Новелла
Осыдан он бес жыл бұрын Оңтүстік Қазақстанның кішкентай қыстағында коммунист Бердәлі қаза тапты.
Ашыққан халыққа арналған азық-түлікті қорғап тұрғанда оны басмашылар ауыр жаралап кетті. Ол менің ағамның үйінде жатты. Білер алдында ол:
— Мен бақыттымын. Ризамын өлімге! — деді өміріне езу тартып күлуді білмеген, жылы сөз естімеген сұсты, қатыгез адамның жүзіне шаттық күліп ойнап қайтыс болды. Оның ақырғы сөзін бүкіл қыстақ есітті.
Өлген адамның бақытын ешкім біле алмады. Бақыт елімді жоққа шығарады, ал елім әрқашан да бақытсыздық. Ал Бердәлінің бақыты болған елімнің сыры түсініксіз. Өлім — әр уақыт қорқыныш. Өлімнен сескенбей езу тарту, оны құптай қабылдау — жұрттың бәріне үшеуі табылмас жұмбақ сияқты. Бұл ертеде болған. Бұл 1920 жылы болып еді. Онда мен жетіде едім.
Содан бері мен талай рет бақытпен кездестім. Ол менің қолымда болды. Мен онымен Нева проспектісінде енді серуендедім, Қарағанды даласында да қолтықтасып бірге жүрдім. Керек десең: менің өмірімнің өзі бақыт. Нұрға бөленген жасыл қалада шешек атқан көктемгі қызғалдақтай, керемет дәуірде өсіп тәрбиелендім. Мен болашақ ұрыстар мен ұлы жеңістер үшін большевиктер партиясы аялап өсірген, ауырмен шыңдаған ұрпақтың өкілі едім.
Біз аштық, жоқтық дегенді білмей есіттік. Бізде тек қана үш есім: бастаушы, жіберілген деген үш ат қана болды. Біз бақыт шыңына шабуыл жасадық. Бұл бақыт үшін, халық бақыты үшін біз елуге дайын болдық.
Міне, өлген Бердәлінің бақытын мен сонда ғана түсіндім.
Мен баяғыда жау қолынан қаза тапқан қатыгез адамға деген махаббат пен құрметті ұзақ уақыт жүрегімде сақтадым. Ол әрқашан да менің жанымда болды. Тіптен жақын болды. Ол барлық жақын адамдардан да жақын болды, өйткені ол менің жүрегімде жүрді.
Менің өмірім мен бақытым үшін, менің Отанымның жастығы мен көктемі үшін қаза тапқан, жүзіне шаттық күлкі ойнап өлген адам туралы мен әңгіме жазбақ болдым. Бұл ниет Алматыда да, Қарағандыда да, Ленинградта да менің ойымды билеп, жүрегімді толқытып жүрді.
Ленинградта мен ауырып қалдым. Мені aypуxaнаға салды. Ыстығым қырық градус болды. Күн сайын менің хәлім ауырлай берді. Сонда мен Бердәлiнiң бақыты туралы жаза бастадым.
— Ғажап! — дейді науқастар. — Төрінен көрі жақын, сонда да ұзақты күнге жазуын бір қоймайды!
Шынында, елім маған алара қарап, төне түскен еді. Ол мені алмақ болды, бірақ мен бақытты ойладым. Ол бақыт маған төніп де көрінді. Бақыт маған өткен күндер мен азабы мол аурулардың арасынан қарайды, сүйген жарымның мөлдіреген бота көзіндей жасқана да күлімдей қарайды.
Сол шақта елім қорқынышы екенін, оның орнына Бердәлінің бақыты, менің және менің Отанымдағы мен сияқтылардың бақыты орнайды. Бақыт жақындай түскен сайын өмір сағымы сейіліп, көгерген дала, көркейген қала көрінеді көзіме.
Мен новелла жаздым; ол новеллам қаза тапқа. Коммунистің бақыты туралы болды. Ол новеллам? Өмірдің көркемдігін жырлады, бұл өмір үшін өмірдің де көркем екендігін жырлады.
Мен табылмастан бір мәселеге тап болдым: ол — өмір сүру, өлмеу тілеп еді. Осынын өзі керемет емес пе, ойлаңыздаршы! Менің бас қатырған мәселемді жай бір уақиға — шалдың өлімі шешіліп берді. Сөйтіп, мен осы «Мәңгілік өмір» атты новелламды жаздым.
Бұл — тарих білмеген әдемі елім еді. Ол елімнің әдемі болатын себебі — ол Отанға деген махаббат пен берілгендіктің ең айқын көрінісі болды.
Менімен бірге бір палатада бір шал жатты. Оның аты Мирон Андреевич еді. Жасы — жетпісте. Ақ көңіл, жайдары адам еді, өзінің басынан кешкендерін жырдай қылып айтатын.
Бір ай өткесін қарт бұйығып, сөйлеуін қойып алды. Дәмге берді. Мүлдем төсек тартып жатып алды. Көзін тас жұмып жатуды да шығарды. Ол терең ойға шомып, қиял құсына мініп, дүниені шарлап жүргендей болып көрінді бізге. Күн сайын әлсірей берді. Санаулы күн қалғаны бәрімізге аян болды.
Бір күні ол:
— Менің санаулы күнім қалды. Ал жарқыраған жарық күн, жайраңдаған жаңа өмір менің дәм-тұзым таусылған күннен басталды... Бұл — мейірімсіздік — деді.
Содан кейін ол тынышсыздана берді. Сарнауды шығарды, сандырақтай бастады, біреуді қарғап — ciлеп жатты. Бір күні:
— Сен лағынат — деп айғайлап сөйлей жөнелді — көне заманғы қара түнек Бамиан қаласына түнегенімде келмедің, сен лағынат, Ақсақ — Темір заманындағы Гератқа көтерілгенде, Үнді алыбында жаяу-жалпы жүгіріп, кактус пен пальма тоғайларының көлеңкесінде ұйықтағанда келмедің. Сен лағынат, қызыл теңізді кешіп, Ассурия тауларынан асып сандалғанда, ұлы жыландары құмырсқадан да көп Бразилияның тропикалық ормандарын шарлағанда келмедің. Мен Эльзаста болғам, Берлиннің астындағы ураларды қазғам, мен Нью-Йорктің көкке өрілген үйлерін салғам, Париждің бульварында аш бұралып жүргем. Харбинде ат орнына арбаға жегіліп тасығам, сонда келмедің, сен лағынат — елім. Ал енді мен бақытқа кездестім, шын Адам болған уағымда: «Жетер енді тоқтат» дейсің, сен лағынат. Қалай мен өзімнің тұрған жеріммен, өзімнің бақытыммен біржола қош айтыспақпын?.. Айтшы, айтшы, сен лағынат?..
Мирон Андреевич екі иығынан ентіге демалып алып, көзін ашты. Келесі күні қарт маған «Совет өмірінің кезекті міндеттерін» оқытты.
Ол өзінің ақырғы бар күшін жинап, беріле тыңдады, бар арманы — халықтың бақыты мен қуанышының қайнар бұлағы болған көсем сөзінің ерекшеліктерін жанымен ұру, аштарға — тамақ, жалаңашқа — киім, мұңдыға — бақыт, өлуліге — өмір болған ұлы көсемнің жалынды да жігерлі сөздеріне, егер мүмкін болса, егер араны тоймаған ажал аялдаса, мәңгі есіңнен кетпестей жаралы жүрегіңнен орын беруге тырысты.
Ол — өте қызық шал еді. Ол шыншыл, адал жан еді. Шығыстың бір данасы: «Шыншылдық пен адалдық зиянға айналады, егер де оны зұлымдық қоршаса» — деді. Мүмкін, оның бақыт іздеп бөтен өлкелерді шарлауына осы себеп болған шығар.
Мирон Андреевич өзінің тынымсыз ойын өзгеден жасырмайтын адамның бірі еді.
Мынадай бір уақиға болды.
Бір күні, түнгі сағат екіде, мен өзімнің достарымды қуана есіме түсіріп жатқанымда, шал басын көтеріп алып:
— Сен ұйықтаған жоқсың ба? — деп сыбырлай сұрады.
— Жоқ.
— Тыңда, ендеше, мүмкін, сен мені қорқақ, елімнен қорқады деп ойлайтын шығарсың? Жоқ, сен қателесесің. Егер есіңде айтсам — мен асарымды асап, жасарымды жасадым, ал жаңаша айтсам — өмір сүргем, өмір сүргім келеді. Жоқ, мен қоян жүрек қорқақ емеспін, 1918 жылы менің үйімде ағамның, танысы, көрнекті большевик жасырынды. Бір күні менің үйіме қаруланған бір топ адам баса-көктеп кіріп келді, тіптен бастады. Большевикті таба алмады. Дәл осы кезде ол үйде болмап еді. Оның орнына мені алып кетті. Түрмеге жапты, он бес күндей азапқа салды, ұрды, саусақтарымды сындырды, құлағымды кесті. Мен өлімнен тайсалмадым. «Өлгендер, бірақ мен оны білмеймін» — дедім. Байқайсыз ба, мен қорқақ емеспін, елімге қарсы жүрдім. Құрбандық болсам, ол бақытты елім болған болар еді. Мүмкін, осы сияқты батыл, бақытты өлімдер біздің бүгінгі керемет елде өмір сүруімізге себебі болған шығар. Кіммен өмір сүргісі келсе, біздің елде өмір сүргісі келмес дейсің!
Қарт тына қалды. Біраздан кейін өзімен-өзі әңгімелестік:
— Үйтседе, мен үмітсіз емеспін. Дегенмен мен бүгін өлмеймін...
Қарт ажалды жеңетін әйтеуір бір үлкен іске, күн шыққан соң шам жарығының мәні болмай қалатыны сияқты, елім дегенді мен атаулыдан жұрдай қылатын керемет бір нәрсені күткендей болып жатты.
Мүмкін, ол ештеңе де күтпеген шығар, тап келген ажалдан алып қалмаса да, суға кетті, бара жатқан адамдай тал қармаған шығар, араны тоймаған ажал алдында бас имей, адамзат бақытының шыңына көтеріп, содан адам баласының кетіп бара жатқан жарқын болашағын, оның өмірі мен ұлылығын көзімен көруге құмартқан шығар. Оның бар арманы, бар қиялы адамзат бақыты үшін қаза тапқандар мен күресіп жатқандарды ардактап, бүкіл әлемге жария етіп тұрған ұлы заманның алып симфониясын тыңдау болар. Осы адам, осы шал өзі жайқалған жасыл бақтай мәңгі-бақи жайнай түсуді және ұлы көсемінің шақыруы бойынша оның миллиондаған халқы өзінің ерттеулі атындай боп кеткен caмoлeттepiнe мініп, аспанға көтеріліп, қалың қара бұлттай боп жауының төбесінен түнеріп күнін түнге айналдырып, қара жамылдырғанын көрсем деген ниетте болар.
Мирон Андреевич ақтық демі таусылуға айналды. Ол тамақ ішпеді, сөйлемеді. Ол ауық-ауық талып қалады, сандырақтауын күшейтті. Ол бізді танудан да қала бастады, кейде, басын көтеріп алып бізге нұры кеткен жансыз көзімен сұстана қарайды, ол қасында отырған бізді адам емес, шағайын деп жақындап келе жатқан у жылан ғой дегендей қарайды.
— Мирон Андреевич! — дейміз біз, бірақ ол үн қатпайды.
Бұл — ноябрьдің суық күндерінің бірі болды. Стахановшылардың слетінде еңбек адамын еркелете сөйлеген жылы сөздер бүкіл елімізге, аспан әлеміне көтеріліп келе жатқан күн шұғыласындай, бір сәтте тарады. Сол ұлы дүбір біздің палатамызға да жетті. Мирон Андреевич әуелі бір көзін сығырайта ашты, содан кейін ұшып түрегелді кроватына отырды. Таң қалдық, тіпті, шошып кетті. Өлім сияқты құпия, о дүниелік, көзге көрінбейтіндей бір керемет келіп қалғандай болды, бірақ ол керемет қорқыта, ызғарлана келмеді қайта жанға жайлы майда қоңыр желдей жылы леппен, жеңіл желпімен қанатын қомдай келді, Андрей Мироновичи өмірден ажыратып, шыңырауға лақтырайын деп мендей түскен ауруды, денесін қимылдатпай, аяқ-қолын тырыстырып, мүсінді жүзіне терең әжімдер салып, қуарған ағаштай мортылдақ еткен ауруды ығыстыра келді.
— Не дейсіңдер, жігіттер? — деп тұншыға айғай салды, бірақ дауысыңда қуаныш реңі бар. Өлім жазасына кесілген Андреевтің Янсонына дар басында: «Янсон, сен ақталдың. Сені дарға аспайды» десе нақ осылай айқайлап жіберген болар еді.
Қобалжудың күштілігінен бе, әлде сырқаттан ба, әйтеуір, ол қалш-қалш етіп, дірілдеп отыр.
— Бақыт! — деді Мирон Андреевич. — Бақытты елім! Маған бұдан басқа ештеңе керек емес,
Түнгі сағат екіде мені оятты.
— Газеттерге қашан басады? — деп сұрады. Содан кейін, біраз ойға шомды да: — Сен қалай дейсің, сол күнге дейін мен тірі болам ба?
Осыны айтты да ұйықтап кетті, ұйықтап жатып таң қаларлықтай қуана күлді.
Мен осыдан кейін өмірде сөзбен айтып жеткізе алмайтын, тек шаттық күлкімен ғана аңғартатын қуаныштардың болатындығын білдім. Ондай қуанышты жайдары мінез жас сұлуға тән саңқылдаған жан төзбейтін күлкімен аңғартуға болады екен.
Өлім хәлі деп шалға мұндай күлкі қайдан тап болды? Күлмек түгіл, демін ала алмай жатқан шалға мұндай ғажап күлкі қайдан келді?
— Осы күлкінің арғы арнасы қайсы? — деп сұрадым мен Мирон Андреевичтен.
— Сүйгендіктен, берілгендіктен — келте қайырды қарт жауабын.
Мен сонда өзінің халқын сүюді халықтың көсемі — Компартияны ардақтаудың өлімнің күні екенін түсіндім, кімде-кім өз халқын шын сүйіп, өз елінің мүддесін қара басының қамынан жоғары қойса, ол адам ешбір қорқыныш, қауіп дегенді білмейді екен, тіпті, арпалысқан ажал жараңнан алып, тұншықтыра бастаған кезде кіршіксіз таза, саңқылдаған күлкімен күледі екен.
Мен сонда әлі жайдары мінез жас, бақытты сұлудың күлкісіндей сылдыраған, кіршіксіз таза, жан тебірентетін күміс күлкі өз Отанына берілгендіктен туатындығын түсіндім, ұлы Отаны оған тамаша көрікті өмір, сарқылмас жігер, шаттық, бақыт, жарқын өмір, болашақ берді, бұлар сол сұлудың керемет жақтарын алып арнасы болды. Сондықтан да оның күлкісі бақытты, қуанышты білдіреді, оны сөзбен емес, тек шаттық күлкімен ғана жеткізуге болады.
Шал арнасы, міне, осында еді. Партияны, халықты сүю, оларға берілу — оның көңілін көтерді, бір сағаттан кейін оны әлек ететін ауру мен ажалға бас идірмеді, елімді мазақ етті.
Ертеңіне газеттер келді. Слетте еңбекті еркелете сөйлеген сөздер басылмапты. Қарт қобалжи бастады. Оның бұл кейін, жүріс-тұрысы ауру адамның, ажалмен арпалысын, ақтық демінің таусылуын тосып жүрген адамның кейпіндей емес, қайта аса бір тығыз тапсырмамен бір жаққа аттанатын, қазір жүгірейін деп тұрған, поезға баратын, оны станция басына жеткізіп тастайтын машинаның кейбіреуі қамықтырып қобалжытып, поездан қалып қоям-ау деп күдіктеніп, дамыл көрмей, біресе есіктен, біресе терезеден қарап, шыққан дыбысқа елеңдеп, телефон соғып, хабар алмаған соң, үйдің ішіне ерсілі -қарсылы сандалып жүрген адамның кейпін аңғартады.
Мирон Андреевич төсегінде дөңбекшіп, тыныш жата алмады, қалшылдады, жұлқынды, ол жұлқынғанда өзін айқара құшақтап алған елімнің құшағынан сытылып шығу үшін емес, әрбір минут оған ажал, қауіп жақындата түсетін болашақ уақыттың құшағына ену үшін жан-дәрмен қылды, болашақ уақыттың ең болмаса бір минуты оған елімнен де күшті бақыттың, жалпы халық бағытының ләззатын ақтық рет татуға мүмкіндік беретін еді.
Иә, оны қорқыныш қоршады. Бірақ ол өлімнің қорқынышы емес, ақтық минутта, оның 170 миллион халқы өзінің сүйікті партиясының сөзін тыңдап, заман өзгерістерінің жаңа бір белесінде коммунизмнің ұлы принциптерін берік сақтауға ант беріп жатқан минутында, халықтан жырылып қалып қоямын-ау деген қауіп еді.
Мирон Андреевич өмірі күндеп санаудан қалып, минутқа кетті. Бұл өмір, қанатқа асылып ойнайтын акробат сияқты қыл үстінде тұрды, өтіп бара жатқан әрбір минутқа жармасты, бірақ олар оны сағымды алысқа жетеледі.
Сағат оннан жиырма минут өткен кез. Радио дәл сағат он бірде Москваның «Коминтерн» радиостанциясынан слетте сөйленген сөздер беріледі деп хабарлады.
Сөзбен айтып жеткізе алмайтын оқиға болды,
— Ой, ұстаңдар оны, тоқтай тұрыңдар оны, менің тыңдағым келеді — деді. Мирон Андреевич дәрігерге.
Сәлден кейін Мирон Андреевич сұлқ жатты, Адам жаны шошитын, еңсе көтертпей ес шығаратын сұсты тыныштық орнады, бұл тыныштық Нью-Йорктің шуын, айғай-дабылын жұтатын. Түнсіз шыңыраудай еді. Тыныштықта шыққан айғайдан қорқынышты ештеңе жоқ. Бұл адам мүмкіндігінің ең ақырғы істері, бұл шектің ар жағында ештеңе де жоқ. Біз өз партиямызды осылай сүйеміз, осылай ардақтаймыз. Міне, біз ең соңғы, ақырғы деміміз біткенге дейін халқымызбен бірге қуанышқа ортақ болуды тілейміз.
Бұл жылуы жоқ жылмағай жылтыр сөз емес. Бұл — шындық, бұл — ем. Міне, тыныштық. Ызың жоқ, науқас адам ыңқылын қойып, демін білдірмей алады. Микробтармен күресуін де тоқтатты. Өмір қоштаспақ ниетте. Әлі әуен мен сәнді қимылға толы өмір еш дабырсыз өтіп барады. Мысықтай әр адымын аңдап басқан елім жақындап қалды. Иә, біздің қасымызда елім отыр, оның қанды шеңгелінің бар айбары — жексұрын тыныштық. Дүниенің бәрі бір шыңыраудың түбіне құлағандай.
Дүниені осы шыңыраудың, жексұрын тыныштықтың аузына қақпақ болған сабырмен айтылатын бір-екі сөз. Ол — Компартия. Осы қуаты мол жалғыз сөз тыныштықты атқан оқтай жарып өтіп, шалға дәрмен бергендей болды, өлімнің мылқау тыныштығы шалды біздің ыңғайына кешіре алмағанын мен көріп отырдым, аузынан ақтық рет шыққан осы ұлы сөзді өз құлағыммен есіттім.
Қарт сүйегі арсиған тарамыс қолымен сағатты ұстап жатты. Ол ақтық демі таусылғанша 11 деген цифрды көрсеткенше, радио сөйлегенше оны қолынан тастамасқа бел байлаған сияқты...
Адамзат өмірі мен өркендеуінің формуласы мен заңдарын айтып, еңбек адамын еркелете сөйлеген ұлы сөз радиодан естілген кезде, өлім қармағына ілінген қарт жымиып, езу тартқан кезде мылқау тыныштық үркіп, қуысқа тығылады.
— Наушник беріңдер...
Мирон Андреевич жүзіне сәбидің шаттық күлкісі жиналды.
Бірақ өлім оны қайтадан тұншықтыра бастады, ал ол шаттық, өр, дана сөзді тыңдай берді. Ол қанатқа асылып тұр, елім қанатты шайқап тұр, өлім оның етегінен тартып құлатуға тырысуда, ал ол әлсірегеніне, шала-жансарлығына қарамай, қанаттан мықтап, тырмана ұстап күлімсірейді, қанат бұрынғыдан да қатты шайқалуда, демігуі күшейді — міне, міне, енді құламақ... Сол кезде ол:
— Ауа, ауа — деп айғайлап жіберді.
Оған кислород берді, содан кейін ол тыныштана дем алып, радио тыңдады. Еңбек адамын еркелеткен сөз аяқталғанша ол өзінің ақырғы күнін өлімге қияр емес. Ол өлімнен минутты тартып алмақ ниетте. Наушникті құлағына жапсыра ұстап:
— Камфора, кофеин — деп сыбырлады.
Камфорадан сонол бұрынғысынан да күлімсірей түсіп, көздері жарқырап кетті. Ол, міне, қазір орнынан ұшып тұра келіп, қатты шаттық дауыспен:
— Бақытты өмір, оның көсемі — Компартия жасасын! — деп айғайлап жіберетін сияқты.
Бірақ ол ештеңе демеді. Бірнеше минуттан кейін оның әлгінде ғана алмастай жарқырай түскен көздері тұмандана бастады, өліп бара жатқан қойдың көзіндей күңгірттене берді. Бірақ оның қаһарман жүзінде күлкінің реңі кете қойған жоқ. Оның бірдеме айтқысы келеді, бірақ айта алмайды, дәрігер бәрін түсініп тұр, оған стрихнин шашты.
Оның көзі қайтадан жарқырай бастады. Ол зор ынтамен радионы тыңдап жатыр. Ол өліп бара жатса да еңбек адамын еркелеткен сөзді естіп қуанды. Ол дәм-тұзы таусылған адамның немқұрайдылығын істемеді.
Өмір үзіліп кетті.
Аяқ-қолдары тартылғанмен, жүрегінің соғуы басылған жоқ. Жүзінде жайдары күлкімен радионы тыңдап жатып, өзінің ақтық демі таусылып бара жатқанына назар аудармады.
Осындай адам өлді деуге сия ма? Ол өзінің халқымен бірге еңбек адамын еркелеткен сөзді тыңдады, қуанды, стахановшыларды құттықтады, күлді. Өлді деуге бола ма оны? Ол алыстан көрінген жарыққа қарап жатты, самал жел оны сабырмен тербетті, тан алдындағы таудың қоңыр салқын ауасын жұтып, жайнаған жасыл бақтың ішінде ұйықтап кетті.
Айтыңдаршы, ол өлді деуге сия ма? Жоқ, ол миллиондаған халықтың жадында сақталады. Оның қаны өлмейтін халықтың тамырында ағады, оның шаттығы мен бақыты бүтін бір елдің шаттығы мен бақыты болып табылады. Ол үшін қымбаттыдан да қымбатты болған Компартияға деген сүйіспеншілік пен берілгендік миллиондардың жүрегінде мәңгі жасайды!
Міне, бұл — мәңгілік өмір, жолдастар!
Ленинград — 1936. Орысшадан аударғандар: 3. Шашкин мен Т. Кәкішев.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі