Екі бөлімді драма
Қатынасушылар:
Марина. Павел — оның ұлы.
Венера — оның қызы.
Нұрлан — олардың досы.
Роман — Маринаның інісі.
Штольц — неміс полковнигі.
Бейкер — обер лейтенант.
Бірінші жендет. Екінші жендет. Үшінші жендет.
Оқиға Ұлы Отан соғысы кезінде Донбаста болады.
БІРІНІШ БӨЛІМ
Бірінші сурет
Диктордың даусы (алыстан естіледі). Совет Информбюросының хабары. Өткен түні Оңтүстік майданның әскерлері жаудың Донбасқа қарай ұмтылып келе жатқан қаланың күшіне қарсы кескілескен қатты ұрыстар жүргізді. Басқа майдандарда айтарлықтай өзгерістер болған жоқ..
Екінші диктордың даусы. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Әуе шабуылынан сақтаныңыздар! Әуе шабуылынан сақтадыңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар... (Дауыс бірте-бірте алыстап кетеді.)
Ауық-ауық бомбалар гүрсілдеп, зеңбіректер зіркілдейді. Диктордың даусын бомбалардың гүрсілі, зеңбіректердің зіркілі басып кетеді. Қасіретті қайсар музыка асқақтайды. Бомбалардың гүрсілі күшейген сайын музыка үдей түседі.
Данилюктердің үйі. Көретініміз — соғыс сұрапылын елеместен музыка ойнатып отырған Венера.
Соғыс сарыны алыстай береді, аздан соң көрші бөлмеден ана келеді.
Марина. Аспан әлегі алыстады білем.
Венера. Алыстамай, жақындаса екен қайта.
Марина. Тоқтат ондай сөзді! Мен мына кетіп жатқан бейбақтармен қоштасып қалайын, сен шахта жаққа тағы бір барып қайтшы. Байғұс бала аштан өлетін болды ғой.
Венера. Жарты сағат күтемін, оған дейін келмесе көрермін.
Марина. Көрермінді қой, баратын бол! (Кетеді.)
Радиодан. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Әуе дабылы тоқталды, әуе дабылы тоқталды.
Кешеде шұбап бара жатқан жұрттың күңіренген үні естіледі.
Венера (терезеден). Шығыс!.. Шығыс!.. Бәрі де Шығысқа, менің Дулатымның еліне қарай шұбап барады. (Ойланып.) Дулат! Дулат!.. (Бір суретті алады да, соған телміре қарайды.) Дулатым-ау, қымбаттым-ау, сиқыршым-ау, менің ақыл-есімді ұрлап алып, хабар-ошарсыз сен қайда жүрсің? Қыздардың жүрегін сығалай-сығалай сығырайып кеткен мынау мөлдір көзің менің алдыма келіп қашан күлімдейді?.. Қашан?.. Қашан?.. (Пианиноға отыра қалып халықтың бір мұңлы әнін айта бастайды. Нұрлан келеді.)
Нұрлан. Естігенім — қасірет зары, көргенім — қан сасыған дүние. Бүкіл Донның даласынан бүгінгі бар көргенім де, естігенім де осы болды-ау, Венера. Тым болмаса сол зарды сенен естімесем қайтеді, бауырым.
Венера. Нұрлан аға! Сіз әлі осында ма едіңіз?
Нұрлан. Енді қайда ғой деп едің?
Венера. Мен сізді қашып кеткен болар, ендігі еліне де жеткен шығар деп едім. (Тез қимылдап стол үстін алуан түрлі дәмге толтыра бастайды.)
Нұрлан. Немене?! Венера, сен не айтып кеттің? Назың ба бұл, шының ба?
Венера. Сағатыңызға қараңыз да, шахтаға кеткен шағыңызды есіңізге түсіріңізші. Сіз кеткелі жиырма жеті сағаттан он минут асты. Өңіңізде жалғыз тамшы қан қалмапты, отыра қалып мына тамақтардан тезірек ішіңізші.
Нұрлан. Тоқта, сен маған алдымен мынаны айт. Мені қашып кетті деп ойлаған кім? Жалғыз сен ғанамысың, жоқ әлде осы үйдегілер түгел ме? Мені« аға» дейтінің рас болса, алдама ағаңды, не болса да жасырма.
Венера. Кешіріңіз, олай ойлаған адамды мен білмеймін.
Нұрлан. Енді не айтып тұрғаның?
Венера. Ол — сізге екі рет тамақ апарып таба алмай қайтқан ызаның сөзі. Қалжырадыңыз ғой, ақтың өзінен тартып жіберсеңіз қайтеді?
Нұрлан. Қалжыраған ештеңе емес-ау, кеудем газға толып кетті. (Отырып тамақ іше бастайды, есік қоңырауы естіледі. Венера кетеді.)
Нұрлан (өзіне). Бұл қызда бір жұмбақ сыр бар, оны қалай білсем екен. (Венера бір хат әкеліп береді.)
Венера. Сізді бір билетпек едім, аядым.
Нұрлан. Сәуле! Сәулем! Жаным!
Сәуленің дауысы. «Нұрлан! Барлық арманы көз жасына, барлық сағынышы қасіретке айналған Сәуленің сүйретілген сүлдері Қарағандыға кетіп барады. Енді кеткенмен жүрегі сенде қалды, ие бол. Ол үшін: қасіреттің сұрапылы қанша қатты соқса да өзіңнің екеніңді, қандай халықтық перзенті екеніңді ұмытпа! Ол үшін: жар сүйе білмеген адамның өлексе екенін, өлекселіктен өлім артық екенін ұмытпа! Сонда ғана сен мені жадыңда сақтайсың. Сонда ғана сен бұрынғы Нұрлансың. Ал менің табынар тәңірім — әзімнің адал махаббатым, оны сен жақсы білесің. Басқа бақыт мен үшін қасірет, оны да біліп ал. Павелға сәлем айт, Нұрланыма мені жоқтатпасын.
Сәулең».
Венера. Сізді осынша азаптап, мені өзіне сырттай ғашық қып қойғаны үшін бетінен бір сүйер едім, Дулаттың сол апасын қашан көрер екенмін?
Нұрлан (жалт қарап). Дулат! Жаным-ау, сен оны қайдан білесің (Есік қоңырауы естіледі.) Мына қыздың мені шаттыққа кенелткенін қара.
Дауыс. Нұрлан келді ме?
Нұрлан. Мен мұндамын.
Павел (сөйлеп кіреді) Венера, сен тезінен қаланың батыс жақ шетіндегі ақ көпірге жетші!
Венера. Онда не бар?
Павел. Сол жерде бір жаралы қазақ жатқан көрінеді. Оның хабарын жеткізген жаралы солдаттың сөз әлпетіне қарағанда, ол сенің бір танысың секілді.
Венера (бар шаттық даусымен). Қазақ! (Шыға жөнеледі.) «Сол! Сол!» (Дауысы алыстап барып өшеді.)
Нұрлан. Венера, тоқта! Павел, менің аяғым ұйып қалыпты, жүгірші Венераны тоқтатшы.
Павел (тез атылып барып терезені ашып жіберді). Венера! (Қолын бір сермейді.) Менің қарындасым құс болып кетті. Сен оны не үшін тоқтатпақ болдың?
Нұрлан. Ол жаралы қазақтың кім екенін мен сезіп отырмын.
Павел. Ол кім?
Нұрлан. Ол — Сәуленің інісі Дулат.
Павел. Сәуленің інісі? Венера оны қайдан біледі?
Нұрлан. Екі жылдан бері ол Киевте оқитын еді, сонда таныс болған секілді.
Павел. Ол да шет тілі институтында оқи ма?
Нұрлан. Жоқ, ол офицерлер дайындайтын әскери мектепте оқитын.
Павел. Солай де!
Нұрлан. Солай, екеуміздің енді құда болуымыз да ғажап емес.
Павел. Мүмкін... мүмкін.
Нұрлан. Оның көпір аузында жатқаны қалай?
Павел. Майданнан келе жатқан бір машина жаралыларды жаудың жаңағы бір келген Құзғындары бомбалап кетіпті. Тірі қалғаны сол екеуі ғана секілді.
Нұрлан (атып тұрады). Мен де барайын, ол көпірге қалай, немен баруды айтып жіберші?
Павел (оны иығынан басып қалып қайта отырғызады). Венера келсін, оны қайда орналастырғанын білейік. Егер ол Сәуленің інісі болса, мен де барамын. Оған дейін жұмыс жайын айт.
Нұрлан. Шахтаның Қарағандыға жіберілетін жабдықтары жер бетіне тегіс шығарылды, қазір станцияға тасылып жатыр. Ствол төрт жерінен тесіліп, қопарғыш заттар орнатылды. Иелерінің таласы бітсе, от берілуін күтіп әзір тұр. Өзің не бітіріп қайттың? Обкомдағыларға жолыға алдың ба?
Павел. Ондағылардың бәрі де осы эвакуация жұмысымен жан-жаққа шабуылдап кетіпті. Енді бұл шахтаның тағдырын өзіміз шешпесек, ұтыламыз. Ең алдымен шешетініміз — Русактың бұйрығы. Меніңше, ондай бұйрықты орындау, яғни мұндай алып шахтаның тек стволын ғана құлатып кету—жауға тізе бүгу.
Нұрлан. Сен не десең де мен ойланбастан бас шұлғи беруші едім, осы сапар ойланудамын.
Павел. Ойлан, жақсылап ойлан. Егер Русактың бүгінгі данышпандығы ертең немістердің мазағы болып шықса, оны бізге бүгінгілер де, ертеңгілер де кешпейді, әсіресе, сомы ойла.
Нұрлан. Данышпандықтың мазақ болғаны қалай?
Павел. Немістер біз жартылай құлатқан стволды оп-оңай аршып алады да, ар жағында даяр тұрған штректерге түсіп алып, ен байлыққа кенеледі. Өзін өзі алдаған ақымақ болып біз қаламыз.
Нұрлан. Жаудың мазағы болғаннан ажалдың азығы болған жақсы екенін мен де білемін, мен тек сенің ендігі ойыңды біле алмай далмын.
Павел (қағаз алып сыза бастайды). Мен өзіміздің бастапқы жобаға мынандай өзгерістер кіргіздім: мынау ствол, штректердің мына жерлерінен авал жасап, немістердің жолын жеті жерден кесеміз. Олар мұның бәрін аршып көмірге жеткенше, біз жеңіс күнге де жетеміз. Қалаң, мұндай қиял саған ұнай ма?
Нұрлан. Қиялың ұнайды-ау, бірақ стволдан басқасы әзір емес, жау болса жақындап қалды, енді үлгірмейміз ғой.
Павел. Мен үлгіретін болған соң айтып отырмын.
Нұрлан. Ертеңнен қалмай кететін болсақ қалай үлгіреміз?
Павел. Мен үлгіремін.
Нұрлан. Қалай?
Павел. Мен шешемді өз шешеңдей, қарындасымды өз қарындасыңдай көретін сенің қолыңа беріп, Қарағандыға жөнелтемін де, өзім осында қаламын.
Нұрлан (шошына қарап). Немене?!
Павел. Мен саған онан да қорқынышты, онан да құпия бір сырымды айтқалы отырмын, оны айтқан кезде жүрегің жарылып кетпесін, сақ бол.
Нұрлан. Ол сұмдығыңды қоя тұр да, мұнда қала« тын себебіңді айтшы. Біздің қайда керек екенімізді партийный өзі белгілеп береді. Жауды тезірек жеңу үшін құрал керек, Құрал жасау үшін көмір керек, сондықтан Қарағандыға тезірек жетіп, Отанымызға Донбасты жоқтатпау керек екенін айтып берді. Оған теңдесе алатын қандай мақсат бар. Әлде сенің партизан болғың келе ме?
Павел. Партизан болуды тағдыр маған жазбапты.
Нұрлан. Түсінбедім... Әсіресе, тағдырдың мұндай мүмкін емес сараңдығына түсінбедім.
Павел. Кейін бәріне түсінесің.
Нұрлан. Онда мынаны қазір түсіндір. Шешеңді өз шешемдей, қарындасыңды өз қарындасымдай көретінім рас болса, өзіңді өзімдей көретін болсам, сені жау қолына тастап кетіп, ар азабын шеккенше, сен өлген жерде неге өлмеймін?
Павел (оны бір қолымен құшақтай түсіп). Егер қасымда сен болсаң мен немістердің талайына ажал болып тиер едім, әттең... әттең, сенің қалуыңа болмайды?
Нұрлан. Неге болмайды?
Павел. Сенің ешқандай сылтауың жоқ.
Нұрлан. Сылтауым неге жоқ? Сен не үшін қалсаң, мен де сол үшін қалдым.
Павел. Донбасс сенің туған жерің емес. Сондықтан менің сылтауым саған сылтау бола алмайды. Егер ондай өтірікті айтар болсаң, атыласың да қаласың.
Нұрлан (сәл ойланып). Ағат болса ғафу ет, мен немістерді алдайтын бір сылтауды тапқан секілдімін.
Павел. Қандай?
Нұрлан. Жоқ, ол сылтауым Венераны қынжылтуы мүмкін екен.
Павел. А, немістердің көзіне Венераның күйеуі болып көрінбекші ме едің?
Нұрлан. Күйеуі емес, сүйген жігіті болып көрінбекші едім.
Павел. Сылтауың ұнайды, бірақ мынау есіңде болсын. Егер немістерді алдау үшін жасалған жалған ғашықтығың шын ғашықтыққа айналып, Сәуленің жүрегіне қаяу салатын болсаңдар, ант етейін, екеуіңді де өзім жайратамын. Сен алдымен соны, сонан кейін менің кім екенімді біліп ал.
Нұрлан. Немене, мен сенің кім екеніңді бұрын білмеуші ме едім?
Павел. Әрине, сен өзіңнің жеті жыл бірге оқыған досың Павел Данилюкті жақсы білесін, бірақ немістермен жалғыз жүріп соғысатын Данилюктің кім екенмін әзір білмейсің.
Нұрлан. Егер жалғыз соғысар болсаң, елінен безген Данилюкті білмегеніме қуанармын.
Павел. Маған мұнан былай өз елімнен гөрі немістердің көбірек сенуі мүмкін.
Нұрлан (шошына қарап). «Өз елімнен гөрі немістердің көбірек сенуі мүмкін?»
Павел. Иә, солай! Мен сендер ойлағандай халқының мақтаны болған Данилюктің баласы емес, халық жауы Громовтың баласымын.
Нұрлан (ыршып тұрады). Жалған... Жоқ, жалған емес секілді. Бұл қалай? Сонда Данилюк кім? Ол сенің жалған фамилиям, ба?
Павел. Ол менің туған нағашым, жастайымнан асырап алған әкем. Өзінің Роман дейтін офицер баласы болыпты. Ол Азамат соғысы кезінде Совет өкіметіне қарсы соғысып, жеңілгеннен кейін шет елге қашып кетіпті. Жалғыз баласынан солай қайғылы күйде айрылғаннан кейін нағашым мені бала етіп. алыпты. Ол кезде мен үш жаста екенмін. Ех, Роман... Роман...
Нұрлан. Сонда, туған әкең кім?
Павел. Ол бүкіл Донбасқа белгілі шахтер болатын. Оның соңғы өмірі қайда барып, қалай құлағанын мен былтыр ғана марқұм нағашымның аузынан естідім. Сенуі қиын сол бір шындықты да өзім естіген қалпымда айтып берейін, оны да тыңдап ал.
Нұрлан. Ойым астан-кестең болса да, құлағым сенде, айта бер.
Павел. Ол — нағашымның ақтық демі бітер алдында мені оңаша шақырып алып айтқан аманаты болатын. Ол маған өзім өмір бойы «Марина апай» атап келген мынау Марина Гавриловнаны, мұнан былай «мама» деуді аманат етті. Ол маған өзім өмір бойы жезде көріп, төрт жылдан бері халық жауы атап келген Игорь Громовты, мұнан былай «папа» деуді аманат етті. Ол осыны айтқан кезде мен ыршып тұрдым. Ол өзінің әлсіреген соңғы үнімен ақырын сөйлеп жатыр. «Жау емес, жау емес,— деді ол екі рет ышқынып.— Сенің әкең жау емес. Ол өзінің халық жауы емес екенін сендіре алмай, Құшпен мойындатпақ болған тергеушіні орындықпен ұрып жыққаны үшін соққыға жығылыпты. Сол соққыдан айыға алмай түрмеде өліпті. Мен мұны жуырда ғана сол тергеушінің өз аузынан естідім. Ол ар азабына шыдамай дәл өлерінің алдында менен кешірім сұрады»,— деді де, нағашым жасқа булығып қалды. Мен не болғанымды білгенім жоқ. «Сіз не дедіңіз? Ондай сұмның көз жасы үшін менің әкемнің қанын кештіңіз бе?»— деп айғайлай түре келіп едім, нағашым жауап қатпастан сол сәтте үзіліп кетті. «Ар азабы» деген сөзді менің түңғыш естігенім осы еді, сондықтан ба білмеймін, әйтеуір, нағашымның сол сөзі есіме түскен сайын жаным түршігіп фашистермен соғыса білмесем, ар азабын шегетіндей қиналамын. Міне, сен білмейтін Павел Данилюктің сыры. Егер жау қолынан қаза тапсам, қаным сенін, мойныңда. Өйткені менің бұл сырымды сенен басқа жан, тіпті ең жанашырым шешем мен жалғыз қарындасым да білмейді. Егер жау білсе, сенің бейқамдығыңнан, не бишаралығыңнан біледі.
Нұрлан. Бұл не ғажап?
Павел. Немене ғажап?
Нұрлан. Бәрі де ғажап, әсіресе, сенің осының бәрін маған айтуың ғажап.
Павел. Сен менің қарындасыма жалған ғашық болсаң, мен сенің өзіңе шын ғашықпын. Кім екенімді, өле кетсем не үшін өлгенімді отандастарымның тым болмаса бірі білуі керек қой.
Нұрлан. Маған соны білудің өзі қорқынышты, бірақ сол қорқыныштың өзі ғажап сияқты.
Павел. Қорықпа, досым. (Оны бір қолымен құшақтап.) Егер немістер менің халық жауының баласы екенімді білсе, мен олардың сеніміне ие боламын. Сенімдеріне бір ие болсам, қандай жаудың баласы екенімді көрсетемін. (Сырттан жүгіре кірген Венера босағаға сүйеніп тұрып қалады.)
Венера. Уһ, өкпем кеудеме сыймай кетті-ау.
Павел. Сонша не болды?
Нұрлан. Жаралыны таптың ба?
Венера (ентіге сөйлеп). Оны менен бұрын Дунай қарт тауыпты... Ол өз үйіне апарыпты... Ол шеттегі аурухананың адамдары тылға қашып үлгеріпті. Уһ, дәрігерлердің бірі де қалмапты.
Нұрлан. Ол жаралы кім екен?
Венера (оны жаңа көргендей жалт қарайды да, үн қатпастан жақындап келіп қолын ұсынады). Ол жаралымен кейін танысарсыз, әзірше менімен танысыңыз. Мен сіздің болашақ балдыз келініңіз Громова Венера боламын.
Нұрлан (құшақтай алып Венераның маңдайынан сүйеді). Жаңа ғана жапан түзде жалғыз қалғандай күйге едім, сен мені шалқытып жібердің-ау, бауырым.
Павел. Ay, есінен адасқан ақылдылар, алдымен сол жаралыны тезірек тылға жөнелтуді ойласаңдаршы.
Венера. Ол қазір жүре алатын халде емес, сондықтан тылға жөнелтілмейді.
Павел. Хәлі ондай ауыр болса, сен неге келдің?
Венера. Қашан ол жазылғанша өзімнің ешқайда кетпейтінімді айтқалы келдім, қазір мамамды ертіп аламын да сол үйге қайта кетемін.
Павел. Мен сендей халық жауының қызын мұндай қылығы үшін атамын да тастаймын. (Ұмтылып келіп Венераны құшақтай алады.) Ризамын, ризамын. Сенің сол жаралы біреу үшін жаныңды да қиятыныңды мана сезгенмін, әсіресе, сол адамшылығыңа ризамын. Тек немістерге айтар сылтауың болмай, яки олардың азабына шыдамай, мазағы болсаң ғана риза емеспін.
Венера. Мен үшін дүниедегі ең ауыр азап — Дулатты тастап кету.
Павел. Мүмкін, немістерге айтар сылтауың да сол болар.
Венера. Жоқ, олай демеймін.
Павел. Енді не демексің?
Венера. Сенен несіне жасырайын, мамамды үгіттеп алып қаламын да, не үшін қалғанымды сұраған немістерге «ауру шешемді тастап кете алмадым» деймін.
Павел. Мүмкін, мені де үгіттерсің?
Венера. Үгіттемеймін, тезірек кеткендеріңді тілеймін.
Павел. Қалғанымды неге тілемейсің?
Венера. Донбасс сен сияқтылар снятый бұрынғы Донбасс емес.
Павел. Сен жау қолына бір белгісіз қазақ үшін қалған, мына белгілі қазақ мен үшін қалғалы тұр, бұған не дейсің?
Венера. Нұрлан аға, рас па?
Нұрлан. Павелдың сұрауына жауап бер, менің қалғаным ұнай ма, жоқ па?
Венера. Жоқ ұнамайды.
Нұрлан. Неге?
Венера. Алдымен сіз менің сұрауыма жауап беріңіз.
Нұрлан. Ол сұраудың жауабын Павел берді ғой.
Венера. Бар сылтауыңыз сол болса, онда жолға тезірек қамданыңыз.
Нұрлан. Неге?
Венера. Ондай сылтауға сенетін немістер де ақымақ емес.
Нұрлан. Егерде сен үшін қалдым десем немістер сенер ме еді?
Венера. Әзілді қойыңыз, мен шын сұрап турмын.
Нұрлан. Мен бар шынымды айтып тұрмын.
Павел. Осының бәрі шындық, бірақ бәрі де болжаудың долбары ғана. Сондықтан, сенің немістерге айтар сылтауың шешеңнің ауруы болса, мұның сылтауы сені сүю.
Венера. Мен бүгін сені тани алмай далмын. Алдымен немістерге айтар өз сылтауыңды айтшы.
Павел. Мен өз сылтауымды гестапоның жендеттеріне айтқызармын.
Венера. Гестапоның?
Павел. Ол үмітіме өзім де сеніп тұрғаным жоқ, сондықтан сен оны ойлап шаршама,
Марина (сөйлей кіреді). Күндерім-ау, айтсаңдаршы, мына дүние не болып барады?
Павел. Сіз ертең таңғы поезбен кететін болдыңыз, менің бар білерім сол ғана.
Марина. Ертең... таңғы поезд?! Өздерің қашан?
Павел. Біз осында қалатын болдық.
Марина. Осында? Ол кімнің бұйрығы?
Павел, Ол — Отанымыздың бұйрығы,
Марина. А, ондай бұйрық маған мұнан елу жеті жыл бұрын берілген.
Павел. Мама, ойланыңыз! Немістер біздің шынымызды айтқызу үшін сізді азаптауы, сол азаптың таңбасы ар-ұжданымызды таңбалауы мүмкін, соны ойланыңыз.
Марина. Мен жасарымды жасап, аларымды алып болған жанмын. Мен үшін қапа болмаңдар, бар тілегім сол ғана.
Венера. Маматайым менің... қазір менімен бірге Дунай қарттың үйіне барасың, әзірленші.
Марина. Онда не бар?
Венера. Бір жаралы офицер бар. Жаяу бармайсың, қазір машина келеді. (Телефон шылдырлады, Венера тыңдайды.) Иә...
Өктем дауыс. Маған Данилюк керек, Данилюк...
Венера (трубканы Павелға ұсынады). Русак болу керек, ыңқылдақ біреу.
Павел (телефонда). Мен тыңдап тұрмын.
Дауыс. Сен тыңдар болсаң, Отан атынан берілетін бұйрығымды тыңда, жолдас Данилюк. Сөйлеп тұрған — трестің сіздің шахтаға бөлген екілі Русак.
Павел. Не бұйырасыз?
Дауыс. Отан атынан бұйырамын. Қарағандыға жөнелтілетін жабдықтар жарты түйірі қалмастан бүгін сағат екіге дейін жөнелтілсін! Шахтаның стволы мұнарасымен қоса сағат бестен қалмай құлатылатын болсын. Егер онан бір минут кешіксеңдер, сендерді соттайтын соғыс соты өзім боламын. Өзім!
Павел. Ұрпақтар дейтін тағы да бір сот бар. Ол — сот атаулының барлығынан әділ де қатал. Сіз оны да ескергейсіз.
Дауыс. Есіңде болсын, жолдас Данилюк. Егер бұйрықты дер кезінде орындамасаң, сағат бестен қалмай келемін де, сені өзім бомбалаймын, өзім...
Кенет зіркілдеген зеңбіректердің үні мен жарыса ысылдап келіп жарылған бомбаның гүрсілі қара түнекті қаптатып жібереді. Сол зіркіл, гүрсілдердің арасынан адамдардың шыңғырған ащы айғайы естіледі.
— Құтқарыңдар! Құтқарыңдар!
Шымылдық.
Екінші сурет
Сахнаның сол жақ шетінен Роман көрінеді, жан-жағына ойлана, ұрлана қарайды. Шымылдықтың алдынан жер бауырлап сөйлеп өтеді.
Роман. О, туған жер, сорлы Отаным! Сені бір көруді аңсаған арманым алдымда тұр. Жарты өмірімді алмаған қасырет түні осы түнмен бірге жоғалып келмеске кеткелі тұр. Егер жақын тартып келген адамдарым жауым болып, немістер келіп жеткенше олар мен ұстап берсе қайттым? Жоқ олай болмас, Германияның жеңімпаз армиясы әкеле жатқан өздерінің бостандығын көрмейтін көзсіз, сезбейтін ессіз емес шығар. Оны өз туысым Марина сезбесе де, жиендерім Павел мен Венера сезер, бұрын сезбесе енді сезер, сездірермін де, сендірермін мен. Егер маған сенбесе, онда бұл үйді осы түннен қалдырмай сол үшеуінің моласы етермін. (Жер бауырлаған күйі екінші жаққа кетеді.)
Сахна бұрынғы қалпы. Мезгіл түн. Шымылдық ашылған кезде сахна тас қараңғы. Сол қараңғыдан Марина мен Венераның үрейлі дауыстары естіледі.
Венера. Мама, мама, біреу терезені қағып тұр.
Марина. Естіп жатырмын... Кім болса да бейтаныс адам. Мен шам жағайын, сен тез екінші. (Екеуінің қолында екі тас шамы бар, ақырын келе жатыр. Марина есікке жақындап.) Бұл кім?.. (Үн жоқ. Тағы бір аттап.) Бұл кім? (Тықыр екінші жақтан естіледі.)
Венера (үрейлі). Мама, біреу кухняның терезесін ашқан секілді.
Марина. Ой, құдайым-ай, телефон... телефон... (қолында пистолеты бар Роман шыға келеді.)
Роман. Тоқтаңыздар! Өмір сүргілеріңіз келсе үн шығармаңыздар!
Марина. Сіз кімсіз?
Роман. Қорықпаңыз. Мен сіздің бөтеніңіз емеспін. Есік ашылмаған соң терезеден түсуге мәжбүр болдым, ол үшін ғафу етіңіз.
Марина. Ажал оғын кеудеме кезеп тұрған қай жақыным едіңіз?
Роман. Мені кейін тексерерсіз, алдымен үйдегі бар адамдарыңызды оятып сақтандырыңыз. Ақымақтық жасап маған соқтығып жүрмесін. Менің кеудем толы кек, қалтам толы бомба. Егер соқтығар болса, менімен бірге ол дүниеге кететінін ескеріңіз.
Марина. О, ғажап, маған не болды? Алдымда тұрған ажалым алыстағы біреудің аруағы болып елестейді. Жөніңізді жөндеп айтыңызшы, сіз кімсіз осы?
Роман. Қасырет жайлаған өмірдің Роман дейтін бір өгей ұлы бар еді ғой, есіңізде ме?
Марина. Роман! Ол кім?
Роман. Қателеспесем ол сіздің туған ініңіз болар.
Марина. О, жасаған, сіз оның кімі едіңіз?
Роман. Мен соның өзі едім.
Марина (сенерін де, сенбесін де білмей, бірте-бірте жақындап бар шаттық даусымен). Роман! (Құшақтай алып.) Бауырым... бауырым... (Қайта шошып.) Тоқташы! Сен Америкада емес пе едің, мұнда қалай келе қалдың?
Роман. Жер бетінде барымды білгеніңізге рақмет. Иә, мен Америкада, ұлы мәртебелі Керенский тақсырдың қанатының астындамын. Отанымды немістердің қалай азат еткенін өз көзіммен көру үшін Германияға келген едім, енді өзім де азат етіскелі осында келдім.
Венера (кекетінді дауыспен). О, сіз азатшымыз екенсіз ғой.
Роман. Мына бойжеткен кім? Менің өзіме тартқан Венера дейтін тентек жиенім барын естіген едім, сол осы болғай.
Марина. Қателескен жоқсың.
Роман. Өмір бойы жыламастай етіп барлық көз жасыңды сорып алып жұтайын, әкелші анау мені атқылап тұрған отты көзіңді. (Ол құшағын жайып ұмтыла, бере сырттан келе жатқан біреулердің тықырын естіп кенет тоқтай қалды.) Осы үйге тура келді ғой, мезгілсіз жүрген бұл кім?
Марина. Шахтаға кеткен біздің балалар секілді.
Роман. Тоқтаңыз, сіз алдымен мені жасырыңыз.
Марина. Сені басқаның бәрінен жасырсам да, өз балаларымнан жасыра алмаспын.
Роман. Өзім жасырынамын! Тек сіз мені жария етпеңіз. Мынау есік жабылмасын. (Көрші бөлмеге кетеді.)
Марина (есікке жақындап). Бұл кім?
Павел. Мама! (Дауыс естіледі)
Нұрлан (Павелды сүйемелдеп, сөйлей кіреді). Шешей, біздің түріміз көрден шыққандай, қорқып қалмаңыз.
Марина. Балапандарым-ау, жуынуға да мұршаларын, келмепті ғой. Венера, душты дайында, мен киімдерін әзірлейін.
Павел. Алдымен ішетін су беріңіз
Марина. Он, құдайым-ай, сақтай гөр. Қорықпаңыз. Шаршамастан — тәлтіректеп, шилікпестен су ішкісі келетін мұның әдеті.
Роман. Түрлеріңізден қараңғы түнде қорқатын, шынында да көрден шыққансыздар ма?
Павел. Көрден шықтық, көрден. (Венера әкелген істе суды жұта салып.) Өлермін, өлмесем сол көрге көмермін.
Марина. Балам-ау, сонша өшіккенің кім?
Нұрлан. Русак дейтіндеріңіз нағыз су ми екен.
Марина. Ол не істеді?
Нұрлaн. Ол бізді шахтаның ішіне тірідей көміп еді.
Марина (шошынып). Тірідей. Сен не сұмдықты айтып тұрсың?
Павел. Мама, адам баласының бұл күнге шейінгі деп жүргені жай сөз ғана, сұмдықтың өзі енді ғана келе жатыр, қалғанын Нұрланнан ести, мен жуынуға кеттім,
Нұрлан. Жуынуға мен кеттім, сен алдымен деміңді ал.
Ішке қарай кетеді.
Марина. Құдайым-ау, соншама оған сен не істеп едің?
Павел. Мен халық жауының баласы екенімді жасырып, өкіметті алдап келіппін. Әкем кегін қайтару үшін өкіметіне қарсы қастандықтар жасаппын. Бес күннен гөрі өзім уақытша басқарып келген шахтаны немісті бүтін күйінде қалдыру үшін құлату жұмысын кешеуілдетіп келіппін. Мұның бәрін мен Совет өкіметі ежелгі жауы Роман Данилюк дейтін нағашымның нұсқауымен істеппін. Айтпақшы, мама, Русактың қарағанда, сіздің ол ініңіз тірі секілді.
Марина. Оны өзім де білемін. (Көрші бөлменің ішінен Романның дыбысы естіледі.)
Павел (шешесіне жалт қарайды). Үйде біреу бар.
Mapина. Бар деп айтудың өзі де қорқынышты.
Павел. Ол кім?
Роман (шыға келіп). Ол мен.
Павел. Кешіріңіз. Сіз кімсіз?
Венера. Асқақтамай байқап сөйлес, бұл мырза біз сөйлеушілердің бірі көрінеді.
Марина. О, маған не болды? Алдымда тұрған ажалым алыстағы біреудің аруағы болып елестейді. Жөніңізді жөндеп айтыңызшы, сіз кімсіз осы?
Роман. Қасырет жайлаған өмірдің Роман дейтін бір өгей ұлы бар еді ғой, есіңізде ме?
Марина. Роман! Ол кім?
Роман. Қателеспесем ол сіздің туған ініңіз болар.
Марина. О, жасаған, сіз оның кімі едіңіз?
Роман. Мен соның өзі едім.
Марина (сенерін де, сенбесін де білмей, бірте-бірте жақындап бар шаттық даусымен). Роман! (Құшақтай алып.) Бауырым... бауырым... (Қайта шошып.) Тоқташы! Сен Америкада емес пе едің, мұнда қалай келе қалдың?
Роман. Жер бетінде барымды білгеніңізге рақмет. Иә, мен Америкада, ұлы мәртебелі Керенский тақсырдың қанатының астындамын. Отанымды немістердің қалай азат еткенін өз көзіммен көру үшін Германияға келген едім, енді өзім де азат етіскелі осында келдім.
Венера (кекетінді дауыспен). О, сіз азатшымыз екенсіз ғой.
Роман. Мына бойжеткен кім? Менің өзіме тартқан Венера дейтін тентек жиенім барын естіген едім, сол осы болғай.
Марина. Қателескен жоқсың.
Роман. Өмір бойы жыламастай етіп барлық көз жасыңды сорып алып жұтайын, әкелші анау мені атқылап тұрған отты көзіңді. (Ол құшағын жайып ұмтыла бере сырттан келе жатқан біреулердің тықырын естіп кенет тоқтай қалды.) Осы үйге тура келді ғой, мезгілсіз жүрген бұл кім?
Марина, Шахтаға кеткен біздің балалар секілді.
Роман. Тоқтаңыз, сіз алдымен мені жасырыңыз.
Mapина. Сені басқаның бәрінен жасырсам да, өз балаларымнан жасыра алмаспын.
Роман. Өзім жасырынамын! Тек сіз мені жария етпеңіз. Мынау есік жабылмасын. (Көрші бөлмеге кетеді.)
Марина (есікке жақындап). Бұл кім?
Павел. Мама! (Дауыс естіледі.)
Нұрлан (Павелды сүйемелдеп, сөйлей кіреді). Шешей, біздің түріміз көрден шыққандай, қорқып қалмаңыз.
Марина. Балапандарым-ау, жуынуға да мұршаларың келмепті ғой. Венера, душты дайында, мен киімдерін әзірлейін.
Павел. Алдымен ішетін су беріңіз,
Марина. Ой, құдайым-ай, сақтай гөр.
Нұpлан. Қорықпаңыз. Шаршамастан — тәлтіректеп, шөлдеместен су ішкісі келетін мұның әдеті.
Венера. Түрлеріңізден қараңғы түнде қорқатын, шынында да көрден шыққансыздар ма?
Павел. Көрден шықтық, көрден. (Венера әкелген кесе суды жұта салып.) Өлермін, өлмесем сол көрге оны тірідей көмермін.
Марина. Балам-ау, сонша өшіккенің кім?
Нұрлан. Русак дейтіндеріңіз нағыз су ми екен.
Марина. Ол не істеді?
Нұрлан. Ол бізді шахтаның ішіне тірідей көміп кетті.
Марина (шошынып). Тірідей. Сен не сұмдықты айтып турсың?
Павел. Мама, адам баласының бұл күнге шейінгі "сұмдық» деп жүргені жай сөз ғана, сұмдықтың өзі дүниеге енді ғана келе жатыр, қалғанын Нұрланнан ести беріңіз, мен жуынуға кеттім.
Нұрлан. Жуынуға мен кеттім, сен алдымен деміңді ал.
Ішке қарай кетеді.
Марина. Құдайым-ау, соншама оған сен не істеп едің?
Павел. Мен халық жауының баласы екенімді жасырып, өкіметті алдап келіппін. Әкем кегін қайтару үшін Совет өкіметіне қарсы қастандықтар жасаппын. Бес күннен бері өзім уақытша басқарып келген шахтаны немістерге бүтін күйінде қалдыру үшін құлату жұмысын қасақана кешеуілдетіп келіппін. Мұның бәрін мен Совет өкіметінің ежелгі жауы Роман Данилюк дейтін нағашымның нұсқауымен істеппін. Айтпақшы, мама, Русактың айтысына қарағанда, сіздің ол ініңіз тірі секілді.
Mapина. Оны өзім де білемін. (Көрші бөлменің ішінен Романның дыбысы естіледі.)
Павел (шешесіне жалт қарайды). Үйде біреу бар ма?
Марина. Бар деп айтудың өзі де қорқынышты біреу бар.
Павел. Ол кім?
Роман (шыға келіп). Ол мен.
Павел. Кешіріңіз. Сіз кімсіз?
Венера. Асқақтамай байқап сөйлес, бұл мырза бізді азат етушілердің бірі көрінеді,
Павел. Бізді азат етуші мырза? Неден?
Роман. Неден екенін кейін білерсің, әзірше менің кім екенімді біліп ал.
Павел. Ал білейік, сіз кім едіңіз?
Роман. Мен өзіңнің нағашыңмын.
Павел. Кешіріңіз, мен сіздей нағашыны білмеймін.
Роман. Неге білмейсің?
Павел. Менің екі нағашым бар еді, оның үлкені өткен жылы қаза болып, өз қолымнан жерлегенімді, кішісі шет елде қаңғып жүріп бұрнағы жылы Атлант теңізінің түбіне кеткен-ді. Сонда сіз қайдан келген, қандай нағашысыз?
Роман. Мен сол шет елде қаңғып жүріп өлген Роман дейтін нағашыңның тірі аруағымын. Жиырма бір жыл бойы көксегенім — Отанымды бір көру болса, бүгінгі таңнан күткен арманым сенсің.
Павел. Біздер аруақтың барына сенбейміз, сенбегендіктен одан қорықпайтын жандармыз. Егер сіз анық Роман Гавриловичтің аруағы болсаңыз қолыңызды әкеліңіз, мен сіздің әрі жиеніңіз, әрі әкеңіздің асырап алған мұрагер баласы Павел Гаврилович Данилюкпін. (Қолын ұсына көтеріле бастады. Роман оны иығынан басып қалып қайта отырғызады.)
Роман. Рақмет, маған осы көрсеткен құрметің де жетеді, дем ал. Бар кегіңді қайтаратын Күн жетті, деміңді жақсылап ал.
Павел. Ол қандай Күн?
Роман. Егер осы түннен қалмай қаттырақ қимылдасаң, Совет өкіметінде кеткен әкеңнің кегін де қайтарғалы тұрсың. Ол үшін тағдыры өз қолында тұрған шахтаның бірде бір тіреуі қиратылмасын.
Павел. Әкемнің кегі кімде екенін білгенде, шахтаның тағдыры менің қолымда емес екенін қалай білмейсіз?
Роман. Егерде бұл шахтаның басшылары тегісінен бомбаның астында қалып, тағдыры сенің қолыңа көшкенін білмесем мен мұндай ажалдың ортасына келмес едім ғой... Мына бір азиятың кім?
Павел. Ол менің Москвада жеті жыл бірге оқып, қалған өмірді Донбаста бірге өткізуге келген ең қымбат досым, әрі болашақ туысым. Ашығырақ айтқанда, біздің семьяның болашақ бір мүшесі Нұрлан Тайманов дейтін инженер. (Сағатына қарай салып дауыстайды.) Нұрлан! Поездің кететін мезгілі жақындап қалды, тездет!
Нұрлан (басының суын сүртіне сөйлеп келе жатыр). Мен Венера қайда болса, сонда екенімді кеше айтқан едім ғой.
Венера. Ал мен мамам қайда болса сондамын.
Павел. Сөзді қой да кетуге әзірлен.
Роман. Мырзалар, сіздердің қайда кететін ойларыңыз бар? Соны менің білуіме болар ма екен?
Павел. Қарағандыға.
Роман. Онда әуре болмаңыздар.
Павел Неге?
Роман. Кететін жолдарыңыз кесіліп қалды.
Павел. Кесілгені қалай?
Роман. Шамасы осыдан үш сағат бұрын қаланың шығыс жақтағы жолы талқандалды.
Павел. Кім оны талқандаған?
Роман (құлағын алысқа тігіп). Әне, аналар!
Павел. Олар кім?
Роман. Олар — менімен бірге түскен неміс армиясының десанты. Әне, тыңдаңыздар! Ол — соғыстың сарыны ғана емес, сіздерге келе жатқан бақыттың дабылы. Сонау көкжиектен көрінген — соғыс салған өрттің шапағы емес, сіздерге келе жатқан бостандықтың таңы.
Үй адамдары біріне-бірі қарайды.
Шымылдық.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Үшінші сурет
Штольцтің кабинеті. Көретініміз — Штольц пен Роман. Еститініміз — Павелдің даусы.
Павелдің даусы. Мен халық жауының баласы екенімді жасырып, өкіметті алдап келіппін. Әкемнің кегін алу үшін Совет өкіметіне қарсы қастандықтар жасап келіппін. Бес күннен бері өзім уақытша басқарып келген шахтаны немістерге бүтін қалдыру үшін құлату жұмысын қасақана кешеуілдетіп келіппін. Мұның бәрін мен Совет өкіметінің ежелгі жауы Роман Данилюк дейтін нағашымның нұсқауымен істеппін. Айтпақшы, мама, Русактың айтысына қарағанда, сіздің ол ініңіз тірі секілді.
Штольц (магнитофонды тоқтатады). Галстугіңіз тыңшылық міндетін жақсы атқарыпты, сізге сол үшін де рақмет.
Роман. Мен оның астында сиқырлы түйме барын, ол түймеге оралған пленка барын сезген емеспін.
Штольц. Сезбегеніңіз жақсы болған. Бұл жиеніңіз ақылды адам, бірақ жиеншеңіз сонау қазақты шын сүйетініне көзім қашан жеткенше мен бұлардың ешқайсысына сенер емеспін.
Роман. Мен сенімдімін.
Штольц. Сіздің сеніміңіз маған сенім бола алмайды. Сондықтан, бір үлкен эксперимент жасау қажет,
Роман. Қандай?
Штольц. Сол қазақты бір апта бойы өз «партизандарыңыздың» тергеу тепкісіне беріңіз. Ол тергеудің мақсаты — оның мұнда не мақсатпен қалғанын анықтау болсын. Ол үшін тергеу жұмысы дүре соғу, тандырын кептіру сияқты жеңіл азаптармен басталсын да, өз қанын өзіне қорек етумен аяқталсын, бірақ өліп кетпесін. Ол үшін, сағат сайын дәрігер бақылайтын болсын. Өйткені, оның мен үшін аса қымбат адам болып шығуы мүмкін. Әлгі біздің болашақ мақтанымыз, сіздің батыр жиеніңіз қайда?
Роман. Ол батырыңыз өзінің қанына боялып дәл қазір сіздің қабылдау бөлмеңізде отыр.
Штольц. Қанға? Кім оны қанға бояған?
Роман. Обер лейтенант Бейкердің адамдары секілді.
Штольц (стол үстінде тұрған микрофонға аузын тақап). Инженер Данилюк үшін менің есігім әрқашанда ашық болсын дегенім қайда? (Аздан соң басы қанды шүберекпен таңулы Павел келеді.)
Павел (оң қолын сәл көтеріп). Хайль...
Штольц. Қымбаттым-ау, басыңызға не болған?
Павел. Иілгені үшін сіздерден алған сыйы ғой.
Штольц (микрофонда). Обер лейтенант Бейкер маған келсін. (Бейкер келеді, Штольц оған Павелдің басын нұсқап.) Мынау не? Кім сендерге орыстардың мұндай қылығын үйреткен?
Бейкер. Баяндауға рұқсат етіңіз. Біздің Фолькерс мырзаның осы күнгі әйелінің бұрынғы байынан қалған баласын орыстың бір әйелі теуіп өлтіріпті, соның салдарынан...
Штольц (оның сөзін бөліп). Теуіп өлтірді? Тепкен орыс әйелі, өлген неміс солдаты ма?
Бейкер. Нақ солай, зор мәртебелі полковник мырза. Сол әйелдің кесірінен біздің бір автомат бұл мырзаның шекесіне тиіп кетіпті.
Штольц. Байқамағаны қалай? Сонда сіздер еркек пен әйелді айырудан қалғансыздар ма?
Бейкеp. Кешіріңіз, шындықты сізден жасыру менің қолымнан келмейді.
Штольц. Өзіңді масқаралайтын мұндай шындықтан өтіріктің өзі жақсы, сен ақымақ алдымен соны біліп ал!
Бейкер. Мұнан былай ол бұйрығыңызды бұлжытпаспын.
Штольц (Романға қарап). Данилюк мырза! Қалай, мұндай шындық сізге ұнай ма?
Роман. Менің күлкім келіп отыр.
Штольц. Ал менің ызам келіп отыр. Мен күлкісі келген сізге де, еркек пен әйелді айыра білмеген мына батырға да ызалымын.
Бейкер. Мен дұрыстап жеткізе алмадым-ау деймін, басынан бастап баяндауға рұқсат етіңізші... Ол былай, біздің солдаттар сол әйел тұрған кварталды қоршап алып, отыз шақты әйелді ұстаған еді, бірі мына инженер мырзаның шешесі екен, мен келдім де шешесін құтқарып жібердім, шекесі менен бұрын жараланыпты.
Штольц. Болдыңыз ба?
Бейкер. Болған секілдімін.
Штольц. Данилюк мырзаның шекесіне тиген автоматтың иесі алдыңғы шепке жіберілсін, барыңыз! (Бейкер кетеді. Штольц Павелға қарап.) Ашуыңызды басып болсаңыз, жұмыс жайын кеңесейік.
Павел. Mен ешқандай жұмыс жайын білмеймін, білгім де келмейді.
Штольц. Енді не білесіз?
Павел. Менің ендігі білерім де, тілерім де өлім.
Штольц. Кімнен тілейсіз, бізден бе?
Павел. Сіздерден де, құдайдан да.
Штольц. Большевиктерден ше? Олардан да тілейтініңіз өлім бе?
Павел. Олардың маған арнаған өлімі тілемесем де әзір.
Штольц. Ашумен айтылған сөзді кешіру маған қиын емес. Сізге берер кеңесім басыңыздың бір-екі тамшы қаны үшін қадіріңізді кетірмеңіз. (Әлдене болған Павелді тоқтатып.) Тоқтаңыз, құдайдан басқаға жалыну немістердің салтында жоқ екенін ескеріңіз де, есіңізді тезірек жинап, ақылға келіңіз. Қарамағыңызға қанша инженер, техниктер, қанша жұмысшы керек екені көрсетілген жоспар жасаңыз да, бір жетіден қалдырмай менің қолыма табыс етіңіз.
Павел. Ол жоспарды мен кім болып жасамақпын?
Штольц. Мен тарихымыздың жаңа бір бетінен сіздің атыңызды, яғни Павел Данилюк деген алтын жазуды көріп шаттанып отырмын.
Павел. Кешіріңіз, бұл әзіліңізге мен түсінбедім. Мен бүгін тіпті өзімнің нағашымды да танымай қалдым.
Штольц. Танымасаңыз танысыңыз: сіздің алдыңызда қасқайып отырған:— менің орынбасарым, орыс армиясының бір кездегі майоры, бұл күнде неміс армиясының капитаны Роман Гаврилович Данилюк мырза. Мына бір телеграмманы оқысаңыз өзіңіздің бұрынғы Данилюк емес екеніңізді көресіз де, біздің әзілімізге түсінесіз.
Павел (ол ұсынған телеграмманы ала бере). Бұл қайдан?
Штольц. Жоғарғы Бас Комиссардың өзінен. Біздің ұсынысымыз қабылданып, Сіз Германия өкіметі тарапынан зор құрметке ие болыпсыз.
Роман. Атап айтқанда, Донбасс шахталарын қалпына келтірудің ең алғашқы абройына сен ие болыпсың, жиенім.
Штольц. Құттықтаймын, біздің болашақ мақтанымыз. Қызыл шахтаның директоры Павел Данилюк мырза.
Роман. Біздер ертең ол шахтаның тұңғыш көмірін бүкіл әлемнің кермесіне қоямыз.
Штольц. Егер ондай күнге жете қалсақ, Геббельс мырза біздің даңқымызды, әсіресе, сіздің даңқыңызды сол күні-ақ әлем аспанына көтереді.
Роман. Ол көтерілген біздің даңқымыз ғана емес, фашизмнің туы.
Штольц. Фашизмнің туын көтеру — коммунизмнің туын құлату екенін білерсіз.
Павел. Оны білемін, бірақ шахтаның туын қалай көтеруді білмеймін.
Штольц. Білесіз, білдіреміз. Сіз дебит комиссарына да, қаланың бургомистріне де бағынбай, тікелей өзіме бағынасыз.
Роман. Бас комиссардың бұйрығы сондай. Ол шахтаны тезінен қалпына келтіру осы тұрған үшеумізге жүктеліпті.
Штольц. Біздің бағымызға сіздей ақылды ұлын қалдырып кеткен әкеңіздің аруағына рақмет. Сол аруақтың құрметі үшін біздер сізді бүгіннен бастап өз әкеңіздің атымен атап Громов дейтін болайық, сіз осыған рұқсат етіңіз.
Павел. Сіз мені әкемнің аруағымен жеңдіңіз, қарсыласар қауқарым жоқ. (Қолын көтереді). Сол әке қарызын өз бұйрығыңыз етіп айта беріңіз, орындауға мен әзір.
Штольц. Басқа сөз келесі жылы, келесі осы күні сіздің үйде айтылатын болсын. (Қолын ұсынады.) Сол күнгі тойдың барлық дәмі сіздер қалпына келтірген шахтаның жаңа көміріне қайнайтын болсын. Оның екі жылдық жұмыс екенін білемін, екі жылдың жұмысын бір жылда бітіру үшін неше мың тұтқын керек етсеңіз де бере аламын, соның жоспарын жасап әкеліңіз, басқа айтарыңыз жоқ болса, әзірше қош айтысайық.
Павел. Cay болыңыздар.
Кетеді.
Штольц. Сіз манағы тергеу жұмысын әзірлеңіз, алдымен сол қазақты маған шақыртыңыз.
Роман. Ол осында.
Штольц. Маған жіберіңіз. (Роман кетеді. Аздач соң Нұрлан келеді.)
Штольц. А, алып Азияның адасқан перзенті... келіңіз... келіңіз... Отырыңыз. Ол — жазалылар мен орыстар ғана отыратын орын, мұнда менің қарсыма келіп отырыңыз... Хәліңіз қалай?
Нұрлан. Жаман емес.
Штольц. Сіз өзіңіз менің не үшін шақырғанымды білмейтін боларсыз.
Нұрлан. Әрине.
Штольц. Неге әрине?
Нұрлан. Бұрнағы күні өзіңізден шыққаннан кейін бір тәулік бойы тергелдім. Сол тергеуден қалған нем барын білмеймін.
Штольц.. Сонда сіз «Данилюктің қарындасы үшін қалдым» дегенді де шындық демексіз бе?
Нұрлан. Данилюктің қарындасы үшін емес, өзімнің қалыңдығым үшін қалдым.
Штольц. Егер шыныңыз осы болса, некелеріңіз неге қалмаған, ЗАГС-ке неге тіркелмегенсіздер?
Нұрлан. Қазақтардың өз заңы бар.
Штольц. Қазақтардың заңы алдақашан орыстардың шаңы болған жоқ па еді?! Енді қайдағы заң айтып отырғаныңыз?
Нұpлан. Сіздің бұл айтып отырғаныңыз мұнан жиырма бес жылдан арғы ертегі.
Штольц. Ертегі?
Нұрлан. Иә.
Штольц. Сонда сіздің некеңізге кедергі болған қазақтың қандай заңы?
Нұрлан. Нағыз қазақтардың жүрегіне жазылған бір заң бар. Ол — әке-шешенің ризалығынсыз үйленбеу.
Штольц. Сонда қалай, әке-шешеңіздің ризалығын алғанға дейін сіз бұл қызға үйленбейсіз бе?
Нұрлан. Сіздерге ерсі көрінгенмен, біздің салтымыз сондай ибалы.
Штольц. Егер сіз еліңізге жетіп, әке-шешеңіздің ризалығын алғанға дейін ол қыз басқа біреуге тиіп кетсе қайтесіз?
Нұрлан. Ол қыз менен басқаны сүймейді, сондықтан басқаға тимейді.
Штольц. Егер сізді үмітіңіз алдаған болса яғни ол қыз басқа біреуге тие қалса?
Нұрлан. Онда үшеуміз бірдей жер бетінен жоғаламыз.
Штольц. Үшеуіңізді бірдей жоғалтатын кім?
Нұрлан. Мен!
Штольц. Егер ол қыздың тигені неміс офицері болса ше?
Нұрлан. Бәрібір, кім болса да.
Штольц. Ризамын, шыныңызды именбей айтқаныңызға ризамын.
Нұрлан. Бұл сыйлықтың бәрі не үшін?
Штольц. Ардақты ағаңыз Шоқаев үшін.
Нұрлан. Шоқаев! Ол кім?
Штольц. Жер бетінде сондай бір ақылды қазақ бар, оны сіздей саналы жастардың білмеуі мүмкін емес.
Нұрлан. Ақылды қазақтардың ішінде мен білмейтін біреуі жоқ. Соған қарағанда, сіздің Шоқаевыңыздың не қазақ екені, не ақылды екені бекер.
Штольц. Ойланыңыз! Россия алғаш қаусай бастаған кезде большевиктерден безіп, туған Түркістанын тастап шет елге кеткен Шоқаев Мұстафаны білмеуіңіз мүмкін емес.
Нұрлан. Мұстафа! Сіз оны қайдан білесіз?
Штольц. Ол менің жас кездегі ұстазым болатын,
Ағылшындарға сатылып, Отанына қарсы жүргізген үгіттері үшін өткен жылы Парижде гестапоның түрмесіне түскен еді. Сол түрмеден ол Түркістанның көгіне бір-ақ көтерілгелі тұр. Қазір ол болашақ Түркістан мемлекетінің көсемі.
Нұрлан. Гестапоның түрмесі, Түркістанның кегі. (басын шайқап.) Арасы тым алшақ екен.
Штольц. Кейбір сөздеріңіз қанша шамдандырса да, сізді қуантуға мәжбүр болып отырмын.
Нұрлан. Ол үшін алдын ала рақмет.
Штольц. Шоқаев мырзаның менен тілегені қолға түскен қазақтардың неміс тілін білетіндеріне қорған болу еді. Мені сізбен бұлай сөйлестіріп отырған — сол досыма берген өзімнің уәдем. Сондықтан, ол тұр алы қиқар сөйлеуден аулақ болыңыз.
Екпіндей басып Роман кіріп келеді.
Роман. Баса-көктеп кіргеніме ғафу етіңіз, мынадай бір жайсыз жағдай болып қалды. (Бір тарақ қағазды ұсынады.)
Штольц (шошына қарап). Бұл не?
Роман. Бұл — осындағы большевиктердің листовкасы. Жиен күйеу, сақтан, олар сені де нысанасына ала бастапты.
Штольц. Оқыңыз!
Роман (оқиды). Отандастар, тыңдаңыздар! Кекке толы жүрекпен тыңдаңыздар! Қаламыздың қақ ортасынан жада бір індет пайда болды. Ол — совет халқының ежелгі жауы Роман Данилюк бастаған азғындар тобы.
Роман. Данилюк кім? Ол — азамат соғысы кезінде осы Донның даласын жүмысшылардың қанына бояған генерал Красновтың бандыларының бірі. Бұл күнде неміс басқыншыларының ед қанды қол жендеті!
Павел. Данилюк кім? Ол — жалған атпен жасырынып келген, фашистерге сатылғаны үшін 1937 жылы атылған халық жауы Громовтың баласы, ол — Роман Данилюктің жиені.
Нұрлан. Тайманов кім? Ол — Павел Громовтың ежелгі сыбайласы. Шахтаны немістерге бүтін қалдыру үшін жаулық әрекеттер жасап келген опасыздың бірі.
Венера. Громова кім? Ол — халық жауының қызы. Отанын сатқан опасыз.
Нұрлан. Таймановтың қалыңдығы. Отандастар! Егерде Отанымыз қарғыс оғын атсын демесеңдер ертең ұрпақтар лағынет айтсын демесеңдер — өлтіріңдер сол азғындарды...
Жасасын Отаншылдар! Жоғалсын Отанын сатқан опасыздар, Отансыздар!
Нұрлан. Отансыздар? Мен бе Отансыз?
Шымылдық.
Төртінші сурет
Шымылдық алдына ауыр оймен Нұрлан келе жатыр. Ол «Отансыздар», «опасыздар» деген сөздерді құлағынан кетіре алмай аласұрып келеді. Басына өрт сөндірушілердің қасқасын киген екі жендет аңдып келеді, Нұрлан оларды аңғармайды.
Нұрлан (екі құлағын басып тұра қалады). Мен бе Отансыз? Мен?
2-жендет. Енді кім?
3-жендет. Сәлем, Тайманов мырза. (Ол қолын ұсына бере Нұрланның қолтығынан ұстай алады.)
2-жендет (Нұрланның екінші қолтығынан ұстай алып). Үніңізді шығарсаңыз өлдім дей беріңіз.
3-жендет. Ол үшін тақыр қолтығыңызға тіреліп тұрған ажалыңызды танып алыңыз.
2-жендет. Күлкіңіз келмесе де бізбен бірге ыржия беріңіз.
3-жендет. Бері, былай жүріңіз. (Кері айналдырып ала жөнеледі.)
Екі жағында жоғарыдан түсетін екі темір басқыш, басқыштың ар жағы қараңғы үңгір. Сол үңгірдің бергі алдында бір кішкене стол мен жалғыз орындық тұр. Столдың үстінде жалғыз шырақ жылтырайды, не екені белгісіз, есік-терезесі жоқ бұл үңгірдің ішіндегі дүниелер осылар ғана.
Шымылдық ашылғанда көретініміз: ерсілі-қарсылы аласұрып жүрген.
І-жендет. Ол көзіне қара көзілдірік киеді де, отыра қалып әлденені ойлана жаза бастайды. Аздан соң он, жақтағы басқыштан Роман түсіп келе жатады.
Роман. Қайырлы таң!
І-жендет (атып тұрып). Хайль Гитлер!
Роман (жан-жағына ойлана қарап). «Большевигім-ау», мынадай тамұқты қайдан тапқансыз?
І-жендет. Менің де өмір сүргім келеді, өмір сүру үшін тамұқ жақсы.
Роман. Неге?
І-жендет. Адам баласының бірінен-бірінің қызғанбайтыны тек тамұқ қана.
Роман. Онда осы тамұқтан айрылмаңыз. Басқаларыңыз қайда?
І-жендет. Аңнан әлі қайтқан жоқ.
Роман. Қайдағы аң?
І-жендет. Сіздер келгеннен бергі аулайтынымыз большевиктер ғана ғой.
Роман. Олардың бүгінгі аулайтыны қандай большевик?
І-жендет. Өзіңіз нұсқаған большевик, ана бір қаңғырған қазақ.
Роман. Есіңізде болсын, ол қазақ болса да қадірлі, өйткені ол болашақ Түркістанның көсемдерінің бірі. Сондықтан, оның қанын түгел сығып алсаңыз да, жанын өзіне қалдырыңыз.
І-жендет. Бізге берілген бұйрық — қалай да оның шынын айтқызу еді ғой.
Роман. Шынын да айтқызасыз, өзін де тірі қалдырасыз. Егер оны өлтіріп алсаңыз өзіңіздің бірге жерленетініңізді ұмытпаңыз.
І-жендет. Сіз маған осыны айту үшін келдіңіз бе?
Роман. Жоқ, мынадай тілекпен келдім. (Қалтасынан манағы листовканың біреуін алып, жендеттің алдына тастайды.)
І-жендет. Бұл не?
Роман. Бұл — менің қанымды ішуге құмарланған большевиктердің листовкасы. Сізден тілегім: осы қаладағы сезіктілердің ішіндегі ең беделділерін тізіп беріңіз.
І-жендет. Гестапо тұрғанда, оларды сіз іздеп қайтесіз?
Роман. Мен өзгенің алған кегіне сүйсінетін мүгедек емеспін, өз кегімді өзім аламын. Сөзді қойыңыз да, жазыңыз! Біреу болса да бірегейі болсын.
І-жендет. Ол үшін жемтіктерімнің тізіміне қарап алайын. (Қалтасынан дәптерін алып қарай бастайды.) Галкин кетті. Денисенко кетті. Дунай қарт бүгін кетті, оның үйінде жасырынып жатқан жаралы қазақ бүгін кетті.
Роман. Жаралы қазағың кім?
І-жендет. Кім екені белгісіз бір жаралы офицер.
Роман. Оның бәрін қайда жібердіңіз?
І-жендет. Большевиктердің ендігі барар жері белгілі емес пе?
Роман. Жемтігіңіздің әлі де мол екенін тізіміңізден көріп тұрмын.
І-жендет. Саны көп болғанымен сапасы жоқ, өңкей кәрі-құртаң жұмысшылармен көксе қатындар. Дегенмен, сізге лайық мына біреуі бар екен. (Дәптерінен бір жапырақ қағаз жыртып алып жаза бастайды.) Киров көшесі, 17-үйде тұратын Руденко дейтін дәрігер бар. Аяғынан мертігіп екі айдан бері үйінде жатыр. Ол бұл аймақтың жыланының күйсегеніне дейін еститін адам, оның мақтаған адамдарын өздеріңізге жау көрсеңіз қателеспейсіз, тек сұрай біліңіз, сұрауларыңыз шындықты ғана айтқызатындай болсын.
Роман. Онан да, қайтып келіп сізден де, мынау тізімдегілерден де сұраймын. Тек мынаның бетінен бірде бір адамның аты өшпейтін болсын, ол үшін менің қолым қойылсын. (1-жендеттің дәптерінің бетіне қолын қояды.) Көбейтуіңізге болады. (Кетеді.)
І-жендет (аңырып аз отырады да, басын шайқайды). Жоқ, сұғанақ мырзам, бұлдап алатын гестапо тұрғанда саған тегін беретін большевигім жоқ. (Манағы екі жендет екінші жақтан Нұрланды айдап келе жатады.)
Нұрланның даусы. Немістерді алдаймын деп өз адамдарымызды алдаппын, енді қайттым? Шынымен-ақ, өз адамдарымыздың қолынан осылай өлгенім бе? Енді қалай? Әлде не үшін қалғанымды бұларға айтсам ба екен? Мен айтқанды мыналардың біреуі немістерге айтып қойса, Павел мен Венера өледі. Олардың өлгені өзімнің өлгенім емес пе? Жоқ, әзәзіл ой аулақ менен, аулақ!
1-жендет. Бұл қай сатқын? Украины ма, қазағы ма?
2-жендет. Қазағы.
1-жендет. А, Тайманов мырза осы ма?
2-жендет. Осы.
1-жендет. Білем, білем... Венерамен аспандап жүргенін талай көргенмін. Отырыңыз мырза. (Ірге жақта тұрған бір қазықты нұсқап.) Ана бір темір қазыққа отырыңыз. Қорықпаңыз. Ол сіздейлерге арналып қағылған, отыра беріңіз.
Нұрлан. Рақмет, мен осылай тұра аламын.
1-жендет. Тергеуіңіз бірнеше күнге созылуы мүмкін. Қанша уақытқа созылса да сізге ұсынар басқа орынымыз жоқ. Отыратын орындығыңыз да, жататын төсегіңіз де сол қазықтың басы. Соны ескеріңіз де, аяғыңызды босқа талдырмаңыз,
Нұрлан. Аяғым талғанға дейін тұра беруге рұқсат етіңіз.
І-жендет. Жақсы, ол тілегіңіз қабылдансын. Ал, сіз өзіңіздің бұл жерге қандай қылмысыңыз үшін келгеніңізді білетін шығарсыз.
Нұрлан. Жоқ, білмеймін.
І-жендет. Неге білмейсіз?
Нұрлан. Ешқандай қылмысым жоқ, сондықтан білмеймін.
І-жендет. Сізше Отанын сату қылмыс емес пе?
Нұрлан. Олай деуге дәлеліңіз...
І-жендет. Отаныңызды сатпасаңыз немістер басып алған жерде неге жүрсіз?
Нұрлан. Мен жүрген жерде өзіңіз де жүрсіз ғой.
І-жендет. Мен сен сияқты азғындардың ажалы болу үшін жүрмін. Миша, осы сөзі үшін Отан әмірін бір орындап жіберші, тек желкесінен ғана, көп емес, бір-ақ рет. (Жендет көк желкесінен ұрып Нұрланды етпетінен түсіреді.)
2-жендет. Сәл мүлт кеттім.
І-жендет. Түрегеліңіз, мырза. (3-жендетке). Саша, сен хатшылық міндетін атқар. Мен осылай тұрып та тергей беремін. Орындыққа отыр да жаз. Ең алдымен осы тұрған үшеуіміздің кім екенімізді жаз. Яғни Украинаның Советтік Социалистік Республикасының өзімізді өзіміз белгілеген соғыс соты екенімізді жаз. Сот ағасы мен, хатшысы сен, мүшесі — Миша екенін жаз. Сот мәжілісінің 1941 жылы 29 августа басталғанын жаз. Сонан кейін айыпкер Тайманов өзінің Отан алдында істеген ауыр қылмыстарын түгел мойындағанға дейін тергеу жұмысы тоқталмастан, күндіз-түні жүргізіле беретінін жаз.
3-жендет. Бәрі де жазылды.
1-жендет. Қане, айыпкер Тайманов мырза, жау басып алған қалада не мақсатпен қалғаныңызды, ол мақсатқа жету үшін не істемек болғандарыңызды, серіктеріңіздің кімдер екенін, немістерге қандай көмек көрсетпек болғандарыңызды жасырмастан түгел айтып беріңіз. Егер жарты ауыз жалған айтар болсаңыз, жаныңызды сығып аламын.
Нұрлан. Ондай қорқынышты сөздерді немістерден де талай естігенмін, Венера дейтін қыз үшін қалғанымды оларға да талай айтқанмын, сіздерге де айтарым — осы. Егер оған сенбесеңіздер босқа арам тер болмай өлтіре беріңіздер.
1-жендет. Өлтіре салу сіздейлер үшін жеңіл жаза.
Сондықтан біз қашан шыныңызды айтқанға дейін азаптай береміз, азаптай береміз. Қане, сөйлеңіз. (Сым шыбықпен тартып жібереді ) Не үшін қалдыңыз?
Нұрлан. Венера үшін.
1-жеңдет. Жалған айтасың, жалған! (Тартып-тартып жіберіп.) Не үшін?
Нұрлан. Венера үшін.
1-жендет (тартып жіберіп). Не үшін?
Нұрлан. Венера үшін.
І-жендет тістеніп алып сол сұрауды қайталай берді, сұрау қайталанған сайын сым шыбығын баса түседі. Нұрланның «Венера... Венера...» деген даусы да үдей түседі. Шымылдық бірте-бірте жабыла бастайды. Ызалы сұрау мен қайсар жауаптың егесі қыза түседі.
Шымылдық
Бесінші сурет
Сахна бірінші суреттегі қалпында.
Шымылдық ашылған шақта сахнада жан жоқ. Аздан соң сырттан жүгіре басып келе жатқан Венера көрінеді.
Венера (үреймен сөйлей кіреді). Мама!.. Мама!.. (Ішкі бөлмеден Марина келе жатады, Венера оған ұмтыла бере қалталарын қарай бастайды.) Мама, мына сұмдықты қара!
Марина. Павелды оятасың, жайырақ сөйлеші.
Венера. Кешікпей мәңгі ұйықтайтын болыпты, оянса оянсын.
Mapина (тіксіне қарап). Не дейсің?
Венера (қалталарын тінткілеуде). Біздер шетімізден қырылатын болыппыз.
Марина. Немене, оба келіп пе?
Венера. Иә, оба келіпті. (Листовканы тауып алып ұсынады.) Мынаны оқысаң оның қандай оба екенін білесің.
Марина (оқи бастайды). Отандастар, тыңдаңыздар! (Мұнан кейінгі сөздері күбірленіп, әр тұсынан біреуі естіледі.) Совет елінің ежелгі жауы Роман... Олар.. Дани.— Тайма, тағы басқалар... Венера... Роман Данилюк кім?. (Күбір) Павел Данилюк кім? (Тағы да күбір.) Нұрлан Тайманов кім? (Тағы да күбір.) Венера Громова кім? Ол — халық жауының қызы, Отанын сатқан опасыз Нұрлан Таймановтың қалыңдығы (қызына жалт қарайды.) Не дейді?
Венера. Оқы, ақырына дейін оқы.
Марина (ішінен оқып шығады да, қызына ойлана қарайды). Немістер келгелі мен ажалдың мұндай хабаршысын ғана емес, өзін де сағат сайын күтудемін, сондықтан ол мен үшін қорқынышты емес, мені қорқытатын (қағаздың бетінен бір сөзді нұсқап) мына сөз.
Венера (мырс етіп). Сонда қалай, қызыңды біреудің «қалыңдығы» деген сөздің ажалдан да қорқынышты болғаны ма?
Марина. Екі қазаққа бірдей ғашық болсаң, әрине.
Венера. Қорықпай-ақ қой, бұл қалыңдық та, ғашықтық та емес.
Марина. Енді не?
Венера. Не екенін өзім де анық білмеймін, әйтеуір, қалыңдықтан да қадірлі, ғашықтықтан да жалынды бір керемет. (Сырттан келе жатқан Романды көріп.) О, менің нағашым, нағыз гестапоның өзі болып шыға келіпті.
Марина. Гестапоның адамдары бұлай киінбесе керек еді ғой (Роман келеді.)
Роман (сәндене басып келіп, Маринаның алдына тұра қалады). Сәлеметсіз бе, аяулы анашым. Сіздің алдыңызда тұрған — жеңімпаз неміс армиясының капитаны, қаланың әскери коменданты полковник Штольц мырзаның ең сенімді серігі, ресми түрде айтқанда оның орынбасары Роман Гаврилович Данилюк мырза.
Венера. Мырза нағашымызға мың сәлем.
Роман. Мыңнан бірін ғана қабылдайтын әдетім.
Венера. Онда маған тартқан екенсіз.
Роман. Мен саған емес, сен маған тартқан боларсың, өйткені нағашы сен емес, менмін ғой.(Маринаға.) Сіз неге үндемей қалдыңыз, анашым?
Марина. Қандай Данилюк екеніңді көріп отырмын. Жендет болып кетсең де «Құтты болсын» деуден басқа айтарым болмас.
Роман. Неткен қатал едіңіз.
Марина. Қатал десең де қате дей алмассың?
Роман. Әділ сөзде қаталдық жоқ, тек маған мұны сіздің айтқаныңыз ғана ауыр.
Марина. Біздің дос пен дұшпанды айыру қиындап кеткен заманымызда, ондай қанатты сөздер де қаңғи береді.
Марина. Ағат айтсам кешір де, мына бір қанды жазулардың жайын айтшы, бұл не сұмдық?
Роман. Ол сұмдықтың жайын мен сізден артық білмеймін. (Өз ойымен алысып жүріп кетеді де, қайта оралып.) Сіз осы көшенің 107-үйінде тұратын Самарина дейтін оқытушы әйелді білесіз бе?
Венера. Біледі, ол бір кезде менің оқытушым болған.
Марина. Иә, білемін, оны қайтесің?
Роман. Сол әйел бүгін таңертең өзін зорламақ болған немістің бір солдатын теуіп өлтіріпті.
Венера (мәз бола күліп). Бізге келген немістердің ішіндегі тарихта қалатыны сол солдат екен, жақсылап жерлегейсіздер.
Роман. Менің бұл айтып тұрғаным сол әйелдің тергеуде айтқан сөзі, шындығы олай емес.
Марина. Солай болар, өйткені ол шыбынды да өлтіре алмайтын нәзік адам.
Роман. Маған ой салған да оның сол нәзіктігі, екіншіден, өлген солдаттың кеудесіндегі таңбаға қарағанда, оны сұлатқан әйелдің тепкісі емес, ер адамның жуан жұдырығы. Менің іздегенім — сол жуан жұдырықтың иесі. Сол әйелдің көршілерінен танысыңыз бар ма?
Марина. Бар еді, бір шалдан басқасы кетіп қалды ғой.
Роман. Мені сол шалмен кездестірсеңіз қайтеді?
Марина. Қашан?
Роман. Бүгін кештен қалдырмай осы үйде...
Венера. Мына листовкадан кейін бұл үйге кім келмек?
Марина. Келеді, келтіремін, тек ол шалдың не үшін керек екенін айт?
Роман. Жуан жұдырықтыны табу үшін керек.
Марина. Бір адамды жазалау үшін өздеріңді де, өзгелерді де сарсаңға саласыңдар, ә?
Роман. Мен оны жазалау үшін іздеп жүргенім жоқ.
Марина. Енді не үшін?
Роман. Бұл қаладан түңғыш атылған оқ соның жұдырығы, сол алып жұдырықты алақаныма бір салғым келеді.
Венера. Оның кім екенін Самаринаның өзінен неге сұрамадыңыз?
Роман. Ол әйел менің бұйрығым бойынша атылып кетті.
Венера. Атылып кетті?
Роман. Ие...
Венера (бар даусымен). Мама! Менің қаным басыма шапшып барады,
Марина. Сабыр ет... Роман, сен шын айтып тұрсың ба?
Роман. Мұндай сөз өтірік айтылмайды. (Телефон шылдырайды).
Венера (тыңдап). Иә, бар. Қазір. (Романға.) Сізді сұрайды.
Роман (телефонда). Мен тыңдап тұрмын... Инженер қазақты? Тайманов Нұрланды ма... Қашан? Онда ұзамаған болар, барлық ізшіл иттер мен тіміскілегіш тыңшыларды ізге салыңдар да, қалай да табыңдар. (Трубканы орнына қойғанша Венера ұмтылып барып, оны құшақтай алады.)
Венера. Немене, Нұрланға бірдеңе болған ба?
Роман. Өрт сендірушілерге ұқсайтын біреулер көшеден ұстап әкетіпті.
Венера. Қайда?
Роман. Қайда екені белгісіз.
Венера (ашына айғайлап). Мүмкін емес... мүмкін емес. Оны ұрлап әкеткен біздің өрт сөндірушілер емес, сіздердің өрт салғыштарыңыз, кісі өлтіргіштеріңіз.
Роман. Сенің ажалға да солай дейтініңді біліп тұрмын. Ал, ол қазағын, қандай? Ажалға сен айтатын сөзді ол айта ала ма? Өрт сөндіргіштер оның саған деген махаббатын сөндірмес пе екен?
Венера. Жоқ, оның жалынын ажалдан басқа сөндіре алмайды.
Роман. Ауырлау болса да сұрайын, ол сенің халық жауының қызы екеніңді білуші ме еді?
Венера. Біледі, біле тұра сүйеді.
Роман. Сен мені қатты қуанттың, жиенім, оның есесін бір жетіден қалдырмай мен де қайтарармын. (Асығыс кетеді.)
Марина мен Венера аң-таң.
Венера. Ма... ма...
Шымылдық
Алтыншы сурет
Дауыс. Жеті Күн, жеті түнге созылған тергеу солай қасқыр қаталдықпен басталған еді, уыты бір толастамастан солай аяқталып келеді. Нұрлан қазір өлім халінде, ол Венераның атынан басқа сөздің барлығын ұмытқан секілді,
Шымылдық ашылғанда көретініміз — әлсіреп жатқан Нұрлан, еститініміз — соның ыңырсыған әлсіз үні.
Нұрланның даусы. Венеpa... Венера...
Сахна бұрынғы қалпы.
Бірінші жендет сөйлеп жүр, екінші жендет жазып отыр.
1-жендет. «Сатқын». Жоқ олай емес, «азғын» деп жаз. Азғын Тайманов ешқандай қылмысын мойындамағаны үшін қалған өмірі иттердің талауында өтетін болсын. Жоқ, оның бәрін де сызып таста, біз де адамбыз ғой, былай деп жаз. Отанын сатқан опасыз Тайманов жындануға жақындағандықтан тергеу жұмысы осымен тоқтатылсын. (3-жендет жазып болып, 1-жендет қолын қоя берген кезде Романның өктем даусы естіледі).
Роман (оған ілесе Бейкердің де дауысы естіледі). Көтер қолдарыңды!
Бейкер. Хенде-хох. (Жендеттер қатты сескеніп қалып қолдарын көтере бере қаруларын ала-сала азынатып жібереді, бірақ қарсы атылған оқтан өздері жамсап түседі).
Роман. Нұрлан, тірімісің? Бауырым...
Нұрлан (ақырын үн қатады). Венера... Су...
Роман. Венераны қазір келтіремін. (Әкелінген суды, оның аузына тосады). Мынаны іш те, оған дейін әлденіп ал. (Нұрлан суды сырғытып, ауыр дем алады.)
Нұрлан. Мен қайдамын?
Роман. Сен өмір мен өлімнің шекарасындасың. Жатқан жерін бомба түсіп қираған бір иесіз үйдің подвалы. (Солдаттарына.) Тезінен ауруханаға жеткізіңдер де дәрігерге айтыңдар, халық көру үшін сыртқы жарасын осы қалпында сақтасын.
Бейкер. Большевиктердің адамшылығы қандай екенін өз көздерімен көрсін, радио арқылы жар салып, қала халқын тезінен орталық алаңға жинаңдар.
Роман. Қала халқына өзім айтамын, ол үшін тезінен радионың желісін менің қолыма жеткізіңдер. (Екі солдат Нұрланды қолтығынан демей көтеріп алып кетеді.)
Бейкер. Бұл эксперименттің ойдағыдай аяқталғанын полковник мырзаға тезірек жеткізейін.
Роман Жеткізіңіз, сол алаңға өзінің де келгенін тілеймін, оны да жеткізгейсіз. (Бейкер асығыс кетеді.)
Роман (өліп жатқан жендеттерді аяғымен түртеді). Мырзалар жендеттік рольдеріңізді жақсы ойнадыңыздар. Ол үшін айтылар алғыс та, тартылар сыйлық та әзір, тезірек тіріліңіздер.
Үшеуі (жарыса атып тұрып, жарыса үн қатады). Хайль Гитлер!
1-жендет. Тағы не бұйырасыз?
Роман. Ендігі бұйрық мынандай: біріңізде аз, біріңізде көп, үшеуіңізде он тоғыз адамның қаны бар. Сол отандастардың жазықсыз төгілген қаны үшін, адамшылық ар үшін... (Атып-атып жібереді, үшеуі де құлап түтеді.)
1-жендет (құлап бара жатып). Ах, большевик.
Роман. Бұл сапар қателескен жоқсың. (Оны тағы да бір атады.) Енді менің осы үйдің төбесін төбелеріңе құлатып сүйектеріңді күлге айналдырмасқа амалым жоқ. Өйткені маған да жан керек. (Шығар ауызға барып елеусіз жерден бір шнурдың ұшын тауып алады да, соған от бере бастайды. Шам сөнеді, соған ілесе күшті жарылыстың дүмпуі, құлаған үйдің гүрсілі, оған ілесе радиодан Романның даусы естіледі.)
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Роман Данилюк. Сөйлеп тұрған Роман Данилюк. Біздер бүгін осы қаланың молаға айналған бір биік үйінің астынан адамдардың бірін-бірі қалай жегенін көрдік. Біз көргенді сіздер де көріңіздер. Сол үшін біріңіз қалмастан қаланың орталық алаңына жиналыңыздар!
Шым қайта жанып, көретініміз — Штольц пен Роман. Олар алаң ортасына орнатылған микрофонның алдында тұр.
Роман (айналасына көз жіберіп). Мен жаңа ғана көрдім, біздің қаланың халқы әлі де кеп екен-ау.
Штольц. Жемтікті түгел көретін болсын, ол үшін халықты екі қатардан тізіңіз.
Роман (микрофонға аузын тақап). Азаматтар! Халайықтар! Біз ол жемтік адамды шала-жансар күйінде қазір алдарыңыздан өткіземіз. Алаң үлкен, орын жетеді. Қағыспай тұрып, қапысыз көру үшін екі қатардан тізбектеліңіздер.
Штольц. Тайманов мырзаның жақындары біздің жанымызға келсін деңіз.
Роман. Венера, Павел, келген болса Марина апай, алаң ортасына, біздің жанымызға келіңіздер.(Павел мен Венера сахнаға шыға берген кезде жан-жақтан ызалы дауыстар естіледі.)
— Азғындар!..
— Сатқындар!..
Роман. Міне, Нұрланды алаңға қарай әкеле жатыр. (Микрофонға аузын таяп.) Бейкер мырза, неге тоқтадыңыздар?
Бейкер (жетіп келіп). Тайманов мырза халықтың алдынан жаяу өткізуді өтінеді.
Штольц. Тілегі қабылдансын. (Бейкер кетеді.)
Роман (микрофонда). Қадірлі бауырлар! Мұнан жеті Күн бұрын большевиктердің қолына түсіп, бүгін ғана құтқарылған инженер Нұрлан Тайманов мырза қазір алдарыңыздан өтеді. Біз оны жеті тәулік бойы адам көрмеген азап шеккенін ескеріп машинамен өткізбекші едік, Тайманов мырзаның өзі сіздермен көзбе-көз, жүзбе-жүз дидарласу үшін жаяу өтуін өтінген екен, біздер оның тілегін қабыл алдық. Қазір ол сіздердің алдарыңыздан жаяу өтеді. Демеушілер — өзін құтқаруға қатысқан неміс армиясының екі офицері. Міне, оның сіздермен дидарласу сәті басталды, қараңыздар! Оған қарай тұрып, мені тыңдаңыздар! Біздер оны өзінің тілегі бойынша сол қанға боялған, жартылай жалаңаш қалпында алдарыңызға әкелдік. Ол үшін айып етпеңіздер. Оның үстіндегі сонау қызыл көйлек өзінің қаны, сонау кеудесінің әр жерінен жалбыраған салпыншақтар көйлегінің жыртығы емес, жырымдалған денесінің терісі.
Венера. О, қасірет! Осы келе жатқан анық тірі адам ба? (Венера сыртқа тесіле қараған күйі ілгері бір-екі аттап тоқтайды. Бейкер және бір офицер Нұрланды сүйемелдеп келеді. Нұрлан жаңағы Роман баяндаған қайғылы түрде. Ол Венераны көре сала қолын жендеттерден босатып алады да, тәлтіректеп келе жатады.)
Штольц (Романға күбірлеп). Біздер күткен шындықтың айнасы осы екеуінің қазіргі сәттегі көзі, жақсылап қараңыз!
Венера (оны естімеген секілді, көзін Нұрланның көзінен алмастан келіп, сәл құшақтап, тізесін бүге бастайды). Тым болмаса тізеңді құшақтайыншы,(Иіліп барып тізесінен отыра кетеді.)
Штольц. Жиеніңіздің жалыны мол екен маздата біліңіз.
Павел (өзіне). Сол жалын болар сендерді өртейтін: (Ол микрофон алдына жетіп келеді.) Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Осы алаңда тұрған боларсыздар, әсіресе, сіздер тыңдаңыздар адамзаттың жаулары, жауыздықтың жендеттері. Біздер кегімізді ешкімге де жібермейтін жағы. Қанға —қан, жанға— жан. Бұл — біздің салтымыз, бұл — біздің бүгінгі антымыз!
Роман (микрофонда). Қадірлі бауырлар! Енді Тайманов мырзаның қандай азап шеккенін тыңдаңыздар.
Нұрлан Тайманович микрофонға жақындаңыз.
Нұрлан Павел мен Венераның демеуіне сүйеніп микрофон алдына келеді де, бар күшін жиып алады.
Нұрлан. Қымбатты отандастар! Мен қансыраған, мажыраған, сол себепті сөйлеуге әлі қалмаған жанмын. Менің барлық қаным ауыр соққылардың-астында суалған қан суалса жан қуарады. Менің де жаным кешікпей қуарар. Бірақ мен сонда да өлмеймін... Мен мәңгі тірімін. Мен осы жеті күндік қанды сапардан соны, өзімнің жасайтынымды керіп қайттым. Сондықтан сіздердің тілегім: егер мені өлді деушілер бола қалса, оған ешқашан да нанбаңыздар. Нанбаңыздар!
Қайнаған соғыс сарыны, аңыраған азалы музыка өксіп барып өшеді.
Шымылдық
ЭПИЛОГ
Сахнаның қақ төрінде ақ мрамордан жасалған, мәңгілік оты маздаған, төскейінде Нұрлан мен Павелдың Алтын Жұлдыз белгісі бар суреті жарқыраған бір ескерткіші тұр. Сол ескерткіштің алдында бір буда гүл құшақтап ақ шашты ана тұр.
Ана. Иә, ол өлген жоқ. Оның сонау орталық алаңда, неміс басқыншыларының алдында қасқайып тұрып: Егер мені өлді деушілер бола қалса оған ешқашанда нанбаңыздар!»—деп салған айғайы менің құлағымнан әлі кеткен жоқ, Рас, ол бірнеше жылдан бері менің жалғыз ұлым Павелмен бірге мынау ақ мрамордың астында і;атыр, бірақ олар мәңгі тірі. Өйткені олар — Отан үшін алу — ең ұзақ өмір сүру екенін көрсеткендер. Рас, олардың кім екенін кезінде ешкім білген жоқ. Олар — немістердің бір жыл бойы азаптанып қалпына келтірген ең алғашқы алып шахтасын бір жетіге жеткізбестен талқан етті, оны да кезінде ешкім білген жоқ. Олар — басқыншылардың талай шонжарын сол талқаны шыққан шахтаның астына тірідей көміп жіберді, оны да кезінде ешкім білген жоқ. Олар сол шахтада жұмыс істеген тұтқындардың екі жүз елудейін құтқарып жіберді, оны да кезінде ешкім білген жоқ. Бірақ ол ерліктердің бірде-бірінің ізі өшкен жоқ, сондықтан да олар өлген жоқ. Екеуінің кеудесінде жарқыраған сонау Алтын Жұлдыздар, екеуінің мазарында маздаған мынау мәңгілік от — сол мәңгі жасаудың айғағы!
Шымылдық
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі