Өлең, жыр, ақындар

Жылқы - малдың патшасы, жылқы малының атаулары

Жылқыны қазақ халқы ежелден қастерлеген. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай, қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны саналады.

Ат бейбіт күнде – көлік,
Қиын күнде – серік

Назар аудар:

Төрт түлік мал - қой, жылқы, сиыр және түйе

Жылқы жануарына қатысты айтылған мақал-мәтелдер легі

Жылқы малының атаулары

Жылқы тұқымына қарай:

  • арғымақ
  • қазанат
  • жабы
  • тобышақ
  • текежәуміт
  • қазақы ат
  • қарабайыр
  • пырақ
  • дүлдүл т.б. болып бөлінеді.

Шабыс ат:

  • жүйрік
  • тұлпар
  • сәйгүлік
  • саңылақ
  • бәйге ат деп бөлінеді.

Салтанатқа мінетін ат:

  • жорға
  • төкпе жорға
  • айдама жорға
  • шайқалған жорға деп бөлінеді.

Мініс аттары:

  • Аяқ ылау
  • жетек ат
  • қосақ ат
  • түп ат
  • көсем ат деп жіктеледі.

Өсуіне қарай:

  • Құлын - биенің жас төлі.
  • Жабағы - 6 айдан асқан құлын
  • Тай - жылқының бір жастағысы.
  • Құнан - жылқының екі жастағысы.
  • Дөнен - жылқының 3 жастағысы.
  • Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)
  • Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):

  • Ат - піштірілген еркек жылқы.
  • Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
  • Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
  • Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
  • Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
  • Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
  • Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
  • Пішпе - піштірілген жылқы.

Биенің атаулары:

  • Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
  • Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.

Сүтіне қарай биелер:

  • Мама бие - өте сүтті бие.
  • Мәнерсіз бие - сүті аз бие.
  • Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
  • Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.

Қысырақ атаулары:

  • Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
  • Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.
  • Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
  • Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
  • Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.

Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,

Айғырлардың атаулары:

  • Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.
  • Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
  • Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
  • Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.
  • Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
  • Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.

*********

Құлын, құлыншақ - жылқы төлі,
Жабағы - бір жылға жейінгі төл.
Тай - екі жастағы жылқы.
Құнан - үш жастағы жылқы.
Құнажын - үш жастағы ұрғашы жылқы.
Байтал - төрт жастағы ұрғашы жылқы.
Сойтал - төрттен асқан ұрғашы жылқы.
Дөнен - төрт жастағы еркек жылқы.
Бесті - бес жасар еркек жылқы.
Айғыр - аталық жылқы.
Сәурік - жас айғыр.
Бие - аналық жылқы.
Қулық - алғаш құлындаған бие.
Қысырақ - үйірге қосылған жас мал.
Мама бие - көп құлындаған жуас бие.
Бедеу - құлындамайтын бие.
Ат - ақталған (кестірілген) еркек жылқы, мініс ат.

Назар аудар:

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер

Жүн және одан жасалатын заттар

Қой-ешкіге қатысты тыйымдар мен ырымдар

Төрт түлік мал - қой, жылқы, сиыр және түйе

Жылқы жануарына қатысты айтылған мақал-мәтелдер легі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Алмас

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар