Өлең, жыр, ақындар

НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕУРОПАЛЫҚТАРДАН ҚАРАҒАНДА 10 ЖЫЛ АЗ ӨМІР СҮРЕДІ?

    Қазақстан халқының саны жылдан жылға өсіп келе жатқанымен, өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші бойынша еліміз әлі де дамыған Еуропа елдерінен артта қалып отыр.

OECD және Our World in Data деректері бойынша, Франция, Швейцария, Испания сынды елдерде орташа өмір сүру ұзақтығы 81–83 жыл шамасында болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2024 жылы шамамен 75,4 жылды құраған. Яғни, қазақстандықтар еуропалықтардан шамамен 6–8 жылға аз өмір сүреді. Бұл айырмашылықтың себебі тек экологиялық немесе тұрмыстық жағдайларда емес. Оның артында денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі мен халықтың өмір салтына қатысты көптеген факторлар жатыр.

   Денсаулық сақтау жүйесіне инвестиция деңгейі

Ұзақ өмір сүру тікелей медициналық қызметтердің сапасы мен қаржыландыруға байланысты.

Our World in Data мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ЖІӨ-нің шамамен 2,9%-ы ғана денсаулық сақтау саласына жұмсалады. Салыстыру үшін: Германияда — 11%, Франция мен Швецияда — 10%-дан астам. Бұл айырмашылық халықтың медициналық қызметке қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер етеді.

   Жүрек-қан тамырлары аурулары — басты қауіп

Қазақстанда өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі — қан айналым жүйесінің аурулары. Ұлттық статистика бюросы мен Семей медицина университетінің зерттеуіне сәйкес, бұл аурулар еліміздегі өлім себептерінің 50%-дан астамын құрайды. Ал Еуропада мұндай аурулар жиі кездескенімен, оларды ерте анықтау мен алдын алу жүйесі әлдеқайда жақсы дамыған.

   Алдын алу мәдениетінің төмендігі

Көптеген қазақстандықтар дәрігерге ауру асқынғанда ғана барады. Ауылдық аймақтарда сапалы диагностикалық жабдықтың жетіспеушілігі мен профилактикалық тексерулердің сиректігі жағдайды қиындата түседі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Тажигалиева Аяулым


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер