрі де кейінгі ұрпаққа жетеді..
Ш о қ а н. Рақмет, Николай Гаврилович. Сіздің жәрдеміңізбен түстім мен бұл жолға. Жаңа жолдың құрметіне аздап ішкен де жөн болар еді, шарап бар ма, Авдотья Яковлевна?
Панаева. Бар. Катерина, жәрдемдесіңіз маған әкелуге! (Екеуі кетеді.)
Чернышевский. Сонымен, енді, туған жеріңізге жүресіз бе, Шоқан?
Ш о қ а н (ойлы кескінмен). Дала да шақырады мені өзіне Петербургті де қимаймын. Мен орыс тіршілігінің ішінде тұруға дағдыланып, орыс мәдениетімен байланысып өскен кісімін ғой. Орыс білімінің кен, ыдысынан, мен осында ғана қанып іштім. Мұнда менің көп достарым бар, сіз сияқты сабақ алған тамаша ұстазым бар. Сондықтан, өмір бойы осында да қалғым келеді. Екінші жақтан, халқымның ауыр тағдырын ойласам, ар-ұятым кеміріп, жүрегім қысыла бастайды. Оған қосымша, Петербургтің тұманы жеуге айналған өкпем туған жердің күн сәулесіне барып емделгісі келеді..
Ч е р н ы ш е в с к и й. Сөзсіз кету керек, Шоқан... Соңғы кезде кескін-кейпіңіз келіспей жүр. Болашақ істің қамына денсаулықты сақтау керек.
Жеміс шарап және бокалдар көтеріп Катерина мен Панаева кіреді Панаева құяды.
Ш о қ а н. Бірінші тосты айтуға маған ұлықсат етулеріңізді өтінем.
Б ә р і. Өтінеміз!
Ш о қ а н. Менің, Петербургке келгенге дейінгі қателігім, қазақ мәселесін жалпы Россия мәселесінен бөліп ап қателігім. Енді байқасам, бүкіл Россия бостандыққа жетпей, қазаққа бостандық жоқ екен. Осы бостандықты орнатуда басты және шешуші күш орыс екен. Мен бұл бокалды орыс халқының және оның халық ісіне жанын пида қылатын адал ұлдарының денсаулығына көтерем... (Бәрі ішеді.)
Чернышевский (бокалды құйып). Енді менің аз сөз айтқым кеп тұр достарым! Шоқан дұрыс айтады. Россияны бостандыққа жеткізуде, шешуші күш — орыс екені рас. Бірақ, оған Россиядағы отар елдердің де жәрдемі керек, бұл тосты мен Россия халықтарының күресі тұтасу арқылы бостандыққа жетуі үшін, ұлт теңсіздігі жойылып, барлық ұлттардың да мәдениеті өркендеуі үшін, олардың Уәлиханов сияқты адал ұлдарының дені сау боп, халқына және бүкіл адам баласына жемісті еңбек атқаруы үшін көтерем!..
Ш ы м ы л д ы қ
ТӨРТІНШІ АКТ
ЖЕТІНШІ КАРТИНА
Орманды Айыртаудың етегі. Шалқар көлдің жағасы. Шоқанның кең ақ шатыры. Ішінде кітапқа толған шкаф, үсті қағаз бен кітапқа толған стол. Төрге Чернышевскийдің портреті ілінген. Сахна ашылғанда үй киіміндегі Шоқан қағаздарының арасынан әлденені абыржып іздейді де, таба алмаған бейнемен, «Айжан!» деп дауыстайды.
Сыртта «әу» деген әйел даусы естіледі.
Ш о қ а н. Келіп кетші, Айжан! ( Қағаздарын қайта ақтарып жүргенде, алжапқыш байлап, жеңін түрінген, үстіне үн, бетіне күйе жағылған Айжан кіреді.) Жанақтан жазып алған кешегі «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» қайда?
А й ж а н. Ол мұнда! (Шкафтан алып береді.)
Ш о қ а н. Онда неменеге тығып қойдың, күні бойы іздетіп?
А й ж а н. Өзің емеспісің Қанаш-ау, басқа ақындардан. жазып алған «Қозы Көрпештердің» қасына қой деген?
Ш о қ а н. Иә, солай деген екем ғой. Есімнен шығып кетіпті. «Қозы Көрпештің» әр түрін салыстырып, «Современникке» мақала жазып жатыр ем. Соған Жанақтан жазып алғанды да қосайын десем, таба алмай қойғаным!..
А й ж а н. Бұдан бұрын жазып алған «Қозы Көрпештің» он екі түрі жетпегені ме?
Ш о қ а н. Жанақтан жазып алғанның өзгелерден бірталай айырмасы бар. (Айжанға қарап, жымиып.) Бетіңе шыбын қонып тұр екен, жасқап жіберейін!.. (Жасқаған болып, бетіндегі күйені төмен қарай созып.) Айнаға қарашы, Айым!..
Айжан (айнаға беттеп). Онда не тұр екен. (Бетіне сызылған күйені көріп, ренжіген боп.) Бетіме ендігі жағылмағаны күйе еді, ол да жағылсын!
Шоқан (жымиып). Өй, достым-ау, өкпелеп қалдың ғой қалжыңға! (Күйені сүртпек болады. Айжан сүрттірмейді. Шоқан тағы ойнақы кескінмен). Ханның баласына тигенде ғой сен күйеден арылам деп ойладың? Енді міне, сауыншы да, өзің, асты да өзін, даярлайсың, кірді де өзін, жуасың (күліп.) осы ма, керген рахатың.
Айжан (мұңайып). Қалжыңдаймын, Қанаш. Өміріме өкпем жоқ менің. Егер көңілге кірбең боп жүрген бір іс болмаса, мен езімді бұдан да бақыттыға санар едім.
Ш о қ а н. Ол не?
А й ж а н. Сайлау деген құрғырға мазасызданам да!.. Азат басыңды, осы сайлаудың ноқтасына неге ілдің, Қанаш?
Ш о қ а н. Оның несі бар?
А й ж а н. Сенің көңіліңе жарықшақ түсірмейік деп үндемейміз, Қанаш, әйтпесе, өз құлағымыз жұрттың қаңқуынан сарситын болды...(Жылап, алжапқышымен бетін басады)
Ш о қ а н.(құшақтап). Мұныңды мен мақұлдай алмаймын. Күш берудің орнына жылағаның не?
A й ж а н. (көзін сүртіп). Жыламағанда ше? Ерден ақшаны қардай бұрқыратып алысты да, жақынды да. Сатып ап жатыр деседі.
Ш о қ а н. Рас сөз ол. Өзге былай тұрсын, ол ең алдымен әкем Шыңғысты, інім Жақыпты сатып алады...
А й ж а н. (үрейленіп). Сонда не болғаны?
Ш о қ а н. ( Айжанды босатып, мұңайып). Сенен несін жасырайын - өзім де білмеймін, не боларын. Петербургтен ауылға кеп байқасам, әкемнің Ерденге қарсы тұрар күші жоқ. Күшті боп сайланғанда халық не жақсылық көреді одан? Халыққа ол да, Ерден де бір емес пе? Тек қана айырмалары – Ерденнің көкірегі соқыр талаушы, әкемнің аз да болса оқығаны бар, сондықтан ол, халықты жасырып жеуге тырысады, ал Ерден тапа-тал түсте шыңғыртып отырып жейді. Халықты осындай талаудан құтқарам ба деп сайлауға кандидатурамды ұсындым да, әйтпесе, ауылдың әкімшілігі маған не керек...
А й ж а н. Сонда неңе сендің Қанаш-ау? Сайлау ақшаға сатып алатын дүние көрінеді, сенде ондай ақша бар ма?
Ш о қ а н. Мен беделіме ғана сенген едім, Айым. Петербургте жүргенше де, одан кейін де, халықтың маған деген махаббатын көрген сияқты едім. Сол халық мені қолдар деген оймен сайлауға таласқан едім....
А й ж а н. Халық қолдар еді-ау сені, бірақ күш қой онда?
Ш о қ а н (сергіп). Қоя тұрайықшы, сол сайлау кеңесін! Оның орнына бір ән айтып жіберейікші, жан жарасын жеңілдетер ме екен...
А й ж а н. Болсын, Қанашжан. Қандай әнді айтамыз?
Шоқан (аз ойланып). Өзің сүйетін «Еділбайды»!
А й ж а н. Сен қосыласың ғой?
Ш о қ а н. Әрине, қосылам!... (Айжан бастап, Шоқан қостап, екеуі «Еділбайдың» бір қайырмасын аяқтарда, асыға басып Жайнақ кіреді. Шоқан қуана қарсы алып.) Иә, Жайнақ? Қалай?..
Ж а й н а қ. Қазір. (Айжанға.) Әй, келіншек, даладағы жерошаққа пісірген түшпараңды тапсырған кемпірің қоңырсытып күйдіріп жатыр.
А й ж а н. Ойбой, тәйірі-ай, оны ұмытып кетіппін ғой (Кетеді.)
Шоқан. Неге кешіктің осынша?
Жайнақ. Дала кен, емес пе?.. Оны аралап жүріп, жұрттың сөзін тыңдау керек емес пе?
Ш о қ а н. Иә, не дейді жұрт?
Ж а й н а қ. Егер олардың айтқаны рас болса, бұл жолы сен сайланасың.
Шоқан (елеңдеп). Оны қайдан білесің?
Ж а й н а қ. Мен аралаған жерде, қарапайым жұрттың ықласы саған ауыпты, Шоқан.
Шоқан. Дәлелін,?
Ш о қ а н. Есіл бойындағы Андағұл-Ырсайдың екі сайлаушысы осылай қарай келе жатса, жолдағы ел ұстап ап, тасын саған салуға ауыздарынан ант алады.
Ш о қ а н (көңілденіп). Бұл жақсы хабар.
Ж а й н а қ. Мұндай хабарлар толып жатыр. Жарқайың, бойындағы Бағаналының, бір сайлаушысына жолдағы жұрт «тасыңды Шоқанға сал» десе, анау «Ерденге уәде беріп қойдым» деп көнбепті. Соны жолдағы Ақан-Борлықтың тұсында әлдекімдер сойылдап кетіпті.
Ш о қ а н. Иә, тағы? (Айжан кіреді. Шоқан оны қуанышты кескінмен иығынан ұстай ап, дөңгелетіп.) Сүйінші, Айжан, сүйінші!..
А й ж а н. Өзімнен бастап қалағаныңды ал, Қанаш!.. Тек, қуандырып ал!
Ш о қ а н. Мен сайланам, Айжан!.. Естимісің, сайланам, мен!
Ж а й н а қ. Сайланатыны рас!..
Ш о қ а н. Иә, иә!.. Осы қуаныштың құрметіне сүйші мені, Айым!.. (Сүйеді. Жақып кіреді.)
Жақып (кекетінді дауыспен). Сүйер көбейсін!.. (Бәрі оған қарай қалады.) Потанин досың келді. Әкең екеуі осында келе жатыр.
А й ж а н. Айтуға ұмытып кетіппін, Қанаш. Сыртта, саған келеміз деп біраз ақындар мен әншілер тұр еді.
Ж а қ ы п. Мен оларды қуып жібердім.
Ш о қ а н (ашуланып). Бұл не бейбастақтық? Кім берді саған ондай ерікті?
Шыңғыс пен Потанин кіреді. Потаниннің қолында ораған кітаптар. Жайнақ пен Айжан шығып кетеді.
Потанин. Сәлем, Шоқан!..
Шоқан (ашуға булыққан қалпымен Жақыпқа). Мен әлі сенімен сөйлесем!..
