Шоколад – бақыт, көтеріңкі көңіл сыйлайтын бір энергия көзі. Қаншама ғасырдан бері рухани антиоксидант (ағзаны зиянды заттардан қорғайтын химиялық зат) болып саналады. Денеміз күні бойы шаршайды және су жоғалтады, қоршаған ортаның ластығы, темекі түтіні, ультракүлгін сәулелер сияқты сыртқы орта факторларының, сонымен қатар ағзадағы табиғи реакциялардың нәтижесін де зиянға ұшырап, «токсин» деп аталатын көптеген улы заттар пайда болады. Сондықтан ағзамыздағы токсиндерден арылу үшін көп мөлшерде антиоксидант қабылдауымыз керек. Ал мұның ең қарапайым жолы – шоколадтың өзінде. Құрамындағы Е дәрумені, магний және темір жүрек ауруларына шалдығу қауіпін азайтады. Сондықтан шоколадты күніне ең аз дегенде 10 грамм жеген пайдалы.
Шоколадтың бірнеше негізгі түрлері бар. Ащы шоколад какао майы мен ұнтақталған какаодан және қант ұнтағынан жасалады. Ащы шоколадтың пайдасы ауыз толтырып айтарлықтай – бұл десерт түрі кез-келген адамға ұнай бермегенімен, бірақ оның құрамында қант аз болғандықтан және кілегей немесе сүт болмайтындықтан ең зиянсыз болып саналады.
Қою қара шоколадты күнделікті жесе де, денсаулыққа зияны тимейді, бірақ оны түске дейін жеген абзал.
Себебі шоколад – жоғары калориялы өнім, сонымен бірге құрамында адамның ұйқысын қашыратын алкалоидтар бар.
1. Жүрек пен қан айналымның жақсаруы.
Әлдегі зерттеу түрі қара шоколадтың күретамырларға, артерияларға иілгіштікті қайтаруға көмектесетінін, Лейкоциттердің қан тамырының қабырғаларына жабысып қалуынан сақтайтынын дәлелдеді. Ал бұл күретамырлардың бітеліп қалуын алдын алады.
2. Жүрек талмасын азайтады.
Финляндия зерттеушілері шоколад жүрек талмасының болуын 17% ға азайтады деп қорытындылайды.
3. Минералға толы.
Қара шоколад адам ағзасына пайдасы зор минералдарды қамтиды. Олар: калий, цинк, селен және темір.
4. Холестериннің мөлшерін азайтады.
Какао зиянды LDL холестериннің деңгейін азайтып, пайдалы HDL холестерин деңгейін көтереді. Бұл потенциалды түрде жүрек-қантамырлық аурудың туындауын азайтады.
5. Теріге жақсы әсері.
Қара шоколадтың құрамындағы флавокойдтар күн сәулесінің адам терісін зақымдауынан қорғайды.
6. Салмақтың азаюы.
Шындығында да қара шоколад салмақты азайтуға көмектеседі. Нейробиолог Уилл Клауэр қара шоколадтың ауызда еріген шағын бөлігі мидағы “Менің қарным тоқ” дейтін гормондарды 20 мин ерте қоздырады. Сондықтан сіз тамақты әдеттегіден ерте бітіресіз және аз мөлшерде жейсіз деп мәлімдейді.
7. Ана мен сәбиге пайдасы.
Фин зерттеуі "шоколад жүкті әйелдің күйзелісін азайтады, соған орай туылған бөбектің көңіл күйі көтеріңкірек болады"- деп қорытындылайды.
8. Бұл диабеттің алдын алады.
Егер ойласаңыз, әрине ақылға қонымсыз деуіңіз мүмкін, бірақ сараптамалар көрсеткендей, какао инсулиннің сезгіштігін арттырады.
9. Миға пайдасы мол.
Flavan-3-ol ересек адамдардың есте сақтау қабілетін арттырады және шоколадтың қабынуға қарсы қасиеті миға зақым келген жерлердің жазылуына көмектеседі.
10. Шоколад өзіңді керемет сезінуіңе септігін тигізеді.
Шоколадтың құрамындағы фенилэтиламин бар және ол бір адамға ғашық болып қалғандай сезімге бөлей алады. Фенилэтиламин мидағы эндорфиндердің бөлінуін қамтамасыз етеді. Сондықтан шоколадты жегенде өзіңізді әдеттегіден жақсырақ сезіне бастайсыз. Қоса өзім шоколад әуесқойы ретінде айта кеткім келгені, тек шоколадтың кейбір түрлері ерекше жағымды келеді: меніңше бұл шоколад түрлеріне қолданылған шикізат жоғары сападағы, фермерлердің ерекше күтімімен өсірілген, шоколадтың сапасы жоғары болу үшін өз жұмыстарын ұқыптылықпен көп уақытын жұмсаған адамдармен өңделген және өз жұмыстарын жақсы көретін шоколад өндірушілерімен аяқталған секілді. Әрине, бұл шоколад түрлері кез келген жерден табыл бермеуі де мүмкін, бағасы да әдеттегіден қымбатырақ болуы ықтимал. Бірақ бұл денеңіздің саулығы мен жан раxаты үшін тұрарлық деп ойлаймын.
Шоколадты ұйқы безі ауруына шалдыққандарға жеуге болмайды.
Шоколадты шамадан тыс көп жесе, адамның салмағы артып, көмірсутек айналымы бұзылуы мүмкін, сонымен бірге шоколад асқазанды ауыртып, ішті кептіреді, тісте қаңғұрт пайда болуы мүмкін екенін де ұмытпау қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бейсек
Тәтті жегім келген кезде, қантсыз шоколад жеймін