Көкек

Басты бет / Биология / Көкек

Көкек — Биология бөліміндегі материал.

Материал — Көкек, құстар — осы тақырыптарға байланысты.

Көкек — көкектәрізділер отрядының бір тобы. Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкек және Оңтүстік Алтайда ғана мекендейтін меңіреу көкек бар. Дене тұрқы 25-40 см. Қауырсыны айқын түсті емес, аяктары 4 бармақты (екі-екіден қарама-қарсы біткен), ағаш басында жүруге бейім. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады. Көкектер — жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтын дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты.

Оқуға кеңес береміз:

Ителгі

Құстар қаншалықты ақылды?

Қалақайлық (бізтұмсық шөже)

Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкек деген не?

Бұл бетте Көкек тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Биология бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Көкек материалы Биология бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Биология бөліміндегі басқа материалдар Көкек тақырыбындағы материалдар құстар тақырыбындағы материалдар