Потанин. Неменеге ашуланып тұрсың, достым, амандық-саулыққа келмей?
Шоқан. Сәлем, Гриша! Кешіре көр!.. (Жақыпты нұсқап.) Мына бір оңбағанның жыныма тигені!.. Маған біраз ақындар келген екен, қуып жіберіпті...
Шыңғыс. Оған несіне шаршап тұрсың, ұлым? Егер олармен кездесуден мүйіз шықса, ендігі қарағайдай боп кетер еді.
Ш о қ а н. Мұқыл екенімді қайдан білесіз, әке?
Ш ы ң ғ ы с. Онымен кемеліңе келіп отырмысың сен? Құдайдың зарын қылдым: сайлауға таласпа дедім. Болмадың. Таластың. Қарсы жағын, шапқылап ат үстінде жүр, ал сен жынын алдырған бақсыдай өлеңші, әншілерді жинап, үйіңде босқа сарнап отырсың. Айтшы, тапқаның не сонда?
Шоқан. Не таппадым? Сонау шкаф тола жиналған папкалардың ішіндегі халық жырлары ше?.. Ертегі, мақал, мотелдері ше?..
Ш ы ң ғ ы с. Неменеге керек олар? Егер одан байитын болса, ең алдымен, әрқайсысынан бір қапшығы табылатын ақындар байыр еді, қу домбырасынан басқа қолдарында несі бар?
Потанин. Олай демеңіз, Шыңғыс Уәлиевич. Ол надан кісінің айтатын сөзі. Сіздің аз да болса оқығаныңыз бар. Қазақта жазба әдебиет жоқ. Ауыз әдебиеті бай оның. Әдебиет — халық өмірінің айнасы. Ендеше, оны жинау — қымбат еңбек.
Ш ы ң ғ ы с. Мүмкін солай да шығар, Григорий Николаевич. Бірақ, күн керуді де ойлау керек қой. Біз — хан тұқымы малмен емес, бақпен күн көріп келе жатырмыз. Петерборға жүрерге дейін Шоқанның бағы аспанға ұшты. Одан да жоғарылап генерал боп келудің орнына патша мен министрлерге жақпай төмендеп қайтты.
Потанин. Төмендеген жоқ, Шыңғыс Уәлиевич. Петербургте ол орыстың оқымыстыларымен танысып, тапсырмалар алып қайтты, ғалымдығы танылып, география қоғамына мүше боп қайтты.
Ш ы ң ғ ы с. Ғылым жағынан өсуіне мен қарсы емеспін. Сол жолымен неге жүре бермейді? Әкімшілікке .неге ұмтылады?..
Ш о қ а н. Оның себептері бар. (Потанинге.) Әкем сөйлесуге де мұрша бермеді ғой. Иә, Гриша, қайдан жүрсің?
Потанин. Петербургтен. Қоғамның тапсыруымен Алтайға кетіп барам, одан Тибет жағына кетем. Мұнда әдейі бұрылдым. Амандық біліп жүздесе кеткім келді және (қолындағы орағанды ұсынып.) Семенов саған мақалаларың басылған мына журналдарды беріп жіберіп еді!,.
Ш о қ а н (алып). Рақмет, Гриша. Петр Петровичті өкпелетіп алғандықтан, байланысын үзді ме деп жүрсем, әлі ұмытқан жоқ екен ғой.
Потанин. Өкпе бір басқа, іс бір басқа емес пе, Шоқан. Оқымысты дүние сені жақсы көреді. Профессор Пыпин, профессор Бекетов, біздің жерлесіміз Менделеев саған жалынды сәлем айтуды өтінді. Сен жіберген материалдарға олар өте риза. Майков, Достоевский, Полонский саған төмендікпен сәлем айтты.
Ш о қ а н. Қуанышты хабарлар әкелгеніңе рақмет, Гриша.
Потанин (журналдарды көрсетіп). Мақалаларың қиындықпен басылды. Цензура біразына рұқсат бермеді. Кейбірін шимайлап, танымастай қып басты.
Ш о қ а н. Аракчеевтің белгілі әдісі ғой ол. Амал қанша, уақыт солай.
Ш ы ң ғ ы с. Мақала жайын қоя тұрайық, Сайлауға оралайық. (Потанинге.) Шоқан тілімді алмады, Григорий Николаевич, сөйтіп қазір жаман халде отыр.
Потанин. Не хал ол?
Ш ы ң ғ ы с. Сұлтанға шар салатын 39 сайлаушының бәрін Ерден бір үйге қамап қолында ұстап отыр.
Шоқан (сабырмен). Онымен де қоймай, «Шоқан тура Мұхаммет пайғамбардың езіне дұшпан» деген есек таратып жүр...
Ш ы ң ғ ы с (шошынып). Астапыралла, айта керме!..
Шоқан (қызыныңқырап). Онымен де қоймай, қаладағы приюттарға оқуға жіберген жетім балаларды Шоқан шоқындыруға жіберді деп те өсек таратады...
Ш ы ң ғ ы с (Потанинге). Оған айыпты өзі. Қой деген тілді алмай, Петербордан келе сала Омбы мен Қызылжардың приюттарына ауылдан көп жетім бала жөнелтті.
Ш о қ а н. Жетімдерді приютқа жіберу қалай, әке, базарға шығарып сату қалай?
Ш ы ң ы с. Кім сатыпты?
Ш о қ а и (Потанинге). Патша үкіметі 1808 жылы бір рет, 1835 жылы екінші рет қазақ, балаларын базарға шығарып сатуға заңмен рұқсат берді.
Ш ы ң ғ ы с. Ондай заңды мен естіген жоқпын.
Ш о қ а н (шкафына беттеп). Қай жылы, қай базарда қанша бала сатылған есебін айтып берейін.
П о т а н и н. Қажеті жоқ, Шоқан. Жолшыбай Қорған қаласында бала сатумен сауда қып жүрген қазақ саудагерлерін өзім де көрдім.
Шоқан. Естисің бе, әке? (Шыңғыс темен қарап үндемейді.) Сонда құлдыққа сатылатын балаларды приюттарға жіберсем, менің дұшпандарым «шоқындырады» деген өсек таратады, надан жұрт оған сенеді, түбінде солардан оқымыстылар, жазушылар, білімнің басқа өкілдері шығатынын білмейді. Қазақтың жаңа мәдениетінің олар алғашқы қарлығаштары.
Шыңғыс. Көрдіңіз бе, Григорий Николаевич, Шоқан жайында қандай өсектер жүргенін? Осындай адамды сұлтан-правитель сайлай ма?
Ш о қ а н. Мен әкеммен ұғысудан қалғам, Гриша.
Потанин. Мен сіздерді табыстырмақ болған едім!..
Шоқан. Табыса алмаймыз, Гриша. От пен су, күн мен түн қалай табысады.
Ж а қ ы п (ашулы дауыспен, әкесіне). Саған сол керек. Шоқан десе езеурейсің де тұрасың. Ол неғұрлым сені маңдайға тепсе, сен солғұрлым оған жабыса бересің. Алдың сыбағаңды!.. (Кетуге ыңғайланып.) Сен Шоқанға керексіз болғанмен, маған керексің. Арқалап жүріп асырасам да өлтірмеспін сені, кеттік!.. (Есікке беттейді.)
Шоқан (сүзіле қарап). Ерін-ай, шіркіннің!..
Ш ы ң ғ ы с. Барлық сырымды айттым, Григорий Николаевич. Досым деп айттым. Қалғанын өздерін, ақылдасыңдар!.. (Кетеді.)
Ш о қ а н. Әкемнің менен тілейтіні не сонда?
Потанин. Турасын айтқанда, сайлауға таласуды қойып, бұл арадан кеткеніңді тілейді.
Ш о қ а н. Одан ұтатыны не?
Потанин. Егер сайлауда құласаң, жау жағын, сен түгіл оған да күн көрсетпейді деп ойлайды.
Ш о қ а н. Сайлауға таласпасам оны істемейді деп ойлай ма?
Потанин. Әрине, солай ойлайды да.
Ш о қ а н. Босқа ойлау. Әкем бір нәрсені ұқпайды: қазақ даласы Россияның отары. Россияға көп патшаның керегі жоқ. Оған жалғыз ғана патша керек. Сондықтан да Романовтар Польшаның патшасы, Финляндияның королі, тағы тағылар.... өзгеге олар бұл үстемділігінің пұшпағын да қимайды...
Потанин. Ол рас қой, Шоқан. Көңіліңе алсаң да айтайын, сен де бір нәрсені ұқпайтын сияқтысың.
Ш о қ а н. Нені?
Потанин. Халқыңның сені сүйетіні рас және сайлау жасырын дауыспен өтетіндіктен, сенің шарды көп алуын, да мүмкін, бірақ, сені соңда бекітетін кім?
Шоқан (қалжыңды кескінмен). Кім болушы еді?.. Патша! Александр Николаевич Романов!..
Потанин. Оның бекітуіне сен сенемісің?
Ш о қ а н (салмақпен). Қалжың өз алдына, Гриша. Қалжыңсыз айтқанда, «патша» дегеннің кім екенін мен білемін. Бүкіл Россияда тізгінсіз монархия үкімін жүргізіп тұрғанда алақанның аясындай Көкшетауда демократиялық тәртіп болмауына көзім жетеді. Үкіметтің мені бекітпейтінін де ұғам.
Потанин. Ендеше, неге ұсындың кандидатураңды?
Ш о қ а н. Халықтың күшін көрейін деп, сыйлайтын адамын қаншалық қолдай алатынын білейін деп. Халықтың ондай қуаты барына қазір көзім жетті...
Потанин. Солай-ақ болсын дейік, сонда үкіметтің өзіңді бекітпесін біле тұра халықты неге әурешілікке саласың?
Ш о қ а н. Патша үкіметінің не екеніне көзі жетсін деп... (Газеттер мен журналдарды құшақтап Жайнақ кіреді.)
Ж а й н а қ. Почта!.. Жаңа келді...
Шоқан (қуанып, қарсы алып). Газеттер... журналдар... Петербургтен... Москвадан!..
Ж а й н а қ (төрге тастап). Бұл қағаз дегенің зілдей болады екен ғой!.. Әрең көтердім ғой!..
Потанин, Шоқан (кезек қарасып). «Петербургский вестник», «Русское богатство», «Исторический вестник», «Московские ведомости», «Русский инвалид», «Современник», «Вокруг света» (Шоқан бір газетке үңіледі, шошынған кескін көрсетеді.)
П о т а н и н. Не жазған онда? (Шоқан газетті тастайды да, басын ұстап сілейе қалады. Потанин газетті қарап, қайғылы кескінмен.) Чернышевский абақтыға алынған!..
Ш о қ а н. Россияның, ар-намысы, ақыл-санасы!
Ш ы м ы л д ы қ
СЕГІЗІНШІ КАРТИНА
Сахна жетінші картинадағы қалпында. Тек Шоқанның шатыры ғана жоқ. Әрірек ақ үйлердің төбесі көрінеді. Сахнаның орта белін орай арқан тартылған, оның бержағында урядник жүр. Сахнаның бар шетінен Жақып шығады да, әлдекімге қолын бұлғайды, екінші жағынан Сұлтанғазы жүгіріп шығып, Жақыпқа келеді. Екеуі сахна босағасына тұрып сөйлеседі.
Ж а қ ы п (мазасыз бейнемен). Ал, қалай, Сұлтанғазы?
С ұ л т а н ғ а з ы. Жүрегім сыздай отыра, өтінішіңді орындауға тура келді. Малтабар Айжанды әкететін болды.
Жақып (толқи түсіп). Осы ниеттен қайтсақ қайтеді, Сұлтанғазы?
Сұлтанғазы. Қалай?
Ж а қ ы п. Шоқан Айжанды жақсы көреді ғой. Одан айырылуының арты қайғылы халге ұшырап кетпес пе екен?
С ұ л т а н ғ а з ы. Міне қызық! Өзің емеспісің, мені бұған жұмсаған?..
Ж а қ ы п. Ол рас қой, бірақ...
Сұлтанғазы. Бұрын ойлау керек еді оны, енді кешіктік. Басқа істейтін амал жоқ. (Ал пауза, Жақып үндемейді.) Онсыз да біз Аблай тұқымы тұйыққа қамалған жоқпыз ба? Шоқан мұны, әрине, ауырлайды. Бізге де жеңіл болмайды. Бірақ, амал қанша. Көп жарадан бір жара жеңіл емес пе? Егер Малтабарды Ерденнен бөлмесек, біз түгіл, ол үрімбұтақ, зәу-зәтімізге күн көрсетпейді.
Ж а қ ы п. Малтабар сөзінде тұра ма, сонда?
Сұлтанғазы. Қолына құран алып ант берді. Айжанды алса, не дегеніңді істейді. Осыған белді байлау керек, Жақып!..
Ж а қ ы п. Не істеуге білмей, басым дал болды-ау, тәңірім-ай!
Сұлтанғазы. Әкең мен шешен, біле ме мұны?
Ж а қ ы п (шошынып). Не деп тұрсың,? Масқара емес пе, мұны білсе. Олар бұған ешуақытта ризаласпайды. Бел бусақ, оларға сездірмейміз.
Сұлтанғазы. Жақсы. (Жалбарынып.) Ал енді, осыған көнейік, Жақып, өнер мал, өсер бастың көз жасы үшін кенейік?
Ж а қ ы п. Шоқанды күйретпеу міндетін өзің аласың онда!..
Көпшілік (тарамай). Ақырма, айғайлама!..
Урядник (ызаланып). Ой, хайуандар-ай!.. (Ақ үйлер жаққа кетеді.)
I - а д а м. Сайлау бүгін болады деді ғой?
II - а д а м. Иә, бүгін жариялайды деген,
III- адам. Сайлаушыларды параға тойғызған кісі сайланса, Ерден сайланады. Халық сүйген кісіні сайласа, рет Шоқандікі.
IV - а д а м. Ерден сайланса сорымыздың қайнағаны да. Ол терімізді тірідей сойып алар.
I - а д а м. Бақытымызға Шоқан сайлансын деп тілесеңдерші!
II - адам. Кім біледі!.. Күш ақшада болып тұр ғой... Ерден барлық сайлаушыларды қамап ұстап отыр деп естідім. Өз сөзін сөйлетпей қойды деймісің.
III - адам. Олай болғанда, Шоқанның бұл маңайдан кеткені жөн еді-ау!..
К ө п ш і л і к. Неге?
ІІІ- адам. Ерден жағы оны сабауға жиналып жүр деп естідім.
К ө п ш і л і к (ашуланып). Оны істей алмас.
— Істеймін десе, бұл арадан тірі де кетпес.
— Қамшының астында тозар.
Сұлтанғазы. Болсын!.. (Екіге айрылады. жақтан жобалғы, жыртық киінген әйел, еркектер бастайды.)
Урядник (қамшы бұлғап). Қайда барасыңдар,
— Әкесінің көріне тығармыз...
Асыға басып Сұлтанғазы мен Ерден кіреді.
Е р д е н. Бұл не шу?.. Тараңдар!..
К ө п ш і л і к. Неге тараймыз?..— Сайлауды көреміз.
Е р д е н. Тараңдар дедім ғой, мен сендерге!.. (Төніп )... Қамшы жегілерің келе ме?..
К ө п ш і л і к. Қол қатып көр!..
Кімді кім ұрар екен...
Ерден шегіншектей береді.
Сұлтанғазы. Начальниктер келеді қазір,. Тараңдар!
Көпшілік. Келсін.
— Олар бізді көрсін, біз оларды көрейік...
Сұлтанғазы. Тыңдамасаңдар мылтық жұмсайды.
К ө п ш і л і к. Қорқытпа, өйдеп...
— Бәрімізді қырмас...
— Шыдаймыз...
Ақ үй жақтан пристав және полицейскийлер көрінеді.
П р и с т а в (Ерден мен Сұлтанғазыға). Әлі тұр ма бұлар? Неге тарамайды?:.
Полицейскийлер қумақ болады. Көпшілік кетпейді, Шоқан кіреді.
К ө п ш і л і к. Шоқан келді! Шоқан!.. Шоқан (қолын көтеріп). Тиышталыңыздар!.. Шу басылады.)
Сұлтанғазы (Шоқанға көпшілікті көрсетіп). Мыналар масқара қылды ғой бізді!..
Ш о қ а н. Не істеді олар?
С ұ л т а н ғ а з ы. Қуғанға кетпейді.
К ө п ш і л і к. Неге кетеміз?
— Сайлауды көреміз...
П р и с т а в. Господин ротмистр, олар тыңдайды сізді, кетіріңіз!..
Ш о қ а н. Өйтуге күшім жетпейді, господин пристав.
Пристав. Неге?
Ш о қ а н. Жер бұлардікі. Өз жерінен ешкім қуа алмайды.
П р и с т а в. Қазір генерал келеді.
Шоқан. Келсін. Генералды бұлар да көрсін!.. (Ашулы пристав ақ үйлер жаққа кетеді, Ерден ере кетеді.)
Сұлтанғазы. Бұларды тарату керек, Шоқан, ұят болар.
Ш о қ а н (кейіп). Саған.ұят қайдан келді?
С ұ л т а н ғ а з ы. Кінәласудың орны бұл емес, Шоқан.
Шоқан. Енді қайда? Кәне, өтірік деші, мына жұрттың алдында! Досым, туысым боп жүріп, мені неше рет саттың? Мақсатың не сонда? Қара басыңның бағын көздеп осынша опасыздық көрсетуге жүзін, қалай шыдады, қара жүз!
К ө п ш і л і к (Сұлтанғазыға төніп). Осы ма сол?
— О, жауыз!..
— О, арамза!..
— О, арсыз!..
Ақ үй жақтан музыкалатып офицер бастаған қазақ-орыс отряды көрінеді.
Сұлтанғазы (Шоқанға). Кімге кімнің қарсыласқанын көр енді.
Ш о қ а н. Ештеңе етпес. Бүкіл жұртты қырмас.
К ө п ш і л і к. Қырам десе, біз де қарап тұрмаспыз...
Шоқан (халыққа). Шуламай, тиыштық сақтап тұрыңыздар!
Отряд жақындайды да, екіге жарылып, көпшілікті сырады, ақ үй жақтан толық формасында Фридерикс, оның артында сайлаудың екі урнасын көтеріп полицеискийлер көрінеді.
Сұлтанғазы (Фридериксті қарсы алып). Ваше высоко...
Фридерикс (кейіп). Қоя тұрыңыз!.. (Полицейскийлер урнаны жерге қояды. Фридерикс приставка). Қазақтарды шақырыңыз!..
Екі полицейский екі жаққа жұмсалады. Сыртта ат дүбірі Және қоңырау естіледі... Асығып Алмазов кіреді.
Алмазов (Фридерикске). Батыс-Сібірдің генерал-губернаторы его превосходительство генерал-лейтенант Гасфорт келгенін мәлімдеуге рұқсат етіңіз, Ваше превосходительство.
Бір жақтан иығы салбыраған Шыңғыс, оған ере Жақып және Зейнеп шығады да, Шоқанға жақындайды, екінші жақтан еңсесі көтеріңкі Ерден тобы шығады. Адъютантымен Гасфорт кіреді.
Фридерикс (рапорт бермек боп). Сайлау аяқталды, ваше превосходительство...
Гасфорт. Қорытындысы қалай болды?
Фридерикс. Көкшетау округінің, сайлауы, 1822 жылы, Сібір қазақтарын уақытша басқару туралы белгілеген ережеге сәйкес етті. Екі адамға шар салынды. (Нұсқап.) Ерден Сандыбаевқа. (Ерден тәжім етеді.) Шоқан Уәлихановқа. (Ол да тәжім етеді.) Сайлаушылар саны 39. Шар салуда. жоғарғы ережеге сәйкес өткізілді. Урнаны ашуға рұқсат етіңіз!..
Гасфорт. Аштырыңыз.
Фридерикс (Сұлтанғазыға). Ерден Сандыбаевтың риясын ашып, шарын санаңыз! (Сұлтанғазы ашып санайды да, сұрлана қалады.) Нешеу?
Сұлтанғазы. Барлығы 14, Ваше превосходительство.
Гасфорт, Фридерикс және Ерден жағы мұңайып қалады. Шоқан жағының еңсесі көтеріле бастайды.
Фридерикс (Сұлтанғазыға.) Екінші урнаны ашыңыз!
Сұлтанғазы (ашып, санап, мұңайып). 25, Ваше превосходительство.
Көпшілік (ду етіп). Шоқан сайланды, Шоқан!.. ( Қоршай бастайды.)
— Құтты болсын, Шоқан.
— Қайырлы болсын.
— Бақытты бол.
— Ұзағынан сүйіндірсін.
Зейнеп (қолын көкке көтеріп, жылап жіберіп). Жасаған, ризамын!.. Қазір алсаң да бейілмін, жасаған!.. (Шоқанды құшақтайды.)
Ш ы ң ғ ы с. Мен де шын жүректен қуанам, ұлым. Құтты болсын!.. (Бетінен сүйеді. Сұлтанғазы мен Жақып сазарып үндемейді.)
Ш о қ а н. Рақмет, әке. (Көпке.) Рақмет, халқым!.. Ризамын!..
Гасфорт. Сіз әлі сайланған жоқсыз... господин Уәлиханов!
Шоқан. Неге?
К ө п ш і л і к. Не дейді?
— Неге сайланбайды?!.
Гасфорт. Россия императорының бұл арадағы тірегі мен екенім естеріңізде болсын. Патшаның маған берген праволарына сүйеніп, бұл сайлауды таратам!..
Шоқан. Күш, әрине, сізде, Ваше превосходительство. Бірақ, заңсыздық қой, мұныңыз!..
К ө п ш і л і к. Заңсыздық.
— Бассыздық!..
Гасфорт (ақырып). Заңсыздықты мен әлі көрсетем; сендерге, далалық азиаттар! (Фридерикске.). Сайлау қайтадан жүргізілгенше Көкшетау Округінің сұлтан-правительдігіне, (Ерденді нұсқап.) мен уақытша мына қазақты тағайындаймын!..
Е р д е н (құлдық ұрып). Құлдық, тақсыр, құлдық!
Гасфорт (Фридерикске). Сайлауды жабыңыз да, материалдарын алып жүріңіз!.. (Гасфорт жағы жөнеле береді.)
К ө п ш і л і к. Мұндай да сұмдық болады екен той!..
— Масқара ғой мынау!..
— Бассыздық қой!..
Шоқан. Тоқта халқым! (Шу тоқтайды.) Сіздер елдегі әкімдерден көрген қорлық-зомбылыққа қынжыласыздар!.. Міне, қайда, зорлықтың басы!..
Киімдері жыртылған, басынан қан аққан Жайнақ үрейі кеткен кескінмен жүгіре басып кіріп келеді. Шоқан да, өзгелері де шошына қалады.
Ш о қ а н. Не болды, Жайнақ?!.
Жайнақ (жыламсыраған, дірілдеген дауыспен). Құдай шынымен ұрды!.. Малтабар қалың қол жинап әкеп, мені, қарсылық білдірген ауыл адамдарын соққыға жығып, Айжанды тартып әкетті!.. (Жақып пен Сұлтанғазы шығып кетеді.)
Ш о қ а н (бар даусымен). Не дейді?!..
Зейнеп (жылап). Құдай-ау, не сұмдық еді мынау!.. (Шоқанды құшақтайды.)
Көпшілік. Мұндай да масқара болады екен ғой!..
Шоқан (не істеуге білмеген кескінмен, жан-жағына қарап ап, тұнжырап тұрған әкесіне). Әке, сен бе мұны істеген?
Ш ы ң ғ ы с. Шоқанжан-ай, ай, емеспін, адаммын ғой мен!.. Әкемін ғой! Неге істеймін ондай сұмдықты!.. (Қолын көкке жайып.) О, жасаған, егер бар болсаң, бар зұлымдықты жасаған кісіні ат!..
Ж а й н а қ. Жақып пен Сұлтанғазы ғой мұны істеген!.. Айтпадым ба мен саған, олардан сақтан деп?..
Шоқан (қалтасына қолын сала беріп жан-жағын көзімен тесе қарап ап). Жытқан екен ғой, сұмдар!.. Табан аузында атып өлтіретін ем, мен оларды. (Ширап.) Бәрібір табам, мен оларды!.. Айжанды да табам!..
К ө п ш і л і к. Табамыз!.. (Жөнеле береді.)
Ш ы м ы л д ы қ
ТОҒЫЗЫНШЫ КАРТИНА
Эпилог
Сахна жетінші картинадағы қалпында. Шымылдық ашылар алдында оркестр «Қарақасқа атты Қамбар» күйін ойнайды. Шымылдық ашылғанда аса жүдеу Шоқан шатырдың төріндегі төсекте жеңіл пижамамен ұйықтап жатыр, қасында қайғылы кескінмен Зейнеп отыр. Ақырын басып Жайнақ кіреді.
Зейнеп (ақырын дауыспен). Жайша ма, Жайнақ?
Ж а й н а қ (берірек кел дегендей Зейнепке ымдайды. Зейнеп түрегеп жақындайды.) Бір топ жігіттер мен қыздар келіп тұр.
Зейнеп. Қайдағы?
Ж а й н а қ. Шоқан біраз жетімдерді приютқа жіберіп еді ғой, солармыз дейді...
Зейнеп (таңданып). Не дейді, жаным^ау!.. Кісі сияқты болып кеп пе, кәдімгі?
Жайнақ. Кісің не, Әя-апа-ау!.. Бәрі де қалаша әдемі киініп апты!.. Бәрінің де таққаны Жылтырауық түймелер!.. Әрқайсысы Шоқан сияқтанған бір маңғаз!..
Зейнеп (жыламсыраған дауыспен.) Қанашжанның егіп шығарған жемісі ғой ол. Көрсе қуанышы қойнына сыймас!..
Ж а й н а қ. Шоқанды іздеп кепті өздері...
Шоқан (ұйқысырап). Айжан... кел, Айжан!.. (Зейнеп пен Жайнақ жалт қарап тына қалысады. Шоқан құшақ жайып. Кел, құшағыма! Басын көтере береді... Зейнеп құшақтай алады, Жайнақ та төніп келеді.)
Зейнеп. Немене, Қанашжан?
Шоқан (көзін уқалап ауыр жөтеліп ап). Өңім екен десем, түсім екен ғой, апа!.. Мен Айыртаудың көлге төне біткен шыңының биігінде тұр екем деймін.. Айжан төмендегі көлге шомылып... ұят та болса айтайын, апа... Судан кеудесінен жоғары жалаңаш шығып келеді екен деймін...
Зейнеп. Сырқатыңның иесі ғой, ол Қанашжан; әйел боп жүреді дейтін ол!..
Ш о қ а н (демін ауыр ап). Иә, апа, бұлайша меңдеп ауруға себеп болған, Айжан. Онымен бірге рахат өмір сүргенде, мен мұнша құлдырай жығылмайтын ем... (Жайнақ қа.) Биік шыңның басынан көлге құлады деген сөз рас па екен, Жайнақ?
Ж а й н а қ. Өткенге өкінгенмен қайтпайды ғой, достым. Енді несін жасырайын, келер жылы толқын айдап шыққан денесін мына Әя-апам боп... (Зейнеп үрейлене ғап, Жайнаққа «айтпа» дегендей ымдайды.)
Ш о қ а н (оны сезіп қап, сабырлы кескінмен). Айта бер, Жайнақ, айта бер!..
Ж а й н а қ (күрсініп ап). Сонымен, Әя-апам боп, ел-жұрт боп, таза арулап көмдік.
Ш о қ а н. Тегі ол, өткен көктемде болған іс қой деймін.
Жайнақ. Дәл солай. Оны қайдан білдік, Шоқан-ау?!.
Ш о қ а н. Аржағында қабақтарыңнан қар жауып жүрген апам екеуіңнің, сол кезде кескіндерің, жадырай қалған еді. «Неге бұлай?» деп ойлаған едім, бақсам, сол екен ғой...
Зейнеп. Қабағымыздың ол кезде жадырағаны рас, Қанашжан. Өйтпегенде ше!.. Сенің, «бір» деп білегіңнен, «екі» деп етегіңнен ұстаған бақытсыз бейшара, қасқыр әкеткен лақтай, зорлықпен зарланып кете барды ғой... Содан жоғалды... Ел боп, өзің боп, іздеп таба алмадық... Біреулер: «көнбеген соң Малтабар өлтіріп тыға салған ғой» деп жорысты... Сөйтіп жүргенімде, «биік жартастан суға құлапты» деген қауесет шықты... Ақыры табылды бейшара!.. Суға кеткені рас екен... Күздігүні жоғалды ғой ол. Қыстай су астында жатқандықтан ба екен, денесі бүлінбепті. Тегі, жанталасқанда малтып шығармын деп қауіптенген ғой деймін, екі қолын артына байлап құлапты...
Жайнақ. Қорлықта жүргеннен, өлгені де жақсы болған.
Ш о қ а н. Әрине... Қор болуға емес, бақытқа лайық жаралған адам еді ол; қорлықта жүруден өлуі, әлдеқайда зор бақыт!..
Жайнақ (сергіп). Қайғыны сөз қыламыз деп, қуанышымды ұмытып кетіппін ғой, Шоқан!.. Шүйінші!..
Ш о қ а н (елеңдеп). Иә?..
Ж а й н а қ. Сыртта, көлдің жағасында саған жолығамыз деп бірталай қыз-бозбала отыр.
Шоқан. Қайдан келген?
Жайнақ Қайсысының атын біле берем мен орыс қалаларының... Петербор дей ме, Кетрампор дей ме, Омбы дей ме, әйтеуір әр қалада орысша оқып жүрген қазақтың ұлдары мен қыздарымыз дейді!.. Ана жылғы сен жинап жіберетін жетім балалар көрінеді...
Шоқан (қуанып). Не дейді, жаным-ау?!..
Ж а й н а қ. Сені әдейі іздеп кепті, амандасамыз деп... Ұйқылы-ояуын біліп келейін деп, кел жағасына қалдырып кеттім.
Шоқан. Шақыр тез!..
Жайнақ (жөнеле беріп, қайта оралып). Қуанғанда да берекесі кетеді екен ғой адамның,!.. Тағы бір қызығымды айтпай кетіп барады екем ғой...
Ш о қ а н, 3 е й н е п. Ие?!..
Ж а й н а қ. Катерина келді?!..
Ш о қ а н (қуанышты бар даусымен). Не дейді?!.. Зейнеп. Қайдағы Катерина?
Ш о қ а н. Баяғы, Омбыдағы генерал-губернатордың, өздерін, маған үйлендірем деген жиені!
Зейнеп. (ұнатпай). Ол пәлесі қайдан кеп қап еді тағы.
Шоқан. Пәле емес ол, апа!.. Менің жандан досым... Өте жақсы болды, келгені!.. (Тұрмақ боп.) Мен оны қарсы алам, апа! (Тұруға әлі келмейді.)
Зейнеп. Шаршамашы, құлыным!.. (Жайнаққа.) Бар, шақыр!..
Жайнақ (жөнеле беріп). Қасында сақалды біреуі тағы бар.
Зейнеп. Барсайшы тез, бәрін түптемей!.. Шақырып кел?.. (Жайнақ жүгіре басып шығып кетеді.)
Ш о қ а н. Қандай жақсы, апа!.. Жылға жақын бойымды басқан сырқат айығып кеткендей болды ғой!..
Зейнеп. Ауызың періштенің ауызы болсын, құлыным!.. Сырқаттың меңдеуі де, айығуы да көңілден дейтін ең ғой өзің. Еншалла жазыларсың енді...
Шоқан. Қазақтың, қараңғы даласына келіп, көзсіз тұңғиықтан тұншығып бара жатыр едім, апа, оқуға жіберген балаларымның кісі боп келуі, қараңғылықтың пердесін жыртқандай, әлсіз болса да кен, далаға сәуле түсіргендей болды-ау!.. Бұған сергімегенде, неменеге сергимін енді?..
Зейнеп (жылап). О, жасаған, қабылдай гөр, тілекті!.. Сауықтыра көр Қанашжанды!..
Ш о қ а н. Апа, мені сүйемелдеймісің, шынында түрегелгім кеп тұр.
Зейнеп. (толқып). Қайдам, күнім, күшіңе тимесе...
Ш о қ а н. Рас айтам, апа. Бойыма әл кірген сияқты, сүйемелде мені!..
Зейнептің сүйеуімен Шоқан көтеріле бастайды. Сырттан: гимназия, семинария, тағы басқа школалардың формасын киген бір топ қыз бен жігітті, Катеринаны, қолында бумасы бар Семеновты бастап Жайнақ кіреді. Шоқанды Зейнеп сүйеп тұрғызғанша, олар шатырға кіре береді.
Ш о қ а н (құшақ жайып). Катерина!..
К а т е р и н а. Шоқан!.. (Катерина құшақтаймын; легенде, Шоқан қулап түседі. Зейнеп пен Катерина оны құшақтай отыра қалады. Өзгелері қорыққан бейнемен қарай қалысады. Катерина үрейлі кескінмен.) Шоқан!..
Зейнеп (зәресі кеткен бейнемен, басын құшақтап). Құлыным-ау, не боп барасың!..
Семенов (үрейленген кескінмен Шоқанның тамырын ұстап). Ол енді дүниеде жоқ!.. (Ол да, оқушылар да қайғылы кескінмен бөріктерін алады. Зейнеп пен Катерина Шоқанның басын, Жайнақ денесін құшақтап, жылап жата қалысады. Семенов зрительге қарап.) Халқының бақытын көздеді ол. Бірақ, бақытты болғанын ол көре алмай кетті. (Қолындағы буманы көтеріп.) Мына бума, оның шығармалар жинағы. Бұны да ол кере алмай кетті. Бірақ оны, бұл кітаптар арқылы халық көреді, бүгінгі ғана емес, болашақтағы ұрпақтар көреді!
Катерина (кенет сергіп, тез түрегеп). Иә, оның аты халқының тарихына алтынмен мәңгі жазылады. (Оқушыларға.) Шоқаннан қалған ұшқын сіздер деп білем мен, ол түскен жолды кеңітулеріңізге, ол жаққан шырақты лаулатуларыңызға сенем мен!..
Б і р о қ у ш ы. Құрметті Шоқан аға, сен түскен жолдан таймауға аруағыңның алдында ант етеміз!
Б ә р і. Біз де ант етеміз!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі