Құлан — тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар. Дене тұрқы 210-240 см, шоқтығының биіктігі 112-126 см, салмағы 190-260 кг аралығында. Түсі сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл келеді. Мамыр — маусым айларында жалқы құлын туады. Алдыңғы, Орталық Азияның шөлді-шөлейтті аймақтарында таралған. 20-ғасырдың алғашқы жартысына дейін құлан Қазақстанның жазық даласында үйір-үйірімен топтанып жүрген. Құланды есепсіз аулау — оның қазақ жерінде жойылып кету қаупіне әкеліп соқтырды. Республикада құланды жерсіндіру жұмысы 1953 жылы басталды. Осы жылы Барсакелмес аралына Түрікменстаннан 8 құлан әкелінді. 1982 жылдан бастап оны "Алтынемел" ұлттық табиғи саябағына, Андасай қорықшасына және Маңғыстау облысы аумағына жерсіндіре бастады. Құланның саны дүние жүзінде жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Қазақ халқында тікелей құланға қатысы бар мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, т.б. көптеп кездеседі. Мысылы, "Ақсақ құлан" күйі; Талас Алатауында 7-9-ғасырларда "Кұланқорық" деген қорық болған.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі