Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан медальдары

«Ерлігі үшін» медалімен қиын-қыстау кезде адам өмірін сақтап қалған азаматтар марапатталады. Суға кеткендерді құтқарған, адамдарды өрттен аман алып қалған, дүлей апаттар кезінде адамдарға жәрдем көрсеткен, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте ер жүректілік пен жанқиярлық көрсеткен азаматтарға «Ерлігі үшін» медалі тапсырылады.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен экономикалық, әлеуметтік салаларда, ғылымда, мәдениет пен мемлекеттік қызметте үздік еңбек еткен азаматтар марапатталынады.

«Шапағат» медалімен қайырымдылық қызмет пен мейір- шапағаттың нағыз үлгісін көрсеткен азаматтар марапатталады.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі үнемі жауынгерлік сапта жүрген қызметкерлерге тапсырылады. Бұл медаль Қарулы Күштер, Республикалық ұлан, Президенттің Күзет қызметі, Ішкі және Шекара әскерлері әскери қызметшілері, сонымен бірге Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер органдарының қызметкерлерін батыл және жемісті әрекеттері, мемлекеттік шекараны қорғауда ерлік пен жанқиярлық танытқандары үшін марапаттауға арналған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз