Өлең, жыр, ақындар

Бақыт Сәрсекбаев (бокс)

Бақыт Сәрсекбаев — 69 килограмм салмақтағы бокстан XXIX жазғы Бейжің олимпиадалық ойындарының чемпионы. Ол 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туылған. Бокспен 12 жасынан бастап Өзбекстанда тұрған кезінен айналысқан.

2004 жылы Өзбекстаннан ата қонысына көшіп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзіне тең келер боксшы жоқ екенін дәлелдеп берді. Бейжің Олимпиадасы ойындарын өте жоғары деңгейде өткізді. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етіп ұтты. Одан кейін молдовалық боксшыны да тізе бүктірді. Ширек финалда Сәрсекбаев өзінің ежелгі қарсыласы өзбекстандық  Дилшод Махмудовты жеңді. Жартылай финалда кездескен кәріс боксшысы да Бақыттың басымдығын мойындады. Ақтық айқаста бүкіл Куба халқының үміт артқан боксшысы Карлос Суаресті ойнап жүріп ұтты.

Бақыттың бұған дейін де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Азия құрлығында екі дүркін чемпион атанған Бақыт 2007 жылы Чикагода өткен Әлем біріншілігінде бесінші орынға табан тіреген-ді. 2006 жылы Дохада жалауы көтерілген Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңіп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның иесі де осы Бақыт Сәрсекбаев еді.

Бақыт Сәрсекбаев — Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз