Мен өз қолыма ақша ұстамайтын жанның бірімін. Тапқан-таянғанымды әкелген бойда жұбайымның алдына тастай салам.
– Сабыр етші, мына ақшаларды есептеп, қалай жаратуды ақылдасып алайықшы...
– Балалар сенікі, бай сенікі, үй сенікі ... басымды қатырма, маған десең өртеп жібер!
– Әйел үй қожасы, одан басқа ешкім біздің семьяда ақша ұстамайды.
– Мама –у нассамый главный человек, – дейді кенже қызым.
– Дұрыс айтасың, балам, – деп мен оны қостап қоямын. Москваны көрсін деп биыл жазда балаларды алып бардық. Кремль, МГУ, Третьяков галереясында болып, астананың тағы басқа да мақтаулы орындарын аралап, балалар бір жасап қалды.
Мақпал – сәби, Шапулька болса бойжеткен қыз бала. Бір күні кешке Кремльдің Съездер Сарайына театрға билет алып келдім.
– Кішкентаймен екеуің үйде қаласыңдар, біз Шапулька екеуміз барамыз, – деді жұбайым маған.
– Мен неге бармаймын, – деп шатақ шығарды Мақпал.
– Жаным-ау, ол жерге сәбилер мен шалдарды жібермейді екен, мен шалмын, сен әлі баласың, екеуміз үйде қалатын болдық.
Мақпал басқа түскен шарасыздыққа көнгендей боп, бұрышқа барып мұңайып отырған-ды. Мен аяп кетіп қасына барып, басынан сипаған соң, кішкентай қызым:
– Байғұс полковник, – деп мені аяғандай болмасы бар емес пе. –Бар ақша мамамда. Ол бізге ақша да бермейді, Кремльге де жібермейді.
Мен рахаттана қарқылдап күліп, кішкентай қызымды көтеріп ап, бетінен сүйдім; ол мені аймалап:
– Байғұс полков-ник!... – деп күрсінді.
Ерлан
Бауыржан Момышұлы сегіз қырлы бір сырлы